Ақпаратты басқа бөгде адам оқи алмайтындай етіп, өзгертіп қорғау мəселесі ерте заманнан адамзатты ойландырып келеді. Криптография тарихы адам тілі тарихымен қатарлас дамуда. Тіпті жазудың өзі бастапқыда криптографиялық жүйе болып табылатын, себебі ерте заманда жазуды тек таңдаулылар ғана білді. Ежелгі Египет, ежелгі Индияның қасиетті кітаптары оған мысал бола алады. Цезарь өз хаттарында біраз жүйеленген, өз атымен аталатын шифр пайдаланған.
Жазу кең таралған кезде криптография жеке ғылым ретінде дами бастады.
Криптографиялық жүйелер бірінші жəне екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жақсы дамыды. Соғыстан кейінгі уақыттан бастап осы кезге дейінгі есептеу техникалардың пайда болуы криптографиялық əдістерді құру жəне жетілдіруді жеделдетті.
Ақпаратты қорғау мəселерімен криптология (kryptos – құпия) айналысады.
Криптология екі бағытта дамуда – криптография жəне криптоанализ (криптоталдау).
Криптографияның есебі берілген ашық мəтінді басқа бөгде адам оқи алмайтын түрге келтіретін математикалық əдістерін іздеу болып саналады.
Асимметриялық криптожүйеде ақпаратты шифрлау жəне дешифрлау үшін екі кілт қолданылады. Əрбір қолданушының өзінің ашық жəне құпия (жабық) кілті болады. Хабарды жіберуші хабарды
ашық кілтпен шифрлайды. Қабылдаушы хабарды дешифрлау үшін өзіне ғана белгілі құпия кілтін қолданады.
Криптографиялық әдістерді пайдаланудың негізгі бағыттары-құпия ақпаратты байланыс арналары арқылы беру, берілетін хабарламалардың түпнұсқалығын анықтау, ақпаратты (құжаттарды, деректер базасын) тасымалдаушыларда шифрланған түрде сақтау.