Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет69/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   168

КӨПМҮШЕЛІК с ы н. м а т. Көпмүшеге 

қатысты, соған тəн. К ө п м ү ш е л і к 

сандарды үйрету – ең басты мақсат болуға 

тиісті (О. Жəутіков, Математика, 233).

КӨПСЕҢ с ы н. ж е р г. Қалың, көп, мол. 

Ақтылы қой, к ө п с е ң түйе майталман, 

Көк-алалы көп жылқыны қайтарған. Адай 

түбек, ата қоныс Атырау, Асылыңды түгел 

тізіп айта алман (Х. Ерғалиев, Өлеңд., 49).

КӨПСІГІШ  с  ы  н.  Көпсіп  кететін, 

көтеріңкі.  Сондағы  жетімсіздік  жасаған 

ақыл шығар, əлде к ө п с і г і ш көңілің бе? 

(Қ. Тұрсынқұлов, Есіңде ме., 190).

КӨПТЕСІП-КӨМЕКТЕСІП  ү  с  т.

с ө й л. Көптеп-көмектеп. Құтылды енді 

азаптан  Кəрібай  шал,  Мүшесі  коллектив-

те ортада мал, К ө п т е с і п-к ө м е к т е 



с і п еңбегі өнген, Кедейлер бірің қалмай 

колхозға  бар  (И.  Байзақов,  Құралай  сұлу, 

301).

КӨПҰЛТТЫЛЫҚ  с  ы  н.  Көп  ұлт 

өкілдерінен құралғандық. Оның өзі де к ө п 

ұ л т т ы л ы қ жағдайында барлық дегеніне 

жете бермейді (Б. Хасанұлы, Ана тілі., 25).



КӨПШЕЛЕНУ Көпшелен етістігінің 

қимыл атауы. 

КӨПШІК з а т. к ө н е. м у з. Көне саз 

аспабы.  Қазіргі  кезде  қазақтың  ертедегі 

белгісіз  ісмерлері  жасаған 50-ден  астам 

көне  музыка  аспаптары  табылып  отыр. 

Олар: дабыл, дулыға, шың, ұран, бұғышақ, 

дауылпаз,  сыбызғы,  шертер,  ысқырық,

к ө п ш і к т.б. (Жетісу, 29. 08. 1984, 4).


288

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

КӨПШІК:  Көпшігі  қисайды.  Айнып 

қалды; басқа жаққа мойын бұрды. Бірақ, 

оңбаған шіркін, сайланып алған соң, к ө п 



ш і г і  қ и с а й ы п кетті (Б. Майлин, Таңд., 

301).


КӨПШІКТЕУ  Көпшікте  етістігінің 

қимыл атауы. 

КӨПІР з а т. с п о р т. Күресушінің басы 

мен  аяғын  тіреп,  белін  жерге  тигізбеу 

тəсілі. Денесінің кілемнен дік көтерілгенін 

сезді. Əрең дегенде «к ө п і р г е» тұрып 

үлгерді (Лен. жас, 11. 08. 1973, 4).

КӨПІРМЕЛЕУ  с  ы  н.  а  у  ы  с.  Мақ-

таншақтау, бөспелеу. Өлең маған к ө п і р 

м е л е у, көбіктілеу көрінді (М. Əлімбаев, 

Көңіл күнд., 93).



КӨПІРІН Көпір етістігінен жасалған 

ырықсыз етіс. Бірақ қызып кетсе к ө п і р 

і н і п те сөйлейтін əдеті бар (Б. Майлин, 

Таңд., 120).



КӨПІРІНУ Көпірін етістігінің қимыл 

атауы

КӨПЭТНОСТЫ  с  ы  н.  с  ө  й  л.  Көп-

ұлтты.  Тіл  туралы  заңды  жүзеге  асыру 

Қазақстан сияқты к ө п э т н о с т ы респу-

бликалар үшін аса зор қиындық туғызуда 

(Б. Хасанұлы, Ана тілі., 19).



КӨР: Көретін жарығы бар. Бір ажал-

дан қалды д.м. Інің туралап келген бір ажал-

дан қалды, əйтеуір. К ө р е т і н  ж а р ы ғ ы



 б а р екен (Б. Шаханұлы, Таңд., 1, 27).

Көріп  келі  бар.  Көреген,  сəуегей, 

болжағыш. Бақсыларды я əулиелерді қазақ 

«к ө р і п  к е л і  б а р» деуші еді, əкемнің 

«көріп келі бар» ма, немене?! (С. Мұқанов, 

Мөлдір., 426).



КӨРБАСТЫЛЫҚ  з  а  т.  Түк  біл-

мейтіндік, топастық. Оның к ө р б а с т ы 

л ы ғ ы н, тоғышар құлқын көргеннен кейін 

бұл  көршісіне  жирене  қарайтын  болған

(К. Ахметбеков, Егіз қала, 287).

К Ө Р Б І Л Т ЕЛ Е Н У   К ө р б і л т ел е н 

етістігінің қимыл атауы. 

КӨРБІЛТЕЛЕНДІР  Көрбілтелен 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс.  Бұл 

кезде 16 жыл  мен  араға  түскен  жиырма 

жыл көп оқиғалардың ізін к ө р б і л т е л 

е н д і р і п кеткен екен (Соц. Қаз., 28. 02. 

1973, 3).



КӨРБІЛТЕЛЕНДІРУ Көрбілтелендір 

етістігінің қимыл атауы. 

КӨРГЕНСУ  Көргенсі  етістігінің 

қимыл атауы

КӨРДЕМШЕ с ы н. 1. Түк білмейтін, 

түкті  де  сезбейтін  (адам).  Тұран  бір 

құлақты  кесіп  алып  келіншегіне,  бірін 

алып мал иесі дегендей Қанаттың атасына

берді. «Өй, мынау бір к ө р д е м ш е ғой»,

дегендей,  не  заманнан  қалыптасқан 

дəстүрді бұзған ағаларына ренжіген балалар 

шегінісіп кеткен (К. Сегізбаев, Жылдың., 

84). 2. Тəрбие  көрмеген,  тəрбиеленбеген 



(дауыс). Дауыс ырғағымда тəрбие көрмеген 

к  ө  р  д  е  м  ш  е  н  і  ң  үніндей  қатқылдау 

əуездің болғанына Шəкең ренжімес деймін 

(А. Əшімов, Шығ. жин., 1, 33). 3. Нашар 

салынған, көріксіз, сəнсіз (құрылыс). Сонда 

біздің реставраторларымыз əлгіндей к ө р 



д е м ш е құрылыстарды қандай нұсқаға, 

қандай негізге сүйеніп салып отыр?! (Қаз. 

əдеб., 16. 11. 1984, 15).

КӨРЕАЛМАУ з а т. Біреудің бақытын 

қызғану, күндеу. ≈ Мұның атын к ө р е а л 

м а у дейді. 

К Ө Р Е А Л М АУ Ш Ы Л Ы Қ   з   а   т. 

Қызғаншақтық,  іштарлық.  Мен  оның 

көңіліндегі ащы қыжылдың не сұлу əйелге 

деген  қызғаныштан,  не  жап-жас  жігіттің 

жоғары лауазымды қызметіне деген к ө р 



е а л м а у ш ы л ы қ т а н туып жатқанын 

біле  алмай,  таңырқап  қалдым  (Н.  Ораз, 

Сиқырлы., 54). 

КӨРЕГЕНСУ  Көрегенсі  етістігінің 

қимыл  атауы.  Шынында  да  оның  кейбір 

құрбылары  құсап,  шаршы  топ  алдында 

сартылдап сөйлеп, көзге түсіп к ө р е г е н 

с у д і мұрат тұтпағаны да рас (Лен. жас, 

30. 01. 1976, 3).



КӨРЕГЕНСІ е т. Көре білгенсу, қырағы 

болғансу. ≈ К ө р е г е н с і п, бойыңдағы 

кем-кетігіңді айтып отыруға жаны құмар. 



КӨРКЕМДЕГІШТІК с ы н. Көркемдей 

алатындық, көркемдейтіндік. Ал к ө р к е 

м д е г і ш т і к тəсілдері жағынан барын-

ша асқақ стильге табан тірейтін шешендік 

сөздер  тобына  жанасады  (Е.  Жұбанов, 

Толғауы тоқсан., 116).



КӨРКЕМЖАЗУ  з  а  т.  Əріптерді 

көркемдеп, сəндеп жазу өнері. ≈ Бүгін к ө 

р к е м ж а з у сабағы болады. 

КӨРКЕМИ с ы н. с ө й л. Көркемдік. 

Кемел  аударма – түпнұсқаның  өлі 

көшірмесі емес, тілдегі к ө р к е м и өмірлесі 

(М.Əлімбаев: Қаз. əдеб., 08. 08. 1986, 5).



КӨРКЕМСУРЕТ:  Көркемсурет 

училищесі. Көркемсурет өнерін үйрететін 

289

Байынқол Қалиев

орташа оқу орны. Студент кезінде к ө р к е 

м с у р е т у ч и л и щ е с і н д е оқитын бір 

жолдас жігітіне қиылып жүріп салдырып 

алған еді (Б. Шаханұлы, Таңд., 1, 340).

КӨРКЕУДЕЛІК  з  а  т.  Еш  нəрседен 

хабары  жоқтық,  надандық,  қараңғылық

Бірақ  адамның  өзімшілдігі  мен  к  ө  р 



к  е  у  д  е  л  і  г  і,  дүниеқоңыздығы  мен 

опасыздығы  тұрғанда,  Алланы  алдаған 

шайтандай  адамдар  азаяды  дегенге  мен 

сенбеймін  (Қ.  Тоқмырзин,  Керзаман, 3, 

305). Түйсіксіз əкімсымақтар мен солардың 

жандайшаптарының к ө р к е у д е л і г і н 

пайдаланып  жер  алып  алыпты  (Ана  тілі, 

27. 11. 2008).



КӨРКӨКІРЕК  с  ы  н.  а  у  ы  с.  Еш 

нəрседен хабары жоқ, надан, топас, түлей. 

– Елдің кім, жаудың кім екенін к ө р к ө к і р 



е к  ез бен қандықол қарақшы ғана танымас 

(Е. Тұрысов, Темірлан, 174).



КӨРҚҰЛАҚ с ы н. ж е р г. Еш нəрсені 

естімейтін,  білмейтін.  Оның  үстіне 

айдаладағы к ө р қ ұ л а қ жылқышы болып 

шықты  (Ə.Кекілбаев,  Үркер, 106). Ондай 

абыройды  кім  алып  беріп  отырғанын 

естімей, шеттерінен к ө р қ ұ л а қ болып 

қала қойды дейсіз бе?! (Бұл да, 312).



КӨРЛАҒАТ с ы н. с ө й л. Көрлəт. Енді 

біздің алдымызда сол шекара сыртындағы 

қазақтардың да тым жабайы, к ө р л а ғ а т 

емес, бірдеңе білетінін дəлелдеу міндеті тұр 

еді (Қ. Жұмаділов, Таңғаж., 187). – Ақсақал, 

өзіңіз не деген к ө р л а ғ а т, дүлей едіңіз? 

(Бұл да, 28).

КӨРЛƏТ... Бұл қазақты мəңгүрттендіру 

саясаты  еді.  Халық  үйдің  ішіндегі  мен 

үйдің  айналасындағыдан  əріні  көрмейтін 

көркеуде  күйге  түсті.  Мұндай  адамдарды 

əдетте к ө р л ə т дейді (Ана тілі. 11. 09. 

2008, 13).



КӨРЛƏТТІК  з  а  т.  Еш  нəрсені 

білмейтіндік,  көрсоқырлық,  қараңғылық. 

Олардың бұл нағыз надандық, көргенсіздік, 

мəдениетсіздік, к ө р л ə т т і к екеніне де 

санасы жетпей ме деп қорқамыз (Ана тілі, 

04. 12. 2008).

КӨРЛІК  з  а  т.  с  ө  й  л.  Көрсоқырлық, 

к ө р к ө к і р е к т і к ,   н а д а н д ы қ .   Б і р т е -

бірте  кеңшіліктің  аяғы  келеңсіздікке, 

көнтеріліктің  ақыры  к  ө  р  л  і  к  к  е  апа-

рып  ұрындырып  жүргенін  көрсек  те, 

төрт  құбыламыз  түгел  сияқтанған  сыңай 

байқатумен  келеміз  (К.  Ахметбеков, 

Қасірет, 1, 143). Ақыры сол қауқарсыздық, 

мəнжубастық, к ө р л і к неге əкелгенін қара 

(Т. Қосуақ, Мəрмəр., 169).

КӨРМƏДІК с ы н. Еш нəрсені көрмеген, 

білмейтін, түлей; көрсоқыр. Жапондардың 

қатынын  мақтағанша,  қасында  жүрген 

аппақ сұлуды неге көрмейді, к ө р м ə д і к

болмаса? (О.  Сəрсенбай,  Шығ., 5, 128).

–  Жоқ,  бауырым,  қылмыс  түгілі  сайтаны 

да жоқ. Онан да түк көрмеген к ө р м ə д і к



п  і  н,  қорқақпын  десейші  (А.  Мекебаев, 

Аңызақ, 86). Көкжендеттің майын беруге, 

əрине, болады. Бірақ кілең к ө р м ə д і к т 

е р қашырып алуы мүмкін (Т. Əлімқұлов, 

Сырлы наз, 73).



КӨРМƏДІКТІК  з  а  т.  Түлейлік, 

ноқайлық; түк білместік. Айызы қанғанда 

көңілі  алағаржақ  тартқан  Бұғыбай: «Қап,



к ө р м ə д і к т і г і м д і-а й! Тірсегін неге 

ғана тілдім?!» деп өкінетін болды (Жалын, 

1974, №5, 83).

КӨРНЕКТІРЕК с ы н. Əйгілілеу, таны-

малдау. Бұған қарағанда Дəулет те к ө р н е 

к т і р е к (Р. Өтесінов, Айтылмаған., 192).

КӨРПЕЛДЕШІМ з а т. а у ы с. Қозым, 

балапаным д.м. Сəл ғана ажырап қалсам, 

күн баласына к ө р п е л д е ш і м, жəуті-

гім  деп  сыбырлап  қана  айтатын  майда 

қоңыр  үнін  сағынамын  (Е.  Тұрысов, 

Ақбақай, 66).

КӨРПЕШЕСЫМАҚ з а т. Көрпешеге 

жақын, көрпеше деген аты ғана бар. Оның 

үстіне төселген к ө р п е ш е с ы м а қ т 



ы  ң  да,  жүндері  түйтпелектеліп,  қобырап 

көрінеді (К. Ахметбеков, Егіз қала, 179).



КӨРСОҚЫР  с  ы  н.  а  у  ы  с.  Надан, 

топас; еш нəрседен хабары жоқ (адам).

КӨРСОҚЫРЛЫҚ  з  а  т.  Еш  нəрсені 

білмейтіндік, парықсыздық. Нұржамалдың 

түк көрмеген к ө р с о қ ы р л ы ғ ы н тілдеп, 

тізе бүкпестен кері бұрылды (Қ. Жиенбай, 

Таңд., 1, 242).



КӨРТЫШҚАН:  Көртышқан  бөрік. 

Көртышқанның терісінен тігілген бөрік. 

Əлгінде  ғана  бір-бірін  көруге  ұялғандай 

тиін бөрік, суыр бөрік, к ө р т ы ш қ а н

б  ө  р  і  к,  борсық  бөріктер  маңдайдағы 

он  сегіз  көзді  милықтата  бүркеп  алыпты

(Қ. Ысқақ, Ақсу., 479).

КӨРУЛІК  з  а  т.  ж  е  р  г.  Көресе. 

Олардың Бəнуға тағы да қандай к ө р у л і к

көрсететінін  ойлап,  соған  налып  отыр

(К. Мұқажанұлы, Ортеке, 183).



290

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

КӨРШІ з а т. с ө й л. «Көрші-көрші» 

деп аталатын ұлттық ойынның ауызекі 

сөйлеу  тілінде  қолданылуы.  Кешке  тағы 

да айтыс жəне əн салу, күй тарту, жұмбақ, 

жаңылтпаш  айту,  балтамтап,  хан,  к  ө  р

ш  і,  мыршым  т.б.  көптеген  ойындар-

ды ойнап, түнді еңсеріп барып тарасатын 

(Х. Арғынбаев, Қаз. семья, 211). К ө р ш і 

ойынын  үлкен  бөлмеде  өткізуге  болады. 

Ойыншылар екі-екіден дөңгеленіп отыра-

ды. Жүргізуші «Көршіңмен татусың ба?» 

деп сұрайды (Ойын-сауық, 166).

КӨРШІК  з  а  т.  к  ə  с  і  б.  Кеме  басы. 

Онысы Баршынға ер-азамат жетпей тұрған 

бір кемеге к ө р ш і к бол деген қолқа еді

(Ə. Сараев, Тосқауыл 22).



КӨРШІҚАҚЫ  з  а  т.  Көрші  парызы, 

көршілік борышК ө р ш і қ а қ ы с ы ұғымы 

көршісіне  қиянат  жасамау,  қиын-қыстау 

жағдайда жəрдемдесу, той-томалақта қонақ 

күтісу,  қазан-ошақ,  аяқ-табақ  араластығы 

тəрізді нəрселерді қамтиды (Қаз. этногра-

фия., 3, 212).



КӨРШІҚАҚЫЛЫҚ  с  ы  н.  Көрші-

қақысына қатысты, көршіқақысына тəн

Шешесінің жерлеуіне келмесе де, жетісіне 

қатысып кетсін деген к ө р ш і қ а қ ы л ы қ 

ниет те біздікі (Қаз. əдеб., 09. 09. 1988, 14). 

Өйткені бұл ежелгі достық қарым-қатынас 

пен к ө р ш і қа қ ы л ы қ пейілді көзқарас-

тың  да  əсер  еткенін  ұғындырады  (Қаз. 

əдеб., 08. 05. 1987, 7).



КӨРІКСІЗДЕНДІР   Көріксізд ен 

етістігінен  жасалған  өзгелік  етіс.  Соң-

ғы бір-екі күннен бері түскен аяз айнала-

ның бəрін мұзбен құрсаулап, орман ішінің 

күзгі қоңырқай тіршілігін одан əрмен к ө р і к



с  і  з  д  е  н  д  і  р  е,  көңілсіздендіре  түскен

(К. Сегізбаев, Жап-жасыл., 60).



КӨРІКСІЗДЕНДІРУ Көріксізден етіс-

тігінің қимыл атауы. 

КӨРІМДІКШІЛ  с  ы  н.  Көрімдік 

алғанды ұнататын, көрімдік сұрағыш. Сол 

сəт к ө р і м д і к ш і л жеңгем оның жүзін 

бүркеген  орамалын  серпіп  ашып  жіберді 

(З. Қыстаубаев, Ақ түн, 16).



КӨРІМТАЛ  с  ы  н.  Көргіш,  көреген

Бөгде көз к ө р і м т а л, Жылқыбай осы 

жаққа  келген  бетінде: «Осы  елде  сым 

мен  уəкіл  көп  екен!» - деп  таңданған-ды

(Т. Əлімқұлов, Көкек айы, 23).

КӨРІН е т. 1. Қаралу, емделу. ≈ Қызым 

дəрігерге к ө р і н д і. 2. Көмекші (модаль) 



сөз. ≈ Биыл қыс суық болатын к ө р і н е д 

і (Қаз. тілі грамм., 1, 172).

КӨРІПКЕЛДІ  с  ы  н.  Көріпкелі  бар, 

сəуегей, болжағыш. Сақал-шашы ағарған 

тəуіпті нағыз к ө р і п к е л д і сəуегей дерсің 

(Қаз. əдеб., 14. 03. 2011).

КӨРІПКЕЛДІЛІК  з  а  т.  Болашақты 

күні  бұрын  болжағыштық,  сəуегөйлік

Əбден тəсіл алып төселгендік пе, əлде туа 

біткен сергектік пе – көрмей танып, айтпай 

білетін к ө р і п к е л д і л і к т е н құралақан 

емес сияқты (Ə. Сарай, Атырау, 415).

КӨРІСУ  з  а  т.  э  т  н.  Қазақ  ғұрпында 

дауыс шығарып келген адамдар мен қаза 

иелерінің құшақтасып жыласу, көңіл айту 

рəсімі (Қаз. этнография., 3, 218).

КӨСЕГЕ  з  а  т.  к  ө  н  е.  Қыздың 

шымылдық  ішіндегі  төсек-орны.  Оны 

бүркеп,  көлегейлеп  тұрған  үлкен  перде 

– «шымылдық»,  ал  шымылдық  ішіндегі 

қыздың орны – «к ө с е г е» делінген (А. 

Нүсіпоқасұлы..,  Ағаш  бесік., 2, 10). Қыз 

бойжетіп ұзатылғанда, к ө с е г е с і н жаса-

уымен бірге алып кетеді (Бұл да, 10).

КӨСЕГІШ  с  ы  н.  Көсеу  орнына 

жүретін,  көсейтін.  Ерден  к  ө  с  е  г  і  ш 

темірді көлденең ұстаған қалпы тебіреніп 

кетті (Қ. Тоқмырзин, Үш кие, 6).

КӨСЕМДЕН  е  т.  Мойны  озық  жүру, 

топтың алдынан көріну. Қатарлас өзге ат-

тардан мойнын озық ұстап, к ө с е м д е н е 

жүру оның мызғымас əдеті (Б. Соқпақбаев, 

Өлгендер., 346).



КӨСЕМШЕЛІ с ы н. л и н г в. Көсемше 

араласқан,  көсемше  тұлғалы.  Ал  қазақ 

тілінде есімшелі, к ө с е м ш е л і бағыныңқы 

сөйлемдердің бастауыш пен баяндауышта-

ры жақтас болмайды (Қазіргі қаз. тілі, 517).



КӨСЕМШЕЛІК  с  ы  н.  Көсемше 

тұлғалық,  көсемше  боларлық.  Ашық 

райдың, күрделі етістіктің құрамындағы к ө 



с е м ш е л і к формалар көсемше мағынада 

емес,  басқа  мағынада  болады  (Қаз.  қаз. 

тілі, 321).

КӨСЕУЛІ с ы н. Қолына көсеу ұстаған, 

көсеуі  бар.  Нартай  Ертайға  тағы  бір  рет 

қарады  да,  бұрылып  жүре  берді.  К  ө  с  е 



у л і ападан қорыққан жоқ (Жалын, 1973, 

№6, 27).


КӨСКІ з а т. Балқыманы араластырып 

тұратын  ұзын  темір;  көсеу.  Оған  дəлел 

ретінде жеміріліп қалған к ө с к і темірді 

көрсетті (Қ. Тоқмырзин, Үш кие, 34).


291

Байынқол Қалиев

КӨСІЛІҢКІРЕ е т. Аздап көсіле түсу, 

аяғын  созыңқырау.  Ол  түлкі  тымақтың 

бауын  ағытты  да,  ақ  пиманың  қайырма 

қонышын қара санына созып, к ө с і л і ң к 

і р е п жатты (Қ. Ысқақ, Ақсу., 461).

КӨСІЛІҢКІРЕУ  Көсіліңкіре  етіс-

тігінің қимыл атауы. 

КӨСІҢКІРЕ  е  т.  Қолмен  аздап  көсу, 

көсе  түсу.  Тағы  да  ту  сыртына  қарай 

бұрылып,  сипаланып  еді,  құмсақты  к  ө  с 



і  ң  к  і  р  е  п  жіберген  қолына  қойдың  ба, 

ешкінің  бе,  екі-үш  түйір  құмалағы  түсті 

(М. Айымбетов, Құмөзек., 59).

КӨСІҢКІРЕУ  Көсіңкіре  етістігінің 

қимыл атауы

КӨСІП:  Көсіп  сабау.  Жүн  сабаудың 

бір түрі. Сабаудың қос қолдап сабау, есіп 

сабау, к ө с і п  с а б а у, көпіртіп сабау деген 

түрлері бар (С. Қасиманов).

КӨТ: Көтін де сүртпеді. Керек қылма-

ды,  менсінбеді.  Селтеңдеген  серкеңнің 

ажалы дөп, Ақыр түбі Сауырық, Сұраншы 

жаудан өлген, К ө т і м д і  д е  с ү р т п е й 

м і н ендігіңді (Құланаян Құлмамбет, Сөзім-

нің., 105).



КӨТЕГЕЙ  ү  с  т.  с  ө  й  л.  Арты,  арт 

жағы.  Ала  ат  мінген  жалғыз  адам  келе 

жатыр бейсауат. К ө т е г е й і – Күршім 

жақ, бет алысы – Қараекем шаты (Ж. Ай-

мауытов, Шығ., 147).



КӨТЕК з а т. с ө й л. Қызтеке. Бүгінгінің 

əйелге  ұқсаған  еркектерінің  сиқы  осы! 

Үлбіреген алақандарына қарап, к ө т е к пе 

деп қаласың (Ж. Қорғасбек, Жынды., 259).



КӨТЕКІЛЕН е т. ж е р г. Жағымпазда-

ну, жарамсақтану, жалбақтау. Енді еш-

кім саған к ө т е к і л е н і п жылмаңдай ал-

майтын  болады  (Ғ.  Мүсірепов,  Жат 

қолында, 106).



КӨТЕКІЛЕНУ Көтекілен етістігінің 

қимыл атауы. 

КӨТЕН:  Көтен  асқызу.  э  т  н.  Мал 

алғаш төлдей бастағанда берілетін ырым 

(ас-тағам).  Ол  «күйектің  алды  болып 

Мұқиттың тұсағы туды, кешке тəтеме к ө 



т е н  а с қ ы з а м ы з» деп қуана күбірледі 

(К. Мұқажанұлы, Ортеке, 10).



КӨТЕНАСАР з а т. э т н. Алғашқы төл 

туғанда көтен асып, арнайы қонақ шақыру 

рəсімі.  Алғашқы  төл  туған  кезде  к  ө  т  е 

н а с а р жасалып, ауыл адамдары кəделі 

дастарқанға  шақырылады  (Қаз.  этногра-

фия., 3, 221).

КӨТЕР... 2.  Тұрғызу,  салу  (үй).  Күз 

түскенше, тіпті əрі кеткенде мизам шуақтың 

соңын  ала  келген  жұртқа  пана  болар 

кішкене баспана к ө т е р с е м деген талап 

бар (М. Айымбетов, Құмөзек., 70).

КӨТЕРМЕ  з  а  т.  Өрмек  жіптерін 

көтеріп тұратын мосы сияқты үш аяқты 

ағаш. Оны «көтерме ағаш» деп те атайды 

(ҚСЭ, 9, 49). Өрмек құру үшін 3-4 кергіш 

қазық, күзу арқалығы, күзу шыбығы, к ө т 

е р м е (мосы), адарғы, қылыш, серу ағашы 

жəне жіптер қажет (Бұл да).



Көтерме  ағаш.  Өрмек  тоқу  кезінде 

желі жіптерін көтеріп байлайтын ағаш; 

күзу ағаш (Қаз. этнография., 3, 252).

КӨТЕРМЕКІЛ  з  а  т.  Асық  ойнап, 

ұтылғаны  ұтқанын  көтеріп  ойнайтын 

ойынК ө т е р м е к і л ойнап, кеней атып, 

ұтқаны  ұтылғанына  арқалатып  мəре-сəре 

болып  жатқан  (Ə.  Кекілбаев,  Елең-алаң, 

103).


КӨТЕРІЛ:  Көтеріліп  ауырды. 

Ақылынан адасты, жынданды. – Бір к ө т 

е р і л і п  а у ы р ғ а н əйел келіп жүр деп еді 

жұрт, осы екен ғой (Жалын, 1974, №4, 22).



КӨТЕРІМДІЛІК  з  а  т.  Көтерімді 

болғандық,  көнбістік,  шыдамдылық

Сөйте тұра баяғы к ө т е р і м д і л і к пен 

көнтерілікке тағы шақырды (Ж. Тұрлыбаев, 

Тамыз таңы, 269).



КӨТЕРІҢКІРЕУ  Көтеріңкіре  етіс-

тігінің қимыл атауы

КӨТЕРІСПЕК  з  а  т.  Балалардың 

бір-бірінің  сақасын  көздеп  атып,  тигізе 

алмағаны үшін көтеруге мəжбүр болатын 

асық ойыны; көтермекіл (Қаз. этнография., 

3, 223). К ө т е р і с п е к немесе атбақыл 

ойынына екі ойыншы қатысады да, ойынды 

өздері  ұнатқан  жерлерінде  ойнай  береді

(Б. Төтенаев, Қаз. ұлт. ойын., 50). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет