ҚОЛДЫҚ
1
з а т. с ө й л. Бүркіт балдақ.
Бүркіт балдақ немесе қ о л д ы қ – құсбегінің
құс ұстап отырған қолы талмас үшін сүйеп
отыратын аша ауыз ағаш (Шаңырақ, 423).
ҚОЛДЫҚ
2
з а т. к ө н е. Соғыс кезінде
қолға киетін, оқ (қылыш) өтпес болат
сауыт. Кеудесіне қола шарайна, құрыш
көбе, білегіне болат қ о л д ы қ, аяғына темір
тізелік, топсалы бұтырлық киген жас жігіт
қатарласты (М.Мағауин, Аласапыран, 73).
ҚОЛЕТІНДЕГІ с ы н. Қол астындағы,
билігіндегі. Оның шешесі Ділдə, сүйген
жары Маржан, қайынағасы Жұмақан,
бірі жалшы, бірі қоңсы, - бəрі де Майқан
болыстың қ о л е т і н д е г і адамдар
(Ғ.Мұстафин, Ой əуендері, 33).
ҚОЛЖАУЛАУ з а т. ж е р г. Қолбақыр.
Алтай үстіне қос алған жоқ. Жабдыққа бір
қыл арқан, бір темір қазық, бір қ о л ж а у
л а у алды (Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 9, 237).
ҚОЛЖАУЛЫҚ: Қолжаулық тастау.
э т н. ж е р г. Белбеусоқ немесе орамал
тастау ойыны. Белбеусоқ ойыны кей
жерде «қ о л ж а у л ы қ т а с т а у» деп
те аталады (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік.,
4, 103).
ҚОЛЖЕТІМДІЛІК з а т. Сатып алу
мүмкіншілігіне лайықтылық. Бұлар – сапа
мен қ о л ж е т і м д і л і к көрсеткіштері
(Астана хабары, 03.04.2008).
ҚОЛЗАТ з а т. Жолаушының қолға
ұстап келген буыншақ-түйіншегі; сөмкесі.
Сықай толтырылған қ о л з а т ы н
ашып, балаларға ішіндегісін үлестірді
(Ш.Құмарова, Əйел шырағы, 145).
ҚОЛКЕСЕР... Ұсақ малды союшы
«сорлы қабырға», «қ о л к е с е р» деп таңдап
алады (Ата салты., 130). Біреудің соғымын
сойысқан соғымшыға үй иесі «қ о л к е с е
р і ң» деп сыбағалы етін береді (Ана тілі,
04.11.1993, 8).
ҚОЛҚА... Алмасын деп, талмасын деп,
Маңқа, қ о л қ а болмасын деп, Жеміне
қосып, қыз Құртқа Қызыл дəрі жегізді
(Ақсауыт, 1, 25).
Қолқасын жарды. Сасық иіс тыныс
мүшелерін алып, тұншықтырды. ≈ Қ о л қ
а с ы н ж а р ы п барады.
ҚОЛҚАҚҰРТ з а т. в е т. Уақ малдың
қолқасына түскен құрттан болатын ауру
(Ж.Бабалықұлы, Мал ауру., 171).
ҚОЛҚАНАТСЫЗ с ы н. Жұмсай қоятын
ешкімі жоқ, көмекшісіз, жəрдемшісіз.
Сəмиға мен Бескемпір масағын жинап,
қ о л қ а н а т с ы з қалған кəрі-құртаңның
огородын қазып, ақы-пұлына тапқан бірер
мөшек картобын қаптап, келер қыстың
аяғын күткен (Қ.Ысқақ, Ақсу., 445).
ҚОЛҚАР з а т. Арқар мен құлжаның
ірілеу келген асығы (Қаз. этнография., 1,
229). – Арқардың асығын «құлжа» немесе
«қ о л қ а р», киіктің асығын «шүкейт» деп
атайды, - деді ол (Балдырған, 1971, №9, 7).
Жақсы сақа болып жүрген қолымдағы қ о
л қ а р ы м д ы неге қолқа етесің (Лен. жас,
14.07.1996).
ҚОЛМЕРГЕН з а т. Көздемей-ақ
қолдың мөлшерімен ататын мерген.
Сұлбасы көрінген шақта қағып түсіретін
көзмерген емес, тас қараңғы түнекте
құтқармайтын қ о л м е р г е н екен (Асқар
Алтай, Қызыл бөлтірік, 27).
Қ ОЛ О РА Қ Ш Ы з а т. О р а қ п е н
(қолорақпен) егін орушы адам. Қ о л о р а
қ ш ы л а р мен белорақшылар, бау байлау-
359
Байынқол Қалиев
шылар алысқа ұзап кеткен (Тоғызыншы
шежіре, 38).
ҚОЛОРАМАЛ... Биялайын шешеді
де, шиланынан қ о л о р а м а л ы н алып,
əсем қимылмен танауын, аузын сүртінеді
(М.Мағауин, Қиянда., 64).
ҚОЛПАЙ: Қолпайым түсіп қала жаз-
дады. ж е р г. Қатты қорықты, зəре-құты
қалмады. Ойпырмай, зəре-құтым мұндай
ұшпас. Қ о л п а й ы м т ү с і п қ а л а
ж а з д а д ы (К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 390).
ҚОЛПЫЛДАҚ с ы н. Қолпылдап
қалған, кең. Қ о л п ы л д а қ шапанын қолп-
қолп еткізіп, ол да бірге келеді (М.Қаназов,
Арна, 6).
ҚОЛСЕРІК з а т. Карта ойнағанда
серік болатын адам. Қ о л с е р і к к е
көршінің қыздарын шақырып, белін бүгіп,
бедеріне түсіріп бағыпты (Д.Досжанов,
Жолбарыс, 436).
ҚОЛСӨМКЕ з а т. Қолға ұстап жү-
ретін кішкене сөмке. – Арам ойыңыз бар, ə,
- деп қ о л с ө м к е с і н е н əмиянымен бірге
суырып алып, аузына салған темекісін бұрқ
еткізді (Ж.Қорғасбек, Жынды қайың, 29).
ҚОЛТАБАҚ з а т. Қолына ұстап,
үстіне ыдыс-аяқ, əкелетін (əкететін)
жайпақ ыдыс; поднос (Орфогр. сөздік,
266).
ҚОЛТАУЛАУ Қолтаула етістігінің
қимыл атауы.
ҚОЛТЕЛЕФ ОН з а т. с ө й л.
Қалтателефон. Кенет қ о л т е л е ф о н
ы м шыр етті де, оны тар қолдорбамның
астаң-кестеңін шығарып тауып алғанымша
үзіліп қалғаны (С.Ордалиева, Кек жуған, 8).
ҚОЛТУМА... Көне сөздің қайта
жаңғыруымен қатар кейде қ о л т у м
а сөздер де жасалып жатады (Ана тілі,
20.09.1990, 6).
ҚОЛТЫҚ: Қолтық бүршік. б о т.
Өсімдік тамырсабағының бүйіріне
шыққан бүршік. Тамырсабаққа жербеті
өркендеріндегідей төбе бүршік, қ о л т ы қ
б ү р ш і к жəне қабыршақ болады (Бота-
ника, 86). Жапырақ қолтығында қ о л т ы қ
б ү р ш і к т е р болады (Бұл да, 82).
ҚОЛТЫРАУ... Қ о л т ы ра у – ыстық
жақтарда болатын су мақұлығы (Соц.
Қаз., 09.04.1991, 4).
ҚОЛТЫРМАШ з а т. Кеңдеу болу
үшін киімнің қолтығына салынған үшкіл
қиықша. Киімнің қолтық тұсы кең болуы
үшін қ о л т ы р м а ш, етегі кең болу үшін
бүйірден шабу қойған (С.Мұқанов, Таңд.,
15, 121).
ҚОЛШАМ з а т. Қараңғы кезде қолға
ұстап жүретін шам. Сұрастыра келсек,
шахтерлер əрлі-берлі өтіп жүргенде қ о л
ш а м н ы ң күйесімен жазып кеткен екен
(Ғ.Мұстафин, Жиырма бес, 110).
ҚОЛШАТЫРЛЫ с ы н. Қолшатыры
бар, қолшатыр ұстаған (О.Бөкеев, Əн
салады., 48).
ҚОЛШОҚПАРЛЫҚ з а т. а у ы с.
Біреудің сойылын соғушылық, қолшоқ-
пар болғандық. Өнбейтін өгіз-қысыр дау-
дамаймен Қол жиып, қ о л ш о қ п а р-
л ы қ топ құрады (Е.Дүйсенбай, Бозала
таң, 259).
ҚОЛШЫҒЫР з а т. қ. ө н е р. Қолмен
бұрап, бір нəрсені тесетін ұста құралы.
Шын мəнінде, ағаш бəрбімен (дрель),
қ о л ш ы ғ ы р м е н (коловорот), тышуыр-
мен (бурав), бұрғымен (сверло) тесіледі
(Д.Шоқпарұлы: Қаз. əдеб., 22.06.1984, 14).
ҚОМ: Қом ер. Түйеге ерттейтін ер;
қом. Ердің мынандай түрлері бар: қоқан ер,
құранды ер, қалмақы ер, қазақ ері, орыс ері,
қ о м е р, ашамай ер, күміс ер т.б. (Қазақст.
ауыл шаруаш., 1970, №10, 62).
ҚОНАҒАСЫЛЫҚ с ы н. Қонақасыға
арналған, қонақасы боларлық. Бұл үйде
қ о н а ғ а с ы л ы қ жағынан қайдан мін
болсын, сыйлаудың тұздығы да, дəмділі-
гі де жетіп жатыр (Ғ.Мүсірепов Жат қо-
лында, 371).
ҚОНАҒУАРЛЫҚ з а т. Қонақжайлылық,
меймандостық. Қазақ семьясына ерекше
тəн абзал қасиеттердің бірі – ежелден бері
келе жатқан қ о н а ғ у а р л ы қ (Х.Арынбаев,
Қаз. халқ., 66).
ҚОНАҚ
1
з а т. Қонақ өсімдігінің дəні,
тұқымы. Аман бұрыла жүріп, өз үйінің
егінін көрді. Биыл екі пұт бидай, бір пұт
сұлы, бір аяқ қ о н а қ салған (Ғ.Мұстафин,
Дауылдан кейін, 6). Демек, бұл Ақбоз емес.
Оған ауыр болады деп, Біркімбай қ о н а қ
жегізбейді. Ақбоздың жемі – арпа мен сұлы
(Т.Əлімқұлов, Ақбоз ат, 210).
ҚОНАҚ
2
з а т. м е д. т а б у. Қызылша ау-
руы. Қытай қазақтары қызылша ауруын қ о
н а қ деп атайды. Оның негізінде атын тура
атаса, ауру келіп қалады деген халықтық
наным-сенім жатыр (С.Мұстафаұлы, Қытай
қаз. тілі. 19).
360
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ҚОНАҚТАС е т. Қонақта бірге болу,
бірге қону. Қолы да таза, жолы да таза, құда
болу, қ о н а қ т а с болуларында есебі жоқ,
ақкөңіл, қарапайым адам (Ғ.Мүсірепов,
Жат қолында, 187).
ҚОНАҚЫ з а т. ж е р г. Қонақүй. Жат
жұрттық көпестер мен елшілер түсетін қ о н а
қ ы л а р, аспапшылары мен қосшыларының,
бөкеуілдері мен атбегілерінің тұрақтары
бар еді (Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 403).
Қ О Н А Л Қ Ы : Қ о н а л қ ы с ау ы н .
Жолаушының астына мінген биесін қонар
жерге келгенде сауып алуы. Мұхаммед
Хайдар Дулаттың «Тарихи Рашиди» деген
кітабында қ о н а л қ ы с а у ы н деген де сөз
бар. Оны қазақ осы күнге дейін пайдаланып
жүр (Аңыз адам, 2011, №19, 37).
ҚОНАЛҚЫЛА е т. с ө й л. Қону, қонып
шығу. Шығыс Түркістанға баяғыда сапар
шеккенде басып өткен жерлер, түстенген,
қ о н а л қ ы л а ғ а н бекеттер Шоқанның
есінде (Т.Əлімқұлов, Кертолғау, 34).
ҚОНДЫГЕР з а т. к ө н е. Түрік
хандығының басшысы. Мұндай ақ тұйғын
мен қызыл бидайық түріктің қ о н д ы г
е р і мен қызылбастың шахында да жоқ
(М.Мағауин, Аласапыран, 202). Бұл –
Бұқардың ханы мен түріктің қ о н д ы г е р
і қол алысты деген сөз (Бұл да, 2, 9).
ҚОНЖЫҚША ү с т. Қонжық тəрізді,
қонжық сияқты. Тордағы қ о н ж ы қ ш
а ұзақты күнге тар пəтердің ішінде əке-
шешесінің жатын бөлмесі мен залдың
арасын жол қылып, тыным таппайтын
(М.Сқақбаев, Ұят тур., 47).
ҚОНТАЙШЫЛЫҚ з а т. Қонтайшы
б о л ғ а н д ы қ , қ о н т а й ш ы м і н д е т і н
атқарушылық (І.Есенберлин, Жанталас,
259). Ол қ о н т а й ш ы л ы қ құрған жиырма
жылдың ішінде қазақтарға қарсы үш рет
жорыққа шықты (Ə.Кекілбаев, Үркер, 79).
ҚОНЫС Қон етістігінен жасалған
ортақ етіс. Алма мойын көк үйрек Көлден
көлге қ о н ы с а р. Кедейден шыққан би
болса, Нашарды жақтап болысар (Досбол
шешен: Ел аузынан, 73). Дос та іздедім, Жау
тисе болысатын. Қыс қыстасып, жаз қ о н ы
с а т ы н (Ж.Молдағалиев, Таңд. шығ., 257).
ҚОНЫСУ Қоныс етістігінің қимыл
атауы.
ҚОНЫСТАЛ е т. с ө й л. Қоныстан.
Қаласы Дағыстанның сəнсіз салған,
Құлама, ылди төмен қ о н ы с т а л ғ а н.
Быжырқай ала-құла бақтары бар, Үйлері
қиқы-жиқы мыжырайған (И.Байзақов,
Құралай сұлу, 142).
ҚОҢ: Қоңынан жарылды. Семірді,
май басты, қоңданды. Қырдың қара отына
семіріп, қ о ң ы н а н ж а р ы л ы п тұрған қой-
лардың күлімсі шайыр исі лап беріп тұм-
сыққа ұрды (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 418).
ҚОҢҚАҚТАН е т. Қоңқақ тарту,
қоңқию, дөңкию. Үйірге түсердің алдында
ақбөкен текелерінің танаулары қатты ісініп,
одан сайын қ о ң қ а қ т а н а д ы (А.Бекенов,
Қазақст. аң., 16).
ҚОҢҚАҚТАНУ Қоңқақтан етістігінің
қимыл атауы.
ҚОҢЫЗ... 2. а у ы с. Өзін ғана ойлай-
тын, сасық бай; дүниеқоңыз. Япыр-ау,
ақшаны мөшектеп арқалаған кей қ о ң ы
з д ы ң ниетіне, ындынына не болған?!
(Қ.Ысқақ, Ақсу., 282).
ҚОҢЫР : Қоңыр балдыр. б о т.
Теңіздер мен мұхиттарда өсетін, сабағы,
жапырағы, тамыры, гүлі болмайтын,
төменгі сатыдағы споралы өсімдік.
(Т.Мұсақұлов, Биол. Сөзд., 1, 54). Қ о ң ы р
б а л д ы р д а н целлюза, спирт, сірке
тұздары алынады (ҚСЭ, 6, 603).
Қоңыр сусылдақ. з о о л. Сусылдақ
үйректің қоңыр түсті түрі. Олардың
ішінде көбірек ауланатыны өзен мен көл
үйректері: барылдауық, бізқұйрық, қ о ң ы р
с у с ы л д а қ, шүрегей үйректер мен қас-
қалдақтар (Саятшылық, 34).
Қоңыр торғай. з о о л. Қоңыр (сұр)
түсті, шыбын жегіш торғай. Аюбадам,
итжүзім, қарақат, сиырбүлдірген жидегін
шымшық, қызылқұйрық (горихвосток), қ о
ң ы р т о р ғ а й (серая мухоловка), мақтан
торғай (славок) сияқты құстар сүйсініп
жейді (Құстар., 4).
Қоңыр үйрек. Үйректің қоңыр түсті
түрі. Ымырт түсісімен олар қ о ң ы р ү й р
е к, бізқұйрық, огарлармен бірге өзен-көл
жағалауларындағы таяз жерлерден қорек
іздеуге шығады (Қарқаралы, 171).
ҚОҢЫРАУ з а т. б о т. с ө й л. Айбат-
мия. Айбатмия қ о ң ы р а у, баян, берік деп
те аталынады (ҚСЭ, 1, 160).
ҚОҢЫРАУЛА е т. Телефон соғу. Неге
хабарсыз. Ең болмаса қ о ң ы р а у л а м а й
да қойды (Қ.Тұрсынқұлов, Есіңде ме., 188).
ҚОҢЫРАУЛЫ: Қоңыраулы сағат.
Қоңырауы бар сағат. Сағаттың кең тараған
361
Байынқол Қалиев
түрі – қ о ң ы р а у л ы с а ғ а т (Шаңы-
рақ, 77).
ҚОҢЫРҚАЙЛЫҚ з а т. Қоңырқай
тартқандық, қоңырлық (Ə.Нұршайықов,
Махаб. жырлары, 225).
ҚОҢЫРЛЫҚ з а т. а у ы с. Қара-
пайымдылық, сыпайылық. Қ о ң ы р л ы қ
т ы – момындық деп түсініп, Талай есер
жау шапқанда ісініп – Тас боп ұйып
қатырғанбыз бір ұрып, Құм боп кейде
жібергенбіз сіңіріп (Ж.Нəжімеденов,
Ұрпағым., 256). – Қ о ң ы р л ы ғ ы ң д ы кө-
ріп қайдан жуас па деп жүрсем, жатып ата-
рың бар ма еді? (Қ.Ысқақов, Қараорман, 48).
ҚОПАЙЫС е т. Қодыраю, күдірею,
марқаю, əлдеқандай болу.
ҚОПАЙЫСТАН е т. ж е р г. Қопайыс.
– Біздің əкеміз де алдыда жүрген бе? – Иə,
сенің əкең алдыда жүрген... Мен қ о п а й
ы с т а н ы п қалдым (А.Тілеуханов, Көрші
келіншек, 63). Əкелерінің атын бұл дəл тап-
са, балалар қ о п а й ы с т а н ы п, марқайып
қалады (Т.Тілеуханов, Біздің əкелер., 5).
Қ О П А Й Ы С ТА Н У Қ о п а й ы с т а н
етістігінің қимыл атауы. Қулығымды асы-
рып, бетіңді қайтардым ба деген қ о п а й ы
с т а н у ы н да жасырмады (Т.Тілеуханов,
Біздің əкелер., 135).
ҚОПАЙЫСУ Қопайыс етістігінің
қимыл атауы.
ҚОПАҚАРЛАТ е т. ж е р г. Өсіру,
ұлғайту, үлкейту. Жай-жағдайды Орынбай
көпіртіп өсіріп, қ о п а қ а р л а т ы п жет-
кізді (С.Сматаев, Елім-ай, 2, 257).
Қ О П А Қ А РЛ АТ У Қ о п а қ а р л а т
етістігінің қимыл атауы.
ҚОПАЛДАУ с ы н. ж е р г. Еш нəрсеге
икемі жоқ, орашолақ. Əлде өзім қ о п а л д а
у м ы н ба, қайдам, əйтеуір кей-кейде қашып
кеткім келеді (О.Сəрсенбаев, Жақсы-
ның., 70).
ҚОПАҢШЫЛ с ы н. Қопаң-қопаң
етіп қалған, елпектеген. Көпей – қорқақ,
жалтақ, қ о п а ң ш ы л кісі (Қаз. əдеб.,
26.04.1974, 4).
ҚОПЫН... Қауіпсіз деген бір шатқалға
келіп, ағаштан қ о п ы н жасап, сонда
орналастық (Қызылдар қырғыны, 1993,
124). Сонымен, мамыр айының аяғында
қ о п ы н ы м ы з д ы тастап жолға шық-
тық (Бұл да).
ҚОРА з а т. к ө н е. Қомағай, ашкөз,
тоймас. Атың қ о р а болса, берді құдай,
қатының қ о р а болса, ұрды құдай (Қаз.
мақал).
ҚОРА: Қора толсын. «Қораға мал
толсын» деген тілек. Мысалы, мал қоралап
жатса, «қ о р а т о л с ы н» деу керек
(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 2, 39).
ҚОРАБА з а т. 1. Айран ұйытатын
ашытқы (Т.Ізтілеуов, Назым, 39). 2. а у
ы с. Айранның ашып кеткен қалдығы. -
Əйтпесе сен қатын бізге қ о р а б а с ы н
татырмассың, - деді басқалары базына жа-
сап (К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 440).
ҚОРАБАСЫ з а т. Əр қорадан алына-
тын салық. Кенен ақын атанған кез зекет,
қ о р а б а с ы, пітір, ұшыр тəрізді алым-
салықтардың есепсіз көбейген заманы еді
(Жұлдыз, 1974, №5, 192).
ҚОРАЛАНУ... Шалқасынан туған
жаңа ай жүзінде де жұқалаң мұң табындай
бозамық қ о р а л а н у бар еді (Қ.Қазиев,
Үркер, 16).
ҚОРАМАН з а т. к ө н е. Білтелі
мылтық. Анау ойрат қ о р а м а н оқ бүркіп
жұлып түсіреді ғой (С.Сматаев, Елім-
ай, 2, 395).
Қорам мылтық. ж е р г. с ө й л.
Қараман. Үңгірдің аузына қолына қ о р а м
м ы л т ы қ ұстаған бір еңгезердей қара мер-
ген отырып алды (Ə.Кекілбаев, Үркер, 93).
Таң атқалы оқ жаудырып тұрған қ о р а м
м ы л т ы қ т ы ң да үні өшкен (Бұл да).
ҚОРҒАЛАҢ... Председательдің едəуір
сағы сынып, көпке дейін қ о р ғ а л а ң халде
жүрді (М.Қуанышбаев, Тайталас, 137).
ҚОРҒАЛАУЫҚ с ы н. Біреуді қорғалай
беретін, қорғанғыш.
ҚОРҒАЛАУЫҚТЫҚ з а т. Қорғалай
бергіштік, қорғанғыштық. Кей бай өзі бі-
реумен күш таластырамын деп жүз кісіге
қ о р ғ а л а у ы қ т ы ғ ы н а н жалы-
нып малын үлестіріп жүр (З.Қиянатұлы,
Көшпенді., 106). Абайдың бір өзі осы
жұрнақтың (-лық) көмегімен ондаған жаңа
атауларды ұсынды: өрлік, қырмызылық, ар-
лылық, тоқтаулылық, қ о р ғ а л а у ы қ т
ы қ т.б. (Р.Сыздықова, XVIII-XIX ғ. қаз. əд.
тіл., 234).
ҚОРҒАНДЫҚ з а т. Қорған болғандық,
қоршалғандық. Жоқ, өзіңнен зор шықса
бойдағы қайраттың, жалған қанат байлаған
əзəзіл ашудың қ о р ғ а н д ы ғ ы мен қамсауы
шамалы екен (К.Сегізбаев, Ашылмаған
сыр, 20).
362
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ҚОРҒАНЫШ: Қорғаныш белбеуі. ж а
ң а. Көлікке (машинаға, ұшаққа) отырғанда
тағынып алынатын белбеу. Көлікте
қ о р ғ а н ы ш б е л б е у і н тағынбауды,
бағдаршамның қызыл түсінде зулап өтуді
кейбіреулер айбын-дəреже көреді (Айқын,
23.0.2009).
ҚОРҒАСЫН... 2. а у ы с. Ауыр, зілдей.
Батыстан қ о р ғ а с ы н қара бұлт шығып,
көкжиекті көмкере қымтап, бізге қарай
жыл-жып келе жатты (Ə.Асқаров, Таңд.,
400).
Қорғасын құйған сақадай. Салмақты,
ауыр. Ізғұтты бой жағынан шарғылау
болғанымен, əкесінің жанында балға
соққан білегінде бұлшық еті бар, қ о р ғ
а с ы н қ ұ й ғ а н с а қ а д а й салмақты
(М.Құмарбекұлы, Жер иесі, 50).
ҚОРҒАСЫНДА... Сондықтан да көп
ойыншылар сақаларын бүк немесе тəйке
түсетіндей етіп егейді, қ о р ғ а с ы н д а й
д ы (Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 87).
ҚОРДАЛЫ с ы н. Көң мен қи үйіліп,
қорда болып қалған (Е.Тұрысов, Құралай
жолы, 26). Өйткені қ о р д а л ы, шаңдақты
жерлерде шыбын, шіркей, сона көп болады
(Қазақст. ауыл шаруаш., 1966, №4, 35).
ҚОРЕКСІЗДІК з а т. Қорек тат-
пағандық, тамақ ішпегендік. Төрт-бес
тəулік аш өзектен шеңгелін көме салған
қ о р е к с і з д і к əлегі буынды алып үл-
гергендей (Жалын, 1974, №4, 6).
ҚОРЕНДІЛЕН е т. Тамақты көп
жеу, мешкейлену. Жан-жануардың көбі
жасы толған сайын, шар тартып егде-
ленген сайын қ о р е н д і л е н е д і.
Май жинағыш, шелденгіш, шайыр-
ланғыш келеді (Ж.Бабалықов, Қырандар,
118).
ҚОРЖЫН: Қоржын сөгу. э т н.
Құдалық кезінде күйеу жігіт жақтың
қалыңдық аулына əкелген қоржынын ашу
жоралғысы (Қаз. этнография., 3, 618).
Достарыңызбен бөлісу: |