Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің грамматикалық категорияларының кейбір ерекшеліктері «Чингиз-наме»


Х. В. Масимова. Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің грамматикалық



Pdf көрінісі
бет5/10
Дата21.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#120380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
... - )[#1126639]-2469303

Х. В. Масимова. Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің грамматикалық... 
Түркілік септік жүйесі қазіргі кезде талас тудырып отырған өзекті 
мәселелер қатарына жатады, сондықтан да оған айрықша мән берілуде. 
Қазіргі түркі тілдерінде септеу парадигмасы біркелкі емес. Мысалы,
қазақ тілінде 7 септік, өзбек тілінде 6 септік, татар тілінде 10 септік 
бар.
Жазба ескерткіштерде көрініс тапқан көне түркілік септеу 
жүйесінде зерттеушілер 9 септік бар екенін айтады. Шағатай тіліне 
қатысты ғылыми енбектерде септіктер жөнінде түрлі пікірлер 
айтылды. Түркітанушы А.М. Щербак көне өзбек тілінде жеті септік бар 
десе [3, 100-110], Хәмит Төмүр мен Абдуруп Полаттар ескі ұйғыр 
тілінде 11 септік бар екенін айтады [4, 25-31]. Түрколог Я. Екманн 
шағатай тілінде тоғыз септік бар деп есептейді [5]
.
Ескерткіштер тіліндегі септік категориялары басқа дәуірлерге тән 
жазба ескерткіштерден және қазіргі ұйғыр тіліндегі септік 
категорияларынан мағыналары, грамматикалық қызметі бойынша көп 
ерекшеленбейді. 
Ескерткіштер тілінде септік жалғаулары дыбыстар үндестігіне 
бағынып та, бағынбай да қолданылғаны байқалады. Сондай-ақ, ерін 
үндестігіне, қатаң және ұяң дауыссыз дыбыстардың байланысына 
көңіл бөлінбейді. 
«Шыңғыс-наме» ескерткіші тілінде жалпы қабылданған алты 
септіктік парадигманың сыртында септіктің ұқсату тұлғалары, 
сонымен қатар орын және нышан-белгі септіктері бар. 
«Тәварих-и мусиқиун» тілінде зат есімдердің 10 септігі бар. 
Атау септік. 
Атау септігінің морфологиялық көрсеткіші 
болмайды. Басқа септік формаларын жасау үшін негіз қызметін 
атқарады. Ескерткіштердегі атау септік қазіргі ұйғыр тіліндегімен 
бірдей болып келеді. Мысалы: Сурнайни... 
Әрдишир 
атлиғ бир киши 
кәшф қилди. 
Ілік септік. 
«Шыңғыс-намеде» ілік септігі 
-ның, -нің, -нуң
жалғаулары арқылы жасалады: Мамайның ләшкәрі, мунуң сөзігә кіріб, 
ләшкәрнің оңы-соңы йетүшді. 

«Тәварих-и мусиқиун» ескерткішінде қазіргі ұйғыр тіліндегі ілік 


септігінің -
ниң 
жалғауы қолданылады. Ілік септік жалғауының 
мән, сән 
сияқты жіктеу есімдіктерге жалғанғанда қосымша құрамындағы [н]
 
дыбысы түсіп қалады. Мысалы: Нәфиси 
мениң 
тәхәллусум. Әбятлар 
сениң 
һәмидиңда әшъарлар һәбибиң нәъитида язғаймән.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет