Жауабы: Психологияда ойлаудың үш түрі қарастырылады. Соның ішінде бұл ойлау түрі практикалық іс-әрекеттілік



бет5/16
Дата27.04.2023
өлшемі53,41 Kb.
#87564
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16
Байланысты:
Психология дифка сит.есеп

Билет №8

1. Өзіміз түсінбейтін тілде сөйлеген науқастың сөзін мүлдем ұқпайсыз, азын-аулақ хабарымыз бар тілді шала қабылдаймыз. Ал науқас бізге өз ана тілінде сөйлесе толық қабылдаймыз.


А. Бұл қабылдаудың қай ерекшелігіне жатады?


2. Дәрігер науқаспен қарым-қатынасы кезінде анық сөйлемей, өзінің ойын жеткізе алмады. Науқас дәрігердің сөзін түсінбегендіктен қайта-қайта сұрақ қоюмен болды. Нәтижесінде науқастың арасында түсінбеушілік пайда болды.

А.Дәрігердің қателігі неде?


В. Дәрігердің коммуникативті біліктілігі қандай болу керек?

Жауабы:
1.A)Бұл қабылдаудың мағыналығы. Белгілі бір заттың мағынасын түсінбейінше, ол жайлы ақпаратты толық жинай алмаймыз. Егер заттың мағынасын түсінсек, алынатын ақпаратты толық қабылдап, оны тани аламыз.


2.A)Дәрігер түйіндеуді жасамады, дауыс ырғағы дұрыс болмады, асығып сөйлегендіктен науқас қайта сұрақтар қоюға мәжбүр болды (бұл науқасты зеріктіріп жіберуі мүмкін), дәрігер науқасқа түсініктеме жасамады және жалпы шолу болмады, егер шолу болғанда науқас пен дәрігер арасында түсініспеушілік болмас еді. Дәрігер коммуникативті біліктілікті дұрыс қолданбады да, эмпатияны білдірмеді.


В)Дәрігердің коммуникативті біліктілігі науқасқа «ыңғайласуы» керек еді және барынша эмпатияны көбейтіп, науқасты түсінуге және жағымды интеракцияға бағытталуы керек еді.


Билет №9

1. Науқас өз сырқатын естігенде зәресі ұшып, қатты қорыққандықтан қатты айқайлап, қолына түскен заттарды лақтыра бастады.


А.Бұл науқаста пайда болған қандай эмоция?

2.Сіздің қабылдауыңызға келген науқас қабылдаудың уақытында жүргізілмегеніне шағымын айтып, жұмысыңызға қанағаттанбайтынын ашу-ызамен білдіреді.


А. Мұндай науқастармен қарым-қатынас жасаудың жолы қандай?


В. Шиеленістің алдын алу жолдарын көрсетіңіз?

Жауабы:
1.А)Науқас ашу-ызаны білдіріп тұрғанмен, бұл іс-әрекетінің астарында қорқыныш, үрей сезімі жатыр. Оның қорыққаны сонша, ол ашуын сыртқа шығарып тұр. Стрессті немесе кішігірім шокты (таңырқауды) да сезінуі мүмкін.


2.А)Дәрігер науқасты өз жағына тартуы үшін оның ашуына ашумен емес, достық кейпін сақтап, мейірммен түсіністік танытуы керек. Науқасты қанағаттандырмайтын мәселе болса, дәрігер бірге шешудің жолын қарастыруын ұсынуы керек. Дәрігер науқастың сезімін ашық сезіне отырып, науқаспен жағымды қарым-қатынас орнатуға тырысуы және қақтығыстың болмауын қадағалауы керек.


В)Науқастың осындай наразылығынан немесе басқа да түсініспеушіліктен жағдай шиеленісуі мүмкін. Оның алдын алу үшін: жағымды екіжақты диалогты қалыптастыру; достық кейпті таныту; бір-бірін түсінуге қол жеткізу; дәрігердің науқастың жағдайына кіруі; дәрігердің науқасқа ашумен емес мейіріммен қарауы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет