Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің грамматикалық категорияларының кейбір ерекшеліктері «Чингиз-наме»



Pdf көрінісі
бет9/10
Дата21.10.2023
өлшемі0,51 Mb.
#120380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
... - )[#1126639]-2469303

Ұқсату септігі. 
Бұл септіктегі зат есімдер сөйлемде -
дәк, -тәк 
аффикстері арқылы беріледі. Бұл жалғау теңеу жасауда жиі 
қолданылады. Мысалы: Бейік 
тебәдәк
. Алимлиқда һәзрәти Әбу Нәсир 
Фарабидек, 
һәкимлиқда һәзрәти 
Ибни Синадек, 
шаирлиқта һәзрәти 
Нәвайидек, 
муғәннилиқда тәхи 
Қидирихандек 
ирдилар. Ескерткіште 
басқа септіктер сияқты ұқсату септігі де кей жағдайда түсіп қалады: ... 
ғәрип-йитимлар атаси, фуқира мискинләр рәһнәмаси, 
Жәмшид сәвләт, 


67 
Х. В. Масимова. Жазба ескерткіштердегі есім сөздердің грамматикалық... 
 
Суләйман дәвләт, йолбарс хәшм, Искәндәр һәшм... 
шаһи Хотән 
Әлишир һеким бегим.
Шектеу септігі. 
Ескі ұйғыр тілінде шектеу септігі -
ғәчә, -қәчә, -
гәчә, -кәчә 
аффикстері арқылы берілсе, «Тәварих-и мусиқиунда» -
ғәчә 
варианты және қазіргі ұйғыр тіліндегі -
ғичә 
варианты қолданылады. 
Мысалы: Бу әзизни падишадин 
гудағәчә, 
әвлиядин 
тәрсағәчә 
дост 
тутмайдурған киши йоқ ирди. Өзһал муқамики, әлһал барчә 
муғәнниларғә мәълумдур, биринжи, иккинжи, үчүнжи 
мәрғоләлариғичә 
кәшф қилған ирдилар. 
Көмектес септігі. 
Түркі тілдер дамуының кейінгі дәуірлерінде, 
әсіресе XV ғасырдан бастап көмектес септігі грамматикалық қасиетін 
жоғалтып, септік категориясы ретінде қолданыстан шыққан [9, 61]

Сондықтан -
н, -ын, -ун, -үн 
жалғауларымен берілген көмектес септік 
тұлғасы «Шыңғыс-наме» және «Тәварих-и мусиқиун» тілінде 
байқалмайды. Ежелгі ұйғыр тілі дәуірінде жиі қолданылған бұл жалғау 
«Шыңғыс-наме» және «Тәварих-и мусиқиун» жазылған дәуірге 
келгенде аналитикалық формаларға ауысқан. «Шыңғыс-намеде» бұл 
септік «бірлә, бірлән, білән, білә» сөздерімен, ал «Тәварих-и 
мусиқиунда» бұл септік «билән» септеулігінің көмегімен жасалады. 
Мысалы: ... ханаданның ніъмәті 
бірлә
фәрфәрдә болуб тіләр әрдім кі... . 
... Пәһливан Муһәммәд Көштингир 
билан 
һәмсөһбәттә болдум.
«Шыңғыс-наме» және «Тәварих-и мусиқиун» ескерткіштерінің 
морфологиясын қазіргі ұйғыр тілімен сабақтастықта қарастырудың 
нәтижесінде мынадай қорытындыға келуге болады: 
«Тәварих-и мусиқиун» ескерткіші тіліндегі көптік, тәуелдік, 
септік категорияларының саралануына байланысты сапалық өзгерістер 
– ескі ұйғыр жазба тілі мен қазіргі ұйғыр әдеби тілі аралық, өтпелі 
кезеңнің өзіндік ерекшеліктерінің көрсеткіштері. 
Ескі ұйғыр жазба әдеби тіліне тән грамматикалық, көне 
(архаикалық) формалар Өтеміс қажының «Шыңғыс-наме» және 
Исматулла Мөжизидың «Тәварих-и мусиқиун» трактатында көп 
кездескенімен, ол негізінен жалпыхалықтық тілге негізделген. Жазба 
ескерткіштердің тілі, жалпы алғанда, шағатай дәуірінің және одан 
кейінгі 
классикалық 
жазба 
әдеби 
тілдің 
морфологиялық 
ерекшеліктерін 
сақтаған. 
Алайда 
бірқатар 
грамматикалық 
көрсеткіштер азын-аулақ өзгерістерге ұшыраса, енді бірқатары жаңа 
сапалық өзгерістерге түскен. Бұл ескерткіштер тілінде сондай-ақ, 
үндестік заңының сақталуында бірізділіктің жоқ екені байқалады. 


68 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет