Жауапты редакторлар



Pdf көрінісі
бет86/168
Дата21.01.2017
өлшемі8,4 Mb.
#2355
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   168

ҚОЛДЫҚ

1 

з а т. с ө й л. Бүркіт балдақ. 

Бүркіт балдақ немесе қ о л д ы қ – құсбегінің 

құс ұстап отырған қолы талмас үшін сүйеп 

отыратын аша ауыз ағаш (Шаңырақ, 423). 

ҚОЛДЫҚ

2 

з а т. к ө н е. Соғыс кезінде 



қолға  киетін,  оқ  (қылыш)  өтпес  болат 

сауыт.  Кеудесіне  қола  шарайна,  құрыш 

көбе, білегіне болат қ о л д ы қ, аяғына темір 

тізелік, топсалы бұтырлық киген жас жігіт 

қатарласты (М.Мағауин, Аласапыран, 73). 



ҚОЛЕТІНДЕГІ с ы н. Қол астындағы, 

билігіндегі.  Оның  шешесі  Ділдə,  сүйген 

жары  Маржан,  қайынағасы  Жұмақан, 

бірі жалшы, бірі қоңсы, - бəрі де Майқан 

болыстың  қ  о  л  е  т  і  н  д  е  г  і  адамдар 

(Ғ.Мұстафин, Ой əуендері, 33). 

ҚОЛЖАУЛАУ з а т. ж е р г. Қолбақыр. 

Алтай үстіне қос алған жоқ. Жабдыққа бір 

қыл арқан, бір темір қазық, бір қ о л ж а у 

л а у алды (Мəшһүр Жүсіп, Шығ., 9, 237). 

ҚОЛЖАУЛЫҚ:  Қолжаулық  тастау. 

э  т  н.  ж  е  р  г.  Белбеусоқ  немесе  орамал 



тастау  ойыны.  Белбеусоқ  ойыны  кей 

жерде «қ о л ж а у л ы қ  т а с т а у» деп 

те аталады (А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 

4, 103). 



ҚОЛЖЕТІМДІЛІК  з  а  т.  Сатып  алу 

мүмкіншілігіне лайықтылық. Бұлар – сапа 

мен қ о л ж е т і м д і л і к көрсеткіштері 

(Астана хабары, 03.04.2008). 

ҚОЛЗАТ  з  а  т.  Жолаушының  қолға 

ұстап келген буыншақ-түйіншегі; сөмкесі. 

Сықай  толтырылған  қ  о  л  з  а  т  ы  н 

ашып,  балаларға  ішіндегісін  үлестірді 

(Ш.Құмарова, Əйел шырағы, 145). 



ҚОЛКЕСЕР...  Ұсақ  малды  союшы 

«сорлы қабырға», «қ о л к е с е р» деп таңдап 

алады (Ата салты., 130). Біреудің соғымын 

сойысқан соғымшыға үй иесі «қ о л к е с е 



р і ң» деп сыбағалы етін береді (Ана тілі, 

04.11.1993, 8). 



ҚОЛҚА... Алмасын деп, талмасын деп, 

Маңқа,  қ  о  л  қ  а  болмасын  деп,  Жеміне 

қосып,  қыз  Құртқа  Қызыл  дəрі  жегізді 

(Ақсауыт, 1, 25). 



Қолқасын  жарды.  Сасық  иіс  тыныс 

мүшелерін алып, тұншықтырды. ≈ Қ о л қ 

а с ы н  ж а р ы п барады. 

ҚОЛҚАҚҰРТ з а т. в е т. Уақ малдың 

қолқасына түскен құрттан болатын ауру 

(Ж.Бабалықұлы, Мал ауру., 171). 



ҚОЛҚАНАТСЫЗ с ы н. Жұмсай қоятын 

ешкімі  жоқ,  көмекшісіз,  жəрдемшісіз. 

Сəмиға  мен  Бескемпір  масағын  жинап, 



қ о л қ а н а т с ы з қалған кəрі-құртаңның 

огородын қазып, ақы-пұлына тапқан бірер 

мөшек  картобын  қаптап,  келер  қыстың 

аяғын күткен (Қ.Ысқақ, Ақсу., 445). 



ҚОЛҚАР  з  а  т.  Арқар  мен  құлжаның 

ірілеу  келген  асығы  (Қаз.  этнография., 1, 

229). – Арқардың асығын «құлжа» немесе 

«қ о л қ а р», киіктің асығын «шүкейт» деп 

атайды, - деді ол (Балдырған, 1971, №9, 7). 

Жақсы сақа болып жүрген қолымдағы қ о 

л қ а р ы м д ы неге қолқа етесің (Лен. жас, 

14.07.1996).



ҚОЛМЕРГЕН  з  а  т.  Көздемей-ақ 

қолдың  мөлшерімен  ататын  мерген. 

Сұлбасы  көрінген  шақта  қағып  түсіретін 

көзмерген  емес,  тас  қараңғы  түнекте 

құтқармайтын қ о л м е р г е н екен (Асқар 

Алтай, Қызыл бөлтірік, 27). 

Қ ОЛ О РА Қ Ш Ы   з   а   т.   О р а қ п е н 

(қолорақпен) егін орушы адамҚ о л о р а 

қ ш ы л а р мен белорақшылар, бау байлау-


359

Байынқол Қалиев

шылар  алысқа  ұзап  кеткен  (Тоғызыншы 

шежіре, 38).

ҚОЛОРАМАЛ...  Биялайын  шешеді 

де, шиланынан қ о л о р а м а л ы н алып, 

əсем қимылмен танауын, аузын сүртінеді 

(М.Мағауин, Қиянда., 64). 



ҚОЛПАЙ: Қолпайым түсіп қала жаз-

дады. ж е р г. Қатты қорықты, зəре-құты 

қалмады.  Ойпырмай,  зəре-құтым  мұндай 

ұшпас. Қ о л п а й ы м  т ү с і п қ а л а 



ж а з д а д ы (К.Ахметбеков, Ақдала, 2, 390). 

ҚОЛПЫЛДАҚ  с  ы  н.  Қолпылдап 

қалған, кең. Қ о л п ы л д а қ шапанын қолп-

қолп еткізіп, ол да бірге келеді (М.Қаназов, 

Арна, 6). 

ҚОЛСЕРІК  з  а  т.  Карта  ойнағанда 

серік  болатын  адам.  Қ  о  л  с  е  р  і  к  к  е 

көршінің қыздарын шақырып, белін бүгіп, 

бедеріне  түсіріп  бағыпты  (Д.Досжанов, 

Жолбарыс, 436). 



ҚОЛСӨМКЕ  з  а  т.  Қолға  ұстап  жү-

ретін кішкене сөмке. – Арам ойыңыз бар, ə, 

- деп қ о л с ө м к е с і н е н əмиянымен бірге 

суырып алып, аузына салған темекісін бұрқ 

еткізді (Ж.Қорғасбек, Жынды қайың, 29). 



ҚОЛТАБАҚ  з  а  т.  Қолына  ұстап, 

үстіне  ыдыс-аяқ,  əкелетін  (əкететін) 

жайпақ  ыдыс;  поднос  (Орфогр.  сөздік, 

266). 


ҚОЛТАУЛАУ  Қолтаула  етістігінің 

қимыл атауы. 

ҚОЛТЕЛЕФ ОН  з  а  т.  с  ө  й  л. 

Қалтателефон. Кенет қ о л т е л е ф о н 

ы  м  шыр  етті  де,  оны  тар  қолдорбамның 

астаң-кестеңін шығарып тауып алғанымша 

үзіліп қалғаны (С.Ордалиева, Кек жуған, 8). 

ҚОЛТУМА...  Көне  сөздің  қайта 

жаңғыруымен  қатар  кейде  қ  о  л  т  у  м 



а  сөздер  де  жасалып  жатады  (Ана  тілі, 

20.09.1990, 6). 



ҚОЛТЫҚ:  Қолтық  бүршік.  б  о  т.

Өсімдік  тамырсабағының  бүйіріне 

шыққан  бүршік.  Тамырсабаққа  жербеті 

өркендеріндегідей төбе бүршік, қ о л т ы қ 



б ү р ш і к жəне қабыршақ болады (Бота-

ника, 86). Жапырақ қолтығында қ о л т ы қ 



б ү р ш і к т е р болады (Бұл да, 82). 

ҚОЛТЫРАУ... Қ о л т ы ра у – ыстық 

жақтарда  болатын  су  мақұлығы  (Соц. 

Қаз., 09.04.1991, 4). 



ҚОЛТЫРМАШ  з  а  т.  Кеңдеу  болу 

үшін  киімнің  қолтығына  салынған  үшкіл 

қиықша. Киімнің қолтық тұсы кең болуы 

үшін қ о л т ы р м а ш, етегі кең болу үшін 

бүйірден шабу қойған (С.Мұқанов, Таңд., 

15, 121).



ҚОЛШАМ з а т. Қараңғы кезде қолға 

ұстап  жүретін  шам.  Сұрастыра  келсек, 

шахтерлер əрлі-берлі өтіп жүргенде қ о л 



ш а м н ы ң күйесімен жазып кеткен екен 

(Ғ.Мұстафин, Жиырма бес, 110). 



ҚОЛШАТЫРЛЫ  с  ы  н.  Қолшатыры 

бар,  қолшатыр  ұстаған  (О.Бөкеев,  Əн 

салады., 48). 



ҚОЛШОҚПАРЛЫҚ  з  а  т.  а  у  ы  с. 

Біреудің  сойылын  соғушылық,  қолшоқ-

пар болғандық. Өнбейтін өгіз-қысыр дау-

дамаймен  Қол  жиып,  қ  о  л  ш  о  қ  п  а  р-



л  ы  қ  топ  құрады  (Е.Дүйсенбай,  Бозала 

таң, 259). 



ҚОЛШЫҒЫР з а т. қ. ө н е р. Қолмен 

бұрап,  бір  нəрсені  тесетін  ұста  құралы. 

Шын  мəнінде,  ағаш  бəрбімен  (дрель), 



қ о л ш ы ғ ы р м е н (коловорот), тышуыр-

мен  (бурав),  бұрғымен  (сверло)  тесіледі 

(Д.Шоқпарұлы: Қаз. əдеб., 22.06.1984, 14). 

ҚОМ:  Қом  ер.  Түйеге  ерттейтін  ер; 

қом. Ердің мынандай түрлері бар: қоқан ер, 

құранды ер, қалмақы ер, қазақ ері, орыс ері, 



қ о м  е р, ашамай ер, күміс ер т.б. (Қазақст. 

ауыл шаруаш., 1970, №10, 62). 



ҚОНАҒАСЫЛЫҚ с ы н. Қонақасыға 

арналған,  қонақасы  боларлық.  Бұл  үйде

қ о н а ғ а с ы л ы қ жағынан қайдан мін 

болсын,  сыйлаудың  тұздығы  да,  дəмділі-

гі  де  жетіп  жатыр  (Ғ.Мүсірепов  Жат  қо-

лында, 371).



ҚОНАҒУАРЛЫҚ з а т. Қонақжайлылық, 

меймандостық.  Қазақ  семьясына  ерекше 

тəн абзал қасиеттердің бірі – ежелден бері 

келе жатқан қ о н а ғ у а р л ы қ (Х.Арынбаев, 

Қаз. халқ., 66). 



ҚОНАҚ

1

 з а т. Қонақ өсімдігінің дəні, 

тұқымы.  Аман  бұрыла  жүріп,  өз  үйінің 

егінін  көрді.  Биыл  екі  пұт  бидай,  бір  пұт 

сұлы, бір аяқ қ о н а қ салған (Ғ.Мұстафин, 

Дауылдан кейін, 6). Демек, бұл Ақбоз емес. 

Оған ауыр болады деп, Біркімбай қ о н а қ 

жегізбейді. Ақбоздың жемі – арпа мен сұлы 

(Т.Əлімқұлов, Ақбоз ат, 210). 

ҚОНАҚ

2

 з а т. м е д. т а б у. Қызылша ау-

руы. Қытай қазақтары қызылша ауруын қ о 

н а қ деп атайды. Оның негізінде атын тура 

атаса,  ауру  келіп  қалады  деген  халықтық 

наным-сенім жатыр (С.Мұстафаұлы, Қытай 

қаз. тілі. 19). 



360

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ҚОНАҚТАС  е  т.  Қонақта  бірге  болу, 

бірге қону. Қолы да таза, жолы да таза, құда 

болу, қ о н а қ т а с болуларында есебі жоқ, 

ақкөңіл,  қарапайым  адам  (Ғ.Мүсірепов, 

Жат қолында, 187). 



ҚОНАҚЫ з а т. ж е р г. Қонақүй. Жат 

жұрттық көпестер мен елшілер түсетін қ о н а 



қ ы л а р, аспапшылары мен қосшыларының, 

бөкеуілдері  мен  атбегілерінің  тұрақтары 

бар еді (Т.Зəкенұлы, Мəңгітас, 403). 

Қ О Н А Л Қ Ы :   Қ о н а л қ ы   с ау ы н . 

Жолаушының астына мінген биесін қонар 

жерге  келгенде  сауып  алуы.  Мұхаммед 

Хайдар Дулаттың «Тарихи Рашиди» деген 

кітабында қ о н а л қ ы  с а у ы н деген де сөз 

бар. Оны қазақ осы күнге дейін пайдаланып 

жүр (Аңыз адам, 2011, №19, 37). 

ҚОНАЛҚЫЛА е т. с ө й л. Қону, қонып 

шығу.  Шығыс  Түркістанға  баяғыда  сапар 

шеккенде басып өткен жерлер, түстенген



қ о н а л қ ы л а ғ а н бекеттер Шоқанның 

есінде (Т.Əлімқұлов, Кертолғау, 34). 



ҚОНДЫГЕР  з  а  т.  к  ө  н  е.  Түрік 

хандығының басшысы. Мұндай ақ тұйғын 

мен  қызыл  бидайық  түріктің  қ  о  н  д  ы  г 



е  р  і  мен  қызылбастың  шахында  да  жоқ 

(М.Мағауин,  Аласапыран, 202). Бұл – 

Бұқардың ханы мен түріктің қ о н д ы г е р 

і қол алысты деген сөз (Бұл да, 2, 9). 

ҚОНЖЫҚША ү с т. Қонжық тəрізді, 

қонжық сияқты. Тордағы қ о н ж ы қ ш 

а  ұзақты  күнге  тар  пəтердің  ішінде  əке-

шешесінің  жатын  бөлмесі  мен  залдың 

арасын  жол  қылып,  тыным  таппайтын 

(М.Сқақбаев, Ұят тур., 47). 



ҚОНТАЙШЫЛЫҚ  з  а  т.  Қонтайшы 

б о л ғ а н д ы қ ,   қ о н т а й ш ы   м і н д е т і н 

атқарушылық  (І.Есенберлин,  Жанталас, 

259). Ол қ о н т а й ш ы л ы қ құрған жиырма 

жылдың  ішінде  қазақтарға  қарсы  үш  рет 

жорыққа шықты (Ə.Кекілбаев, Үркер, 79). 



ҚОНЫС  Қон  етістігінен  жасалған 

ортақ етіс. Алма мойын көк үйрек Көлден 

көлге қ о н ы с а р. Кедейден шыққан би 

болса, Нашарды жақтап болысар (Досбол 

шешен: Ел аузынан, 73). Дос та іздедім, Жау 

тисе болысатын. Қыс қыстасып, жаз қ о н ы 

с а т ы н (Ж.Молдағалиев, Таңд. шығ., 257). 

ҚОНЫСУ  Қоныс  етістігінің  қимыл 

атауы. 

ҚОНЫСТАЛ е т. с ө й л. Қоныстан. 

Қаласы  Дағыстанның  сəнсіз  салған, 

Құлама, ылди төмен қ о н ы с т а л ғ а н. 

Быжырқай  ала-құла  бақтары  бар,  Үйлері 

қиқы-жиқы  мыжырайған  (И.Байзақов, 

Құралай сұлу, 142). 



ҚОҢ:  Қоңынан  жарылды.  Семірді, 

май басты, қоңданды. Қырдың қара отына 

семіріп, қ о ң ы н а н  ж а р ы л ы п тұрған қой-

лардың күлімсі шайыр исі лап беріп тұм-

сыққа ұрды (Ə.Нұрпейісов, Соңғы., 418). 



ҚОҢҚАҚТАН  е  т.  Қоңқақ  тарту, 

қоңқию, дөңкию. Үйірге түсердің алдында 

ақбөкен текелерінің танаулары қатты ісініп, 

одан сайын қ о ң қ а қ т а н а д ы (А.Бекенов, 

Қазақст. аң., 16). 



ҚОҢҚАҚТАНУ Қоңқақтан етістігінің 

қимыл атауы.

ҚОҢЫЗ... 2. а у ы с. Өзін ғана ойлай-

тын,  сасық  бай;  дүниеқоңыз.  Япыр-ау, 

ақшаны  мөшектеп  арқалаған  кей  қ  о  ң  ы 



з  д  ы  ң  ниетіне,  ындынына  не  болған?! 

(Қ.Ысқақ, Ақсу., 282). 



ҚОҢЫР :  Қоңыр  балдыр.  б  о  т. 

Теңіздер мен мұхиттарда өсетін, сабағы, 

жапырағы,  тамыры,  гүлі  болмайтын, 

төменгі  сатыдағы  споралы  өсімдік. 

(Т.Мұсақұлов, Биол. Сөзд., 1, 54). Қ о ң ы р



б  а  л  д  ы  р  д  а  н  целлюза,  спирт,  сірке 

тұздары алынады (ҚСЭ, 6, 603). 



Қоңыр  сусылдақ.  з  о  о  л.  Сусылдақ 

үйректің  қоңыр  түсті  түрі.  Олардың 

ішінде  көбірек  ауланатыны  өзен  мен  көл 

үйректері: барылдауық, бізқұйрық, қ о ң ы р

с у с ы л д а қ, шүрегей үйректер мен қас-

қалдақтар (Саятшылық, 34). 



Қоңыр  торғай.  з  о  о  л.  Қоңыр  (сұр) 

түсті,  шыбын  жегіш  торғай.  Аюбадам, 

итжүзім,  қарақат,  сиырбүлдірген  жидегін 

шымшық, қызылқұйрық (горихвосток), қ о 

ң ы р  т о р ғ а й (серая мухоловка), мақтан 

торғай  (славок)  сияқты  құстар  сүйсініп 

жейді (Құстар., 4).

Қоңыр үйрек. Үйректің қоңыр түсті 

түрі. Ымырт түсісімен олар қ о ң ы р  ү й р 

е к, бізқұйрық, огарлармен бірге өзен-көл 

жағалауларындағы  таяз  жерлерден  қорек 

іздеуге шығады (Қарқаралы, 171). 

ҚОҢЫРАУ з а т. б о т. с ө й л. Айбат-

мия. Айбатмия қ о ң ы р а у, баян, берік деп 

те аталынады (ҚСЭ, 1, 160).



ҚОҢЫРАУЛА е т. Телефон соғу. Неге 

хабарсыз. Ең болмаса қ о ң ы р а у л а м а й 

да қойды (Қ.Тұрсынқұлов, Есіңде ме., 188). 

ҚОҢЫРАУЛЫ:  Қоңыраулы  сағат. 

Қоңырауы бар сағат. Сағаттың кең тараған 


361

Байынқол Қалиев

түрі – қ о ң ы р а у л ы  с а ғ а т (Шаңы-

рақ, 77). 

ҚОҢЫРҚАЙЛЫҚ  з  а  т.  Қоңырқай 

тартқандық,  қоңырлық  (Ə.Нұршайықов, 

Махаб. жырлары, 225). 



ҚОҢЫРЛЫҚ  з  а  т.  а  у  ы  с.  Қара-

пайымдылық, сыпайылық. Қ о ң ы р л ы қ

т ы – момындық деп түсініп, Талай есер 

жау  шапқанда  ісініп – Тас  боп  ұйып 

қатырғанбыз  бір  ұрып,  Құм  боп  кейде 

жібергенбіз  сіңіріп  (Ж.Нəжімеденов, 

Ұрпағым., 256). – Қ о ң ы р л ы ғ ы ң д ы кө-

ріп қайдан жуас па деп жүрсем, жатып ата-

рың бар ма еді? (Қ.Ысқақов, Қараорман, 48). 

ҚОПАЙЫС  е  т.  Қодыраю,  күдірею, 

марқаю, əлдеқандай болу. 

ҚОПАЙЫСТАН е т. ж е р г. Қопайыс. 

– Біздің əкеміз де алдыда жүрген бе? – Иə, 

сенің əкең алдыда жүрген... Мен қ о п а й 

ы с т а н ы п қалдым (А.Тілеуханов, Көрші 

келіншек, 63). Əкелерінің атын бұл дəл тап-

са, балалар қ о п а й ы с т а н ы п, марқайып 

қалады (Т.Тілеуханов, Біздің əкелер., 5). 



Қ О П А Й Ы С ТА Н У   Қ о п а й ы с т а н 

етістігінің қимыл атауы. Қулығымды асы-

рып, бетіңді қайтардым ба деген қ о п а й ы 



с т а н у ы н да жасырмады (Т.Тілеуханов, 

Біздің əкелер., 135). 



ҚОПАЙЫСУ  Қопайыс  етістігінің 

қимыл атауы.

ҚОПАҚАРЛАТ  е  т.  ж  е  р  г.  Өсіру, 

ұлғайту, үлкейту. Жай-жағдайды Орынбай 

көпіртіп өсіріп, қ о п а қ а р л а т ы п жет-

кізді (С.Сматаев, Елім-ай, 2, 257). 

Қ О П А Қ А РЛ АТ У   Қ о п а қ а р л а т 

етістігінің қимыл атауы.

ҚОПАЛДАУ с ы н. ж е р г. Еш нəрсеге 

икемі жоқ, орашолақ. Əлде өзім қ о п а л д а 

у м ы н ба, қайдам, əйтеуір кей-кейде қашып 

кеткім  келеді  (О.Сəрсенбаев,  Жақсы-

ның., 70). 

ҚОПАҢШЫЛ  с  ы  н.  Қопаң-қопаң 

етіп қалған, елпектеген. Көпей – қорқақ, 

жалтақ,  қ  о  п  а  ң  ш  ы  л  кісі  (Қаз.  əдеб., 

26.04.1974, 4). 

ҚОПЫН... Қауіпсіз деген бір шатқалға 

келіп,  ағаштан  қ  о  п  ы  н  жасап,  сонда 

орналастық  (Қызылдар  қырғыны, 1993, 

124).  Сонымен,  мамыр  айының  аяғында



қ о п ы н ы м ы з д ы тастап жолға шық-

тық (Бұл да). 



ҚОРА  з  а  т.  к  ө  н  е.  Қомағай,  ашкөз, 

тоймас. Атың қ о р а болса, берді құдай, 

қатының  қ  о  р  а  болса,  ұрды  құдай  (Қаз. 

мақал). 

ҚОРА:  Қора  толсын.  «Қораға  мал 

толсын» деген тілек. Мысалы, мал қоралап 

жатса, «қ  о  р  а    т  о  л  с  ы  н»  деу  керек 

(А.Нүсіпоқасұлы, Ағаш бесік., 2, 39). 

ҚОРАБА  з  а  т. 1. Айран  ұйытатын 

ашытқы  (Т.Ізтілеуов,  Назым, 39). 2. а  у 

ы  с.  Айранның  ашып  кеткен  қалдығы.  

Əйтпесе сен қатын бізге қ о р а б а с ы н

татырмассың, - деді басқалары базына жа-

сап (К.Сегізбаев, Жап-жасыл., 440). 

ҚОРАБАСЫ з а т. Əр қорадан алына-

тын салық. Кенен ақын атанған кез зекет, 

қ о р а б а с ы, пітір, ұшыр тəрізді алым-

салықтардың есепсіз көбейген заманы еді 

(Жұлдыз, 1974, №5, 192). 

ҚОРАЛАНУ...  Шалқасынан  туған 

жаңа ай жүзінде де жұқалаң мұң табындай 

бозамық қ о р а л а н у бар еді (Қ.Қазиев, 

Үркер, 16). 



ҚОРАМАН  з  а  т.  к  ө  н  е.  Білтелі 

мылтық. Анау ойрат қ о р а м а н оқ бүркіп 

жұлып  түсіреді  ғой  (С.Сматаев,  Елім-

ай, 2, 395). 

Қорам  мылтық.  ж  е  р  г.  с  ө  й  л. 

Қараман. Үңгірдің аузына қолына қ о р а м

м ы л т ы қ ұстаған бір еңгезердей қара мер-

ген отырып алды (Ə.Кекілбаев, Үркер, 93). 

Таң атқалы оқ жаудырып тұрған қ о р а м

 м ы л т ы қ т ы ң да үні өшкен (Бұл да). 



ҚОРҒАЛАҢ... Председательдің едəуір 

сағы сынып, көпке дейін қ о р ғ а л а ң халде 

жүрді (М.Қуанышбаев, Тайталас, 137). 

ҚОРҒАЛАУЫҚ с ы н. Біреуді қорғалай 

беретін, қорғанғыш. 

ҚОРҒАЛАУЫҚТЫҚ  з  а  т.  Қорғалай 

бергіштік, қорғанғыштық. Кей бай өзі бі-

реумен күш таластырамын деп жүз кісіге



қ  о  р  ғ  а  л  а  у  ы  қ  т  ы  ғ  ы  н  а  н  жалы-

нып  малын  үлестіріп  жүр  (З.Қиянатұлы, 

Көшпенді., 106). Абайдың  бір  өзі  осы 

жұрнақтың (-лық) көмегімен ондаған жаңа 

атауларды ұсынды: өрлік, қырмызылық, ар-

лылық, тоқтаулылық, қ о р ғ а л а у ы қ т 



ы қ т.б. (Р.Сыздықова, XVIII-XIX ғ. қаз. əд. 

тіл., 234). 



ҚОРҒАНДЫҚ з а т. Қорған болғандық, 

қоршалғандық.  Жоқ,  өзіңнен  зор  шықса 

бойдағы қайраттың, жалған қанат байлаған 

əзəзіл ашудың қ о р ғ а н д ы ғ ы мен қамсауы 

шамалы  екен  (К.Сегізбаев,  Ашылмаған 

сыр, 20). 


362

Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі

ҚОРҒАНЫШ: Қорғаныш белбеуі. ж а 

ң а. Көлікке (машинаға, ұшаққа) отырғанда 



тағынып  алынатын  белбеу.  Көлікте

қ о р ғ а н ы ш  б е л б е у і н тағынбауды, 

бағдаршамның қызыл түсінде зулап өтуді 

кейбіреулер айбын-дəреже көреді (Айқын, 

23.0.2009). 



ҚОРҒАСЫН... 2. а у ы с. Ауыр, зілдей. 

Батыстан қ о р ғ а с ы н қара бұлт шығып, 

көкжиекті  көмкере  қымтап,  бізге  қарай 

жыл-жып  келе  жатты  (Ə.Асқаров,  Таңд., 

400). 

Қорғасын құйған сақадай. Салмақты, 

ауыр.  Ізғұтты  бой  жағынан  шарғылау 

болғанымен,  əкесінің  жанында  балға 

соққан  білегінде  бұлшық  еті  бар,  қ  о  р  ғ 

а с ы н  қ ұ й ғ а н  с а қ а д а й салмақты 

(М.Құмарбекұлы, Жер иесі, 50). 



ҚОРҒАСЫНДА...  Сондықтан  да  көп 

ойыншылар  сақаларын  бүк  немесе  тəйке 

түсетіндей етіп егейді, қ о р ғ а с ы н д а й 

д ы (Ө.Жолымбетов, Айгөлек, 87). 

ҚОРДАЛЫ  с  ы  н.  Көң  мен  қи  үйіліп, 

қорда  болып  қалған  (Е.Тұрысов,  Құралай 

жолы, 26). Өйткені қ о р д а л ы, шаңдақты 

жерлерде шыбын, шіркей, сона көп болады 

(Қазақст. ауыл шаруаш., 1966, №4, 35). 



ҚОРЕКСІЗДІК  з  а  т.  Қорек  тат-

пағандық,  тамақ  ішпегендік.  Төрт-бес 

тəулік  аш  өзектен  шеңгелін  көме  салған 



қ о р е к с і з д і к əлегі буынды алып үл-

гергендей (Жалын, 1974, №4, 6).



ҚОРЕНДІЛЕН  е  т.  Тамақты  көп 

жеу,  мешкейлену.  Жан-жануардың  көбі 

жасы  толған  сайын,  шар  тартып  егде-

ленген  сайын  қ  о  р  е  н  д  і  л  е  н  е  д  і.

Май  жинағыш,  шелденгіш,  шайыр-

ланғыш  келеді  (Ж.Бабалықов,  Қырандар, 

118). 


ҚОРЖЫН:  Қоржын  сөгу.  э  т  н. 

Құдалық  кезінде  күйеу  жігіт  жақтың 

қалыңдық аулына əкелген қоржынын ашу 

жоралғысы (Қаз. этнография., 3, 618). 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   168




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет