Жазудың ең алғашқы түрі өте ерте заманда жасалған. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған



Дата25.04.2023
өлшемі13,84 Kb.
#86554
Байланысты:
Жазудың ең алғашқы түрі өте ерте заманда жасалған


Жазудың ең алғашқы түрі өте ерте заманда жасалған. Жазу қатынас құралы ретінде пайдаланылған суреттер мен шартты белгілерден кейін пайда болған. Адамдардың бір біріне қандай да бір ақпаратты жеткізу қажеттілігі туындағаннан кейін таңбалар бейнеленген бұйымдар қолданылған. Осылайша алғашқы жазу пайда болған. Адамдар алғашқы жазу құралы ретінде саз балшықтан жасалған тақтаны, ағаштың қабығын пайдаланған. Жазу жүйесі таңбалардың жиынтығынан құралған. Ол таңбалар тұтас хабарды, не сөзді, не буынды, не дыбысты белгілейді. Әр таңбаның графикалық формасы, белгілі бір мағынасы болады.
Пиктографиялық жазу. Бұл жазудың ең алғашқы түрі. Пиктографиялық жазу – суретке негізделген жазу. Сондықтан оны кейде сурет жазуы деп те атайды. Пиктографиялық жазудың таңбалары пиктограммалар деп аталады. Яғни ақпарат беру үшін әріптер емес суреттер пайдаланылған. Ал әр сурет бүтіндей бір сөйлемді білдіре алға. Пиктографиялық жазуға таңба ретінде адамның, қайықтың, малдың, тоғайдың… т.б. суреттері қолданған. Мысалы, “мен аң аулауға кеттім” дегенді білдіру үшін адамның суретіне қоса тоғайдың және аңның суреті салынған.
Жазу дамуының келесі кезеңі идеографиялық жазу. Ол ақпараттың иероглифтік жазу арқылы берілуі. Ол иероглифтердін қазіргі иероглифтерден айырмашылығы сөздерді әріппен емес таңбамен(шартты белгімен) белгілеген. Бұл жазудың пиктографиялық жазудан айырмашылығы кейбір сөздердің тұракқты шартты бергілер арқылы берілуі

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет