Биіктікке секіру жарысы
Жарыстың басында барлық кезең үшін планканың биіктігін арттыру реттілігі анықталады. Әрбір кедергіден өту үшін спортшыға үш мүмкіндік беріледі. Егер спортшы биітікті сәтті секіріп өтсе, онда тағы да үш мүмкіндік алады. Спортшылар қалған бір немесе екі мүмкіндіктерін келесі биіктікке секіру кезіне ауыстыруларына құқылы.
Қатысушылардың кезекті биіктікке секіру кезінде және барлық мүмкіндіктері таусылып, бірдей нәтиже жағдайында бірнеше спортшы ішінде жеңімпаз келесі алгоритм бойынша анықталады:
Теңдік болған жағдайда қай спортшы биіктіктен секіру үшін аз мүмкіндік жасаса, сол басымды орынға ие болады.
Тепе-теңдіктің 1-ші пункті бойынша бүкіл айналым кезінде ең аз сәтсіз мүмкіндігі болған спортшыда артықшылық болады.
Тепе-теңдіктің 2-ші пункті бойынша спортшылар келесі қосымша мүмкіндік берілгенде реттік биіктікке секіріс орындайды. Егер осы биіктіктен секіріп өткенде жеңімпаз анықталмаса, онда ескертілген көлемге дейін түсіріледі (биіктікке секіргенде 2см және сырықпен секіргенде 5см дейін). Егер биіктікке барлық спортшылар секірсе, онда планка осы көлемге дейін көтеріледі, ал егер секіре алмаса-онда осы көлемге дейін түсіріледі, осылай жеңімпаз анықталғанша тусіріліп көтеріле береді.
Басқа орындардың (2ші, 3ші және төмен) нәтижелері бірдей болса, секіріс белгіленбейді, спортшылар арасында алған орындары ғана бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |