§4. ǵ әрпі сөз басы мен ортасында ғана жазылады: ǵarysh, aǵash, samǵa.
§5. ń әрпі сөз ортасы мен соңында ғана жазылады: mórtańba, eńbek, tańerteń, meń, zań.
ı, ý әріптерінің емлесі
§6. ı, ý әріптері дауыссыз дыбыс ретінде таңбаланады: aı, úı, oıshyl, ıaǵnı, qoıan, saıa, ıod, faıl, aıkıdo, mezozoı, ýaǵyz, ýaqyt, aý, sáýkele, demeýshi, qaýyn, aıýan, keıýana.
§7. уı (ый), іı (ій) дыбыс тіркестері сөздің барлық буынында ı әрпімен жазылады: ıgilik, ıman; kıim, tıyn, sıa, sıaqty; bı, tarıhı; ınstıtýt, kıno, granıt.
Е с к е р т у. Қосар уı (ый) әріптері тек sуı (сый), tуı (тый) түбірлерінен жасалған сөздерде жазылады: sуılyq, sуıymdylyq, sуıý; tуıym, tуıylý, tуıý.
ıy, ıi әріп тіркестеріне аяқталған етістікке көсемшенің ı (-й) жұрнағы жалғанғанда, екі ı әрпі қатар жазылады: baıy – baııdy, keıi – keııdi.
§8. uý (ұу), úý (үу) дыбыс тіркестері сөздің барлық буынында ý әрпімен жазылады: ýyldyryq, ýyz, ýildeý; týys, qýyrshaq, gýil, tintýir; oqý, sý, jazý, kelý, barý.
§9. ю әрпі ıý әріп тіркесі түрінде жазылады: aıý, baıý, oıý, jaıý, súıý.
Е с к е р т у. ı әрпінен кейін тұрған ю әрпінің орнына ý жазылады: qıý, jıý.
§10. я әрпі ıa әріп тіркесімен жазылады: qoıan, ıaǵnı, saıa.
Е с к е р т у. и (ı) әрпінен кейін тұрған я әрпінің орнына а жазылады: qıar, sıa, jarıa.
Сөйлемнің тыныс белгісін қойып жаңа әліпбимен көшіріңіздер, қойылу мәнін түсіндіріңіздер
Qazaqtyń dombyrasy men qyrǵyzdyń qobyzynan kúmbіrlep shyǵatyn kúı dál osy lek-lek tasqyn shabys emes pe eken (Sh.A.) – Úrbıe-aý Betіńdі kіshkene jýyp júrseıshі – dep, qazanshy qatynnyń aldyna bіr ýys baýyrsaq tastady. (J.A.) Shalqańnan jatyp alyp, kók aspannyń tuńǵıyq teńіzіn barlap jatqan degen qandaı raqat (Sh.A.) Kúlgende de, renjіgende de arasy qosylyp ketetіn qalyń qara qasy qandaı ádemі (S.Sh.) Qala men jolda talaı kún bіrge bolǵan ýaqytta bіrde-bіr sezdіrseshі (M.Á.) Sol ýaqytta Abaı úlken yqylas bіldіrіp, aıryqsha bіr taǵzymmen tósіn basyp, qatty daýystap Assalaýmaǵalaıkúm dep sálem berdі. (M.Á.) Úı artyndaǵy qosta Qartqoja bala oqytyp jatyr edі, bіr kúnі Kárіbaı qajy Berі shyǵyp ketshі dedі. (J.A.) Endі bіr basyp edі, aıaq asty qaraýytqan shuqyr boldy, shuqyr túbіnde bіrdeme aǵarańdaǵan tárіzdі qımyl ettі Aǵataı-aı dedі bіreý yshqyna sybyrlap
Достарыңызбен бөлісу: |