Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет3/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168

АДАСТЫРУ  з  а  т.  м  и  ф.  Дəстүрлі 

мифтік  сенім  бойынша  малға,  адамға 

келген індетке, ауруға қарсы жасалатын 

магиялық ырым, яғни мал індетін емдеудің 

магиялық тəсілі (Қаз. этнография., 1, 63). 

А д а с т ы р у жоралғысы лаң, топалаң, 

кемелек,  күл,  секіртпе,  желінсау  тəрізді 

қауіпті індеттер мал арасында толастамаған 

кезде жасалады (Бұл да). 



АДВЕРБИАЛДАН е т. л и н г в. Үстеу 

болу, үстеулену. Бір+ге сөзі а д в е р б и а л 

д а н ы п, бірге кетті түрінде қолданылады 

(Тіл білімі, 24). 



АДВЕРБИАЛДАНУ  Адвербиалдан 

етістігінің  қимыл  атауы.  Оны  күрделі 

сөздердің  жіктеліп,  ауысып,  біреулерінің 

суб с т а н т и вт е н у і н е н ,   б і р еул е р і н і ң 

адъективтенуінен, біреулерінің а д в е р б 



и а л д а н у ы н а н, біреулерінің вербалда-

нуынан көруге болады (А. Ысқақов, Қазіргі 

қаз. тілі, 124). 

АДИАНТУМ з а т. б о т. Қырыққұлақтың 

бір түрі. Оңтүстік Американың орманда-

рында өседі. Ұсақ тілімденген көк жасыл 

жапырақтары мен жылтыр қара не қою 

күлгін  түсті  сабақтары  өте  əдемі  (Үй 

өсімдік., 120). 



АДУЫНДЫЛАУ с ы н. Аздап адуын-

ды, өткірлеу, өжеттеу, азулылау. Мұның 

кейде батылдау, а д у ы н д ы л а у кететіні 

болмаса, күбітіп, өсіріп айтатыны жоқ еді 

(Ж.Тұрлыбай, Райымбек., 1, 282). 



АДУЫНДЫРАҚ с ы н. с ө й л. Адуыны 

күштірек; азулырақ. 

АДЪЕКТИВТЕН е т. л и н г в. Белгілі 

бір сөздің сын есімге ауысуы; сын есімдену. 

Ал  ит  жанды,  жалаңаш,  дені  сау,  қолы 

ашық, есі дұрыс, басы артық тəрізді күрделі 

сөздер а д ъ е к т и в т е н г е н күрделі сын 

есімдер (А. Ысқақов, Қазіргі қаз. тілі.124). 

АДЪЕКТИВТЕНУ  Адъективтен 

етістігінің  қимыл  атауы.  Белгілі  бір 

сөз  табының  жəне  есімшенің  сын  есімге 

ауысуын – а д ъ е к т и в т е н у дейміз 

(Тіл  білімі, 24). Олар  (сын  есімдер) 

белгілі бір синтаксистік формадағы сөздің 

семантикалық  жағынан  бірте-бірте  дами 

отырып, біржолата а д ъ е к т и в т е н у

арқылы  (мыс.:  басқа,  өзге,  шалажансар 

т.б.)  жасалады  (А.  Ысқақов,  Қазіргі  қаз. 

тілі, 245). 



АДЪЕКТИВТІ  с  ы  н.  Сын  есімге 

қатысты, сын есімге тəн. 

АДЫМДАС  Адымда  етістігінен 

жасалған ортақ етіс. Аяқтарын санап ба-

сып, маңғаз а д ы м д а с а д ы (Ə. Кекілбев, 

Елең-алаң, 409). 

АДЫМДАСУ  Адымдас  етістігінің 

қимыл атауы. 

А Д Ы РА   з   а   т.   с   ө   й   л .   « А д ы -

ра  қалған»  жер  д.м.  Туған  жерім, 

к і н д і к   қ а н ы м   т а м ғ а н   т о п ы р а ғ ы м 

еді деп, бұл а д ы р а н ы ң анасын бір, мынасын 

бір қимай жүріп, ақырында көшкен елдің 

жұртында  қалып  қойма! (Ə.Нұрпейісов, 

Соңғы., 96). 



АДЫРНА  з  а  т. 1. Садақтың  дөңес 

болып иілген бөлігі. Садақтың дөңес болып 

иілген,  негізгі  ату  жұмысын  атқаратын 

бөлігінің аты – а д ы р н а (Ата салты., 47). 

А д ы р н а н ы ң иіні, екі басы, белі əр түрлі 

ағаштан жасалып, иіні серпімді болу үшін 

ол мүйізбен күшейтіледі (Қаз. этнография., 

1, 65). 2. Садақтың бір түрінің аты. Алты 

атқа алған а д ы р н а, Ата алмасам, маған 

серт!  Шым  жібектен  ескен  кірісі,  Үзіліп 

кетсең, саған серт (Қарасай-Қази: Ақсуат, 

2, 76). 


АЖАЛАжал жастығына бас қойды. 

Өлді,  қаза  тапты.  Тəуекел  хан  ең  соңғы 

ұрыстағы ауыр жарадан а ж а л  ж а с т ы 



ғ ы н а  б а с  қ о й д ы (М. Мағауин, Ала-

сапыран, 2, 204). 



Ажалмен  алысты.  Өлгісі  келмеді, 

жанталасты.

14

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

АЖАРЛЫРАҚ  с  ы  н.  Көріктілеу, 

бейнелірек. Сол бір жай ауызға қайта ілігіп, 

бұрынғыдан гөрі де ардақтырақ, а ж а р



л ы р а қ айтылды (Ə. Кекілбаев, Үркер, 92). 

АЖАРСЫЗДАУ  с  ы  н.  Көріксіздеу, 

сұрықсыздау,  ұсқынсыздау.  Арық  бойла-

ры... шаңнан көрінбейді, алақожалақтанып, 

əсіресе қоңыр күзде тым а ж а р с ы з д а у

көрінеді (С. Байжанов, Ақ маржан, 22). 



АЖАТ з а т. ж е р г. Ажар, əр. 

АЖАТТЫ с ы н. Əрлі, ажарлы. Қазір 

65-те. Денесі əлі ширақ, өңі а ж а т т ы 

(Халифа Алтай, Алтайдан., 150). 

АЖЫМ з а т. к ө н е. Бұратана. Араб-

тар  жаулап  алған  ел-жұртын  а  ж  ы  м, 

яғни  бұратана  деп  кемсіткен  (Ана  тілі, 

12.09.1991, 6). 



АЖЫРАСАРАЯҚ  з  а  т.  э  т  н.  Біреу 

басқа жаққа, басқа бір елге көшпек болса, 

туыс-туған, көрші-қолаңдарын шақырып, 

тамақ беру салты.

АЖЫРАТЫҢҚЫРА  е  т.  Аздап  ажы-

рату,  ажырата  түсу.  Жалпы  балалар 

əдебиеті  мен  жастар  əдебиетінің  жігін



а ж ы р а т ы ң қ ы р а п ұстаған жөн (Қаз. 

əдеб., 08.09.1975, 3). 



АЖЫРАТЫҢҚЫРАУ Ажыратыңқыра 

етістігінің қимыл атауы. 

АЖЫРАТЫС з а т. Бір нəрсені ажы-

рата білу қабілеті. Əрқайсысы өз үйінде 

Көкжендеттің ұшысын, ілісін, түсісін, тоят 



а ж ы р а т ы с ы н ұзын сонар əңгіме етіп 

отырады (Т. Əлімқұлов, Сырлы., 72). 



АЖЫРЫҚ қ. Ажырғы. Мойныңа а ж 

ы р ы қ т ы салған, Айдай... (Д. Еркінбеков, 

Шығ., 117). – Ал мансап-билік жөніне кел-

сек, сол а ж ы р ы қ т ы дəл қазір менен 

ешкім алмай отыр емес пе (Қ. Жұмаділов, 

Тағдыр, 481). 

АЖЫРЫҚ: Жатаған ажырық. б о т. 

Ажырықтың жерге жабыса өсетін түрі. 

Ж а т а ғ а н а  ж ы р ы қ – бойы 07-30 см, 

Қызылқұмда, Түркістан маңында кездеседі. 

Мал жейді (ҚСЭ, 1, 127). 

Сары  ажырық.  б  о  т.  Сор  ажырық 

түсінің  сарылығына  қарай  кейде  осылай 

да  аталынады  (С.  Арзымбетов,  Ор.-қаз. 

сөздік, 194). 



Сор  ажырық.  Астықтұқымдас 

көпжылдық  көгентамырлы  арамшөп. 

Сабақ-бұтақшалары тармақталған, ұзын, 

буыннан тез тамыр жаяды. С о р а ж ы 

р  ы  қ  буыннан  тез  тамырланатын  сабақ-

бұтақшалары жəне тұқымы арқылы өніп-

өседі (Күріш. арам шөбі,13). 

Сортаңдық  ажырық.  б  о  т.  Астық 

тұқымдасына  жататын  көпжылдық 

шөптесін  өсімдік.  Гүл  шоғыры – масақ 

тəрізді шашақ. С о р т а ң д ы қ  а ж ы р ы қ 

– бойы 20-60 см, сабағы көлбеп өседі. Тұзға 

өте  төзімді.  Сортаңды,  құмдауыт  жерде 

өседі. Ең маңызды мал азығы (ҚСЭ, 1, 127). 



АЖЫРЫҚСЫЗ  с  ы  н.  Ажырық 

өспеген, ажырығы жоқ. 

АЖЫРЫМ з а т. с ө й лАйырмашылық. 

Жаман мен жақсы парқын таразыламасам, 

тірлігімнен не пайда? Пақыр мен сақының 

а ж ы р ы м ы н білмесем, бірлігімнен не 

пайда? (М. Қалдыбай, Елім деген., 11). 



АЗ:  Аз  айтса  да  саз  айтты.  Қысқа 

сөйледі, бірақ мəнді, мағыналы сөз айтты 

д.м. Əкей көп сөйлемейтін, а з  а й т с а 

д а  с а з  а й т а т ы н уақ-соқпен ісі жоқ, 

əділ-ақиқатшыл адам болған (Жалын, 1974, 

4, 118). 

АЗА: Аза малы. э т н. Қайтыс болған 

адамның үйіне жақын-жұрағаттар тара-

пынан көмек ретінде берілетін мал, мүлік, 

ақша т.б. (Қаз. этнография., 1, 71). 

АЗАДА с ы н. к ө н е. Жайлы, жүрісті, 

мықты. Келейін атты сүйсең қазан атпен, 

Жүрісті, өзі сұлу а з а д а атпен. Барайын 

көпшіл  болсаң  жүз  жігітпен,  Сақалсыз 

өңшең бойдақ азаматпен (XX ғас.бас. қаз. 

ақын., 49). 

АЗАЛИЯ з а т. б о т. Негізінен субтро-

пикада өсетін, жапырақтары ірі, гүлі сары 

түсті əсем бұта. Біздің елде оранжерия-

ларда,  бау-бақшаларда,  парктерде  өседі. 

А з а л и я – бұта тектес өсімдіктер туысы. 

Гүлі тостағанша тəрізді, ашық түсті. Үйде, 

оранжерияларда  өседі.  Гүлі  алуан  түсті 

(ҚСЭ, 1, 127). А з а л и я – қыстың екінші 

жартысында жəне ерте көктемде гүлдейтін 

көркем, мəңгі жасыл бұта (В.А. Корчагина, 

Ботаника, 86). 

АЗАМАТСЫЗ  с  ы  н.  Отбасында  бас 

көтерер  азаматы  жоқ.  Əке  өлімінің 

ащылығына  үйдің  бас  көтерер  а  з  а  м  а 



т  с  ы  з  қалған  қайғысы  қосылып,  оның 

ұнжырғасы  түсіп  отырған  (Х.  Есенжанов 

Ақ жайық, 48). 

АЗАНДЫ с ы н. Намаз оқығыш, азан 

шақырғыш. Аллаңа жағам десең – а з а н 

д ы бол, Ағайынға жағам десең – қазанды 

бол (Ел аузынан, 84). 



15

Байынқол Қалиев

АЗАНШЫ з а т. к ө н е. м у з. Əлі табы-

ла қоймаған, бірақ аты аңыздарда бар дау-

сы зор музыка аспабы. Бұл аспаптар сазген, 

бозаншы, а з а н ш ы, егек болып бөлініп 

кете  береді  (Қазақст.  əйелдері, 1983, 12, 

26). Ал мес, безілдек, дүңкілдек, а з а н ш ы

секілді біраз аспаптарды қалпына келтіру 

жолдарын əлі де іздестірудеміз (Қаз. əдеб., 

13.07.1984, 12). Ал  бозаншының  екінші 

сыңарының аты - а з а н ш ы. Бұлар өзі ерте 

замандағы елге төнген қауыпты жағдайдың 

жаршысын бозаншы, қуанышты күндердің 

жаршысын а з а н ш ы деп атаудан туған 

аспаптар (Қаз. əдеб., 18.08.1985, 15). 



АЗАП: Азап айдады. Азапқа ұрынды, 

азапқа жолықты. 

Азап  арқа.  э  т  н.  Соғым  союшыға 

«еңбегің  үшін»  деп  ірі  қарадан  берілетін 

кəде-ет.  Соғым  союға  келгендер  еңбегі-

нің  ақысына  ірі  қарадан  «а  з  а  п    а  р 



қ  а»,  «бейнет  белдемше»  деп  аталған 

мүшелерден  қоңдылау  етіп  кесіп  алады 

(Ата салты., 130). 

АЗАТБАС з а т. Киіз үй керегесінің уық 

байланбай, бос қалған басы (Қаз. этногра-

фия., 1, 72). 



АЗАТЖОЛ...  Ресми  ісқағаздарының 

үлгілерін рəсімдеуде а з а т ж о л д ы ң 

маңызы үлкен (Аударматану, 120). 

АЗАШЫ  з  а  т.  э  т  н.  Аза  тұтушы, 

қайғырушы. Ұлы жүз, кіші жүз а з а ш ы л 

а р ы əдеп сақтап, араларынан бірер жаста-

рын жіберген (С. Жүнісов, Ақан сері, 2, 13). 



АЗБАНДАН  е  т.  Бұрынғысынша 

айғырлық  істеу,  азбандық  ету.  Айғырша 

арқырамай, а з б а н д а н б а й, құлынша 

қуана, еркелей кісінеді (Ж. Нəжімеденов, 

Ақ шоғыл, 247).



АЗБАНДАНУ  Азбандан  етістігінің 

қимыл атауы. 

АЗБАНДЫҚ з а т. Азбанға қатысты, 

азбанға тəн қасиет. ≈ Құла қасқа а з б а н 

д ы ғ ы н əлі қоятын емес. 

АЗБАНСЫН е т. а у ы с. Азбан секілді 

қылық  көрсету.  Əңгүдік,  əкірең  қаққан, 

албыт  сөзді,  Көк  ешкідей  жыртық  көзді. 

Алтайдың  кəр  жынындай  бақылдаған, 

Көк сақал, а з б а н с ы н ғ а н, бұл кім өзі? 

(І.Жансүгіров, Таңд., 72). 

АЗБАНСЫНУ  Азбансын  етістігінің 

қимыл атауы. 

АЗБАР  з  а  т.  Шөп  үйілетін  жер. 

Даладағы  үш  қос – мың  жылқының 

үстіне а з б а р д а үйілген бидай, сұлы... 

(Ғ. Мүсірепов, Жат қолында, 146, 150). 



АЗБЫНШЫ  ү  с  т.  ж  е  р  г.  Аздаған, 

біраз, азын-аулақ. Бұрын қырда мал бағып, 

а з б ы н ш ы малдың сүмесімен күн көрген 

кедей едік... (С. Жүнісов, Ақан сері, 2, 94). 

Ел іші қыс бойы жерге көміліп, шошаланың 

бұрышына тығып қымқырған а з б ы н ш ы

етті  қорек  етіп  шықты  (С.  Жүнісов,  Жа-

панда, 212). 



АЗҒАНДЫҚ з а т. а у ы с. Адамдықтан 

кеткендік,  бұзылғандық.  Досбол  бұл 

мінезді жалғандық, а з ғ а н д ы қ, машық 

деп ұқса керек (Ел аузынан, 79). 

АЗҒЫРҒЫШТЫҚ  з  а  т.  Азғыра 

бергіштік, азғырғандық. 

АЗҒЫРУШЫЛЫҚ з а т. Айнытушылық, 

теріс жолға салушылық, əзəзілдік. 

АЗЕРБАЙЖАНДЫҚ  с  ы  н.  Əзірбай-

жанға тəн, соған қатысты. Бұл жырдың 

(Көрұғлы) екі үлкен саласы, яғни екі қайнар 

көзі бар: бірі – ортаазиялық нұсқа, екіншісі 

– а з е р б а й ж а н д ы қ үлгі (Қаз. əдеб., 

19.04.1974, 2). 

АЗЕРБАЙЖАНША  ү  с  т.  с  ө  й  л. 

Əзірбайжанша. Өйткені а з е р б а й ж а н

ш  а  «қыза  мəксұс»  дегенді  басқа  түркі 

халықтары  бірден  түсінбейтіні  даусыз 

(Қазіргі қаз. тілі, 46). 

АЗИЯ:  Азия  арыстаны.  п  е  р  и  ф  р. 

Ақсақ Темір д.м. Осыдан 600 жылдан астам 

бұрын А з и я н ы ң  а р ы с т а н ы атақты 

қолбасшы  Ақсақ  Темір  қазақ  жерінде 

болғандығы  белгілі  (Егемен  Қазақст., 

31.07.2002, 10). 

АЗУ:  Азу  басты.  Азуын  батырды, 

тілмен түйреді, сөзбен шенеді. Əр жерде əр 

мырзамен тамырласат, Əр жерде əр сұлуға 

бауыр басат. Дегенге «мұның қалай?» а з у 

б а с а т, Тістесет, қағаздасат, сауырласат 

(І. Жансүгіров, Құлагер, 163). 



Азу  тісі  алты  қарыс.  Қаһарлы,  аду-

ынды.  Ол  анау-мынау  кісі  емес:  а  з  у 

т і с і  а л т ы  қ а р ы с адвокат (О. Кемаль, 

Тəлкек., 172).



АЗЫМТАЛ  е  т.  Аза  беретін,  азғыш. 

Сірə,  уақыт  озған  сайын  жылқы  тұқымы 

да  а  з  ы  м  т  а  л  болып  бара  ма,  немене 

(М. Мəжитов, Құлынды., 15). 



АЙ: Ай бағып отырсың ба? Не біті-

ріп  отырсың  д.  м. – Оу,  қораланып  осы 

жерде  а  й    б  а  ғ  ы  п    о  т  ы  р  с  ы  ң 



д  а  р  м  а,  бір  баланың  шөп  түсіп  кеткен 

16

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

көзін  жаза  алмасаңдар  (Ж.  Түменбаев, 

Қардағы із, 86). 

Ай  батты.  Көкжиектен  асып,  ай 

көрінбей кетті. Жаңа туған ай мана кешке 

таман  көкжиекке  тақалып  тұрған  жоқ  па 

еді? Ол а й  б а т қ а л ы қашан (С. Байжа-

нов, Ақ маржан, 35). 



Айды алдымызға, күнді қолымызға 

қондырды.  Қарық  қылды,  жарытты, 

кенелтті. Дастархан басшыда желдей ескен 

ферма бастығы а й д ы  а л д ы м ы з ғ а,



к ү н д і  қ о л ы м ы з ғ а  қ о н д ы р ы п, бай-

ытып тағы кетті (Қаз. əдеб., 26.07.1974, 4). 



Ай керек. э т н. Топтасып, ұжымдасып 

ойнайтын  балалар  ойыны  (Қаз.  этногра-

фия., 1, 80). А  й    к  е  р  е  к  деп  аталатын 

ойынның шарттары мен ретін айгөлек, ақ 

серек-көк  серек  деп  аталатын  ойындарға 

өте ұқсас, соның бір варианты деп қарауға 

болады (Бұл да). 



Ай тасы. м и н. Жартылай бағалы асыл 

тастардың бір түрі. Асыл тастардың жар-

тылай бағалыларына а й  т а с ы, аметист, 

берилл, опал, топаз т.б. жатады (Шаңырақ, 

308). – «А й  т а с ы н» ажыратып алудың 

жетілдірілген  технологиясын  əзірлеуді 

алғаш  бастаған  кезден  бері  Ақат  дұрыс 

жолда келеді (Соц. Қаз., 10.08.1973, 2). 

Айың оңынан тусын. б а т а. Ісің сəтті 

болсын, мақсатыңа жет.

АЙБАҚЫ с ы н. ж е р г. Қыңыр, қырсық 

(мінез). 

АЙБАҚЫЛЫҚ з а т. ж е р г. Қыңырлық, 

қисықтық. Сол бір алапат а й  б а қ ы л ы

ғ ы н күн батар сəттен-ақ ұштықтата бастап 

еді-ау (М. Мекебаев. Аңызақ, 44). 



АЙБАЛЫҚ...  А  й  б  а  л  ы  қ  өте  баяу 

жүзеді, көбінесе теңіздегі ағыстың ырқымен 

кезіп жүреді (Су асты. тіршілік., 46). 

АЙБАТТАНДЫРУ  Айбаттандыр 

етістігінің қимыл атауы. 

АЙБОЗ з а т. Жалындаған жастық шақ. 

Əсеттің жанары өзінің сонау жылдардағы 



а  й  б  о  з  күндеріндегідей  басын  шытпен 

мықтап таңып, үстіне ақ жібек шапан киген 

еңсегей бойлы жігітке тоқтады (С. Рахым-

бек, Айдында., 7). 



АЙБОЗЫМ  с  ы  н.  Ақылды,  дана, 

бірегей.  Атап  айтқанда,  А.  Байтұрсынов, 

Шəкерім,  М.Жұмабаев,  Ж.Аймауытов, 

М.Дулатов  сынды  біртуар,  бірегей 

а  й  б  о  з  ы  м  арыстарымыздың  шығар-

м а л а р ы н   ауд а р м а қ п ы з   ( А л м а т ы

ақшамы, 29.08.1990, 3). Осыдан  келіп 

сөздің небір нəші, ойдың небір а й б о з ы м 

астары ашылған (Қаз. əдеб., 05.04.1985, 10). 

АЙБЫҚАДАМ с ы н. ж е р г. Көкбет, 

долы, əдепсіз. А й б ы қ а д а м қатындардан 

аулақ  жүргеннен  жақсысы  жоқ  (Ауызекі 

тіл.). 

АЙБЫҚАДАМДАН е т. ж е р г. Ашы-

ну, көкбеттену, шаптығу, ашулану, көгеріп-

сазару.  Обал,  сауап  дегенді  ұмытты. 

Беті ашылып, а й б ы қ а д а м д а н ы п 

алғасын айылын жимады (Ə. Нұрпейісов, 

Соңғы., 291). Байы  өлген,  бауыры  жара-

лы  бейбақ  бұндайда  қайта  ашынып,  а  й-

б ы қ а д а м д а н а түспеуші ме еді (Бұл 

да, 440). 



АЙБЫҚАДАМДАНУ  Айбақадамдан 

етістігінің қимыл атауы. 

АЙБЫҚАДАМДЫҚ  з  а  т.  ж  е  р  г.

К ө кб ет т і к ,   ы з а қ о рл ы қ ,   д ол ы л ы қ . 

Анада  балықшы  ауылдың  қатындары 

алдыңнан  ойбайын  сала  шыққанда,  ол 

мына  бір  кісі  сыйлай  білмейтін  əдепсіз 

қатындардың а й б ы қ а д а м д ы ғ ы н а 

ғана  ыңғайсызданып  тезірек  құтылғанша 

асыққан-ды (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 384). 

АЙБЫНДЫЛАУ с ы н. Айбындырақ, 

айбаттырақ.  Ол  Магараджаның  əскери 

жəне  салтанат  кезінде  жүретін  тілдерін, 

Монаконың əскерінен гөрі а й б ы н д ы л а 

у сақшы-нөкерлерін көрді (Ə. Əлімжанов, 

Отырар., 190). 



АЙҒАБАҒАР  з  а  т.  б  о  т.  ж  е  р  г. 

Күнбағар (Қ. Орда). 

АЙҒАБАҚ з а т. б о т. ж е р г. Күнбағыс. 

Өте  бағалы  майлы  дақыл – күнбағыс

(а  й  ғ  а  б  а  қ)  көбіне  республикамыздың 

солтүстік  шығыс  облыстарында  егіп 

өсіріледі  (Қазақст.  ауыл  шаруаш., 1957, 

6, 42). 


АЙҒАБАҚША ү с т. Айғабақ тəрізді, 

айғабақ секілді. Шөп желке мойыны ауыр 

сəлдені  көтере  алмай  желді  күнгі  а  й  ғ  а



б а қ ш а ырғалған Тұрманқожаның нақ өзі 

(А. Мекебаев, Жезтырнақ, 126). 



АЙҒАЙ: Айғайға аттан қосты. У-шу 

болды; сарқырады, күркіреді. Төменде а й 

ғ а й ғ а  а т т а н  қ о с ы п жататын тентек 

тау өзені (Лен. жас, 16.05.1972, 2).



Айғай салым жер. Дауыс жетер жер 

(қашықтық). Екі ауылдың арасы а й ғ а й 

с а л ы м  ғана  ж е р  еді (К. Мұқажанұлы, 

Ортеке, 147). 



17

Байынқол Қалиев

АҒАЙЛАС  е  т.  с  ө  й  л.  «Ағай»  деп 

айту, «ағай»  деу.  Қабақтарды  қабақтар 

абайласып, Бозбалаға ботагөз «а ғ а й л а с 



ы  п»,  Жанарлары  жаутаңдап  қалғанында, 

К ү р с і н ед і   ке кс е л е р   с а м а й   қ о с ы п

(Е. Ибраһим, Оқжетпес, 238). 

АЙҒАЙШЫЛЫҚ с ы н. Айғайлайтын, 

айғайлап  отыратын.  Ағайын  арасының 

ішкі-сыртқы тіршілігіне майдай жұғысып, 

а й ғ а й ш ы л ы қ міндетке ойысқан (К. 

Ахметбеков, Ақдала, 2, 225). 



АЙҒАҚКЕРЛЕ  е  т.  Айғақкер  болу, 

дəлелдеу.  Патша  лезде  құсын  танып, 

түнеріп, Үнсіз қалды зілман ойға тіреліп. 

Көңіліндегі аспас-қапас тасқынды А й ғ а қ к 

е р л е п жанарына жас тұнды (М. Шаханов, 

Мəңгүрт., 92). 



АЙҒАҚТАН е т. Айғақ болу, əйгіленіп 

қалу. 

А Й Ғ А Қ Т А Н Д Ы Р   А й ғ а қ т а н 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс.  – 

Оныңыз енді артық болады, Айеке. Қос а й 



ғ а қ т а н д ы р ы п қайтеміз (Т. Иманбеков, 

Тұт ағашы., 158). 



АЙҒАҚТАНДЫРУ  Айғақтандыр 

етістігінің қимыл атауы. 

АЙҒАҚШЫ з а т. Айғақтаушы, айғақ 

етуші.  Бұл  қылығымен  бақсы – тəңірдің 

елшісі  саналатын  ежелгі  пайғамбарлық 

сенімнің  а  й  ғ  а  қ  ш  ы  с  ы  н  д  а  й  əсер 

қалдырады (Қ. Толыбаев, Бабадан., 107). Ал 

ақша қардың ортасындағы екеуіміздің шөп 

қосымыз ше? Ол ненің а й ғ а қ ш ы с ы ?

(Лен. жас, 21.09.1974, 3). 

АЙҒЫЗДАЛҒАНША ү с т. Айғыз-айғыз 

болғанша,  қым-қиғаш  сызық  түскенше. 

Шашына ақ түсіп, бетің əжіммен а й ғ ы з 



д а л ғ а н ш а бір шаруаны тақ еткізіп, айыз 

қанарлықтай атқара алмайсың (Ұ. Доспан-

бетов, Шығ., 4, 17). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет