Практикалық жұмыс 7-8
Әдістемелік нұсқау
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Жолдардың сипаттау
Жолдарды өңдеу алгоритмдері
Өткізу форматы:жеке, топтық және ұжымдық.
Мақсаты: Жолдармен жұмыстаString, StringBuffer кластарын қолдану
Жолдар
Жолддарды String класының көмегімен жүзеге асырамыз. Жолдарды өзгерту үшін StringBuffer класы қолданылады. Жолдармен жұмыс істеу үшінjava.lang пакетін қолданамыз.
Конструкторлар
Stringтипті объектіні құру үшін new операторы қолданылады. Бос жолды параметрі жоқ конструктордың көмегімен құрамыз.
Strings = new String():
Төмендегі код String типті s объектісін конструкторде берілген символды массивпен инициализациялайды.
char chars[] = { 'а', 'b', 'с' }:
String s = new String(chars);
System.out.println(s):
Бұл фрагмент «abc» жолын баспаға береді.
Сонымен конструктордың 3 параметрі бар:
String(char chars[], int бастапқыИндекс, int символ саны);
Келесі тәсілде осы 3 параметрді қолданайық:
char chars[] = { 'a', 'b', 'с', 'd', 'e', 'f' }:
String s = new String(chars,2,3);
System.out.println(s);
Бұл фрагмент«cde» жолын баспаға береді.
Жолдарды құру
Төмендегі фрагментте s жолы charтипті массивтің көмегімен инициализацияланып құрылған.
String s = "abc";
System.out.println(s);
String класының жиі қолданылатын әдісі - length әдісі. Ол жолдың ұзындығын береді.
String s = "abc";
System.out.println(s.length);
Бұл әдісті жолдық литералдармен де қолдануға болады.
System.out.println("abc".Length());
Достарыңызбен бөлісу: |