Жеңіл атлетика және оны оқыту әдістемесі» (пәнінің атауы) мамандығы бойынша 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»



бет10/51
Дата23.01.2022
өлшемі218,62 Kb.
#24212
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
Байланысты:
Же іл атлетика ж не оны о ыту дістемесі» (п ніні атауы) маманд

Тақырып - 5

Сабақтың тақырыбы: Жүру және жүгіру түрлері

Жоспар:

1. Жүру түсінігі.

2. Жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі түрі.

3. Жеңіл атлетикада секіру түрлері .



Мақсаты: Балаларға жүрудің түрлерін көрсету және оларды  үйрету. Балалардың денсаулықтарын нығайту. Салауатты өмір салтына тәрбиелеу.

Жеңіл атлетика негізінен бес түрлі дене жаттығулары бағыттарынан тұрады, оларға: жүру, жүгіру, секіру, лақтыру және көпсайыс түрлері енеді.

Жүру – адамның табиғи қозғалуының бір түрі болып табылады. Адам жүру арқылы тіршілік жасаудың мүмкіндіктерін ашады, кеңейтеді. Жүру кезінде адам бойындағы барлық бұлшық еттер, сүйектер, ағзалар жұмыс жасау мүмкіндіктерін арттырып бейімделеді, тыныс алу, қан айналымы, зат алмасу жүйелері жұмысы жақсарады.

Спорттық жүрудің жай жүруден айырмашылығы онда адымдау жиілігі мен аяқтың жұмысына басқаша талаптар қойылады. Мысалы спорттық жүру кезінде спортшы бір минутта адым жиілігін 190-200 реттен арта қайталай алады.

Спорттық жүру жарысы кезінде арнайы төрешілер тағайындалып олар спортшының адымдауы кезінде екі аяқ табандары жерден бірдей көтерілмеуін қадағалайды. Спорттық жүріс кезінде аяқ табандарының жерден бірдей көтеріліп кетіп кеңестікте дененің қалқуының пайда болуы, адамның жүгіру түріне өтуі деп саналады. Осындай жағдай болғанда спортшыны жарыстан шығаруға шешім қабылданады. 

Жүгіру – жеңіл атлетиканың негізгі түрі болып саналады. Жүгіру түрлері мен қашықтықтары әртүрлі болып келеді. Жүгіру жағдайы секіру, лақтыру сияқты қозғалыс түрлерінің де құрамында кездеседі.

Жүгіруде адамның адымдауы кезінде дене ұшу, қалықтау жағдайына енуімен ерекшеленеді. Жүгіру, адам организімінің жұмыс жасау қаблетіне үлкен талаптар қойады. Асықпай жай жүгірулер түрлері адамдарды сауықтыру мақсаттарында жиі қолданылады.

Қысқа қашықтықтарға жүгіру (спринт) жылдамдық пен күш қаблеттерін қажет етсе, орта және алсы қашықтықтарға жүгіру жылдамдық пен шыдамдылықты ал кедергілер арқылы жүгіру спортшыдан ептілік пен икемділікті, жылдамдықты талап етеді.

Жеңіл атлетикада жүгірудің төрт түрі бар оларға: тегіс жерде жүгіру, кедергілер арқылы жүгіру, эстафета және табиғи ортада жүгіру түрлері енеді.

Тегіс жерде жүгіру негізінен арнайы дайындалған стадион жолдарында өткізіледі және жүгіру қашықтығына сәйкес қысқа, орта, алыс қашықтық деп бөлінеді. 

Барлық спорттық жүгірулер бағыты бойынша сағат тіліне қарсы орындалады. 

Қысқа қашықтыққа 30 метрден 400 метр аралығы, орташа қашықтыққа 500 ден 2000метр аралығы, алысқа 3000метрден 10000 метр аралығы енсе, тым алысқа жүгіруге 20км. ден 30 км. аралығы және марафондық жүгіру 42км 195метрге жүгіру жатады. 

Кедергі арқылы жүгіру екі түрге бөлінеді: бірі кедергілерден өту және стипл чез. Кедергілерден өту арқылы жүгіру қысқа қашықтыққа 60 метрден 400м аралығында стадиондардың жүгіру жолдарында 5 тен 10-ға дейінгі ара қашықтықтары бірдей кедергілер қойылған жолдарда өткізіледі.

Стипл чез 3000 метр қашықтық аралығында су толтырылған шұңқыры бар кедергілер қойылған жүгіру жолдарында өткізіледі.

Эстафеталық жүгіру – командалық жарыс болып саналады. Жүгіретін қашықтық бойына бірдей қашықтықта спортшылар орналасады. Әр спортшы өз қашықтығын жүгіріп өтіп, қолындағы таяқшаны келесі спортшыға беруі тиіс. Эстафета қашықтығы қысқа, орта және аралас қашықтықта болуы ықтимал. 

Эстафетаны өткізу түрлеріне қарай стадиондағы жүгіру жолын айналып жүгіру, қарама қарсы жүгіру, қала көшелерімен жүгіру т.б. болуы мүмкін.

Табиғи ортада жүгіру (косс) әртүрлі қашықтықта жыл мезгілінің барлық уақыттарында өткізіледі.

Марафондық қашықтыққа жүгіру әртүрлі жолдарда өткзілуі ықтимал, тек жүгіруді бастау мен аяқтау бір жерде болды.

Қазіргі кезде жүгірудің сағаттық, бірнеше сағаттық, сөткелік т.б. түрлері кеңінен қолданылуда.

Жеңіл атлетикада секіру түрлері ұзындыққа және биіктікке секіру деп бөлінеді. Олар орында тұрып және жүгіріп келіп секіру арқылы орындалуы ықтимал. Орында тұрып секіру арнайы жарыстар бағдарламасына енбейді, көбіне жаттығу және сынақ түрінде кеңінен қолданылады.

Жүгіріп келіп биіктікке секіру және сырықпен биіктікке секіру жоғары көлденеңінен қойылған кедергіден өтуге арналған болса, ұзындыққа секіру және ұзындыққа үш аттап секіру түрінде горизантальды бағытта алысқа секіруге негізделген. 

Секірудің барлық түрлері спортшыдан күш, жылдамдық, ептілік, иілгіштік, кеңестікте өзін игеру, бағдарлау сияқты қаблеттерінің жақсы дамуын талап етеді.

Лақтыру орындалу түрлеріне қарай бастан асыра найза, гранат, доп лақтыру енсе, айландыра лақтыруға балға, табақ лақтыру, ал итеруге ядроны итеру жатады. Лақтыру адамнан жылдамдықпен күшті қажет етеді, басты мақсат қолдағы затты неғұрлым алысқа лақтыру болып табылады. Лақтыру кезінде адамнан аз уақыт аралығында қол, аяқ, дененің өте көп мөлшерде күш жұмсауы арқылы жылдамдық, координациялық қаблеттердің үйлесімді жұмыс жасауын қажет етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет