Жауаптары №1- тапсырма


Гомологты мүшелер (эволюция дәлелдемелері



бет15/49
Дата21.12.2022
өлшемі1,93 Mb.
#58637
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49
Байланысты:
Оңғарбай Таңшолпан эволюция

2.Гомологты мүшелер (эволюция дәлелдемелері)
Гомологиялық мүшелер дегеніміз – шығу тегі бір, құрылысы бір, атқаратын қызметтері басқа - басқа мүшелерді айтамыз
Туыстық жақындығымен сипатталатын ағза мүшелерінің гомологиясын анықтау үшңн күштердің болуы қажет.
1) Мөлшелер құрылыс жоспарының морфологиялық сатысының
2) Ағзадағы мүшелердің орналасу тәртібі ондағы басқа мүшелермен бірдей ұқсастықтағы байланыста болуы керек;
3) Ағзадағы гомологиялы мүшелердің морфологиялық негіздік ұқсастығы болуы мүмкін
Рудимент - маңызды дәлел тарихи дамуы органикалық дүние. Киттер мен дельфиндердегі жамбас сүйектерінің рудименттері олардың артқы аяқтары дамыған жердегі төрт аяқты ата-бабаларынан шыққан деген болжамды растайды. Шпиндель мен питонның қарапайым артқы аяқтары бұл бауырымен жорғалаушылардың (сонымен қатар барлық жыландардың) аяқ-қолдары бар ата-бабаларынан шыққанын көрсетеді.
Эволюция барысында жануарлар мен өсімдіктердің мүшелері өзгереді. Организмдер жағдайларға бейімделеді қоршаған ортаның. Егер организмдердің екі немесе одан да көп түрлері ұқсас ортада өмір сүрсе, онда мұндай түрлерде екеуінде де ұқсас мүшелер дамуы мүмкін сыртқы түрі, сонымен қатар ішкі құрылым. Мұндай құрылымдар аналогтық денелер деп аталады.

3.Эмбриология және эволюция (эволюция дәлелдемелері)
Эволюцияның ең негізгі дәлелін эмбриологиядан алуға болады. Ересек күйінде бір-біріне мүлде ұқсамайтын жануарлар Эм бойынша оның даму кезінде бір-біріне өте ұқсас болып келеді. Бұндай ұқсастықты омыртқалылардың арғы тегінің бір болғандығымен ғана түсіндіруге болады. Барлық омыртқалылардың эмбриондары дамудың бастапқы кезінде өз-ара ұқсас болады. Даму урдесінде алдымен типке тән белгілер пайда болады, ал класқа, отрядқа және т.с.с топтарға тән белгілер одан кейінғана пайда болады. Жоғарғы сатыдағы эмбрион бойынша ондаған даму кезеңдерінен өтеді.
Сонымен жоғарыда келтірілген эволюцияны дәлелдейтін мәлімметтерді бүкіл органикалық табиғат өз –ара байланысты,яғни олардың шығу тегі тір негізі деп қана түсіндіруге болады.
Эмбриологиялық дәлелдемелер Организмдер ұрығының дамуын зерттейтін ғылым саласын эмбриология дейміз. Эмбрион дегеніміз – ұрық дегенді білдіреді. Бұл саладағы зерттеу жұмыстары «Көп клеткалы организмдердің барлығы ұрықтанған жұмыртқа клеткасынан дамып жетіледі»деп көрсетіледі. Ұрықтық дамудың алғашқы алғашқы сатысында барлық омыртқалылардың ұрықтары құрылысы жағынан бір - біріне ұқсас келеді. Денелері, бас, тұлға және құйрық бөлімдеріне бөлініп одан арғы сатыларда әр класс өкілдеріне, клас ішіндегі отряд, туыс, түрдің өзіне тән белгілері қалыптаса бастайтыны суреттен көрініп тұр. Сондықтан жалпы дене құрылысы біртекті жануарларың ересек дараларына қарағанда ұр ықтары өзара ұқсас келеді. Мұның бәрі омыртқалылардың шығу тегі бір екендігін дәлелдейді. Бұл жөнінде К: Бэрдің ұрықтық ұқсастығы жайлы заңдылығында « Бір типке жататындаралардың ұрықтары басынан бастап ұқсас болады» деген.
Палеонтологиялық дәлелдемелер. Өліп біткен организмдердің қазба қалдықтарын зерттейтін ғылым саласын палеонтология деп атаймыз. Органикалық қазба қалдықтарды зерттеп салыстыру әр түрлі геологиялық замандағы тіршіліктің бейнесін көз алдымызға елестетеді. Мысалы өте ертеректе бейнеуде су болған деседі, кейін бұл су жойылып шөккен шөгінділер тасқа айналып оның арасында омыртқасыз жануарлардың хитин қаңқалары мен бақалшақтары сақталған. Қазіргі уақытта сол тастарды қазып оларды кесіп адамдар өз қажеттілігіне жаратып отыр мысалы сол тастардан үйлер мен өзіміз білім алып отырған мектебіміз салынған. Ертеде Эфиопияда тіршілік еткен Арди маймылының қаңқасы табылған, кейін көне құс, аң тісті кесіртке табылған бұларды салыстырып қарай отырып сүтқоректілердің жорғалаушылардан шыққандығын дәлелдейді. Мысалы ми сауытының құрылысы, омыртқа жотасы мен аяқ қолдарының орналасуы, тістерінің әркелкі болуы сүтқоректілерге ұқсас.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет