Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет56/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   168

ЗАРЯДТАУШЫ  з  а  т.  Заряд  беруші, 

зарядқа қосушы. ≈ Аккумуляторды з а р я-

д т а у ш ы орнында жоқ болып шықты. 

ЗАРЯДША ү с т. Заряд сияқты, заряд 

тəрізді. Аттас з а р я д т а р ш а теуіп ты-

нады, əйтпесе аттас емес з а р я д т а р ш 



а тартып қояды (М. Қабанбаев, Жиһанкез., 

187).


ЗАСЕДАТЕЛЬ з а т. с о т. Халық аты-

нан сайланатын қосшы би. Халық з а с е 

д а т е л ь д е р і советтік əділетті сотты 

жүргізудегі  еңбекші  халықтың  сенімді 

өкілі  болып  саналады  (Оңт.  Қазақст., 01. 

12. 1972, 3).



ЗАСЕДАТЕЛЬДІК  з  а  т.  Заседатель 

болғандық, қосшы билік. Халық з а с е д а 

т е л ь д і г і н е жасы 25-ке толған əрбір 

адам  совет  азаматы  сайлана  алады  (Оңт. 

Қазақст., 01. 12. 1972, 3).

ЗАТБЕЛГІ...  Буып-түюге,  таңбалауға 

з  а  т  б  е  л  г  і  жапсыруға  жəне  оларды 

дұрыс  түсіруге  қойылатын  талаптар  бар 

(Техникалық  регламентін  бекіту  туралы 

қаулы).


ЗАТҚАПШЫҚ... Осыдан соң Құсайын 

бөгелген жоқ, жаңағы іргеге сүйеген з а т



қ а п ш ы ғ ы н иығына іліп, жүруге ыңғай-

ланды (К. Ахметбеков, Егіз қала, 126).



234

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ЗАТНАМА з а т. к ө н е. Заттай сый-

лық.  Жақсы  қызмет  қылып,  жауда  ерлік 

көрсеткені үшін 1863 ж. Тезек сұлтан на-

градқа бір з а т н а м а алыпты («Түркістан» 

газеті, 441).



ЗАТОН з а т. Өзен-су көліктері (қайық, 

кеме) тұратын жəне оларды жөндеуден 

өткізетін орын. З а т о н н ы ң түнгі оттары

қаланың үлкен ошағынан үзіліп түскен ұш-

қын  сияқты  екен  (Қ.  Ысқақ,  Ақсу., 299). 

Бұрын қайық түгілі з а т о н н ы ң қақпасына 

ілмек түспейтін еді (Бұл да). Ертістің тұ-

йықталып біткен кең қолтығына – кеме жөн-

дейтін заводы бар, өзеншілер тұратын з а

т о н ғ а жақынбыз (Жұлдыз, 1973, №4, 115).

ЗАУАЛ з а т. Кесепат, кесір, пəле. Кім 

біледі  тозы  ма,  қосшы  ма,  онан  кейінгі 

мынау колхоз деген з а у а л ы кеп кимеле-

мегенде жұртпен итше ырылдаспай-ақ өмір 

сүретін бе едім (Қ. Ысқақов, Бұқтырма, 33). 

– Маған бір з а у а л қатыннан басқа мал 

бітіп пе еді?! (Қ. Ысқақов, Қараорман, 230).

ЗАУАЛШЫЛДЫҚ  з  а  т.  Зауалын 

бергендік, жазасын тартқызғандық. Бұл 

дүрлігу тек тəуекелге бас тігу не зорлыққа 

қарсы тұрған бір ғана з а у а л ш ы л д ы қ 

емес, адамдарды іштей жаңартып, рухани 

түлеткен  ұлы  сілкініс  болды  (Т.  Əбдіков, 

Өліара, 39).



ЗАУЗА з а т. а с т р. Зауза айында көрі-

нетін егіз жұлдыз. Түнгі мезгіл еді. Ай жаңа

туған. З а у з а жұлдызына қонаққа барға-

лы  тұрғандай  аппақ  күмістей  сүмбіле 

жымың-жымың етеді (І. Есенберлин, Алтын 

орда, 1, 124).

ЗАУЫҚСЫЗДАУ с ы н. Ықылассыздау, 

ынтасыздау, ниетсіздеу. – Кейін, – деді ол 

з а у ы қ с ы з д а у үнмен, – сəл шыдаңыз 

(Н. Ораз, Сиқырлы., 41).



ЗАУЫҚТАНУ  Зауықтан  етістігінің 

қимыл атауы. 

ЗАУЫМ с ы н. ж е р г. Əжептəуір, бір 

қауым, бірталай. Сол бетте етпеттей жер 

қауып з а у ы м мезгіл қимылсыз жатты да 

қалды (К. Ахметбеков, Ақдала, 2, 12).

ЗАУЫТСЫМАҚ з а т. Болар-болмас за-

уыт, кішкентай зауыт. Олар иен даланың 

о жер, бұ жерін шұқылап түртінектеп жүріп, 

шағын рудниктер мен мыс қорытатын з а у 

ы т с ы м а қ т а р салды (Ə. Нұршайықов, 

Менің Қазақст., 114).



ЗАХМЕТ... Ауыр жүктің з а х м е т і н 

тұлпар білер (Қаз. əдеб., 24. 09. 1988, 7).



ЗƏБІР: Зəбір берді. ж е р г. Зəбір көр-

сетті, зəбірледі. Себебі жұртқа бұл з ə б і р  

б е р м е с е, жұрттан бұл зəбір көріп жапа 

шекпейтін (Ə. Нұрпейісов, Соңғы., 268).



ЗƏК:  Зəк  тартты.  Дымқыл  тарт-

ты,  көгерді.  Үй  құрылыст арының 

қабырғалары  з  ə  к    т  а  р  т  ы  п,  ол  да 

əжептəуір  қиындық  туғызып  отыр  (Қаз. 

əдеб., 21. 10. 1988, 3).



ЗƏКТЕМЕ:  Зəктеме  су.  Егінге 

жіберілген  алғашқы  су.  Қызылорда, 

Шымкент  өңірлерінде  алғашқы,  өте  баяу 

жіберілген арық суын з ə к т е м е  с у деп 

атаған (Қаз. этнография., 2, 581).



ЗƏКТЕН  е  т.  Зəк  пайда  болу,  көгеру.

З ə к т е н г е н, зардамданған қоржын там-

да  мұқы-тақы  күн  өткізуден  əбден  зараз-

аптанып,  мұғдарсыз  жолға  беттеп  келе 

жатқаны мынау (М. Байғұт, Бұла бұлақ, 11). 

Бір өкініштісі – осы ғимарат іргетасының 

бір метрдей жері сызға ұшырап з ə к т е н е

бастапты (Лен. жас., 27. 10. 1988, 3).

ЗƏКТЕНУ  Зəктен  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ЗƏКІР: Зəкір салды. Кемені тоқтатып, 

зəкірді суға тастады. – Ата, осы жерге з ə к 

і р  с а л ы п, сеткі құрғанымыз дұрыс болар 

еді, – деді (С. Хайдаров, Теңіз самалы, 6). 



ЗƏЛІМДЕН  е  т.  с  ө  й  л.  Зəлім  болу,

сұрқиялану, қаныпезерлену (Ə. Нұршайықов, 

Махаб. жырлары, 363).



ЗƏЛІМДЕНУ  Зəлімден  етістігінің 

қимыл атауы. 

ЗƏЛІМДЕУ  с  ы  н.  Қулау,  сұмдау, 

сұмырайлау. Кейінгі ұрпақ əрі ақылдырақ, 

əрі өз есебіне жетіктеу һəм күдікшілдеу де 



з ə л і м д е у болып туады деген рас екен-ау 

(Ө. Ахмет, Қарқаралы., 201).



ЗƏРЕЗЕПТЕН  е  т.  Зəрезеп  болу,  мезі 

ету, ығыр қылу. Көңілі жақсылық атаулы-

дан қайтып оңалмастай болып з ə р е з е п 



т е н і п жүрген еді, енді міне... (О. Бөкеев, 

Əн салады.., 31).



ЗƏРЕЗЕПТЕНУ  Зəрезептен  етіс-

тігінің қимыл атауы

ЗƏРУАТ з а т. с ө й л. Зəрулік, қажет-

тілік.  «Жұмыршағымда  науқас  бар,  з  ə  р 

у  а  т  үшін  тұтынамын»  дейтініне  ешкім 

кешіріммен қараған емес (К. Мұқажанұлы, 

Ортеке, 133).

ЗƏРШӨП  з  а  т.  с  ө  й  л.  а  у  ы  с.  За-

лым, сұмырай д. м. – Бүгін анау жоғарғы 

барақтағы  бір  жігітпен  танысып  едім, 



235

Байынқол Қалиев

бəтшағар нағыз оңбағанның өзі екен. Ой-

пырай, неткен з ə р ш ө п?! (Қ. Жұмаділов, 

Көкейкесті, 21).



ЗƏТТЕ с ы н. ж е р г. Запы, запыс. Со-

дан да з ə т т е көңілінің шошымалылығы 

түсінікті  еді  (К.  Ахметбеков,  Қасырет, 1, 

319).


ЗƏУ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Зəулім.  Қарсы 

алдымдағы  алып  домнаның  з  ə  у  биігі 

сол  бұлттарға  тіреліп  тұрғандай  көрінеді

(Ш. Мұртазаев, Интернат., 208).



ЗƏУЛІК... Анау, «дүние күйіп» жатса да 

шахматтан басын алмайтын з ə у л і к шал 

Шəкен Айманов (Қаз. əдеб., 26. 11. 1976, 4).

ЗƏУМЕТТЕ ү с т. ж е р г. ƏдеттеЗ ə у

м е т т е күттіріп, кешіктіріп барып бола-

тын іс (Қаз. əдеб., 15. 07. 1977, 3).



ЗƏУІ: Зəуі түстіСəті (жолы) түсті, 

реті келді. Бұрын Бөрібек з ə у і  т ү с і п 

келгенде  осынау  нағашылары  кезектесіп, 

жорабозаға шақырушы еді (Т. Əлімқұлов, 

Көкек айы, 35).



ЗƏУІТАЙЫМ  қ.  Зəуде. – Уа,  жолда-

стар!  Жиналысқа  бастыққа  мен  Мəлім 

жолдасты ұсынамын. Үйткені бұл жолдас 

үйінен көп шыға қоймайтын еді, бүгін з ə 



у і т а й ы м келе қалған екен (Б. Майлин, 

Таңд., 529).



ЗВЕНО з а т. Бригада құрамына кіретін 

кішірек құрылым (бөлім). ≈ Ол екінші з в е 

н о д а жұмыс істеді. 

ЗВЕНОАРАЛЫҚ с ы н. Екі звено ара-

сында болатын (жарыс). Комбайншылар 

арасында з в е н о а р а л ы қ социалистік 

жарыс күн санап қыза түскен (Лен. жас, 06. 

07. 1973, 1).



ЗЕЙНЕП з а т. з о о л. «Көкек» құсы Ал-

маты облысында осылай аталады. ≈ Ағаш 

арасынан з е й н е п т і ң даусы естіледі.



ЗЕЙНЕТТЕН  е  т.  Жұмыс  істеу, 

еңбектену (Ə. Ахметов, Өшп. жалын, 8).

ЗЕК  з  а  т.  Сотталған,  түрмеде  жа-

засын  өтеген  адам.  Əрісі  түрмеге  бара 

жатқан, берісі түрмеден келе жатқан «з е к 



т е р г е» ұқсайды (Ə. Асқаров, Таңд., 204). 

Əділ заңның арқасында тиісті сыбағамызды 

алып, өзге з е к т е р қатарында күн кешіп 

жаттық (О. Сəрсенбаев, Жақсының., 150).



ЗЕКЕТ: Зекетің болайын. «Сен үшін 

құрбан  болайын», «садағаң  кетейін»  д.м.

айналып-толғану. – Өй, ақылыңнан айна-

лайын, з е к е т і ң  б о л а й ы н деп, айналып-

үйіріледі (К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 400).

ЗЕКЕТХАНА з а т. Жиналған зекетті 

сақтайтын  орын.  Сол  орталық  алаң 

түбіндегі жанында з е к е т х а н а с ы бар 

ең үлкен керуен сарай – Əндіжан сарайы 

(Лен. жас, 30. 08. 1985, 3).



ЗЕНЖІР...  Ескіліктің  көзі  болатын 

сөздердің  бірі – оңқол,  з  е  н  ж  і  р  (Қаз. 

əдеб., 29. 01. 1993).

ЗЕҢГІБАБА з а т. с ө й л. Сиыр д.м. Батар

күн  анау  сылқ-сылқ  күліп  аққан  бұлақты 

қандап, өрістен қайтқан з е ң г і б а б а н ы ң

мүйізін бояпты (Лен. жас, 30. 10. 1971, 4).



ЗЕҢГІТ с ы н. с ө й л. Зеңгір. З е ң г 

і  т  көкті  өзгеше  бір  паңдықпен  тілгілеп 

жүрген қос қанатты түз тағысының бүркіт 

екенін шырамытты (А. Сейдімбеков, Тауға 

біткен., 49).



ЗЕРДЕКӨКІРЕК  с  ы  н.  Есіне  сақта-

ғыш,  зерделі.  Мұқағали  поэзиясын  жа-

нындай  сүйіп,  тамылжыта  оқитын,  оның 

терең сырларын көкірегіне түйіп алған бұл 

з е р д е к ө к і р е к кемпірді жолықтыр-

ғаныма  көңілім  тасығандай  (Мұқағали, 

2011, №11, 83). 

ЗЕРДЕЛЕГІШ  с  ы  н.  Бір  нəрсені 

зердесіне тоқығыш, ақылға салғыш. Сонда 

бала өмірден көргендерін з е р д е л е г і ш 

болып өседі (Жетісу, 11. 08. 1998, 2).

ЗЕРДЕЛЕГІШТІК  з  а  т.  Зерделей 

білушілік, ақылға салушылық. Өмірдің сы-

рына үңілгіштік, оны бақылағыштық, з е р 



д е л е г і ш т і к, оның мəнін аңдағыштық, 

өнерлілік сырларына бойлады (Ə. Ыдыры-

сов, Тұлға., 196).

ЗЕРДЕЛЕТ  Зердел е  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Бұл  пайымдаулар 

«мəдениетті  отырықшы  ел  жасайды»  де-

ген пікірдің тайғанақтығын з е р д е л е т 

е д і (А. Сейдімбеков, Күңгір-күңгір., 48). 

Сол Електі өзені бойында кезіктірген қара 

лəйлек  ұясы  ұланғайыр  далалы  өлкенің 

талай сырын бүгіп жатқанын з е р д е л е 



т к е н де болар (Лен. жас, 19. 11. 1983, 4).

ЗЕРДЕЛЕТКІЗ  Зерделет  етістігінен 

жасалған  өзгелік  етіс.  Дегенмен  «Таңғы 

жаңғырық» өмірге тағы бір татымды театр 

туындысы келгенін з е р д е л е т к і з е д і 

(Лен. жас, 18. 11. 1977, 3).



ЗЕРДЕЛЕТКІЗУ  Зерделеткіз  етіс-

тігінің қимыл атауы

ЗЕРДЕЛЕТУ  Зерделет  етістігінің 

қимыл  атауы.  Осынау  желілі  үш  ойдың 

үшеуі де, сайып келгенде, дамудың жарқын 



236

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

жолына түскен халқымыздың рухани тегін 

тарихи  аспектіде  з  е  р  д  е  л  е  т  у  үшін 

айтылып  отыр  (А.  Сейдімбеков,  Күңгір-

күңгір., 50).

ЗЕРЕ: Зере қазық. ж е р г. Мамаағаш. 

Аттың дене тұрқына орай з е р е қ а з ы қ 



т ы ң жерден биіктігі 1,5-2 м шамасында 

болады,  мойын,  кертпеш  жасалады.  Бұл 

аттың айналып тұруына мүмкіндік береді 

(Ер қанаты, 217).



ЗЕРЕБЕ...  Əскер  ашаршылыққа 

ұрынды. Енді жігіттер з е р е б е ұстасып, 

ұтылған  серіктерінің  атын  жейтін  болды

(І. Есенберлин, Жанталас, 78).



ЗЕРЕЛІ с ы н. Зере (сауыт) киген, зересі 

бар.  Кежімнің  де  сауыт  сияқты  көбелі, 

кіреукелі,  з  е  р  е  л  і,  қаттамалы,  берен-

гілі  түрлері  болатынын  көреміз  (Ата 

салты., 67).



ЗЕРЗАТ з а т. ж а ң а. Зерттеу нысаны

«Қазақстанның  саяси  тарихы»  курсының 

зерттеу объектісі (з е р з а т ы) не болуы 

керек? (Ана тілі, 29. 10. 1992, 5).



ЗЕРСІЗ  с  ы  н.  Зер  салмаған,  зейінсіз, 

ақылсыз. ≈ З е р с і з бала болмайды, əңгіме 

оған ой сала білуде .



ЗЕРСІЗДІК з а т. Зерделі еместік, сана-

сыздық. - Кешір, əке, балалық па, З е р с і з д 

і к пе, Шалалық па, Тек нобайы ғана қапты 

ойымда (М. Шаханов, Мəңгүрт., 179).



ЗЕРТ з а т. с ө й л. Зерттеу. Егер мал 

барымталайтын  біз  екенбіз,  ояз  арқылы 



з  е  р  т  жүргізіңдер  (С.  Жүнісов,  Ақан 

сері, 2, 79).



ЗЕРТАС з а т. ж а ң а. МозаикаҮшеуі 

з е р т а с п е н безендірілген қабырғаны, 

аса қымбат мебельді фойенің ішкі сəулетін 

қызықтап  кетті  (Э.  Төреханов,  Таудан 

түскен із, 132). Əсіресе «мозаиканы» з е р 



т а с деп алуы тілге оралымды, жүрекке 

жылы тиіп тұр (Қаз. əдеб., 21. 05. 1976, 2).



ЗЕРТТЕМПАЗ с ы н. Зерттей беретін, 

зерттегіш (адам). ≈ Ол з е р т т е м п а з 

болып алды.



ЗЕРТТЕМПАЗДЫҚ  з  а  т.  Зерттеуге 

деген  құмарлық,  зерттей  беретіндік, 

зерттегіштік. Драмашылардың з е р т т 

е м п а з д ы ғ ы, күрделі де шым-шытырық 

өмір құбылыстарының күре тамырын дөп 

баса білуі жетпей жатқанға ұқсайды (Қаз. 

əдеб., 30. 01. 1976, 3).



ЗЕРТТЕҢКІРЕ  е  т.  Зерттей  түсу, 

көбірек  зерттеу.  Шөл  жəне  шөлейт 

аймақтарды əлі де з е р т т е ң к і р е п

біраз жұмыс жүргізетін көптеген жабайы 

шөптер  бар  (Қ.  Сəбденов,  Қой  шаруаш, 

412). Уақытты көбірек бөліп, сол көгілдір 

жыныстарды з е р т т е ң к і р е с е к дейміз 

(Қаз. əдеб., 25. 03. 1977, 4).

З Е Р Т Т Е Ң К І Р Е У   З е р т т е ң к і р е 

етістігінің қимыл атауы

ЗЕРТХАНАЛЫҚ  с  ы  н.  Зертханаға 

тəн,  зертханаға  қатысты.  Тап  қазір 

классикалық  физиканың  өзіміз  өткізіп 

жүрген қалыптасқан з е р т х а н а л ы қ 

сынақтары мүлдем жарамсыз (С. Рахымбек, 

Айдында., 36).

ЗЕРТХАНАШЫ  з  а  т.  Зертхана-

да  жұмыс  істейтін  адам,  зертхана 

қызметкері. ≈ Мен з е р т х а н а ш ы болып 

жұмыс істеймін.



ЗЕРШАШАҚ  з  а  т.  Зерлі  шашақ. 

Дүниені  з  е  р  ш  а  ш  а  қ  шапақ  шар-

пып,  көркем  құбылыс  көңіл  құсыңды 

құйқылжытып жібереді-ақ (Оңт. Қазақст., 

12. 12. 1972, 3).

ЗЕРІКТІРІҢКІРЕ е т. Зеріктіре түсу, 

аздап зеріктіру. Əдетте тау мен дала экзо-

тикасына барғыштап, көрерменді з е р і к 



т і р і ң к і р е п алатын режиссер бұл жолы 

самарқау көңілді сейілткен (Соц. Қаз., 25. 

11. 1973, 4).

ЗЕРІКТІРІҢКІРЕУ  Зеріктіріңкіре 

етістігінің қимыл атауы

ЗИПУН з а т. Қамзолдың бір түрі. Ке-

удеде жағасыз, жеңсіз көк з и п у н, ішінен 

қызыл  жейде  киіпті  (М.  Мағауин,  Аласа-

пыран, 2, 400).



ЗИЫТ с ы н. ж е р г. Қас, өш, дұшпан.

ЗИЫТТАН  е  т.  ж  е  р  г.  Қастасу, 

өштесу, жауласу.

ЗИЫТТАНУ  Зиыттан  етістігінің 

қимыл атауы. 

ЗИЫТТЫҚ  з  а  т.  ж  е  р  г.  Қастық, 

өштік, дұшпандық. Біреулер бұл талапты 

мақтай  келді,  Орысты,  оқуды  да  жақтай 

келді. Біреулер «мынау кедей құтырды» деп 

З и ы т т ы ғ ы н бір бүйірге сақтай келді 

(Қ. Тоғұзақов, Сібір Омар, 20).



ЗИЯ з а т. к ө н е. Ақыл, ес, сана, ой-өріс

Не себептен десеңіз, сөз көбейсе, халықтың 

байымын ұлғайтып, з и я с ы н (ой-өрісін) 

арттыруға себеп болады («Дала уəлəяты» 

газеті, 1986, №31).

З И Я Н Д АТ   З и я н д а   ет і с т і г і н е н 

жасалған  өзгелік  етіс.  Оны  Жаман-


237

Байынқол Қалиев

шал  з  и  я  н  д  а  т  қ  а  л  ы  айтты  демеді

(Қ. Əбдіқадыров, Əңгім., 9).

ЗИЯНДАТУ  Зияндат  етістігінің 

қимыл атауы

ЗИЯНМА  з  а  т.  ж  е  р  г.  Кесел,  дерт, 

ауру.  Баласы  ауырған  кемпірлеу  əйелдер, 

з  и  я  н  м  а  с  ы  бар  қатындар  бұрынғы-

дай аттан салып шауып, үшкіртуді сиретті 

(Б. Майлин, Таңд., 119).



ЗИЯНСЫЗДАНДЫРЫЛ Зиянсыздан-

дыр етістігінен жасалған ырықсыз етіс. 

Бомба  зəкірден  арнаулы  магнитпен  алы-

нып, з и я н с ы з д а н д ы р ы л д ы (Лен. 

жас, 29. 11. 1973, 4).



ЗИЯНСЫЗДАНДЫРЫЛУ  Зиянсыз-

дандырыл етістігінің қимыл атауы

ЗИЯПАТ з а т. ж а ң а. Банкет. – Сол 

ойындардан соң ұлы мəртебелі мұрагер мен 

оның нөкерлеріне, құрметті қонақтарға з и 

я п а т жасалып, сый-сияпат көрсетілмек

(С. Жүнісов, Ақан сері, 2, 280). Бұл мысал-

дан банкет сөзінің з и я п а т деген тама-

ша  баламасы  болғанын  жəне  бар  екенін 

көреміз (Ана тілі, 18. 10. 1990, 7).

ЗИЯРАТ: Зиярат етті. Қасиетті, киелі 

санап, тəуеп етті. Аталмыш шаһарлардағы 

зираттар көпшіліктің з и я р а т  е т і п,

қадір  тұтатын  қаралы  орны  саналады 

(Қаз.  əдеб., 06. 09. 1974, 2). – Сіздер  ғой 

Ықаңның бейітіне з и я р а т  е т п е д і к 

деп ренжіп келе жатырсыздар (Қаз. əдеб., 

01. 12. 1972, 4).

ЗИЯТТЫҚ з а т. с ө й л. Зияттылық. 

Қазақтың  ұғымында  з  и  я  т  т  ы  қ  пен 

зиялылық,  ұят  пен  шарапат,  мейір  мен 

кісілікті, еңбекқорлықты бойына жинаған 

жандарға тиесілі (С. Рахымбек, Айдында., 

218). Шұбар төбеттің əлгіндей з и я т т ы 



ғ ы н көріп, Дəукең іш сарасында «сəтімен 

жолыққан  ит  болды»  деп  ырым  жасап 

жүретін (К. Ахметбеков, Ақдала, 2, 115).

ЗИЯТТЫЛЫҚ  з  а  т.  Мейірімді, 

қайырымды,  кісілікті,  ұятты  адамға

тəн  қасиет,  зияткерлік.  Бауырларының 

тынымсыз тірлігі, з и я т т ы л ы ғ ы ар-

қасында  қарымды  қалам  иесінің  жинағы 

жарық көрмек (Егем. Қазақст., 05. 05. 2009).



ЗОДИАКТІК с ы н. Зодиакқа қатысты, 

зодиакқа тəн. Аспанның солтүстік жарты 

шарындағы з о д и а к т і к шоқжұлдызды 

– Егіздер деп атайды (ҚСЭ, 4, 101).

ЗОПАЙТ  з  а  т.  Жылқының  асығы. 

Ауылда  біз  сақаны  шігелігіне  қорғасын 

құйып жылқының з о п а й т ы н а н немесе 

құлжадан  жасайтын  едік,  қала  балалары 

оны – сиырдың топайынан жасайды екен 

(Ж. Алтайбаев, Таңд. шығ., 309). 



ЗОРАКЕРЛІК  з  а  т.  ж  е  р  г.  Зорлық. 

Əрине кішкене з о р а к е р л і к көрсетпесе 

өздігінен ешкімнің мойынсал болатын түрі 

жоқ (Т. Мəмесейіт, Таңжарық, 2, 128).



ЗОРЛЫҚ  з  а  т.  Зор  екендік;  күшті-

лік,  үлкендік.  Күрес  қылып,  қырық 

палуанымызды  жықсаң,  з  о  р  л  ы  ғ  ы  ң 



д  ы  білсем,  сонда  ғана  сен  Баршынды 

алып  кете  бересің  (Алпамыс, 112). Бұл 

əлбетте, қалайда осылай жасаймын деген 

з о р л ы қ т а н емес, зергерліктен туған 

інжулер (М. Əлімбаев, Көңіл күнд., 59).



ЗОРМАН  з  а  т.  ж  е  р  г.  Алпауыт, 

зорлықшыл,  қиянатшыл. – Ханғали-ау, 

олардың  күннен-күнге  з  о  р  м  а  н  ғ  а 

айналғанынан  көріп  отырған  жоқпыз 

ба  көресіні? (Қ.  Тоқмырзин,  Керзаман, 

3, 10).

ЗОРМОЙЫН  з  а  т.  т  а  б  у.  Бұқа.  – 

Əкпардың ауылына апарып, з о р м о й ы н



ғ а қосып келе ғой, – деп сиырын жетектетіп 

жіберді (Қ. Жұмаділов, Соңғы көш, 1, 14). 

Біздің  ауылдың  əйелдері  зеңгібабаның 

еркегін (бұқа) з о р м о й ы н деп əспеттейді 

(Қ. Жұмаділов, Таңғажайып., 9).

ЗОРМЫЛТЫҚ з а т. к ө н е. с ө й л. Зең-

бірек.  Зеңбіректі – «з  о  р  м  ы  л  т  ы  қ», 

«күлдірмамай» деп атаған (Қаз. əдеб., 07. 

02. 1992, 7). 

ЗУЗАЛА е т. Қажет болған жағдайда 

жаралы (ауру) адамды зузаның көмегімен 

тасымалдау.

ЗУЗАЛАУ  Зузала  етістігінің  қимыл 

атауы. З у з а л а у мынандай жағдайларда 

о р ы н   а л ғ а н :   қ о л - а я ғ ы   с ы н ғ а н д а , 

мертіккенде,  жарақат  алғанда  т.б. (Қаз. 

этнография., 2, 634).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет