Жауабы: Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады. Соның ішінде бұл ойлау түрі практикалық іс-әрекеттілік



бет3/16
Дата27.04.2023
өлшемі53,41 Kb.
#87564
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Психология дифка сит.есеп

Билет №5

1. Квадрат, трапеция, параллелограмма-деген, сөздерді «төрт бұрыш»-деген, сөзбен белгілесек, сонғысы абстракция болады. Немесе бор, қар, қант секілді заттардың ортақ қасиеті ретінде «ақшыл»-деген, сөзді алсақ.


А. Ойлаудың қай түріне жатады және ойлаудың тәсілін корестіңіз?


Бұл ойлау түрі абстрактілі-логикалық ойлау деп аталады. Бұл дегеніміз адам заттар мен құбылыстарды олардың ұқсастықтарына қарай жалпылап отырады, басқа қасиеттерден олардың елеулі қасиеттерін ойша бөліп алады. Ал тәсілі – анализ немесе топтастыру. Анализде ой арқылы түрлі заттар мен құбылыстардың мәнді жақтарын жеке бөліктерге бөледі.

2. Соңғы күндері науқастар арасында шиеленіс жағдайлар жиі болды, сіздің жұмыс жүктемеңіз де шамадан тыс. Сіз күні бойына науқастарды қабылдап шаршадыңыз.


A. Дәрігердің эмоциялдық зорығуы дегеніміз не?


Дәрігердің эмоционалы зорығуы (немесе күйреуі деп те атайды) – дәрігердің жұмысы барысында қарым-қатынас жасау стилі өзгеріп, стресске ұшырауы. Оның басты себебі – психологиялық рухани қажу. Бұл көбінесе дәрігер жылылығын науқастарға үнемі көрсетіп жүрген кезде және өз жұмысынан шектен тыс шаршап кеткен кезде байқалады. Дәрігер бұрынғыдай жұмысын толыққанды орындай алмайды, тез зерігіп кетеді, өзіндік бағалауы төмендейді.
B. Сіз эмоцияналды зорығудың алдын алу үшін не істер едіңіз?
Эмоционалды зорығуды алдын алу үшін Г.У.Солдатованың шешімі көмегін тигізе алады. Дәрігер жаңадан келген жағдайда тәжірибелі әріптестерімен әңгіме жүргізіп, өздерінің жұмыстары туралы кері байланыс жүргізе алады. Сонымен қатар, керісінше жоғары дәрежедегі дәрігер төмен дәрежелі қызметкерлерге алдағы уақытта қажетті кеңестерін бере алады. Дәрігер өз алдына діттеген мақсаттарын қою керек, сол мақсатқа жету үшін өзіне талаптарды қоя білу қажет. Жұмыстың тиімділігі артуы үшін қызметкерлер өзара білімдерін жетілдіріп отыру керек. Жұмысқа жаңадан тұрған мамандарға жұмыс барысында кездесуі мүмкін қиындықтармен таныстыру керек. Ең бастысы ұжым арасында тиімді коммуникация орнатып, тәжірибе алмасу мен жағымды өзара түсінусі атмосферасын ұйымдастыру қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет