Аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндіні жараға шығару.
Аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндінің ішастарын байлау.
Аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндінің ішастарын кесу.
Өсінді мобилизациясынан кейін одан соқыр ішекке 1—1,5 см қашықтықта жіңішке жібекпен серозды- бұлшықеттік кисетті тігіс салады. Өсінді негізін екі Кохер қысқышымен қысады. Олардың біреуі — төменгі — шешеді және пайда болған жүлге бойынша өсіндіні кетгут жібімен байлайды. Лигатура және екінші қысқыш арасынан құрт тәрізді өсіндіні скальпель арқылы кеседі, ал культяға йод ерітіндісін жағып кисетті тігіске енгізеді. Кейде кисетті тігіс үстіне үлкен герметикалық үшін Z-тәрізді тігіс салады.

Аппендэктомия. Құрт тәрізді өсіндінің культясын кисетті тігіс ішіне енгізу.
Аппендэктомия. Z-тәрізді тігіс салу.
Өсінді ішпердесінің культясы құрсақ қуысындағы басқа мүшелерге жабысып қалуы мүмкін (шарбы майы, ішек ілмектері), ол ішек өтімсіздігіне әкеледі, сондықтан оны кисетті немесе Z-тәрізді тігіске байлау қажет. құрт тәрізді өсіндіні алып тастаған соң, соқыр ішекті құрсақ қуысына орналастырады. Өсінді ішпердесінен қан ақпайтынына көз жеткізген соң, құрсақ қабырғасының жарасын сатылап толықтай тігеді. Ішастарды үзіліссіз кетгут тігісімен тігеді, ал бұлшықет, апоневроз және тері асты май клечаткасын түйінді кетгут тігісімен тігеді. Теріге түйінді жібек тігістерін немесе металл скобкаларын салады. Кейбір жағдайларда жедел аппендицит кезінде құрсақ қуысына антибиотиктер енгізу үшін жіңішке резиналы немесе хлорвинил түтігін дренаждайды. Резиналы түтік құрсақ қуысында іріңдік болса (выпот) және соқыр ішектің флегмонозды өзгерістері болса орналастырылады. Аппендикулярлы абсцессты ашқан соң резиналы түтікпен бірге құрсақ қуысына бір – екі дәкелі тампон енгізеді