Жеңіл ақыл-ой кемістігі бар білім алушыларға арналған бастауыш білім беру деңгейінің 0-4 сыныптары үшін «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


- тарау. «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру



бет3/4
Дата07.01.2022
өлшемі146,74 Kb.
#20504
1   2   3   4
3 - тарау. «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінің мазмұнын ұйымдастыру

20. «Танымдық әрекеттерін түзету» пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі:

1) 0 - сыныпта – аптасына 1 сағат, оқу жылында 32 сағатты;

2) 1 - сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 33 сағатты;

3) 2 - сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

4) 3 - сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты;

5) 4 - сыныпта - аптасына 1 сағат, оқу жылында 34 сағатты құрайды.

21. Бағдарламаның мазмұны келесідей бөлімдерді қамтиды:

1) «Сенсорлық процестерді және кеңістіктікті бағдарлауды дамыту» бөлімі»;

2) «Қимыл – қозғалысын дамыту» бөлімі;

3) «Зиятын дамыту» бөлімі.

22. «Сенсорлық процестер мен кеңістіктік бағдарлауды дамыту» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды:

1) естіп қабылдауын дамыту;

2) көріп қабылдауын дамыту;

3) кеңістік бағдарлауды дамыту;

4) заттардың әртүрлі қасиеттерін қабылдауды дамыту.

23. «Қимыл-қозғалысты дамыту» бөлімі келесідей бөлімшелерді қамтиды: 1) ұсақ моториканы дамыту;

2) кинестетикалық қабылдауды дамыту.

24. «Зиятын дамыту» бөлімі келесідей бөлімшені қамтиды:

1) есте сақтауы мен ойлауды дамыту.

25. 0-сыныпқа арналған «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінің базалық мазмұны:

4

1) естіп қабылдауды дамыту: сөйлеу тілі, табиғи, тұрмыстық, музыкалық дыбыстарды ажырату, таныс адамдардың (ата-аналардың, жақындардың, достардың) дауыстарын тану; дыбысталу көзін анықтау; ойыншықтардың дыбысталу сипаты бойынша бірден ерекшеленетін дыбыстарды екіден таңдау кезінде есту арқылы ажырату; әртүрлі дыбысталуды ажырату және оларды нысандармен (ойыншықпен, суреттермен) салыстыру; музыкалық ойыншықтардың дыбысталуының басы мен соңына ден қою; дыбысталудың оқшаулануын анықтау; қарапайым ырғақты дыбысты ойнату;



2) көріп қабылдауын дамыту: адамның тұлғасына, қозғалмайтын жарық беретін затқа, білім алушының қарама-қарсы орналасқан қозғалмайтын затқа, оның оң және сол жақтарында; үлгі бойынша түстерді таңдау; үлгісі бойынша түсі күрт ерекшеленетін заттарды таңдау (2 қарама-қарсы түсті); тегіс геометриялық пішіндерді (шеңбер, шаршы), еліктеу бойынша көлемді геометриялық фигураларды (шар, текше) саралау; еліктеу бойынша көлемді пішіндер құрастыру; үлгі бойынша таныс заттарды таңдауды күрт ерекшеленуі бойынша жүзеге асыру; көлемді геометриялық пішіндерді (шар, куб) қораптың тиісті тіліктерін итеру, көлемі бойынша қарама-қарсы шамалардың екі затын ажырату (үлкен, кішкентай); сынама әдісімен шаманы есепке ала отырып матрешка, пирамида жинау; заттарды басып алу (қолмен, саусақпен); сыныптастардың жеке заттары мен өз заттарын танып білу, нысандарды көлемі бойынша (заттарды өзара; екі баланың, ересек адамның және білім алушының өсуі бойынша) салыстыра білу;

3) кеңістікте бағдарлауды дамыту: дене бөліктерін (бет, дене) ажырату; еліктеу бойынша кеңістікте берілген бағытта қозғалыс (алға, артқа); педагогтің көмегімен және өз бетінше мектеп үй-жайында бағдарлау; еліктеу бойынша кеңістіктік қатынастарды жаңғырту;

4) заттардың әр түрлі қасиеттерін қабылдауды дамыту: іс-әрекеттің әр түрлерінде тактильдік-қимылдық сезімталдықты қолдану: саздан, пластилиннен, қамырдан мүсіндеу; саусақпен сурет салу; ірі мозаикамен ойнау; ұсақ заттарды сұрыптау; заттарды сезу, саусақпен олардың контуры бойынша

айналдыру; екіден таңдау кезінде көлемді фигуралар мен заттарды үлгіге сәйкес анықтау; Тамақ өнімдерінің дәмін (алма, нан, кәмпит) анықтау; сөйлеу немесе ымдау арқылы таңдау жасай алу, іиістерге жауап қайтару;

5) ұсақ моториканы дамыту: жұдырықты жұму және қысу, саусақтарды бүгу және жазу; саусақтардың ұшымен үстел бойынша домалату; еліктеу бойынша алақанмен (ритм, саны бойынша) шапалақтау; саусақтардан әр түрлі фигураларды жасау; бауға түймелерді, ірі моншақтарды өткізу; заттарды: бұршақтарды, үрме бұршақтарды сорттау; жарманы орау; түймелерді, замоктарды, кнопкаларды, ілгектерді ілу және ашу;

6) кинестетикалық қабылдауды дамыту: түрлі материалдармен (ағаш, металл, су) жанасуына, түрлі эмоционалды-қимыл арқылы қалыпты жауап қайтара білу, қозғалыс жылдамдығын (тез-баяу) ажырату; жануарлардың әрекетіне ұқсас қимылдар жасау; түрлі музыкалық аспаптарда ойнау; түрлі

5

тәсілдер арқылы вербалды емес (мимика, пантомимика) қарым-қатынасты меңгеру;



7) жады мен ойлауды дамыту: 5 суреттен тұратын суреттің қатарын жады бойынша жаңғырту; ойындар мен жаттығулар процесінде шаманың параметрлерін ажырату; заттардың көлемін жады бойынша мүсіндеу; таныс адамдарды фотосуреттерде тану, бірдей заттарды таба білу.

26. 1-сыныпқа арналған «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінің базалық мазмұны:

1) естіп қабылдауды дамыту: екі немесе үш дыбыстардың ішінен (барабан, дудка, бубен) таңдау кезінде шулы және музыкалық аспаптардың дыбыстарын ажырату; әуеннің сипатын саралау (көңілді, қайғылы); қоршаған орта дыбыстарына еліктеу; дыбысталу қарқынын есту арқылы ажырату; шапталақтау, ұрғылау арқылы дауытап буындарды айта отырып дыбысталатын ойыншықтарда ойнау; үш-бес дыбысты таңдауда шулы және музыкалық аспаптардың (сыңғыр, барабан, дудка, қоңырау, бубен, гармошка, қасықтар) дыбысталуын ажырата білу;

2) көріп қабылдауын дамыту: бағдарлауда іздеу тәсілдерін қолдану; заттарды мақсатты бағыттала қарау, жоспарлы түрде бақылау: нысандардың негізгі элементтерін, бөлшектерін, жақын орналасқан (тігінен, көлденеңінен, шеңбер бойымен, алдыға/артқа), қозғалыста тұрған заттарды көру арқылы бақылау; негізгі түстерді (қызыл, жасыл, көк) ажырата алу; қоршаған ортада таныс түстерді таба алу; геометриялық көлемді пішіндерді (шар, шаршы, пирамида) ажырата алу; шаманы (үлкен, кішкентай, ең үлкен) ажырата алу, жаттығулар мен ойындар процесіндегі шама параметрлерін анықтау; үш затты көлемі бойынша салыстыру (үлкен, кіші, ең кіші); заттарды оның бейнесімен салыстыра білу; заттарды сұрау бойынша және өз бетімен тану (заттарды қимылмен, көзбен көрсету), нақты заттарды және олардың алмастырғыштарын ойыншықтарды саралау;

3) кеңістікте бағдарлауын дамыту: дене бөліктерінің кеңістіктікте орналасуында, заттардың өз денесіне қатысты орналасуында бағдарлану; үлгі бойынша жазық және көлемді заттарды тік және көлденең бағытта орналастыру; суреттің бөлігін бояу; оң және сол қолды ажырата білу; үлгі бойынша кеңістіктік қатынастарды қайта жаңғырту;

4) заттардың әр түрлі қасиеттерін қабылдауды дамыту: бағдарлауда іздеу тәсілдерін қолдану: сипау, тексеру; үлгі бойынша көлемді заттың жұбын сипап сезу арқылы таңдау; сұйық және қатты тағамның (ыстық, суық) контрасты температуралық режимдерін ажырату; заттарды салмағы бойынша ажырату (ауыр - жеңіл), тыныс алуды саралау (мұрын демі – ауыз қуысы); иістерді ажырату (жағымды және жағымсыз); өнімдерді дәміне қарай тану; өнімдердің негізгі дәмдік сапасын (ащы, тәтті, қышқыл, тұздалған және т. б.) ажырата білу;

5) ұсақ моториканы дамыту: бір қозғалыстан екінші қозғалысқа бірқалыпты ауысу; таяқшалардан заттардың контурын жасау; пластилиннен жапсыру; трафареттерді штрихтеу; шектеулі кеңістікте түсірілген нүктелер

6

бойынша кескінді контуры бойынша сызу; түрлі музыкалық аспаптарда (пианино, барабан, гитара, труба) ойнауды ұқсатып келтіру;



6) кинестетикалық қабылдауды дамыту: бағдарлауда іздеу тәсілдерін қолдану: сезіну, тексеру; нысандардан шығатын діріл, температура, денеге түсетін қысым, дененің түрлі бағыты (тік, көлденең) бойынша әр түрлі материалдармен жанасуда қалыпты жағдайда бола білу; қарқынды (тез - баяу)

ажырату және жаңғырту; қимыл мен қалпын («Айна» сияқты ойындар арқылы) жаңғырту; жануарлардың қимыл-қозғалысын, қалпын және әрекеттерін ұқсатып келтіру;

7) есте сақтау мен ойлауды дамыту: бірқатар сөздерді қайталау (бес-жеті сөз); үлгі бойынша таныс заттарды, түсі - доминантты белгісі бойынша күрт ерекшеленетін заттарды таңдау (үш қарама-қарсы түсті); қарама қайшылықтарды саралау (тыныш - шу, алыс - жақын); айқын көрінген белгілерімен (түсімен, формасымен, көлемімен) ерекшеленетін заттар мен объектілерді салыстыру (екі-үш); заттарды бір берілген белгі бойынша топтау нысаны, шамасы немесе түсі бойынша; ойыншықтар мен суреттердің берілген орналасуын жаңғырту.

27. 2-сыныпқа арналған «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінің базалық мазмұны:

1) естіп қабылдауды дамыту: дыбысты шулы және музыкалық аспаптардың дыбысын (сылдырмақ, барабан, дудка, қоңырау, бубен, гармошка, қасықтар) үш-бес дыбыстардың ішінен ажырату; дыбыстар санын есту арқылы ажырату: біреу - көп; музыкалық ойыншықтарда ойнау; құстар мен жануарлардың дауыстарын (пластинкаларды) тыңдау кезінде есту арқылы ажырату (екіден-үш дыбысты таңдағанда); сөзден дыбысты бөлу; белгілі бір әріптерден сөз құрастыру (кесілген әріптер); берілген дыбысқа сөздерді таңдау;

2) көріп қабылдауды дамыту: бағдарлауда іздестіру тәсілдерін қолдану: жоспарлы бақылау; жылжымалы қашықтағы объектілерді көру арқылы қадағалау; заттардың жұптарын табу; заттардың негізгі түстерін (төрт түсті) үлгі бойынша, сөз бойынша бөлу; түс қатарының кезектілігін көшіру; заттардың түсі бойынша үлгі бойынша біріктіру; заттарды үлгі бойынша нысан бойынша біріктіру; заттарды үлгі бойынша өлшем бойынша біріктіру; затты оның жеке бөліктері бойынша тану; заттардың негізгі элементтері мен бөліктерін ажырату; заттарды олардың бейнесімен сәйкестендіру; суреттің жетіспейтін бөліктерін салу; суреттерді бояу;

3) кеңістікте бағдарлауын дамыту: дененің бөліктерін (кірпік, тері, шаш, тырнақ) ажырату; тігінен тұрған заттар мен олардың бөліктеріне байланысты (үстінде, астында, жоғарғы, төменгі, алыс-жақын) қатынасын ажырата білу; өз денесіне қатысты кеңістіктегі бағытты анықтау; берілген пәшәндерді әр түрлі тәсілдермен жаңғырту (кесу, сурет салу, қою);

4) заттардың әр түрлі қасиеттерін қабылдауды дамыту: бағдарлауда іздеу тәсілдерін қолдану: сезу, тексеру, үтіктеу, шаю, созу, сығу; әр түрлі өнімдердің қасиетін (сұйық, қатты, тұтқыр, сусымалы) анықтау; үлгі бойынша көлемді

7

затты сипап сезу арқылы табу; үлгі бойынша заттардың көлемі мен пішінін сипап сезу арқылы ажырату; әр түрлі заттардың қарама-қарсы температурасын, заттардың қасиеттерін (жұмсақ, қатты, тегіс, жүнді) ажырату;



5) ұсақ моториканы дамыту: бір статикалық қалыптан екіншісіне ырғаққа өту (алақан – жұдырық); тұрмыста және сабақта нақты қимыл-қозғалысын дамыту (байлау, шешу, жабу); тік, көлденең және көлбеу сызықтармен үлгі бойынша штрихтеу; трафареттерді бастыру; шектеулі кеңістіктегі жапсырылған

нүктелер бойынша кескінді контуры бойынша бастырып шығу; 6) кинестетикалық қабылдауды дамыту: бағдарлауда іздеу тәсілдерін қолдану: сезіну, тексеру; фактураларды және тұтқырлықты тану және атау; табиғи құбылыстарды (жаңбыр, жел) имитациялай білу, қозғалыстағы бұйрықты түсіну және орындау;

7) жады мен ойлауды дамыту: нысандар арасындағы себеп-салдар байланыстарын анықтау (сюжеттік суреттер, оқиғалар); буындардың, ырғақтардың, сөздердің қайта жаңғыртылуы; тұтас – бөлік өзара қарым қатынас орната білу; айқын көрінген белгілерімен (түсімен, формасымен, көлемімен, бөлшектерінің санымен, жеке бөліктердің орналасуымен) ерекшеленетін заттар мен объектілерді салыстыру (екі-төрт); суреттердің берілген қатарынқайта жаңғырту.

28. 3-сыныпқа арналған «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінің базалық мазмұны:

1) естіп қабылдауды дамыту: дыбыссыз дыбыстарды дыбыс қаттылығы бойынша (қатты - тыныш), ұзақтығы бойынша (ұзақ - қысқа) ажырату; дыбыстардың санын ажырату және қайта шығару; дыбыстың сипаттамаларын өз бетінше бөлу; шулы сипаты бойынша әртүрлі дыбыстарды ажырату; шуылға эмоционалды әрекет ету: қолмен қатты және жағымсыз шуылдан қорғай білу, қуанышты мимикамен, есту топтамасымен, жағымды дыбыстарға сәйкес қимылдармен жауап беру;

2) көріп қабылдауды дамыту: заттарды мақсатты түрде қарастыра білу (көзбен тексеру); заттарды жапсыру және үлгі бойынша құрастыру кезінде түстерді кезектестіру; түстерді әрекетке сигнал ретінде пайдалану; түрлі түсті және өлшемдегі жазық геометриялық фигураларды ажырату;

3) кеңістікте бағдарлауды дамыту: дене бөліктерінің орналасуын талдау; қарама - қарсы тұрған адамның денесінде бағдарлау: өзінде және адамда дененің бөліктерін көрсету; «мынау – анау», «алыс - одан әрі, жақын жақынырақ» нысандардың орналасуын ажырату; нысандар арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды олардың кеңістіктік орналасу белгісі бойынша анықтау; қағаз бетінде бағдарлай білу; үлгі бойынша бірнеше заттардың кеңістіктік қатынастарын, ауызша нұсқауды, үлгі бойынша жаңғырту; үлгі бойынша 6-8 бөліктен пәндік суреттер, сюжеттік суреттер жасау, таныс шығарма бойынша сюжеттік суреттердің бірізділігін анықтау;

4) заттардың әртүрлі қасиеттерін қабылдауды дамыту: әр түрлі заттардың ауырлығын ажырату (мақта, шегелер, кесектер); тыныс алуды саралау (мұрын

8

демі – ауыз қуысы); қарама-қарсы иістерді ажырату (гүлді, цитрусты, қылқан жапырақты, ванильді, кофе); таныс және бейтаныс заттарды сезу (көру үлгісі бойынша);



5) ұсақ моториканы дамыту: бейнелерді әрі қарай жалғастырып салу; жол шегінде тік, көлбеу, сынған сызықтардан тұратын жиектастарды, ырғақты ою өрнектермен салу; әртүрлі конфигурациялы толқынды желілерді, көлбеу түзу және пунктирлік сызықтарды, берілген бағыттағы көлденең желілерді кеңістікте шектеусіз, шектеулі кеңістіктегі сызықтарды бағытын өзгерте отырып, жүргізу;

6) кинестетикалық қабылдауды дамыту: жануарларды, ертегі кейіпкерлерін, мультфильмдер мен фильмдердің кейіпкерлерін ұқсатып келтіру; қалпы мен қозғалысын жаңғырту («Айна» түріндегі ойындар); суреттегі іс-әрекетті нақты әрекетпен сәйкестендіру; босаңсыту, бұлшық ет қыспақтарынан босату, кернеуді түсіру, эмоциялық босату элементтерін меңгеру;

7) жады мен ойлауды дамыту: берілген суреттердің қатарын, ойыншықтар мен суреттердің берілген орналасуын жаңғырту, бірқатар символдарды (әріптер, сандар) жаңғырту; бірізділік қатынасын орнату: алдымен – содан кейін; орындалған тапсырманы үлгімен салыстыру; ойындар мен жаттығулар процесінде мән параметрлерін заттармен, жазық фигуралармен, суреттермен және ұсыным бойынша ажырату; негізгі элементтерді, бөлшектерді ажырату; заттық 2 суретте айырмашылықтарды табу; себеп-салдар байланыстарын (сурет, суреттер сериялары, мультфильмдер, мәтін) анықтау; іс-әрекеттерді, қозғалысты жаңғырту; әңгімелеу үшін жоспар құру, затты қолдан жасау; берілген сөздер қатарын (бесеуаралығында) жаңғырту.

29. 4-сыныпқа арналған «Танымдық әрекеттерін түзету» пәнінің базалық мазмұны:

1) естіп қабылдауын дамыту: Ерлердің, әйелдер мен балалардың дауыстарын ажырату; музыкалық аспаптардың дыбысталуын ажырату; 2) көріп қабылдауын дамыту: үлгі бойынша 6-10 бөліктен тұратын пәндік суретті құрастыру; пішіннің, түстің, шаманың белгілеріне қарай ажырату; түстің әрекетке сигнал ретінде (бағдаршам) пайдалану; заттардың пішінін геометриялық пішінмен сәйкестендіру; негізгі түстердің реңктерін ажырату; ойылған суреттерді, толық емес бейнесі бар суреттерді, жетіспейтін белгілері бар суреттерді тану; адамның эмоциялық жағдайын сурет, фотосурет бойынша анықтау; суретте таныс және бейтаныс адамдарды сәйкестендіру және сипаттау; 2 сюжеттегі суреттердегі айырмашылықты табу; шаманың параметрлері бойынша сериялық қатарды орнату;

3) кеңістікте бағдарлауды дамыту: суреттерде кейіпкердің қандай қолмен әрекет ететінін, қандай жағынан тұратынын анықтай білу; заттардың, объектілердің кеңістіктік қатынастарын схема, сөздік Нұсқаулық жоспары бойынша жаңғырту, объектілердің өзара орналасуын бағалау үшін сылтауларды

пайдалану; объектілердің өзара орналасуын сипаттау; объектілердің қатар

9

орналасуын кеңістіктік талдауды орындау;



4) заттардың әр түрлі қасиеттерін дамыту: материалдарды сипаттау бойынша (температура, фактура, ылғалдылық, тұтқырлық) ажырата білу, заттардың, объектілердің, заттардың қасиеттерін сөзбен атай білу;

5) ұсақ моториканы дамыту : фигураларды, ою-өрнектерді үлгі бойынша салу; бояуды, штриховкаларды, контуры бойынша, нүктелері бойынша жиектеуді орындау; суреттерді үлгі бойынша салып бітіру; иірім жіпті байлау, ілмектеу, банттарды, бауларды, лентаны байлау;

6) кинестетикалық қабылдауды дамыту : елестететін заттармен әрекет ете білу; бет пен дененің әртүрлі ұсақ бөліктерінің (көз, ауыз, саусақтар) статикалық және динамикалық қалпын ажырату; әртүрлі тәсілдермен вербалды емес қарым-қатынастарды (мимика, пантомимика) көрсете білу; меңгерілген элементтерден жиектастарды салу;

7) жады мен ойлауды дамыту: бірқатар таңбаларды (әріптерді, сандарды), берілген сөздер қатарын (5-10 шегінде) қайта жаңғырту, тыңдалған сөйлеу материалын (фразаларды, қысқа мәтінді, екі жақты мәтінді) қайта жазу; орындалған тапсырманы: дұрыс, тез, жақсы, әдемі бағалау; тапсырманың өз орындалуын бақылай білу; объектілерді түсі бойынша жіктеу, нысандарды түсі бойынша сериялау (реңк қатарын белгілеу;) түсті қатарда заңдылықтарды орнату; нысаны, көлемі бойынша сериялау; заттардың ерекше қасиеттері бойынша жіктеу; сипаттама бойынша нысандарды тану; заттардың, сызықтардың жазықтықта орналасуында заңдылықтарды орнату.

30. Бағдарламадағы оқу материалының орналасуы үлгілік болып табылады, білім алушылардың ерекшешіктерін ескере отырып мұғалім бағдарламалық материалды өз бетінше үйлестіре алады (тоқсаннан тоқсанға, сыныптан сыныпқа). Мұғалім әр тақырыпты оқыту үшін қажетті сағат санын дербес анықтай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет