Үйде оқытылатын балаларды жалпы білім беру мектебінің ОҚу бағдарламаларымен оқыту бойынша әдістемелік ұсынымдар



бет1/2
Дата16.10.2022
өлшемі244,46 Kb.
#43395
  1   2
Байланысты:
ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР


ҮЙДЕ ОҚЫТЫЛАТЫН БАЛАЛАРДЫ ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРУ МЕКТЕБІНІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫМЕН ОҚЫТУ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР
Білім алуға құқығын қамтамасыз ету, білім алуға қажетті әлеуметтікэкономикалық жағдайлар жасау, тегін мектепалды, бастауыш,
негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік білім алу Қазақстан
Республикасының азаматтары үшін білім беру саласындағы мемлекеттік кепілдіктер
болып табылады [1].
Әлемдік тәжірибеде білім алуға тең қолжетімділікті қамтамасыз ететін ең тиімді механизм ретінде инклюзивті білім беру танылды.
Басқа көптеген мемлекеттер сияқты Қазақстан да инклюзивті бағыттағы жалпы білім беретін ұйым барлығы үшін орта білім беруді қамтамасыз ететін, сондай-ақ елде инклюзивті қоғамды құру мен дамытуға ықпал ететін тиімді механизм екендігін мойындайды.
Соңғы жылдары мүгедек балаларға білім беру саласындағы «тең мүмкіндіктер» доктринасына өту үрдісін айқындайтын өзгерістер
білім беру процесі ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды өмірге қажетті ғылымның негіздерін оқытып қана қоймай, баланың қоршаған ортаға бейімделуін қамтамасыз ететін әлеуметтік және тұлғалық маңызды өмірлік құзыреттерді қалыптастыратынын дәлелдейді. Алайда, қазіргі таңда денсаулығына байланысты оқушылардың белгілі бір бөлігі білім беру ұйымдарында емес, үйде оқытылуда. 
Қазақстан Республикасының заңнамасымен денсаулық жағдайына қарай ұзақ уақыт бойы орта бiлiм беру ұйымдарына бара алмайтын
азаматтар үшін үйде тегін жеке оқыту (бұдан әрі – үйде оқыту) ұйымдастыру
қарастырылған. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды орта білім
ұйымдарында немесе арнайы білім беру ұйымдарында тәрбиелеу мен оқыту
медициналық көрсеткіштерге байланысты мүмкін болмаған жағдайда ата-ананың (немесе заңды өкілдердің) мүддесін ескере отырып, белгіленген тәртіпте оқыту үйде жүргізіледі [1,2].
Стандартқа сәйкес үйде оқыту бойынша мемлекеттік қызмет заңды өкілдің өтініші (еркін түрде) бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссия анықтамасының және мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру бағдарламасы жөнінде психологиялық-медициналық-педагогтік консультация қорытындысының негізінде бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарымен көрсетіледі [3].
Әлемдік тәжірибеде медициналық көрсеткіштер бойынша мектепке бара алмайтын балаларды оқытуды ұйымдастыру үшін екі модель қолданылады: үйде оқыту және қашықтан оқыту.
Қазақстанның білім беру жүйесінде үйде білім алушылардың негізгі бөлігі оқытудың отбасылық ортасы мен саны шектеулі мұғалімдер және арнайы педагогтердің келуін қарастыратын дәстүрлі түрде білім алады. 
Шын мәнінде, үйде оқыту білім берудің басқа да түрлері
сияқты міндеттерді шешеді. Дегенмен, мектеп жағдайында оқытатын дәстүрлі түрден
ерекшеленетін оқытудың бұл процесінде берілген ұсынымдарда айқындалатын едәуір күрделі өзгешеліктер бар. 
Әдістемелік ұсынымдарда негізгі ұғымдарды бір мәнде талқылау үшін денсаулық сақтау, халықты әлеуметтік қорғау және білім беру салаларындағы заңнамалық-нормативтік актілермен сәйкес келетін терминологиялық
аппарат қолданылды:
мүмкіндігі шектеулі бала (балалар) - бұл белгіленген тәртіпте тұқым қуалаушылығына, туылғанына, жүре пайда болған жарақатына байланысты өмір әрекетінде белгілі бір шектеулігі бар психикалық және (немесе) дене дамуында ауытқушылығы бар он сегіз жасқа дейінгі бала (балалар); мүгедек
бала - тұрмыс-тіршілігінің шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау
қажеттiгiне әкеп соқтыратын, ауруларға, мертігулерге (жаралануға, жарақаттарға,
контузияларға), олардың зардаптарына, кемiстiктерге байланысты организм
функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығы нашарлаған он сегiз жасқа дейінгі адам;
даму мүмкіндігі шектеулі балалар: есту
қабілеті бұзылған (естімейтін, нашар еститін, кейіннен естімей қалғандар); көру
қабілеті бұзылған (көрмейтін, нашар көретін, кейіннен көрмей қалған);
тірек-қозғалыс аппараты бұзылған; сөйлеу тілі бұзылған; ақыл-ой кемістігі бар;
психикалық дамуы тежелген; эмоциялық-еркi жағынан және мiнез-құлқы бұзылған;
күрделi бұзылыстары бар, оның iшiнде соқыр-саңырау болып қалған балалар; ерекше
білім беруге қажеттілігі бар адамдар (балалар) - денсаулығына байланысты
білім алуда ұдайы немесе уақытша қиындық көріп жүрген, арнайы, жалпы білім
беретін оқу бағдарламалары мен қосымша білімнің білім беру бағдарламаларын
қажет ететін адамдар; дене кемiстiгi
– ағза мүшесінің (мүшелері) дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң ұзақ уақыт
бойы әлеуметтiк, медициналық және педагогикалық түзеу арқылы қолдауды қажет
ететін созылмалы бұзылуы; психикалық
кемiстiк - адам психикасы дамуының және (немесе) жұмыс iстеуiнiң уақытша
немесе тұрақты кемiстiгi, соның iшiнде: сенсорлық бұзылыстардың салдары; сөйлеу
бұзылыстары; эмоциялық-еркi жағынан бұзылыстары; ми зақымдануының салдары;
ақыл-ой дамуының бұзылыстары, соның iшiнде ақыл-ой кемістігі; психикалық
дамуының тежелуi және осыған байланысты оқып-үйренудегі өзiндік қиындықтар; медициналық-әлеуметтiк сараптама -
организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған шектеулі тіршілік-тынысын
бағалау негiзiнде куәландырылатын адамның әлеуметтiк қорғау шараларына деген
қажеттiлiктерiн белгiленген тәртiппен анықтау; психологиялық тексеру – мүмкіндігі шектеулі балалардың психикалық
жағдайының ерекшелiктерi мен психикалық дамуындағы әлеуеттiк
мүмкіндіктерін
анықтау; педагогикалық тексеру–
тиiстi жастағы балаларға арналған жас нормативтерiн ескере отырып, балалардың
ақыл-ой жағынан даму ерекшелiктерiн және олардың ойын ойнауға, бiлiм алу мен
қарым-қатынас жасауға әлеуеттiк мүмкiндiктерiн анықтау; білім беру бағдарламасы – оқытудың мақсатын, нәтижелері мен
мазмұнын, білім беру процесін ұйымдастыруды және оларды іске асыру тәсілдері
мен әдістерін, оқыту нәтижелерін бағалау өлшемшарттарын қамтитын білім берудің
негізгі сипаттамаларының біртұтас кешені; арнайы
білім беру бағдарламалары – мүмкіндігі шектеулі балаларды
оқытуға арналған бағдарламалар; оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні
(сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен
біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама; оқу жоспары – тиісті білім беру деңгейінде білім алушылардың оқу
пәндерінің, сабақтарының (модульдерінің), практикаларының, өзге де оқу қызметі
түрлерінің тізбесін, бірізділігін, көлемін (еңбекті қажетсінуін) және бақылау
нысандарын регламенттейтін құжат;
1. Балаларды үйде оқытуды ұйымдастыру
1.1 «Үйде оқыту» түсінігінің мәні
Әр түрлі елде әр заманда өмір сүрген Я. А. Коменский,
Дж. Локк, И. Г. Песталоцци секілді педагогика ғылымының классиктері объективті педагогикалық теорияны құру үшін тәрбиелеу мен оқыту процестерінің табиғилыққа
сәйкестігіне жетекші рөлді белгілейді [4].
Оқытуды ұйымдастыру мұғалім мен оқушының өзара
әрекеттестігі, оқытудың орны мен уақытының ерекшеліктері, оқушылар саны,
оқытудың мақсаттары, құралдары, мазмұны, әдістері мен нәтижелері жағынан тұтас
жүйелі сипаттаманы көрсетеді. Қалауына қарамастан денсаулық жағдайына
байланысты қалыпты жалпы білім беретін мектепке бара алмайтын балалар болған жағдайда, бұл балаларды жалпы білім беру процесіне қосудың басқа жолдары
қарастырылады. Осындай жағдайлардың көбісінде дене жағынан ауыртпашылықсыз және психологиялық жағынан жайлы оқыту ортасы мен әрбір баланы оқыту үшін жеке ыңғай жасау қажет. Осы орайда, балаларды білім беру процесіне қосудың бір жолы ретіндегі «үйде оқыту» зерттеушілердің үнемі назарын аудартатын объект болған.
Ғылыми-әдістемелік және мерзімдік әдебиеттердегі авторлар әр түрлі синонимдік түсініктерді қолданады: «отбасылық білім беру»,
«үй жағдайында оқыту», «үйде жеке оқыту», «үйде оқыту». Әрқайсысының белгілі бір мағыналық жүктемесі бар. Бірақ барлық аталған түсініктер оқыту процесі үй жағдайында жүретіндігін білдіреді. Осы ұсынымдарда Қазақстан Республикасының нормативті-құқықтық құжаттарына сәйкес «үйде оқыту» ұғымы қолданылады. 
Зерттеушілердің пікірі бойынша, үйде оқыту отбасылық тәрбиенің көп ғасырлық тәжірибесінен айқындалған және кезеңдеп даму процесінде
қалыптасқан білім беру процесінің маңызды саласы ретінде қарастырылады.
Ресейлік ғалым Л. Р. Аркатованың зерттеулерінде үйде оқытудың келесі даму
кезеңдері белгіленген:
− VI– IX ғ.ғ., тәлімгерлік әрекет элементтерінің туындауы;
− Х–ХV ғ.ғ., сарайдағы қалталы адамдардың балаларын үй жағдайында оқыту және «сауаттылық шеберлерімен» отбасылық оқу 
;
− XVI– XVII ғ.ғ., болашақ тақ мұрагерлеріне сарайда білім беру;
− XVIII ғ.ғ., гувернерствоның дамуы, жергілікті ақсүйектер арасында отбасы жағдайында жалпы білім беру;
− XVIII ғ. соңы мен XIX ғ. басы, үйде оқыту мен шіркеулік білім берудің және
мемлекеттік білім беру мекемелерінде оқытудың қатар дамуы; гувернанткалар мен үй тәлімгерлерінен ұлттық кадрлар даярлау;
− XIX ғ. 30 ж. – ХХ ғ. басы, үйде білім беруді оқу мекемелері мен гимназия жанындағы мәртебелі пансиондардағы білімге теңестірілген азаматтық оқытудың бір түрі
ретінде ресми мойындау; педагогикалық әдебиеттер мен басылымдарда үйде оқытудың болашағы мен мәселелерін белсенді талқылау; 
− 1917 жылдан 1962 жылға дейін балаларды үйде оқыту тәжірибесін тоқтату;
− 1962 жылдан бастап үйде білім беруді науқас
балалар мен мүгедек балаларды мемлекеттік оқытудың бір түрі ретінде ресми
мойындау [5].
«Үйде оқыту» түсінігінің заманауи ұлттық білім беру
жүйелерінің талаптарына сәйкес келетін
және инклюзивті білім беру қағидаларына қарсы келмейтін кеңірек ашатын
анықтамасы 2002 жылғы ТМД қатысушы-елдердің Парламентаралық Ассамблеясында
қабылданған «Денсаулық мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға білім беру (арнайы білім
беру) туралы» Үлгілік заңында берілген. Үлгілік заңға сәйкес «... үйде оқыту –
денсаулық жағдайына байланысты уақытша немесе тұрақты түрде білім беру
мекемесіне бара алмайтын жағдайда сәйкес білім беру ұйымының педагогикалық
қызметкерлері, оның ішінде қашықтан оқыту құралдарын қолдану арқылы үйде оқыту
іске асырылатын тұлғаның жалпы білім беретін және кәсіптік білім беру
бағдарламаларын меңгеруі». 
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы бойынша
жеке адамның қажеттіліктері мен мүмкіндіктері ескеріле отырып, білім беру
бағдарламаларының мазмұнына, білім берудің әрбір деңгейін алуға қол жеткізу
жағдайларының жасалуына қарай оқыту күндізгі, кешкі, сырттай оқу, экстернат
және ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар адамдар (балалар) үшін қашықтықтан
оқыту нысанында жүзеге асырылады.
Жалпы алғанда, түсініктің мәнін анықтауда көптеген
зерттеушілер мен практиктер үйде оқыту – бұл білім беру немесе оқыту формасы
емес, ерекше білім беруге қажеттілігі бар балаларды оқыту процесін ұйымдастыру
жағдайлары деген пікірді ұстанады [6]. 
1.2 Үйде оқыту процесінің
нормативті-құқықтық негіздері 
Қазақстандық білім беру жүйесінде денсаулық жағдайына
байланысты ұзақ уақыт бойы орта білім беру ұйымдарына бара алмайтын балалар үшін үйде жеке тегін оқыту қарастырылады. 
Үйде жеке тегін оқытуға «Дәрігерлік-консультациялық
комиссияның қызметі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321
бұйрығына сәйкес үйде оқыту мерзімі көрсетілген баланың денсаулық жағдайы
туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы негіз болып табылады.
Баланың сырқатына байланысты қорытындыда көрсетілген үйде оқыту мерзімі бір
айдан оқу жылының соңына дейін болуы мүмкін. Мүгедектік тағайындалған жағдайда
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы
30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген «Медициналық-әлеуметтік сараптама
жүргізу қағидаларының» №12 қосымшасына сәйкес формада мүгедектік туралы
анықтама беріледі. 
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру
жергілікті ұйымдарымен көрсетілетін мемлекеттік қызмет ретіндегі үйде жеке
тегін оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 8
сәуірдегі № 174 бұйрығымен бекітілген «Арнайы білім беру саласындағы жергілікті
атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік көрсетілетін қызметтер
стандарттарымен» (бұдан әрі - Стандарт) реттеледі. Берілген стандарт «үйде жеке
тегін оқыту» қызметін алу тәртібін анықтайды және бірнеше кезекті кезеңдерді
қарастырады. 
Бірінші кезең мүмкіндігі
шектеулі балаларды тексеру және психологиялық-медициналық-педагогикалық
консультация беруді қарастырады. Тексеру бала тұрып жатқан жергілікті
психологиялықмедициналық-педагогикалық консультациялармен (аудандық, қалалық,
облыстық, қажет болған жағдайда республикалық
психологиялықмедициналық-педагогикалық консультациялар, бұдан әрі - ПМПК)
жүргізіледі. ПМПК-да тексеру үшін ата-ананың (заңды өкілдердің) өтініші, туу
туралы куәліктің көшірмесі (тексеру үшін түпнұсқасы), бар болса - мүгедектігі
туралы қорытындының көшірмесі, денсаулығына байланысты үйде оқыту қажеттілігі
туралы дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы (үйде оқитын балалар
үшін). Қажет болған жағдайда ПМПК № 112/у «Баланың даму тарихы» нысаны, № 027/у
«Амбулаториялық, стационарлық науқастың медициналық картасынан көшірме»
нысанын, білім беру ұйымынан психологиялықпедагогикалық мінездеме, оқыту тілі
бойынша, математикадан жазба жұмыстары, суреттері және іс-әрекетінің басқа да нәтижелерін
қосымша сұратуы мүмкін. Бірінші кезеңнің, яғни тексеру мен психологиялықмедициналық-педагогикалық
консультациялық көмек нәтижесі бала дамуының зияткерлік жағдайы, тағайындалған
диагноздары (неврологиялық, психиатриялық, логопедиялық), қосымша аурулары мен
синдромдары көрсетілген, сондай-ақ оқуы мен түзету-педагогикалық қолдау бойынша
ұсыныстар білім беру бағдарламасы және түзете-дамыта оқытуды ұйымдастыру
жағдайларымен қоса берілген жазбаша түрдегі қорытынды болып табылады. 
Екінші кезең балаларды
үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін бастауыш, негізгі орта, жалпы орта
білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау. Стандартқа сәйкес үйде жеке тегін
оқытуды ұйымдастыру үшін атаананың (немесе заңды өкілдерінің) өтініші, үйде
оқыту бойынша ұсынымдармен коса дәрігерлік-консультациялық комиссияның
анықтамасы, мүгедек балаларға ұсынылатын білім беру оқу бағдарламасы туралы
психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация қорытындысы талап етіледі.
Құжаттарды қабылдау аяқталған соң білім беру ұйымы ата-анаға (немесе заңды
өкілдеріне) үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдағандығы
туралы қолхат береді. 
Үй жағдайында мүгедек балаларды оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу мен қаржылық шығындар бойынша есеп беру «Әлеуметтік-еңбек
саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015
жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығының «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеу» 25-қосымшасына және «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған
шығындарды өтеуді тағайындау және төлеу туралы есеп» 2016 жылғы 19 қаңтардағы №
28 бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады. 
1.3 Үйде оқытуды ұйымдастыру
бойынша жалпы сұрақтар 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013
жылғы 17 мамырдағы № 499 қаулысымен бекітілген «Жалпы білім беру ұйымдары
(бастауыш, негізгі орта және жалпы орта) қызметінiң үлгілік қағидаларында»
(бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) білім беру ұйымдарында білім беру процесін
ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде құрылады, жылдық күнтізбелік жұмыс оқу
кестесімен және сабақтар кестесімен регламенттелетіні айтылған. Сондай-ақ білім
алушылардың, тәрбиеленушілердің оқу жүктемесі, сабақтар режимі мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарттары, санитариялық қағидалар, гигиеналық
нормативтер, оқу жоспарлары мен денсаулық сақтау және білім беру органдарының
ұсынымдары негізінде дайындалған білім беру ұйымдары бекітетін ережелермен
айқындалады.
1.3.1 Үйде жеке тегін оқытудың
үлгілік оқу жоспарлары 
Білім салалары және оқу пәндері, апталық оқу
жүктемесі немесе сыныптар бойынша аптадағы сағат саны білім беру деңгейлері
бойынша үйде жеке тегін оқытудың Үлгілік оқу жоспарымен (бұдан әрі - ҮОЖ)
белгіленеді. Қазіргі таңда жаңартылған мазмұндағы білім беруге көшуге
байланысты ҚР БҒМ бұйрығымен бекітілген үйде жеке тегін оқытудың келесі ҮОЖ-лар
әрекет етеді: 
− бастауыш
білім беру деңгейі үшін 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 (1қосымша) және 2016 жылғы
30 наурыздағы №233 (4-қосымша);
− негізгі
орта білім беру деңгейі үшін 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 (3қосымша) және 2016
жылғы 7 шілдедегі №432 (4-қосымша);
− жалпы
орта білім беру деңгейі үшін 2014 жылғы 25 ақпандағы № 61 (1қосымша). 
Бастауыш білім беру деңгейі үшін жаңартылған
мазмұндағы үйде жеке тегін оқытудың ҮОЖ (ҚР БҒМ 2016 жылғы 30 наурыздағы №233
бұйрығының 4-қосымшасы) 1-сыныптар үшін 2016 жылдың 1-қыркүйегінен, 2-сыныптар
үшін 2017 жылдың 1-қыркүйегінен, 3-сыныптар үшін 2018 жылдың 1қыркүйегінен,
4-сыныптар үшін 2019 жылдың 1-қыркүйегінен бастап әрекет етеді және ол үш білім
саласынан құралады: «Тіл және әдебиет», «Математика және информатика»,
«Жаратылыстану». Сонымен қатар, ҮОЖ бастауыш білім беру деңгейі үшін жалпы
білім беретін оқу пәндерінің қатарын да анықтайды: «Сауат ашу», «Қазақ (немесе
орыс) тілі» (оқу тіліне қарай), «Әдебиеттік оқу», «Орыс (немесе қазақ) тілі»
(бұл жерде Т2), «Ағылшын тілі», «Математика», «Ақпараттық-коммуникациялық
технологиялар», «Жаратылыстану» және қажет болған жағдайда түзету
сабақтары. 
Орта білім беру деңгейі үшін жаңартылған мазмұндағы
үйде жеке тегін оқытудың ҮОЖ (ҚР БҒМ 2016 жылғы 7 шілдедегі №432 бұйрығының
4қосымшасы) 5,7 - сыныптар үшін 2017 жылдың 1-қыркүйегінен, 6,8 - сыныптар үшін
2018 жылдың 1-қыркүйегінен, 9 (10) - сыныптар үшін 2019 жылдың 1қыркүйегінен бастап
әрекет етеді. ҮОЖ бойынша негізгі орта білім беру деңгейінің оқу пәндерін
біріктіретін төрт білі салалары айқындалған: «Тіл және әдебиет», «Математика
және информатика», «Жаратылыстану» және «Адам және қоғам». Қажет болған
жағдайда үйде оқытылатын 5-10 сынып оқушылары үшін психологиялық-педагогикалық
түзеу кабинеттерінде және оңалту орталықтарында белгіленген тәртіп бойынша
түзету көмегі көрсетіледі. 
Орта білім берудің барлық деңгейлеріндегі (бастауыш,
негізгі орта және жалпы орта) ҮОЖ бойынша оқушының жеке мүмкіндіктері мен
мұқтаждығына қарай сағаттардың орындарын ауыстыруға және дәрігердің
келісуімен мектепте өтетін кейбір
сабақтарға қатысуға болатындығын ескерген жөн. 
Үлгілік қағидалардың 20-тармағына сәйкес жалпы білім
беру ұйымдары әрекеттегі ҮОЖ негізінде үйде білім алушы үшін жеке «оқу жұмыс
жоспарларын» әзірлейді. Балаларды үйде оқытатын жалпы білім беретін
мектептердің тәжірибесі бойынша жеке оқу жұмыс жоспары әрбір білім алушыға
бөлек, оның жеке және психофизикалық ерекшеліктерін есепке ала отырып
әзірленетінін көрсетті. Сондай-ақ жеке оқу жоспарын әзірлеуде мектептегі кейбір
сабақтарға қатысу, вариативті компонентті таңдау туралы және т.с.с. сұрақтарға
қатысты білім алушы мен оның ата-анасының (немесе заңды өкілдерінің)
өтініштерін ескеру ұсынылады. Үйде оқытудың жеке оқу жұмыс жоспары жарты жылға
немесе бір оқу жылына әзірленеді және педагогикалық кеңес шешімімен қабылданып,
ата-анасының (немесе заңды өкілдерінің) келісімімен білім беру ұйымының
басшысымен бекітіледі. 
Үйде білім алушының жеке оқу жұмыс жоспарының үлгісі
төменде 
1-кестеде берілген: 
1-кесте.
Үйде білім алушының жеке оқу жұмыс жоспарының үлгісі

Негізгі беттің үлгісі
Педагогикалық кеңес шешімімен «Бекітілді»
«Қабылданды» Директор 
______________________________
(білім
беру ұйымының атауы) __________
ТАӘ
(қолы)
Хаттама № ____ ____________ _______________
( күні)
«Келісілді» ___________ Ата-ананың
ТАӘ
(қолы) немесе заңды
өкілдің
_______________
( күні)
_____________________________ (білім беру ұйымының атауы)


_____ сынып оқушысы
____________________________
(оқушының
ТАӘ)
_______________ оқу жылына
(оқу
кезеңі)
Жеке 
оқу жұмыс
жоспары

Түсінік
жазбаның үлгісі
Түсінік
жазба
Жеке оқу жұмыс жоспары келесідей нормативтік құжаттардың
негізінде
әзірленген: 
1.
2.
3. ...
Оқыту жеке оқу жұмыс жоспарына сәйкес _____ сыныптың жалпы
білім беру бағдарламасы бойынша жүзеге асырылып жатыр. 
Мемлекеттік жалпыға міндетті _______ білім беру стандартына
сәйкес оқу жылының ұзақтығы ____ оқу
аптасын құрайды.
Оқыту қазақ (немесе орыс) тілінде жүргізілетін үйде жеке тегін оқытатын
__________ білім берудің үлгілік оқу жоспарына сәйкес апталық оқу
жүктемесінің көлемі ______ сағатты құрайды.
Сабақтың ұзақтығы
_____ минут. Қажет болған жағдайда
баланың жағдайын есепке ала отырып сабақтар үзілуі мүмкін.
Жеке оқу жұмыс жоспарын орындауда ата-ананың (немесе заңды өкілдердің)
және дәрігердің келісімімен мектептегі кейбір сабақтарға тікелей және онлайн
қатысуға рұқсат етіледі. 
Әлеуметтік бейімдеу және қоғамға кіріктіру, балалар ұжымында өзін жайлы
сезіну, әлеуметтік мәртебесін көтеру мақсатында мектептің ісшараларына және
қосымша білім беруге қатысуы қарастырылады. 

1-кесте (жалғасы) 

5 сынып
үшін жеке оқу жоспарының үлгісі 
(оқыту
қазақ тілінде)

Білім
саласы

Оқу
пәні

Аптадағы сағат саны

Ескерту

Тіл және әдебиет

Қазақ тілі 

1

Мысалы, ағылшын тілінен үйде – 0,5 сағ., қашықтан
(онлайн) – 0,5 сағ.
.

Қазақ әдебиеті

1

Орыс тілі және әдебиеті

1

Ағылшын тілі

1

Математика және
информатика

Математика

4


Жаратылыстану 

Жаратылыстану 

1


Адам және қоғам

Қазақстан тарихы

0,5


Дүниежүзі тарихы

0,5


Барлығы
аптасына 


10



1.3.2 Үйде оқытылатын оқушыларға білім беру
мазмұны 
Білім беру мазмұны - жеке адамның біліктілігі мен
жан-жақты дамуын қалыптастыру үшін негіз болып табылатын білім берудің әрбір
деңгейі бойынша білімдер жүйесі (кешені) [1]. 
Әрбір білім беру деңгейінің мазмұны білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары негізінде әзірленетін пәндер бойынша
үлгілік оқу бағдарламалардың кешені (немесе жиынтығы) болып табылатын жалпы
білім беретін бағдарламалармен айқындалады.
Үлгілік қағидалардың 19-тармағына сәйкес инклюзивтік
сыныптарда оқитын ерекше білім беру қажеттілігі бар балалар, оның ішінде үйде
оқытылатын балалар жалпы білім берудің оқу бағдарламасы немесе жеке бағдарлама
бойынша білім алуы мүмкін. Ал 20-тармақта оқу және тәрбие процесі оқу жұмыс бағдарламаларына
және оқу жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырылатыны атап көрсетілген.
Үлгілік оқу жоспарының вариативті бөлімінің пәндері
(оның ішінде түзету пәндері) бойынша үлгілік оқу бағдарламасы болмаған
жағдайда, сондайақ білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен
мүмкіндіктерін есепке ала отырып үлгілік оқу бағдарламаларын бейімдеу кезінде
үйде білім алушы үшін «жеке оқу жұмыс бағдарламасын» әзірлеу ұсынылады.
Осылайша, үйде оқытылатын оқушылардың пәндік білім
мазмұны жалпы білім беру пәндері бойынша үлгілік оқу бағдарламаларымен, қажет
болған жағдайда білім алушылардың психофизикалық даму ерекшеліктері мен
мүмкіндіктерін, кемістіктің күрделілігін, ерік-жігер саласының ерекшеліктерін,
сырқаттың жүру сипатын есепке ала отырып жасалған үлгілік оқу бағдарламалардың
негізінде әзірленген жеке оқу жұмыс бағдарламасымен анықталады. 
Үлгілік оқу бағдарламаларының (немесе жеке оқу жұмыс
бағдарламалар) негізінде мұғалімдер әрбір пән бойынша күнтізбелік-тақырыптық
жоспарды әзірлейді, ол әдістемелік бірлестіктің отырысында талқыланады және
мектеп басшысымен бекітіледі. 
1.3.3 Оқу уақытын есепке алу және нормасы. Үйдегі оқытылатын білім
алушылардың оқу нәтижелерін қадағалау 
Үйде оқыту сырқатқа байланысты қысқа мерзімді немесе
ұзақ мерзімді болады. Оқудың ұзақтығы дәрігерлік-консультациялық комиссияның
қорытындысында (немесе медициналық анықтама) көрсетіледі және анықтамада
көрсетілген мерзімге байланысты сабақ кестесі жасалады. Үйде оқытылатын баланың
сабақ кестесі сынып жетекшімен құрылады және атаанамен (немесе заңды өкілмен)
келісіліп, мектеп директорымен бекітіледі (2кесте). 
Кестені құру кезінде Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 179 бұйрығымен бекітілген
«Білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар»
санитариялық қағидаларын (бұдан әрі – Санитариялық қағидалар) басшылыққа алу
ұсынылады. Санитариялық қағидалардың талаптарына сәйкес сабақ кестесін құрған
кезде бір күн (және бір аптаның) ішіндегі оқушылардың ақыл-ой еңбегіне
қабілеттілік серпіні ескерілуге тиіс және қиындық бойынша пәндерді саралау
кестесі пайдаланылады (Санитариялық қағидаларға 12қосымша). Апта ішіндегі
жоғары сынып оқушыларына арналған оқу жүктемесі сейсенбі және (немесе) сәрсенбі
күндеріне оның барынша көп көлемі келетіндей; кіші және орта сынып оқушылары
үшін сейсенбі мен бейсенбіге келетіндей бөледі. Осы күндері сабақ кестесіне ең
қиын немесе орташа және жеңіл пәндерді қояды және қалған күндерге қарағанда
пәндердің саны да көбірек болады. Сәрсенбіде кіші және орта сынып оқушылары
үшін жеңілдетілген күн көзделеді. Бір күн ішіндегі баллдың ең аз саны дүйсенбі
және сенбі күндеріне келуі тиіс. 
2-кесте. Үй
жағдайындағы жеке сабақ кестесінің үлгісі 

2-сынып білім алушылары үшін жеке
сабақтар кестесінің үлгісі
«Бекітілді»
«Әзірленді» ___________ сынып
жетекшісінің Директор 
(қолы) ТАӘ
______________ __________
ТАӘ
( күні) (қолы)
_______________
( күні)
«Келісілді» ___________ Ата-ананың
ТАӘ
(қолы) немесе заңды
өкілдің
_______________
(күні)
_____________________________ (білім беру ұйымының атауы)
_____ сынып оқушысы
____________________________
(оқушының
ТАӘ)
_______________ оқу жылына
(оқу
кезеңі)
ЖЕКЕ
САБАҚ КЕСТЕСІ

Күні .
сабақ уақыты 

Дүйсенбі

Сейсенбі 

Сәрсенбі 

Бейсенбі 

Жұма 

1-сабақ
__сағ___мин
_.сағ__мин.дейін.


Математик
а




2-сабақ
__сағ___мин
_.сағ__мин.дейін.


Орыс
тілі 

Қазақ
тілі

Математика


Ағылшын тілі

3-сабақ
__сағ___мин
_.сағ__мин.дейін.



жаратылыстан
у

Әдебиеттік оқу


Қажет жағдайда кестеге түзету
сабақтарын енгізуге болады 

Сабақ кестесі балалардың жеке ерекшеліктерін,
психофизикалық мүмкіндіктері мен қызуғышылықтарын есепке ала отырып, мектептің
оқу жоспарына сай, 40 минуттан аспайтын сабақтың ұзақтығы, кемінде 10 минут
болатын үзіліс ұзақтығын ескере отырып жасалады. 
Бір сабақтың ұзақтығы - 40 минут, арасында 15 минуттық
үзілісі бар. 
Орта білім беру ұйымдарындағы оқу-тәрбие жұмысын
есепке алу сынып журналын жүргізу арқылы жүзеге асырылады. Сынып журналын орта
білім беру ұйымының әрбір мұғалімі электронды немесе қағаз түрінде жүргізуге
міндетті мемлекеттік құжат болып табылады. Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары (немесе директор) мұғалімдерге әр пәнге бөлінген сағат санына сәйкес
оқу жылында білім алушылардың үлгерімі мен қатысуын ағымдық есепке алуға
журналдағы беттер санын бөлу туралы нұсқау береді. 
Мұғалім білім алушылардың білімін жүйелі түрде
тексереді және бағалайды, сондай-ақ мектеп оқушыларының сабаққа қатысуын әр
сабақта белгілейді. Ашылған журналдың сол жақ бетіне мұғалім өткізілген
сабақтың күнін жазады, сабаққа қатыспаған білім алушыларды "ж"
әрпімен белгілейді.
Журналдың ашылған бетінің оң жағына мұғалім өтілген
сабақтың тақырыбын және үй тапсырмасын жазады.
«Мұғалімнің ескертпелері» бағаны жекелеген білім
алушылардың тәртібі туралы, олардың оқу барысындағы жетістіктері мен
кемшіліктері туралы ескертулерді жазуға арналған.
Жазба жұмыстарының бағалары сол жұмыс өткізілген
күннің бағанына қойылады.
Әр оқу тоқсанының қорытынды бағаларын мұғалім пәннің
тоқсандағы соңғы сабағы өткізілген күні белгіленген жазбадан кейін қояды.
Сонымен қатар тоқсандық бағалар білім алушылардың үлгерімі мен тәртібін есепке
алудың жинақтық тізімдемесіне көшіріледі.
Үйде оқытылатын білім алушылардың тегі, үлгерімі,
сыныптан сыныпқа көшу туралы, аралық және мемлекеттік (қорытынды) аттестация
нәтижелері, мектепті бітіру туралы мәліметтер оқушы тіркелген сәйкес сыныптың журналына
енгізіледі. 
Сонымен қатар, әр үйде оқытылатын білім алушыға
сабақтың өткен күні, өткен материалдың мазмұны, сағат саны жазылатын жеке
сабақтарды есепке алу журналы (немесе «үйде жеке тегін оқытудың үлгерім
журналы») болады (3кесте). 
Оқыту мен аралық аттестация (мерзімі мен формасы)
білім алушының ата-анасымен (немесе заңды өкілдерімен) келісілген және білім
беру ұйымының басшысымен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. 
Білім алушылардың білім, іскерлік, дағдыларын
бағалауда әрекеттегі бағалау жүйесі қолданылады. Бағалар «Үйде жеке тегін
оқытудың үлгерім журналында» қойылады. Қажет болған жағдайда әр сабақта ата-ана
оқыту мазмұнымен және оқушының бағаларымен танысу туралы журналға қолын қояды.
«Үйде жеке тегін оқытудың үлгерім журналындағы» бағалар педагогтердің жұмыс
уақытын есепке алу табелін толтырғанға дейін айына бір рет сынып журналына
көшіріледі. 
Үйде оқытуды ұйымдастыру бойынша бақылауды мектеп
директорының бұйрығына сәйкес осы бағытта жетекшілік ететін директордың
орынбасары жүзеге асырады. 
Мүмкіндігі шектеулі білім алушылардың аралық
аттестация нәтижелері, сыныптан сыныпқа көшу туралы ақпарат және мектепті
бітіру туралы мағлұматтар сынып журналына уақытында енгізіледі. 
Үйде оқытылатын білім алушыны келесі сыныпқа көшіру
туралы шешімді оқушыны (үйде) жеке оқыту үшін құрастырылған оқу жоспарының
барлық пәндерінен білім беру бағдарламаларын меңгеруін талдау және жағымды
жылдық бағалар болуының негізінде мектептің педагогикалық кеңесі
қабылдайды.
3-кесте. Үйде жеке сабақтарды есепке алу журналының
үлгісі 

_____________________________________________
(білім
беру мекемесінің атауы / название
организации образования)
Үйде жеке тегін
оқытудың
ҮЛГЕРІМ ЖУРНАЛЫ 
ЖУРНАЛ УСПЕВАЕМОСТИ
индивидуального бесплатного
обучения на дому ______________________
(сынып, тип / класс, тип)
_______________________
(тегі, аты /фамилия, имя) 
_______________________
(оқу жылы / учебный год)
Сынып
жетекшісі: 
Классный
руководитель____________________________________
_____________________________________________________
(ТАӘ толық / ФИО
полностью)

Мазмұны Оглавление



Оқу пәнінің атауы Наименование учкбного предмета

Беті
Стр.























Оқушының оқу үлгерімін және тәртібін көрсететін
жиынтық тізімдемесі /Сводная ведомость учета успеваемости и поведения
учащегося



Оқушы туралы жалпы мәліметтер
Общие сведения об учащемся



Педагогтар туралы жалпы мәліметтер /
общие сведения о педагогах



Сабақ кестесі / Расписание занятий



Сынып журналын жүргізу туралы ескертулер
Замечания о ведении классного журнала





кесте (жалғасы) 

* Пәннің аты
Наименование
предмета
_________________________ 

Мұғалімнің ТАӘ
ФИО
учителя ___________________________


Айы, күні
Число,
месяц

Сабақта
не өтілді
Что
пройдено на уроке

Үй
тапсырмасы Домашнее задание

Мұғалім
ескертпесі / Заметки учителя





















*Пән мұғалімдерімен толтырылады. Қажет жағдайда «мұғалім қолы» немесе «ата-ананың (заңды өкілдің) қолы» деген бағандарды қосуға болады 
** Әрбір оқу пәнінен беттер саны ҮОЖ бойынша оқу жүктемесіне
байланысты.
3-кесте (Жалғасы).
*ОҚУШЫНЫҢ ОҚУ ҮЛГЕРІМІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІН КӨРСЕТЕТІН ЖИЫНТЫҚ ТІЗІМДЕМЕСІ* СВОДНАЯ ВЕДОМОСТЬ УЧЕТА УСПЕВАЕМОСТИ И ПОВЕДЕНИЯ УЧАЩЕГОСЯ*
*Сынып жетекшімен толтырылады
(Жалғасы).
*ОҚУШЫ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР / ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ ОБ УЧАЩЕМСЯ
Оқушының тегі, аты, әкесінің аты
_______________________________________________________________________________
Фамилия, имя, отчество учащегося
__________________________________________________________________________________
Ауру диагнозы/ Диагноз заболевания
__________________________________________________________________________________________________________






















Мектепке дейінгі мекемеде болуы
(қаласы, қайда болды, атауы, болған ай саны, жылы)
Был ли в дошкольном учреждении (город, где посещал,
название,
количество посещенных месяцев, лет)




Әке-шешесінің немесе оларды ауыстырушы адамның тегі,
аты, әкесінің аты
Фамилия, имя, отчество отца, матери или лиц их заменяющих

Ата-анасының жұмыс орны, лауазымы, мекеменің мекен-жайы
телефоны
Должность, название, адрес учреждения, телефон, где
работает указанное лицо

Жанұядағы
0 ден 18-ге дейнгі басқа балалар
тұралы мағлұмат (Т.А., туған күні, мектеп №, сыныбы, басқа мекемелер: колледж,
жоғары оқу орны және
т.б.)
Сведения о других детях в семье от 0 до 18 лет (Ф.И., дата рожд., № школы, класс, д\сад,
название др.учебного заведения: колледж, вуз и пр.)













* Сынып жетекшімен толтырылады
*ПЕДАГОГТАР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР / ОБЩИЕ СВЕДЕНИЯ О ПЕДАГОГАХ



Педаготың
ТАӘ / ФИО педагога

Қызметі/
Деятельность

Байланыс телефондары/ Контакты

Электрондық пошта/ электронная почта

Ескертулер/ Примечание

1

...

Завуч по УВР




2

...

Классный руководитель




3

...

Психолог




4


Специальный педагог




5

...

Учитель математики




6


Учитель химии






... ... ...




* Сынып жетекшімен толтырылады
*Сабақ
кестесінінің көшірмесі / Выписка из расписания занятий 

За период с __________________ по
__________________________ утвержденного Приказом от _____________________
Продолжительность занятий ____________________

За период с __________________ по ________________
утвержденного Приказом от _______________________ Продолжительность занятий
____________________

* Сынып жетекшімен толтырылады

Журналды толтыру
ережесі
§ Барлық
оқу пәндері бойынша жазбалар оқушының оқу тіліне байланысты нақты және ұқыпты
түрде түзетусіз жүргізілуі керек.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет