ТОҚМЕЙІЛСІНУ Тоқмейілсін етіс-
тігінің қимыл атауы.
ТО Қ М Ы Қ Ы Н с ы н . М ы қ ы н ы
шығыңқы, мықынды. Көп ұзамай т о қ
м ы қ ы н бойжеткен Айымша темір жол
құрылысына ауысып кетті (С.Сматаев,
Бұлақ, 18).
576
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ТОҚПАҚ... 2. а у ы с. Қолдаушы,
сүйеуші, қолтығының астына алушы. Олар
жоғарыда сүйеніші барлар, т о қ п а ғ ы
мықтылар. Ал менде т о қ п а қ та, сүйеніш
те жоқ (Б.Соқпақбаев, Таңд., 249).
ТОҚПАН з а т. к ө н е. 1. Наурыз. Бір
жылдағы ай есебі отамалы (маусым), сар-
ша, тамыз, қыркүйек, желді (қазан), қараша,
тоқсан (желтоқсан), қаңтар, ақпан, т о қ п
а н (наурыз, екіағайынды), көкек (сəуір),
мамыр деп аталады (Қаз. этнография., 1,
76). 2. Ақпан айының соңы мен наурыз
айының басында болатын жауын-шашын,
ызғарлы суық. – Қайда əлі! – деген Дəукең
бірде. – Ақпанның т о қ п а н ы бар алда
(К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 370).
ТОҚСАБА з а т. к ө н е. Қоқан
хандығындағы төменгі офицерлік əскери
шен. Бұларды қарсы алуға датқаның
тапсырмасымен сарбаздарды бастап кел-
ген т о қ с а б а оларға Нəсіреддиннің
хатын табыс етті (Ж.Бейсенбаев, Жасын-
тағдыр., 157).
ТОҚСАН з а т. к ө н е. Желтоқсан.
Бір жылдағы ай есебі отамалы (маусым),
сарша, тамыз, қыркүйек, желді (қазан),
қараша, т о қ с а н (желтоқсан), қаңтар,
ақпан, тоқпан (наурыз, екіағайынды), көкек
(сəуір), мамыр деп аталады (Қаз. этногра-
фия., 1, 76).
ТОҚСАНЫНШЫ... Қыздар демекші
сонау т о қ с а н ы н ш ы жылдардың
ортасынан таэквандоға талаптанғандар
арасында қыздар өте көп болды (Қ.Олжай,
Қанат байла., 151). Т о қ с а н ы н ш ы
жылдардың басында-ақ ішкі-сыртқы ұры-
қары темір сымды түгел жаудай шауып
кеткен (Н.Дəутайұлы, Аты жоқ., 410).
ТОҚСЫР е т. Ағаш томарын түбінен
қопарып, құлату. Кішкентайлар төбенің
үстіне т о қ с ы р ғ а н томар алауы жа-
нына жайғасып алыпты (А.Мекебаев,
Алапат, 108).
ТОҚТАСҚАНДАУ с ы н. Мосқалдау,
жасы келгендеу. Тек ішіндегі жұпыны
киінген, қазақылау, т о қ т а с қ а н д а у біреуі
онша елжіремей отыр (Ж.Тілепбергенов,
Ізбасар, 111). Аз-кем жөн білісіп, тіл
алысқаннан кейін əлгілердің жасы т о қ т а
с қ а н д а у үлкені өзі атына сырттай құлағы
қанық, жазғандарын əрдайым оқып жүретін
Айторы ақын болып шықты (К.Ахметбеков,
Ақдала, 2, 263).
ТОҚТАСҚАНДЫҚ з а т. Жасы
келгендік, мосқал тартқандық. Енді оның
орнын байсалды аналық т о қ т а с қ а н
д ы қ ала берген сияқты (Қ.Тоқмұрзин, Үш
кие, 41).
ТОҚТАТҚЫШ з а т. Бір нəрсені
тоқтататын нəрсе (Ə.Жылқышиев,
Мешін жылы, 75).
ТОҚТЫЛЫҚ¹ з а т. Тоқ болған-
дық, тойғандық (Ш.Мұртазаев, Қызыл
жебе, 25).
ТО Қ Т Ы Л Ы Қ ² с ы н . То қ т ы ғ а
татырлық, тоқты соярлық. – Ау, балам!
Мына кісінің батасы т о қ т ы л ы қ бата
екен, лағыңды қоя бер де, тоқты əкел! –
депті (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 5, 24).
ТОҚТЫШАҚ з а т. э т н. к ө н е.
Ертедегі балалар ойындарының бір
түрі. Керісінше, қарабие, т о қ т ы ш
а қ, қаралақ ойындарының қазіргі бала-
лар мен жастарға ерсі болып көрінуі де
мүмкін (Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 71).
Шоқан ақсүйек, қарабие, т о қ т ы ш а қ
ойындарының бəрін де ойнады (С.Бегалин,
Бала Шоқан, 75).
ТОҚЫҒЫШ с ы н. Жақсы тоқитын,
көп тоқитын. Əбділданың өрмек т о қ ы
ғ ы ш əйеліне дейін жолаушыларды Мек-
кеден келе жатқан адамдай қарсы алды
(Ж.Ахмади, Айтұмар, 261).
ТОҚЫЛ Тоқы етістігінен жасалған
ырықсыз етіс. Т о қ ы л ғ а н шым шиді
қазақтар өте жоғары бағалайды жəне
оны ұқыпты тұтынған (Ə.Тəжімұратов,
Шебер., 60).
ТОҚЫЛДАҚ з а т. м у з. Тоқылдаған
дыбыс шығаратын саз аспабы. Мəселен,
мынадай аспаптар бар: дудыға, асатаяқ,
жетіген, шертер, қылқобыз, шаңқобыз,
сырнай, т о қ ы л д а қ, дабыл, дауылпаз,
сыбызғы т.б. (О.Хаймолдин: Жұлдыз,
1974, №9, 183). Музейдегі аспаптарды
былайша жіктеп бөлдік. Ішекті-ыспалы
немесе қияқты саз аспаптар (қобыздар, саз-
ген, бозаншы, егек), уілдекті аспаптар
(керней, сыбызғы, үскірік, бұғышақ),
дабылды аспаптар (дабыл, даңғыра, кеп-
шік, т.б.), дабылды-сылдырлы аспаптар
(дудыға, т о қ ы л д а қ) т.б. (Қаз. əдеб.,
13.07.1984, 12).
ТОҚЫЛУЛЫ с ы н. Тоқылған,
тоқылып біткен. Сыртыма үйде ақ ботаның
түбітінен т о қ ы л у л ы жатқан өрмектен
577
Байынқол Қалиев
қазақша шекпен тіктіріп берді (С.Мұқанов,
Мөлдір., 232).
ТОҚЫМСАЛАР з а т. э т н. Баласы
алғаш рет атқа мінгенде ата-анасы
қуаныш көріп, ырымдап жасайтын шағын
той. – Ендеше, ол баласына т о қ ы м с а
л а р той өткізеді екен ғой! (Ə.Кекілбаев,
Үркер, 314).
ТОҚІШЕК з а т. а н а т. Ас қорытылатын
негізгі ішек.Ұлтабардан азық аш-ішекке,
одан т о қ і ш е к к е барып, қорыты-
лып, тікішек арқылы қа лдықт ары
сыртқа шығарылып тасталады (Жетісу,
23.10.1963, 3).
ТОЛАҒАЙ¹... Т о л а ғ а й баста ми
болмаса, екі аяққа зор түседі деген тегі рас
екен (О.Бөкеев, Үркер, 46).
ТОЛАҒАЙ² с ы н. Үлкен, мол, көп.
Ағаны інімен, азаматты аяулы жарымен
алмастыртқан уақыт – тылдағыларға т о
л а ғ а й талап жүктеді (А.Сейдімбеков,
Серпер, 8). Он бірінші бесжылдықтың
өзекті жылында т о л а ғ а й табысқа жетіп
отырған совхоз коллективі қазіргі күндері
қол жеткенді баянды етудің берік жолында
келеді (Лен. жас, 22.10.1983, 2).
ТОЛАЙ з а т. з о о л. Құм қояны (песча-
ник) (Қаз. ор. терм. сөзд. биол., 59).
ТОЛАЙЫМ ү с т. 1. Барлық, күллі,
бүкіл. Т о л а й ы м əлеуметке биылғы қыс
аса қатты боларын бағамдады (О.Бөкеев,
Үркер, 90). Ал қазақ атты халықтың т о л а
й ы м тұтас өнерін, оның жан-жақтылығын
айтар болсақ, 1917 жылдан бері ғана көсіле
аламыз (Қаз. əдеб., 29.03.1985, 13). 2.
Бүтіндей, біржолата, толық. – Базардың
ырың-жырыңы бітпейді. Т о л а й ы м
алатын көпеспен сөйлесіп көрейін, - деді
(Т.Əлімқұлов, Ел мен жер, 99). – Міне,
Жəкеңнің бір өзіне бір бөлмені т о л а й
ы м беріп қойдым (Қаз. əдеб., 21.05.1976,
4). Қазір əдебиет пен өнер құбылыстарын
кеңінен, т о л а й ы м қарастыруда семи-
отика ғылымының ролі артып отыр (Қаз.
əдеб., 30.11.1984, 6).
ТОЛАЙЫМЕН ү с т. Біржолата,
бүтіндей, толық. Сақым жеңешемнің
осындағы тəтті-татымды қазынасына сəтін
салса, қазірден бастап, менің иелігіме
ертеңгі күн шыққанша т о л а й ы м е н
көшпек (К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 452).
Аңысқой, аңғарымпаз қаламгердің осы
айтқаны т о л а й ы м е н қазақ тілінің
бүгінгі жай-күйіне де тиемелі (Қаз. əдеб.,
01.08.1986, 10).
ТОЛАРСАҚТЫ с ы н. Толарсағы бар,
толарсағы алынбаған. Сондықтан жем
қалтада, қашанда қойдың т о л а р с а қ
т ы еті болғаны жөн (Ж.Бабалықов,
Қырандар, 69).
ТОЛҒАҚСЫЗ с ы н. 1. Толғағы
болмаған, толғағы жоқ. 2. а у ы с. Еңбексіз,
бейнетсіз. Оның көбейгеніне ренжімейміз-
ау, бірақ еңбексіз, бейнетсіз, т о л ғ а қ-
с ы з туа қалған ансамбльдер əн өнерінің
мазмұнын сұйылтып жіберді (Қаз. əдеб.,
14.05.1976, 3).
ТОЛҒАМАЛА е т. Ары-бері толғау,
ырғау (Қыз Жібек, 41).
ТОЛҒАМАЛАУ Толғамала етістігінің
қимыл атауы.
ТОЛҒАТТЫР Толғат етістігінен
жасалған өзгелік етіс (Т.Əлімқұлов,
Шежірелі Сарыарқа, 148).
ТОЛҒАТТЫРУ Толғаттыр етістігінің
қимыл атауы.
ТОЛҚУШЫЛЫҚ з а т. 1. Толқығандық,
ырғалғандық, теңселгендік. 2. а у ы с.
Көңілі толқып кеткендік, қобалжығандық
(Ə.Нəбиев, Бейтаныс., 79).
ТОЛҚЫНЖОЛ з а т. ж а ң а. Толқын
жүретін арна (волновод) (Телекоммуни-
кация. сөзд. ).
ТОЛҚЫНША ү с т. Толқын тəрізді,
толқын сияқты. Өрт қабақтағы тақырға
соғылып, т о л қ ы н ш а лықсып барып
өткен (М.Мағауин, Екі томд., 2, 320).
ТОЛЫҚ: Толық метражды. 1,5-2
сағаттық, əдепкі мөлшердегі (фильм). Ол
кезде «Қазахфильм» жылына бір не екі
т о л ы қ м е т р а ж д ы фильмді күшеніп,
əрең жасап шығарады (Б.Соқпақбаев,
Таңд., 331).
ТОЛЫҚТАЛ Толықта етістігінен
жасалған ырықсыз етіс. Қазақ тілінде
анықтайтын сөз бен анықталатын сөз,
толықтайтын сөз бен т о л ы қ т а л а т ы н
сөз, пысықтайтын сөз бен пысықталатын
сөздер өзара бірігетіндіктері байқалады
(ҚазССР ҒА Хабарлары, 1954, вып. 1-2).
ТОЛЫҚТАЛУ Толықтал етістігінің
қимыл атауы.
ТОЛЫҚТЫРУШЫ з а т. Кемін тол-
тыратын адам; толтырушы. Жаңадан
келіп жатқан т о л ы қ т ы р у ш ы л а р
д ы ң ішінде бұрын жаумен шайқасып,
578
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
жараланып, əскери ауруханадан шыққандар
да бар екен (М.Құмарбекұлы, Жер иесі, 233).
Төле Əлібекұлы – қоғамда қалыптасқан
құқықтық қағидалар мен нормаларды
өзгеше өрнекпен жаңғыртушы, жаңалаушы
əрі жалғастырушы, т о л ы қ т ы р у ш ы
болған кісі (Н.Мыңбатырова, Төле би., 80).
ТОЛЫМСЫЗ: Толымсыз ұйқас. ə д
е б. Онша дəл емес ұйқас. Бұл жағынан
қарағанда, ұйқасты қазақ поэзиясында
толымды ұйқас (точная рифма), т о л ы м
с ы з ұ й қ а с (неточная рифма) деп бөледі
(Қаз. əдеб. энцикл., 655).
ТОМАҒАЛАУ... Асау құстарды алғаш-
қы күндерден бастап-ақ т о м а ғ а л а у ғ а
болады (Ж.Бабалықов.., Қырандар, 23).
ТОМАЛАҚ з а т. Кішігірім той,
қуаныш дастарқаны. Тойға емес, т о м а
л а қ қ а барып қайттық (Т.Оспанбеков,
Ақбақай, 63).
ТОМАР: Томар оқ... – Аңшылық құ-
рады екенсің ғой? – деді Қабанбай т о м а р
о қ т ы ң бірін ұстап көріп (Қ.Жұмаділов,
Дарабоз, 1, 108). Жебелері əр алуан:
көбебұзар, қозыжаурын. Бірен-саран т о
м а р о қ, тіз оқтар ұшырасады (Бұл да).
ТОМАРЛЫЛЫРАҚ с ы н. Тома-
ры үлкендеу, томарлылау. Есік алдын-
дағы отынның Шырпылылырағынан ала
кел, Т о м а р л ы л ы р а ғ ы н а н ала
кел, Түбірлілірегінен ала кел (Жаңылт-
паштар, 22).
ТОМАРТАУЫҚ з а т. з о о л. Томар-
лы, қопалы жерлерде тіршілік ететін
тауық пішіндес ірірек құс. Ит мұрыны
өтпейтін шілікте т о м а р т а у ы қ т а
р ы, қамысшы, торғай тұқымдастардан
сарышымшық, шырылдауық торғайлар
тіршілік етеді (Қорғалжың, 23).
ТОМАША¹ з а т. с ө й л. Томашаторғай.
Т о м а ш а деген, «шымшық» аталатын
құс тұқымының ең кішкенесі деседі
(С.Мұқанов, Аққан жұлдыз, 179).
ТОМАША² с ы н. Кішігірім, томпиған
(үй). Бесқанатты қоңырқай т о м а ш а
үйдің түндігін теріскейден жұлқынған
ызғырықты, қатты жел желп-желп еткізеді
(М.Айымбетов, Құмөзек., 7).
ТОМАШАТОРҒАЙ з а т. Торғайдың
кішкентай, томпиған бір түрі. Аяқ асты-
нан пыр етіп ұшқан т о м а ш а т о р ғ а й
ойын бұзып жіберді (Н.Мағзұмов, Желден
жүйрік, 5). Осындай əдіспен т о м а ш а
т о р ғ а й да, шақшақай да, сандуғаш та,
шымшық та, тағы басқа құстар да емделеді
(Балдырған, 1975, №7, 22).
ТОМДЫ с ы н. Томнан тұратын; том-
дық. Сəбит «Өмір мектебі» деген үш т о м
д ы кітап жазды ғой (Сөзстан, 16).
ТОМОГРАММА з а т. м е д. Дененің
белгілі бір жерінің пленкаға түсірілген
суреті. Оған, міне, Қарағанды шахтерінің
т о м о г р а м м а с ы куə (З.Шашкин, Док-
тор Дарханов, 251).
ТОМПАЙ з а т. Сиыр малының асығы;
топай, сомпай. Халқымыз асық екеш
асыққа да жеке-жеке ат берген: құлжанікін
– құлжа, арқардікін – арқар, қойдікін –
асық, ешкінікін – ешкімай, сиырдікін –
сомпай (кей жерде т о м п а й) деп атаған
(Қаз. əдеб., 15.02.1974, 2).
ТОМПЫЛДАТУ Томпылдат етіс-
тігінің қимыл атауы.
ТОМЫ з а т. к ө н е. Топтың алды, басы
(авангард). – Қолдың т о м ы болмасаң да,
соңы болма (Көне қазақ мақалы). Т о м ы
дегені «авангард», ал «соңы» дегені –
арьергард (М.Əлімбаев, Көңіл күнд., 164).
ТО М Ы Р Т Қ А Л АУ Том ы рт қ а л а
етістігінің қимыл атауы. Ішіне мұз салып,
сапырып салқындатуды т о м ы р т қ а
л а у дейді (Қаз. əдеб., 03.08.1990, 13).
ТОМЫРЫЛ е т. 1 . Толу, сықасу, ту-
ырылу. Дастарқаныңда т о м ы р ы л ы п
жентің мен майың тұрса, мол шашылып
құртың мен ірімшігің жатса, берекеңнің
ажары емес пе? (К.Ахметбеков, Қасірет, 1,
159). 2. Жұнттай болу, семіру. Небір т о м
ы р ы л ғ а н ту биелер, құр аттар мен жал-
дас айғырлар əр тұста үйме-жүйме болып,
теңкиіп-теңкиіп жатыр (Ер қанаты, 128).
ТОМЫРЫЛУ Томырыл етістігінің
қимыл атауы.
ТОН... – Қарнымды жарып, құрсағымды
қақ түбінен кесіп аласың. Сосын еп-
пен баланың т о н ы н тіліп, көйлегіңе
ора (М.Мағауин, Аласапыран, 2, 87).
Тұншығып тұлпар қалар деп Құртқаның
жаны шығады. Т о н ы н жарып тұлпардың
Құлынға тыныс қылады (Қобыланды ба-
тыр, 25).
ТОНАДА ү с т. ж е р г. Сонау бір кезде,
баяғыда. – Т о н а д а əлгі банды қуған
біреулерміз дейді, үйге, сəскеде бір дор-
ба милициясы сау етті (Ж.Нəжімеденов,
Кішкентай, 75).
579
Байынқол Қалиев
ТОНАС Тона етістігінен жасалған
ортақ етіс. – Қос т о н а с п а ғ а н
н а н кейін қорқып неміз бар! – деді
(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 183).
ТОНАСУ Тонас етістігінің қимыл
атауы.
ТОНДЫ: Тонды бала. Өз баласы емес,
өгей, асыранды бала. – Мынау кім еді? –
Қажының тоғай ішінен тауып алған т о н д ы
б а л а с ы (М.Разданұлы, Алтай., 360). Асы-
ранды баланы қазақ қалғай немесе «т о н
д ы б а л а» дейді (Ана тілі, 09.05.2006, 7).
ТОНШЫ з а т. Тон тігетін адам.
Сонымен аржақта затонды, т о н ш ы, пи-
машы, былғары заводының жұмысшы-
ларын аралаған (М.Əуезов, Таңд. шығ.,
4, 359).
ТОҢБАСПАҚ з а т. в е т е р. Малдың
тоң жерде көп тұрғандығынан болатын
ауруы. Мəселен, қыста мал ашбаспақ,
қибаспақ, т о ң б а с п а қ ауруына жиі
шалдығады (Қазақст. ауыл шаруаш., 1964,
№11, 40).
ТОҢҚЫ: Тоңқып ала жөнелді.
Қатты ашуланды, мөңкіді. Осы сөздің ау-
ыздан шығуы мұң екен, Тоңбай т о ң қ ы п
а л а ж ө н е л д і. – Бөтенмін деген мен бе?
Ол мына сендер ғой... (Ж.Əлмашұлы, Тар
дүние, 24).
ТОҢЛА е т. с ө й л. Тоңу, тоңазу. Соны
білетін шешесі т о ң л а ғ а н тезектің
ішінен жем теріп беріп жатқан жоқ па?!
(Ж.Ахмади, Айтұмар, 209).
ТОП: Топ болу. Топ болу, топаяқ болу,
топқанат болу: аяқ-қолын жаза алмай-
тын, өз бетімен жүріп-тұра алмайтын,
қарын жайып, қанат қағып ұша алмай-
тын сырқат деген мағынаны білдіреді
(Ж.Бабалықов.., Қырандар, 31).
ТОПАЙ з а т. э т н. Өз топайы мен
басқа біреудің топайын атып ойнайтын
ойын. Бұлардан басқа да «ағызбақ», «бақ-
бақ», «бақай пісті», «жылмаң», «т о п а й»
сияқты ойындар болған (Б.Төтенаев, Қаз.
ұлт. ойын., 65).
ТОПАН з а т. ж е р г. Дене бітімі,
көлемі. Əншейінде кеудесі есіктей болып,
қыры сынбай жүретін жігіттің т о п а н ы
азайып, шөгіп қалған екен (Қ.Жұмаділов,
Көкейтесті, 74). – Сен өзің арғы үлкен атаңа
тартыпсың-ау! – деді разы болған пішінмен,
қол-аяғың серейген, т о п а н ы ң молдау
көрінеді (Бұл да, 126).
ТОПҚАНАТ з а т. Топшысы сынған,
қанаты жараланған құс. Т о п қ а н а т сөзі
мен шүйелу сөзі түсіндірілу жағынан бір-
біріне жақындау. Бірақ шүйелу – құстың
тұла бойы денесіне түгел қаратылған сөз,
топқанат – құстың қанат-құйрығына ғана
қаратылған сөз (Ш.Бабалықов, Қыран-
дар, 106).
ТОПҚАНАТТЫҚ с ы н. Топқанатқа
қатысты, топқанатқа тəн. Құстың
қолдағы өмірі қанша ұзаққа созылса, оның
т о п қ а н а т т ы қ дəнекүстігі ұлғая береді
(Ж.Бабалықов.., Қырандар, 107).
ТОПҚҰМАРЛЫҚ з а т. Топтанғанды
ұнатушылық, тобыршылдық. Қазақтың
Абайды ашындырған бір мінезі – даурықпа
т о п қ ұ м а р л ы ғ ы еді (З.Қинаятұлы,
Көшпенді., 104).
ТОПСАЛЫ: Топсалы білезік. э т н.
Жалпақ білезіктің ашылып-жабыла-
тын топсасы бар түрі (А.Құралұлы,
Ұлттық., 1, 25).
ТОПТАС с ы н. Бір топта бірге
оқитын, бір топтың құрамындағы. ҚазҰУ-
ге айнала берісте Бота т о п т а с т а р ы м
е н кездесіп, ұзақ əңгімелесіп тұрып қалды
(Қ.Əбілқайыр, Текес., 88).
ТОПТЫҚ з а т. с ө й л. Топтасқан
ұжым, мойынсерік. – Тоғыз түгіл тоқсан
саққа жүгіртсең де айтатын бір қап топанға
т о п т ы қ т ы ң бір тал түгі де қисаймайды
(К.Мұқажанұлы, Ортеке, 32).
ТОПШЫЛАУЫНША ү с т. Топ-
шылауы бойынша, топшылағанындай.
Т.Сүлейменовтың т о п ш ы л а у ы н ш а,
бар құпия-шүйдеден төмен шодырайған
«құжырада» (Қ.Олжай, Қанат байла., 31).
ТОПЫЛЫ с ы н. Топы киген, топысы
бар. Ана жерде ала т о п ы л ы өзбек ағайын
көк түтінді бұрқыратып шашылық, мына
жерде тай қазанмен палау пісіріп жатады
(Н.Ораз, Сиқырлы., 206).
ТОПЫЛЫС з а т. ж е р г. Топыр, иін
тірес. Бірақ мұндай т о п ы л ы с қ а
басқа ренжісе де, Батыр сұлтанның ренжи
қояр түрі көрінбейді (Ə.Кекілбаев,
Үркер, 526).
ТОР: Тор жүйкелі жапырақтар. б и
о л. Жүйкелері тор тəрізді жапырақтар.
Енді біреулерінің жапырақ жүйкелері
тұтасқан тор тəрізді. Бұлар – т о р ж ү й
к е л і ж а п ы р а қ т а р, мыс., қоғажай,
қарғакөз т.б. (Биология, 128).
580
Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі
ТОРАЙ: Торай көз. Көзі торайдың
көзіндей, сығырайған. Кім білсін, ести-
яр кісі дегені бала боп шыққаны қызық
көрінді ме, əйтеуір т о р а й к ө з д і ң
қарашығына қуақы күлкі ұшқындады
(Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 8). Қарашығы
жылтыраған кішкентай т о р а й к ө з і н
алдындағы адамға түсірмей, əлдебір жаққа
аударып жіберді (Бұл да, 354).
ТОРАҚ... Көптеген көже түрлері,
ашымал, қымыран (шұбат), сүзбе, торта,
т о р а қ, кілегей, сықпа, майсөк, жент
сияқты ұлттық тағамдарымыздың аты
ғана жадымызда сақталып, өздерінің
даст арқанымыздан көрінбей кетуі
өкінішті-ақ (Қаз. əдеб., 13.02.1976,
4). Көшпелілер кəдуілгі сүттен небір
тамаша тағамның түрін жасай білген.
Олар: қатық, балқаймақ, құрғақ сүт,
қойыртпақ, сарысу, тасқорық, сүт салма,
сірне, т о р а қ т.б. (А.Сейдімбеков, Күңгір-
күңгір., 114).
Достарыңызбен бөлісу: |