Жауабы: Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады. Соның ішінде бұл ойлау түрі практикалық іс-әрекеттілік



бет4/16
Дата27.04.2023
өлшемі53,41 Kb.
#87564
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Психология дифка сит.есеп

Билет №6

1. Сіз өзіңіздің басыңыздан кешірген оқиғалар туралы еске алып, бозарып, қызарып отырсыз. Сіз өз басыңыздан өткен бақытсыз жағдайды еске алуға да қорқасыз.


А. Бұл есте сақтаудың қай түріне жатады?
Бұл есте сақтаудың ұзақ мерзімді түріне жатады.
2.Дәрігер науқаспен қарым-қатынас жүргізуде бірден сырқатының белгілерін сұраудан бастады.
А. Дәрігер науқаспен сұхбат жүргізуде қандай қателікке жол берді?
Дәрігер сұхбат жүргізу барысында ең алдымен науқаспен сәлемдесіп алу керек. Науқасқа өзін таныстырып, ресми түрде амандасқаны жөн: «Сәлеметсіз бе! Кіріңіз, отырыңыз! Менің аты жөнім....» Дәрігер оның аты жөнін білгеннен кейін барып, «Сіз үшін мен не істей аламын?» деген сұрақ қою арқылы науқастың мазалап тұрған мәселелерін біле алады.
В. Науқаспен сұхбат жүргізу кезеңдерін көрсетіңіз?
Byrne мен Long үлгісі бойынша науқаспен сұхбат жүргізу 6 кезеңнен тұрады:
1) Дәрігер науқаспен байланыс орнатады.
2) Дәрігер пациенттің келу себебін анықтауға тырысады немесе оның себебін анықтайды.
3) Дәрігер сөздік немесе физикалық тексеру немесе екеуін бірдей жүргізеді.
4) Дәрігер мен науқас, науқастың денсаулығына қатысты маңызды жәйттарды талқылайды.
5) Дәрігер (кейде науқас) кейінгі жүретін қосымша тексеруді немесе емдеу шараларын нақтылайды.
6) Кеңес беруді, әдетте, дәрігер аяқтайды.


Билет №7

1. Сіздің қабылдауыңызға депрессияға түскен науқас келді. Сіз оның қабылдауыңызда отырған кезде оның бойынан селқостықты, мұңды байқадыңыз


А. Депрессияға ұшыраған науқастардың белгілері қандай?


В. Депрессияға ұшыраған науқастармен қарым-қатынас жасаудың жолдары қандай?
2.Шай құйылған стақандағы қасықтың «сынған» сияқты көрінуі, жол бойындағы электр бағандардың алыстаған сайын бірі екінішісінен қысқа болып көрінеді.

А. Қабылдауда қалай аталады?


Жауабы:
1.А) Науқастың көңіл күйі қатты өзгерген болады. Оның көңіл күйі қатты құлазып, қайғылы, мұңлы күй кешеді, кейде белгілі бір жайт үшін өзі кінәлі сезінуі мүмкін, өміріндегі сәтсіздіктері жиі ойлайды, мүлдем ешнәрсеге қызығушылығы болмайды, бәріне селқос қарайды, белсенділігі төмендеп, қиындықтарға қарсы тұру, күресу қабілеті төмендейді. Егер науқаста депресси қатты дамыса, ол өзінің сәтсіз жағдайларын көп ойлап, әлемді «қараңғы» түсте көреді және өзің жолы болмайтын адам деп сезінеді де, өзін төмендетіп, өзін-өзі түсіреді.
В) Дәрігер депрессивті адаммен жұмыс істегенде белсенділікті танытуы тиіс, алайда науқастың мәселелері толықтай дәрігерге артылмауы тиіс. Алдымен, дәрігер науқаста депрессияның қай түрі екенін анықтап алуы қажет (басқа ауру симптомдарымен шатастырмас үшін), олан кейін дәрігер науқасқа үнемі қолдау көрсетіп отыруы қажет. Сонымен қатар, дәрігер науқасқа психологиялық көмек көрсетуі керек және науқасқа сенім білдіріп отыруы керек. Себебі депрессиялық жағдайдағы адамдар үшін біреудің сенім білдіргені мен көзқарасы маңызды болады. Көптеген науқастар депрессия кезінде енжар болғандықтан, дәрігер алғашқы кездесуде белсенділік танытады (мүмкін болса қажетті ақпараттарды жақындарынан алады). Дәрігер науқаспен жұмыс істеу үшін эмпатияны қолдануы, науқасты орынды ақпарттандырып отыруы керек, науқастың көңіл күйіне көңіл аударуы, науқасты сыйлауы, жақсы қарым-қатынас орнатуы керек.
2.A)Бұл иллюзиялық қабылдау. Яғни шындықты бұрмаланған күйде, дұрыс қабылдамай, қате пікірде болу. Жаңсақ пікірдің кесірінен адам шындықты қате қабылдайды, мысалы адамда бейнені қате қабылдауы галлюцинация ретінде сипатталады. (Теріс бейнелер).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет