Жеңіл атлетика және оны оқыту әдістемесі» (пәнінің атауы) мамандығы бойынша 0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»



бет50/51
Дата23.01.2022
өлшемі218,62 Kb.
#24212
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
Же іл атлетика ж не оны о ыту дістемесі» (п ніні атауы) маманд

Қалған техникалық түрлері

Іріктеп алу (біліктілік) жарысында әрбір спортшыға 3 мүмкіндік беріледі. Егер негізгі жарыста 8-ден көп спортшы қатысса, онда әрбіреуіне 3 мүмкіндік және жақсы көрсеткіш көрсеткен 8 спортшыға мүмкіндік біткен соң (финалда) тағы да 3-еу беріледі.

Егер спортшылар саны 8 немесе одан да аз болса, онда әрқайсысына 6 мүмкіндік беріледі.

Жеңіл атлетикалық көпсайыс

Көпсайыс құрамына жеңіл атлетиканың жаттығуынан 10 жаттығуға дейін кіреді. Олар- жүгіру, секіру, лақтыру және кедергіден өту.

Ерлердің онсайысы (жазғы маусым): 100м жүгіру, ұзындыққа секіру, ядро лақтыру, биіктікке секіру, 400м жүгіру, 110м кедергімен жүгіру, диск лақтыру, сырықпен секіру, найза лақтыру, 1500м жүгіру.

Әйел адамдардың жетісайысы (жазғы маусым): 100м кедергімен жүгіру, биіктікке секіру, ядро лақтыру, 200м жүгіру, ұзындыққа секіру, найза лақтыру, 800м жүгіру.

Ерлердің жетісайысы (қысқы маусым): 60м жүгіру, ұзындыққа секіру, 60м кедергімен жүгіру, ядро лақтыру, биіктікке секіру, сырқпен секіру, 1000м жүгіру.

Әйел адамдардың бессайысы (қысқы маусым): 60м кедергімен жүгіру, биіктікке секіру, ядро лақтыру, ұзындыққа секіру, 800м жүгіру.



Ережелер

Әрбір көпсайыс түрі үшін спортшылар белгілі ұпай санын алады, олар арнайы кесте арқылы немесе эмпирикалық формула бойынша аударылады. IAAF ресми сөрелері көпсайыс жарыстарында әрқашан еки күн бойы өтеді. Көпсайыс түрлері арасында демелу үшін интервал анықталған. Жарыстың жеке түрлерін өткізу барысында көпсайысқа тән өзгеше түзетулер бар:

-жүгіру түрлерінде бір рет ерте ұмтылу(фальстарт) рұқсат етілген (жай жүгіру түрлерінде бірінші ерте ұмтылудан кейін дисквалификациялайды)

- ұзындыққа секіру және лақтыру кезінде қатысушыға тек қана 3 мүмкіндік қана беріледі; егер белгілі жағдайда стадион автоматтық уақыт межелеуімен жабдықталмаса, онда қол уақыт межелеуімен қолдануға рұқсат етілген.



Спорттық жүріс

Спорттық жүріс – жеңіл атлетиканың олимпиядалық дисциплинасы. Оның негізгі ережесі – әрбір аттаған сайын аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды. Олимпияда бағдарламасында ерлер арасындағы жарыстар стадионнан тыс жерде өткізіледі, ара қашықтығы 20км және 50км, ал әйелдер арасында 20км.



Ережелер

Спорттық жұмыс – жүрушінің аяғы үнемі жермен ұштастыру арқылы кезектестіріп қадамдау болып табылады. Осыны ескере отырып, келесі екі ереже ескерілуі қажет:

-         әрбір аттаған сайын, яғни, алдыға аттаған аяқтың өкшесі жерге тимейінше итерілетін аяқты жерден көтеруге болмайды, демек, спортшының екі аяғы да жерге тимейтіндей көтеріліп кететін фазасы болмауы керек. Бұл фазаны төрешілер мұқият қадағалайды;

-         ең алғашқы сэттен бастап, алдыға қойылған аяқтың тізесіаяқты көтермегенше бүгілмеуі қажет.

Ережені бұзбау үшін төрешілер сары түсті карточка арқылы ескерту жариялауы мүмкін. Карточканың бір жағында көлбеу толқынды сызық бейнеленген, екінші жағында 150 градус бұрышында қосылған екі кесінді бейнеленген.

Егер ереже бұзылса және жүрушіге ескерту берілсе, онда төреші қызыл карточканы үлкен төрешіге жібереді. Егер қызыл карточка ара қашықтықтағы әртүрлі үш төрешіден үлкен төрешіге жіберілсе, онда спортшыны дисквалификациялайды. Бұл жағдайда спортшыға қызыл карточканы көрсету арқылы дисквалификацияланғанын хабарлайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет