Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет136/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   168

Теңіз  қарлығашы.  з  о  о  л.  Теңіз 

жағалауларында тіршілік ететін, құйрығы 

айыр, тұмсығы қызыл құс. Орыстың нату-

ралист жазушысы С.Т.Аксаков оларды т е 



ң і з  қ а р л ы ғ а ш ы немесе қызылтұмсық 

деп атайды (Қорғалжың, 80).



Теңіз  құндызы.  з  о  о  л.  Теңіз  молю-

скаларымен қоректенетін, терісі бағалы 

жануар; калан. Т е ң і з  қ ұ н д ы з ы н ы ң

терісі  жұмсақтығымен,  биязылығымен, 

беріктілігімен, қалыңдығымен, əдемілігімен 

ерекшеленеді (Лен. жас, 24.10.1985, 4). Т е 



ң і з  қ ұ н д ы з ы терісінің өте айрықша 

əдемілігі мен бағалылығы олардың толық 

жойылып кетуіне əкеліп тіреді (Лен. жас, 

24.10.1985, 4). 



Теңіз мысығы. и х т и о л. Теңіздерде 

тіршілік  ететін,  скат  сияқты  балық-

тардың бір түрі. Т е ң і з  м ы с ы ғ ы кең 

таралған – Қара  жəне  Азов  теңіздерінде, 

Африка  мен  Еуропаның  батыс  жəне 

солтүстік  жағалауларында  кездеседі 

(М.Жұмалиев, Балықтар., 67). Т е ң і з  м ы 

с ы ғ ы өте сақ келеді, əйтсе де күтушілеріне 

тез үйреніп кетеді (Соц. Қаз., 16.06.1972, 4). 



Т е ң і з  м ы с ы ғ ы н ы ң етінен, майынан 

медициналық əртүрлі май əзірленеді (Лен. 

жас, 24.10.1985, 4).

Теңіз шошқасы. з о о л. Теңізде тіршілік 

ететін, кішірек келген, жалпақ тұмсықты 

жануар. Ежелгі инктер т е ң і з  ш о ш қ а л 

а р ы н қоректену үшін қолға үйреткен, ал 

қазіргі кезде бұл жануардың асқа қатысы 

жоқ (Тірі табиғат, 90). Т е ң і з  ш о ш қ а 

л а р ы еріксіздікке, бейбітшіл жəне қолға 

жеңіл үйренеді (Тірі табиғат, 90). Ол т е 



ң і з  ш о ш қ а с ы ма, не болмаса кəдімгі 

тышқан ба – оншасы бұларға мəлім емес 

(Жалын, 1974, №6, 42).

ТЕҢІЗШІЛ  с  ы  н.  Теңізге  баруды, 

теңізге  шығуды  ұнататын,  теңізқұмар 

(адам) (Ə.Сараев, Тосқауыл, 47).


568

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТЕҢІЗШІЛІК  з  а  т.  Теңізде  қызмет 

етушілік,  теңізге  шығушылық. – Ой 

мақтаншақ  мұрныңды  сүртіп  алсайшы. 

Сені  т  е  ң  і  з  ш  і  л  і  к  к  е  алып  қайтсін 

(«Балдырғанның» базарлығы, 127).



ТЕПЕ¹ з а т. к ө н е. Жер өлшеу мөлшері; 

бір  тепе  екі  жарым  шаршыдай  жер. 

Бесеуіне бірдей сол Алтын Емел бойынан, 

өзеннің құмды жағасынан əрқайсысына бір 

т е п е басыбайлы жер берілсін деп бұйрық 

алды (І.Есенберлин, Алмас., 170).



ТЕПЕ²  з  а  т.  т  е  х  н.  Техникалық, 

музыкалық  жəне  есептеу  құралдарының 

басқан  кезде  механизм  іске  кірісетін 

тілшігі немесе түймесі (Бекітіл. термин.).

ТЕПЕ³ з а т. ж е р г. Қи, уатылған көң

Қалған  т  е  п  е  н  і  де  есек  арбаға  тиеп, 

қораның  сыртына  айнала  берген  кезде 

шағылдың  қиясынан  түйе  жетелеген 

аттылы  баздың  аузына  қарай  бұрылды 

(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 202).



ТЕПКІЛЕН  е  т.  Астындағы  атын 

қайта-қайта тепкілей беру. Аттардың жел 

жағында бол. Т е п к і л е н б е. Қамшымен 

қаймақтап  сипа  да  отыр  (Ж.Кəрменов, 

Ғашық., 149).



ТЕПКІЛЕНУ  Тепкілен  етістігінің 

қимыл атауы.

ТЕПСЕҢ з а т. г е о г р. Таудың үстіндегі 

немесе оның қия бетіндегі шағындау келген 

түзең жер. Жаңбыр жауғанда не жусата-

тын кезде қия беттегі жылқыны т е п с е ң 



г е айдап салады (Н.Қазыбеков, Дала., 53).

ТЕПСЕҢДІ с ы н. Тепсеңі бар, тепсең 

болып келген (жер). Бойлауық бəйтеректің 

аясында Көрінген жетіп келсем қарасынға. 

Тау-тау ғып іскірт үйіп пішеншілер Т е п 

с е ң д і отыр екен даласында (Т.Жароков, 

Нарын, 64).



ТЕПСЕҢДІК з а т. с ө й л. Тепсең жер. 

Томпиып-томпиып жатқан қоянжон, іркіс-

тіркіс шағыл құм төбелерінің арасындағы 

жазық, жұмсақ т е п с е ң д і к т е бұйыққан 

бес  қанат  кішкене  боз  үйдің  түндігінен 

түтін  тіп-тік  шығады  (М.Айымбетов, 

Құмөзен., 17).

ТЕПСІНДІ  с  ы  н.  п  о  э  т.  Тулаған, 

мөңкіген. Шапшып, айқайсыған т е п с і н 

д і толқын сыздап ала жөнеледі (Жұлдыз, 

1975, №4, 166).



ТЕПТЕР  з  а  т.  Ресей  аймағында 

тіршілік  ететін  аз  тайпалардың  бірі. 

Əр жер-əр жерде ғана башқұрттардан жер 

жалдап  алып,  егін  салып,  қарағай  кесіп 

кəсіп қылып жүрген мешерлер, т е п т е 



р л е р, бобылдар кездеседі (Ə.Кекілбаев, 

Елең-алаң, 202).



ТЕПТІК... Үстінде т е п т і к т е н тік-

кен көйлегі бар (Ə.Нұрпейісов, Ымырт, 201).



ТЕПШІ...  Сұр  тастың  үстінде  қара 

қазан  қайнап  жатты.  Сазарған  бет  бірте-

бірте  т  е  п  ш  и  бастады  (Т.Əлімқұлов, 

Телқоңыр).



ТЕПШІТ  е  т.  Жетілдіру,  жақсарту

Шəкең  жастайынан-ақ  бапкерлік  пен 

құсбегілікті қатар ұстаған, өзі сүйген өнерін 

т е п ш і т п е с е, апшытып көрмеген адам 

(Туған жер., 124).



ТЕПШІТУ Тепшіт етістігінің қимыл 

атауы.

ТЕПІРЕШ з а т. Қорлық, азап. Жетім 

Жамал тоқалдыққа сатылған, Т е п і р е ш 



т і көрген күндес қатыннан. Қойнына алып 

Қожағұл шал жататын, Сабадай боп күнге 

көннен қатырған (І.Жансүгіров, Шығ., 170). 

Мұндай т е п і р е ш т і бұрынды-соңды 

көрмеген  Кербұғы  арпалысып,  шығар 

саңылау іздеді (О.Бөкеев, Қайдасың., 123).



Тепіреш  көрді.  Қиянат  шекті,  соққы 

жеді.  Көзінің  еті  өсіп  кеткен  əбден,  бір

т е п і р е ш  к ө р м е й одан құтылар түріміз 

жоқ (С.Досымов, Директор., 13).



ТЕРАПЕВТИКАЛЫҚ  с  ы  н.  Тера-

певтикаға қатысты, терапевтикаға тəн

Одан айықпасаңыз, түрлі т е р а п е в т и к 



а л ы қ ем қолданыңыз, - деген ақыл-кеңес 

берді (М.Құдайқұлов, Құпия., 100).



ТЕРБЕУШІ з а т. Бір нəрсені тербеген 

адамТ е р б е у ш і с і де, тербетілушісі 

де  міндетін  ұмытқан  соң,  алтыбақан  əн 

сазына берілгендей, баяу ғана ырғатылып 

тұр (М.Мағауин, Қиянда., 111).



ТЕРГЕУ: Тергеу сөздер. л и н г в. Бір 

нəрсенің атын тура айтуға тиым салынған 

сөздерді  басқа  сөздермен  ауыстырып 

қолдану арқылы жасалған сөздер (табу)

Т е р г е у  с ө з д е р – мəндес сөздерді 

(синонимдерді) туғызу тəсілдерінің бір түрі 

(Б.Қалиұлы, Қазіргі қаз. тілі, 86).

ТЕРЕЗЕЖАПҚЫШ з а т. Терезені жау-

ып тұратын сəндік бұйым; жалюз. Бəлкім, 

мына т е р е з е ж а п қ ы ш т ы да өзің 

ілген шығарсың? (Қ.Жиенбай, Даңқ., 19).

ТЕРЕЗЕПЕРДЕ  з  а  т.  Терезені  іш 

жағынан жауып тұратын, шілтерлі пер-

де. Үнемі ашық тұратын т е р е з е п е р 


569

Байынқол Қалиев

д е с і н де төмен түсіріп, қымтап тастады 

(Қ.Жиенбай, Таңд., 1, 442).



ТЕРЕКТІ...  Біздің  ауылдың  жотасы 

қыр-қыр,  бірінен  бірі  биік,  жықпыл-

жықпыл тастары мол, қайыңды, үйеңкілі,

т  е  р  е  к  т  і  үлкен  таудың  батыс  бетін 

іргелей  мекендеген  (Ə.Омарбаев,  Кəрлен 

кесе, 120).

ТЕРЕҢДЕТІҢКІРЕ  е  т.  Тереңдете 

түсу, дамыту. 

ТЕРЕҢДЕТІҢКІРЕУ  Тереңдетіңкіре 

етістігінің қимыл атауы. Сонда да Тарғын 

образы əлде де т е р е ң д е т і ң к і р е у д і

тілейді (М.Қаратаев, Туғ. əдеб., 67). 

ТЕРКӨЙЛЕК з а т. с ө й л. Мəйкі (Лен. 

жас, 07.01.1970). 



ТЕРЛІК за т. ж е р г. Малға шөп шаша-

тын қоршау. Қыстау жанындағы т е р л і к 

т і ң алдында тұрған Қаһарман мұны көріп 

бері  аяңдады  (Қаз.  əдеб., 15.03.1985, 5).



Т е р л і к ішіне шашылған шөп бастапқыда 

аздау боп көрінді (Бұл да).



ТЕРМЕ... Тəжірибелі малшылар ділбас, 

т  е  р  м  е  ,  мүйізкөк,  қоскіндік  сияқты 

түйе  ауруларын  өз  қолдарымен  емдей 

алады (Лен. жас, 03.02.1979). Інгендердің 

қысыр  қалуына  қандай  себептер  бар? 

Біріншіден, інгендердің т е р м е болуы. 

Түйе боталағанда күн желкем, салқын бол-

са оның жыныс органында т е р м е пайда 

болады (Ленин. жолы, 15.11.1968, 3).



Терме алтын. Үзік-үзік етіп, əр жерге 

бекітілген алтын. Тебінгісі т е р м е  а л т 

ы н, Құйысқаны құйма алтын (Қ.Толыбаев, 

Бабадан., 105).



Терме  басқұр.  э  т  н.  Теру  тəсілімен 

тоқылған түксіз басқұр.

Терме  кілем.  Теріліп  тоқылған  кілем

Кілемнің  қазақ  арасына  көп  тараған 

түрлері: масаты кілем, қалы кілеме, тақыр 

кілем, түкті кілем, бұхар кілем, т е р м е



к і л е м, түрікмен кілем, парсы кілем, араб 

кілем т.б. (Ə.Тəжімұратов, Шебер., 53). 



Терме  үй...  Қазіргі  кездегі  əдеби 

тіліміздегі  «киіз  үй»  Қазақстанның  əр 

өңірінде  əр  түрлі  атала  береді.  Мəселен, 

ағаш  үй  (Ақт.,  Түр.,  Орал  обл.),  қара  үй 

(Қызылорда обл.), т е р м е  ү й (Орынбор 

обл.) (Ана тілі, 14.02.1991, 5).



ТЕРМЕЛЕН  Термеле  етістігінен 

жасалған  ырықсыз  етіс.  Сырланған  уық 

пен сыланған керегеге, шашақталған баулар 

мен т е р м е л е н г е н таңғыштарға, зерлен-

ген туырлық пен оймышталған үзікке ши 

дегеніңіз ерекше əр беріп, үйлесіп тұрады 

(Лен. жас, 23.11.1972, 3). 



ТЕРМЕЛЕНУ  Термелен  етістігінің 

қимыл атауы. 

ТЕРМЕЛЕТ...  Пірімбек  те  шешен 

екен. Мақалдап-мəтелдеп, т е р м е л е т 



і п жібереді (Т.Əлімқұлов, Көкек айы, 12).

ТЕРМЕЛІ: Термелі құйысқан. Теріліп, 

əдемілеп  жасалған  құйысқан.  Құйысқан 

үлгі мəнеріне орай: құр құйысқан, былғары 

құйысқан, түймелі құйысқан, т е р м е л і 

қ ұ й ы с қ а н, үзбелі құйысқан деп атына 

сай айтылады (Ата салты., 104). 



ТЕРМЕШІ з а т. Алаша, құр, желбау 

тоқудың шебері; терме тоқушы. Зылипан 

əпкеміз  шебер  т  е  р  м  е  ш  і  еді.  Мүмкін 

сондықтан болар, ол кісі əшекейлеген киіз 

үй аулымыздағы үйлердің ең сəндісі бола-

тын (Біздің əулет, 72).

ТЕРМЕШІЛІК  з  а  т.  Терме  өнерімен 

айналысушылық.  Қазақ  қолөнері  ішінде 

киіз үйдің кереге, уық, шаңырағын жасау, 

түрлі  ою-өрнектер  салу,  тоқымашылық,

т е р м е ш і л і к п е н айналысу кең өріс 

алған  (Мəдениет  жəне  тұрмыс, 1983,

№4, 17). 

ТЕРМИНДЕН  е  т.  Термин  болған, 

терминдік  қызмет  атқарған.  Дегенмен 

бұл стильде де көптеген жаңа ұғымдарды 

білдіретін т е р м и н д е н г е н сөздер жоқ 

(Р.Сыздықова, XVIII-XIX ғ. қаз. əдеб. тіл., 

115).

ТЕРМИНДЕНУ Терминден етістігінің 

қимыл атауы. 

ТЕРМИНКОМ з а т. Терминологиялық 

комитет.  Қысқасы,  т  е  р  м  и  н  к  о  м  н 

ы  ң  жылма  жыл  шығаратын  «Олай  емес, 

былай  сөйле»  түсіндірме  сөздігі  дайын 

(А.Мархабаев, Ғарыштағы., 114).

ТЕРМИНШІ з а т. Терминмен айналы-

сушы, термин жасаушы. Мен В.И.Ленин 

шығармаларын  қазақ  тіліне  аударатын 

редакцияның т е р м и н ш і л е р і м е н 

тығыз  байланыс  жасадым  (Ə.Қарағұлов: 

Ана тілі, 11.06.1991, 6).

ТЕРМІШТЕ  е  т.  с  ө  й  л.  Бір-бірден 

теру.  Демнің  арасында  былғап  үлгерген 

бірлі-жарымды көзіне түскен құмалақтарды 

қолымен т е р м і ш т е п шетке алып таста-

ды (К.Ахметбеков, Қасірет, 1, 250).



ТЕРМІШТЕУ  Терміште  етістігінің 

қимыл атауы. 

570

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ТЕРСЕК з а т. Тері-терсек қос сөзінің 

екінші сыңары. Тері киіп, т е р с е к төсе-

ніп  өскен  намысқой  жігіт  (Ə.Кекілбаев, 

Үркер, 256). 

ТЕРТЕДЕЙ с ы н. с ө й л. Тəртедей ұзын,

сыриған. Өзі де Петр патшаға ұқсап, т е р 

т е д е й аяғына қара санын қаптыра ұзын 

қоныш  етік  киіп  алыпты  (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 122).

ТЕРТЕСІЗ с ы н. Тəртесі жоқ, тəрте 

болмаған. Атқа атшөлке кигізіп, т ə р т е 

с і з жегеміз (Қаз. диал. сөзд., 47).

ТЕРУШІСІЗ  с  ы  н.  Əріп  теретін 

адамсыз. Алайда əріп т е р у ш і с і з, кітап 

басушысыз ол тағы да кітап болмайды (Сен 

жəне сенің., 88).

ТЕРІ: Тері бұлау. Теріге орап, терлетіп 

емдеу. Жел-құз ұстаған, суық тиген адамға 

т е р і  б ұ л а у, құм бұлау жасалады (Қаз. 

этнография., 1, 274).



Теріге салу. Ауыру адамды, жаңа сойыл-

ған қойдың (ешкінің) терісіне орап, ауруы-

нан сауықтыру. Ертеде қазақ емшілері бұ-

лаулау, шету, құяң үзу, уқалау, т е р і г е



с  а  л  у,  жынға  малу  секілді  тəсілдермен 

ауруларды сауықтырған (А.Нүсіпоқасұлы.., 

Ағаш бесік., 1, 109). 

Тері илеу. Малдың, аңның терісін илеп, 

өңдеу, жұмсартуТ е р і  и л е у тəсілін қазақ 

əйелдері  жетік  меңгерген  (Қ.Толыбаев, 

Бабадан., 225). Сондықтан əйелдер т е р і 

и л е у əдісін жетілдірген, оны шеберлікпен 

іске асырып отырған (Қ.Толыбаев, Бабадан,

234).  Олардың  негізгі  кəсіптері – т  е  р  і

и л е у, одан киім тігу (Халифа Алтай, Ал-

тайдан., 108).



Тері илеуші. Теріні илеген адам. Жайдақ 

тай мініп жарысқан балалар, құрт қайнатқан 

əйелдер, өрмек тоқыған қыз-келіншектер, 

т е р і  и л е у ш і л е р қаймағы бұзылмаған 

нағыз  қазақы  тірлікті  паш  етеді  (Халифа 

Алтай, Алтайдан., 155).

Тері  өңдеу.  Мал  терілерін  илеп,  бояп, 

өң беру өнері. ≈ Т е р і  ө ң д е у – ерте-

ден  келе  жатқан,  жақсы  дамып  жетілген 

өнер. 

Терісі  тар...  Т  е  р  і  с  і    т  а  р  адам – 

ашушаң адам (Қаз.əйелдері, 1983, №11, 13). 



Тері туберкулезі. Туберкулез ауруынан 

терінің зақымдануы. Туберкулез аурулары 

өкпе  туберкулезі,  сүйек  туберкулезі  жəне 



т е р і  т у б е р к у л е з і болып үш топқа 

бөлінеді (Жетісу, 07.06.2001, 8).



Тері  тымақ.  Теріден  тігілген  тұмақ

Олар келе жатса, таудың етегінде үстінде 

жыртық тоны, басында т е р і  т ы м а ғ ы 

бар, ұсқынсыз бір адам бес-он қойды бағып 

жүр екен (Ғажайып бау, 104). 

Тері шалбар. Теріден тігілген шалбар

Мысалы,  түлкі  тұмақ,  тайжақы,  қасқыр 

ішік, т е р і  ш а л б а р бұл күндері жоқтың 

қасы (Қаз. əдеб., 18.02.1977, 4).



ТЕРІМ з а т. п о л и г р. Машинамен, 

компьютермен  баспа  əріптерін  теру  ісі 

(набор).

ТЕРІМШІ  з  а  т.  Қолжазбаны  баспа 

əріптерімен теретін адам.

ТЕРІС: Теріс арқау. Жол-жол болып,

қазтаңдайланып көрінетін тоқыма өрмек.

Əжем түйе жүнінен шекпен тоқып беретін.

Алыстан  қарағанда  жол-жол  болып,  қаз-

таңдайланып көрінетін. Оны өзі т е р і с



а р қ а у дейтін (Н.Қозыбеков, Дала., 24). 

Өстіп т е р і с  а р қ а у етіп тоқып, оған 

тықыр  қара  барқыттан  дөңгелек  жаға  са-

лып тіккен шекпені кімге болса да жараса 

кетуші еді (Бұл да).

Теріс  оқу.  Ескі  наным-сенім  бойын-

ша  молдалардың  сиқырлы  оқу  арқылы 

біреулерге  зиянкестік  жасауы  (ауырту, 

жады ету т.б.) (Ə.Нəбиев, Бейтаныс., 20).

ТЕРІСАЗУ з а т. э в ф. Қасқыр.

ТЕРІСАЯҚ  з  а  т.  з  о  о  л.  Домалақ-

тау  келген,  қара  түсті  үйрек.  Жұмырт-

қаны тани кеттік. Т е р і с а я қ үйректікі.

Қаздікі дерсіз, үйрек сан қилы болады ғой, 

бірде-бірінің  жұмыртқасы  т  е  р  і  с  а  я  қ



т і к і н е н үлкен емес (Ж.Орманбаев, Тұзақт, 

5). Айнакөл аққуға толы болса, Сарыкөл, 

Бесшалқар  мүйістері  қасқалдақ,  кегер,

т  е  р  і  с  а  я  қ,  уар,  қоңыр  сұқсыр,  көк-

бас  үйректерге  толы  (Лен.  жас, 17.12.

1976, 3).

ТЕРІСБАҚАЙ  с  ы  н.  Кері,  қисық, 

теріс  (іс,  қылық).  Отызыншы  жылдары 

қызылдардың т е р і с б а қ а й ісінен Жетісу 

жерінің  халқы  жаппай  ашаршылыққа 

ұшырады (Жетісу, 12.06.88).



ТЕРІСБАҚАЙЛЫҚ з а т. Бұра тарт-

қандық, асырасілтеушілік. Бұл да қазақы 

т е р і с б а қ а й л ы қ т а н пайда болған 

қылық еді (Қ.Толыбаев, Бабадан., 66).



Т Е Р І С К Е Й Л Е Т   е   т.   М а л д ы 

теріскейге  жаю;  теріскеймен  жүру. 

Екеуі күнгейлетпей, т е р і с к е й л е т т і 

(Т.Əлімқұлов, Сырлы наз, 145).


571

Байынқол Қалиев

ТЕРІСКЕЙЛЕТУ  Теріскейлет  етіс-

тігінің қимыл атауы.

ТЕРІСКЕЙЛЕУ  с  ы  н.  Бір  нəрсенің 

сəл  ғана  теріскей  жағы.  Сəл  т  е  р  і  с

к  е  й  л  е  у  өңірінде  адамның  екі  көзі 

тəрізді  жарқырап  Ақкөл  мен  Шойынды-

көл  көрінеді  (І.Есенберлин,  Шығ.жин., 9, 

380).


ТЕРІСКЕНДІ  с  ы  н.  Теріскен  өскен, 

теріскені мол. Таң рауандап, төңірек ала-

кеуім тартқанда ол Айдарлының жыңғылды, 



т е р і с к е н д і, шеңгелді кішігірім төбе-

төбелерінің  арасында  қараңдап  жалғыз 

кетіп  бара  жатты  (М.Қуанышбаев,  Тай-

талас, 86). Тіпті  көкжиеккке  дейін  бұл 

даланы қой жасырған үйірім-үйірім, арал-

арал бүргенді, жүзгенді, т е р і с к е н д і

жантақты тоғай басқан (Окт. өрендері, 244). 

Құмның  жоталары  сексеуілді,  ойпаттары 

жусанды, ебелекті, келіншекбозды, селеулі, 

қоянсүйекті, т е р і с к е н д і болып келеді 

(Лен. жас, 31.01.1973, 1).

ТЕРІСТЕМЕ з а т. ж а ң а. Бір нəрсені те-

ріске  шығарған  жазбаша  іс  қағазы

Мəдиновқа қатысты т е р і с т е м е н і 

дұрыс  бермепсіңдер  депті  (Жас  Алаш, 

23.04.2009). Роскосмос Талғат Мұсабаевтің 

«KazSat-қа»  қатысты  айтқан  əрбір  сөзіне 

т е р і с т е м е жасап, шүйліккен бола-

тын. Расында, нақты деректерге келгенде 

Т.Мұсабаевтың пікірі негізсіз емес еді (Жас 

алаш, 15.12.2009).



ТЕРІСТЕМПАЗ  с  ы  н.  Теріс  деп 

тапқыш,  теріске  шығарғыш.  Ол  өзгенің 

айтқанын  ілікке  асырғысы  келмейтін, 

мейлінше т е р і с т е м п а з, өзімшіл адам 

еді (Ж.Ахмади, Айтұмар, 76).



ТЕРІСТЕУ...  Мұнысы  қостау  екенін, 

əлде т е р і с т е у екенін өзге түгіл өзі де аң-

ғара алмады (Т.Иманбеков, Тұт ағашы., 50).

ТЕСКІ  з  а  т.  қ.  ө  н  е  р.  Бір  нəрсені 

тесетін құрал. Іскенже, үгіндірік, т е с к 

і, безеубас, бəрбі, қашау, үскі, шөпшіктер 

бірен-саран суреттерден ғана көзге түседі 

(С.Қасиманов: Қаз. əдеб., 18.02.1977, 4).

ТЕСІКШЕ с ы н. Кішірек келген тесік, 

кішкентай  тесік.  Бөгде  адамды  онда 

кіргізбейді. Темір есіктің дəл орта тұсында 

адам басы сияр-симас т е с і к ш е с і бола-

ды (Б.Соқпақбаев, Таңд., 254). Сөйткенше 

болмады,  есіктің  орта  тұсындағы  төрт 

бұрышты т е с і к ш е əрмен қарай ойылып, 

ашылып кетті (Бұл да). 

ТЕСІМҚАРТА з а т. ж а ң а. Электрлі 

есептеу  машинасының  (ЭВМ)  бір  шеті 

тесілген кəртішкесі; перфокарта

ТЕСІР з а т. б и о л. Жан-жануарлар 

терісінде, өсімдіктер денесінде болатын, 

ағза дем алатын кішкентай тесік, саңлау 

(пора).

ТЕСІРЛІ с ы н. Тесірі бар (поралы).

ТЕТКУ... Т.Əлімқұловтың «Телқоңыр» 

повесі  бізге  тіл  сонылығымен  ұнайды. 

Əшейінде ойға келмейтін, оқығанда барып 

еске түсетін қайсыбір сөздер бұл повесте 

жаңаша  құлпырып  көрінеді.  Мысалға, 

сапы, селебе, жолым, кіді, пайлау, бітене,



т е т к у, қитығу, нойыс, көзқарасты, қо-

дірен,  шөре-шөре,  ыстыққаумет,  құмар-

паз секілді сөздер мағыналығымен, əдемі 

қолданылуымен  оқушыны  елең  еткізеді 

(Жұлдыз, 1972, №5, 206).

ТЕТІК с ы н. ж е р г. Дені сау, қуатты, 

тың. Құсының бойы таза, дені т е т і к (сау)

сияқты (М.Əуезов, Шығ. жин., 11, 92). Сыз-

дық құсының бойынан зор шабыт, қапысыз 

бапқа қоса денінің т е т і к екенін таныды 

(А.Сейдімбеков, Тауға біткен., 105). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   132   133   134   135   136   137   138   139   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет