Медбике пациент бөксесінің жоғарғы сыртқы квадрантына бұлшықет инъекциясын жасады. Иненің ұзындығы 20мм, сыйымдылығы 2мл шприц . Бұл кезде қандай асқыну болуы мүмкін?
Абсцесс
Майлы дистрофия
Инфильтрат+
Иненің сынуы
Жүйке сабауының зақымдануы
Медбике пациентке 10% кальций хлорид ерітіндісін енгізді. Нәтижесінде инъекция орнында ісіну, күйдіріп ашыту сезімі пайда болды. Бұл асқыну түрі қандай, оның себебі не?
гематома- ине тамырдың екі қабырғасын тескеннен
некроз- дәрілік зат тері астына кеткеннен+
дәріні қателесіп енгізгеннен
егу орнын дұрыс таңдамау- жүйке сабауының зақымдалуы
сепсис – қанға инфекция түскеннен
Медбике көктамырдан қан алу үшін «ине -ине ұстағыш» жүйесін құрастырып, артынан пробирканы жалғастырды. Содан соң пациентке венепункция жасады. Венепункция кезінде қан пробиркаға өздігінен келмеді, оның себебі не болуы мүмкін?
пациенттің қан қысымы жоғары болғандықтан
пациент қатты қорққандықтан
жүйені көктамырдан тыс құрастырып, пробиркаға ауа кіргендіктен+
пациенттің көктамыр ерекшелігінен
иненің ұшы жіңішке болғандықтан
Инфузиялық терапия кезінде медбике флаконды ауыстыру үшін система тамызғышының толық босауын күтіп, содан соң екінші флаконды жалғастырды. Бұл жағдайда қандай асқыну болуы мүмкін?
инфекцияның қанға енуі
гематома
жүйке сабауының зақымдану
ауалы эмболия+
сепсис
Медбике перифериялық тамырды катетерлеу үшін пациенттің денесінің операция жасалмаған жағының қолындағы жұмсақ, диаметрі кең, катетер ұзындығына сәйкес келетін тамырды, оған ең жіңішке перифериялық көктамыр катетерін таңдап алды. Медбикенің қателігі неде?
қабырғалары тығыздалған көктамырды таңдау керек
пациенттің операция жасалған жағындағы тамырды анықтау керек
диаметрі жіңішке тамырды таңдау керек
ең ірі катетерді таңдау керек
катетерді жіберетін сұйықтыққа байланысты таңдау керек+
Дәрігердің тағайындауы бойынша пациентке 2 күн алдын шеткі көктамыр катетері қойылған. Қарау кезінде катетер айналасында терінің қызаруы, ісінуі, көктамыр бойымен пальпация кезінде ауырсыну байқалады. Бұл қандай асқынудың белгілері болып саналады?
Абсцесс
Эмболия
Сепсис
Катетердің тромбпен бітелуі
Флебит+
Пациентке бициллин инъекциясы тағайындалған. Медбике пациентті таңертең емшара бөлмесіне шақыртып, кушеткаға отырғызды. Инъекция егу орнын босатып, бициллинді дистилденген сумен араластырып, флаконнан ерітіндіні тез сорып алды және жылдам инені енгізіп дәріні бұлшықетке жіберді. Медбикенің жіберген қателігі неде?
бициллин тек күре тамырға енгізіледі
бициллин енгізуден алдын новокаин енгізу қажет
бициллинді дистилденген сумен ерітуге болмайды
бициллинді енгізуден алдын иненің тамырға түспегеніне көз жеткізу қажет+
бициллинді аш қарынға енгізуге болмайды
Достарыңызбен бөлісу: |