8
Англияда орын алған алғандықтан әдеттегідей жаңбыр болу керек еді және
жаңбыр сол мезетте құйып кетті. Бұл жағдайда пассивтік форма белсенді
түрде аударылып тұр. Кейбір ағылшын етістіктері ауыспалы немесе тура
түрде қолданылады. Мысалы, to flight етістігінің аудармасын пассивтік
формада беру өте қиын. Original samples of Paris clothing have been flown to
London to illustrate lectures to the fashion industry. - Ағылшын сән үлгілерінің
өкілдеріне дәріс барысында көрсетілу үшін Париж әтірлерінің үлгілері
Лондонға ұшақпен жеткізілді. Бұл мысал конверсия жолымен аударылған.
Сөз құрудың бұл амалының өз баламасы жоқ, сондықтан етістің нақтылығын
сақтап қалу үшін қосымша сөздер қосу керек: He was pitchforked into the post
of Ministry of Health.- Оны күтпеген жерден Денсаулық сақтау министрінің
орнына тағайындалды. Пассивтік форма фразеологиялық тіркестерде
қолданылады. Сөйлемдерде олардың лексикалық, грамматикалық өзгертілуі,
орын басуы талап етіледі. Біз пассивтік құрылымды қазақ тілінде ырықсыз
етістегі етістіктен жасалатын құрылымдар деп атаймыз. Бұл құрылымдар
ағылшын тілінде көп таралған. Ол мынаған байланысты: ағылшын тіліндегі
сөйлемнің бастауышы ырықты етістегі құрылымдардың тура толықтауышы
ғана емес, көмектес септігі арқылы жасалуы мүмкін. Ырықсыз етістегі
құрылымдардың тура толықтауышы пассивтік құрылымның көрінісі болады.:
He was sent an invitation by the board- Оған кеңеспен шақыру жіберілді.
Ағылшын тіліндегі пассивтік құрылымдардың шығу тегі субъект емес, іс-
әрекет объектісі белгілі болғанда ғана қолданылады. No conclusion was
arrived-Ешқандай қорытынды шықпады. He is considered a good engineer-Ол
жақсы инженер болып есептеледі. Анықталған іс- әрекет кімге бағытталғаны
белгілі болғанда пассивтік құрылым жүзеге асады. Мысалы: The importance
of new measure taken by the Government сөйлемінде ырықсыз етістегі
баяндауышты көре аламыз. Көпше түрдің үшінші жағында етістік
құрылымдары пассивтік құрылымдар арқылы беріледі. Мысалы: керек, қажет
т.б есімшелерімен жасалады және контекст мағынасына байланысты
аударылады. Мысалы: Бұл кемшіліктерді жою керек- These shortcomings must
be eliminated. Орыс тілінде егер бастауыш немесе баяндауыш ырықсыз етісте
жасалған кезде, ол ырықсыз етіс арқылы жасалады. Блоымсыз мағынада
қолданылып, инфинитивтен тұратын етістікте пайда болады: Дауыстар
естілмейді- No voices to be heard. Қазақ тілінде ырықсыз етіс ағылшын тілінде
де ырықсыз етісте жасалады. Мысалы: Хатқа қол қойылған жоқ- The letter has
not been signed yet.
Достарыңызбен бөлісу: