Жеңіл атлетика



Pdf көрінісі
бет13/109
Дата06.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#12945
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   109
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


16 
 
 
ІІ БӚЛІМ. ЖЕҢІЛ АТЛЕТИКА ТЕХНИКАСЫ 
 
       Спорттық жҥру 
 
Спорттық  жҥру  -жүрудің  спорттық  түрі.  Әрине,  екеуінің 
айырмашылығы  жер  мен  кӛктей.  Спорттық  жүрістің  негізгі 
ережесі,  әрбір  аттаған  сайын,  яғни,  алға  аттаған  аяқтың  ӛкшесі 
жерге  тимейінше  итерілетін  аяқты  жерден  кӛтеруге  болмайды. 
Демек, адамның екі аяғы да жерге тимейтіндей кӛтеріліп кететін 
фазасы  болмауы  керек.  Бұл  жағдайға  кез  келген  спортшы 
қалыптасып  үйрене  бермейді.  Табиғи  жүрісте  кӛтеріліп  кететін 
фазасы  болады.  Яғни,  жүгірудің  алғы  шарты  орындалады. 
Спорттық  жүріспен  жарысқа  қатысқан  спортшы  жүгіріп  кетпес 
үшін кӛтеріліп кететін фазасын тӛрешілер мұқият қадағалайды. 
Жүру  –адам  қимылдауының  табиғи  тәсілі.  Спорттық 
жүрудің  жай  жүруден  айырмашылығы-  жылдамдығы  жағынан 
тезірек қимылдауы. 
Спорттық жүру бір қалыпты сипатқа ие. Спорттық жүрудің 
ережелері шектеулі. Біріншіден, спорттық жүруде ұшу кезеңдері 
болмауы  қажет,  әрқашан  жерменбайланысболуы  қажет. 
Екіншіден, бірінші шектеуді орындау барысында,  тігінен тұрған 
тірек  аяқ  тізе  буынынан  жазылуы  керек.Спорттық  жүруден 
қарапайым  жүрудің  айырмашылығы:  жаяу  жүрісте  аяқты  тізе 
буынынан  бүгуге  болады,  ал  спорттық  жүрісте  аяқ  тік  болуы 
қажет. 
Спорттық жүрістің негізгі техникасы бірқалыпты қимылды 
құрайды, олекі адымнан тұрады, сол жақ аяқ пен оң жақ аяқтың 
адымы. 
Ол қалып тӛмендегілерден құралады: а) жалғыз тіректің екі 
кезеңі;  б)  екі  тіреудің  екі  кезеңі;  в)    сермейтін  аяқты 
ауыстырудың екі кезеңі.. 
Спорттық  жүрістің  циклін  алты  шабағы  бар  дӛңгелек 
түрінде елестетуге болады. Екі қос шабақ дӛңгелекті екіге бӛледі 
-  екі  тіреудің  кезеңі,  екі  жалғыз  шабақосы  жартыларды  тӛртке 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


17 
 
бӛледі  -жалғыз  тіреудің  кезеңі.  Бір  аяқтың  жалғыз  тірегінің 
кезеңі  басқа  аяқтың  ауысу  кезеңімен  сәйкес  келеді.  Екі  тіректі 
период  ӛте  жылдам  болады,  оны  кӛбі  байқамай  қалады.  Бір 
периодты  тірек  ұзағырақ  болғандықтан  екі  кезеңге  бӛлуге 
болады: 
1) алдыңғы тіректің қатты фазасы; 
2) итеру фазасы. 
Ауысу фазасы да екіге бӛлінеді: 
1) артқы адым фазасы; 
2) алдыңғы адым фазасы. 
Жоғарғы  білікті    жүрушілер  адымдарының  жиілігі 
минутына  190-нан    230  адымға  дейінбарады.  Адымның 
ұзындығы  95  см –ден  130  см  -ге  дейін  болады.  Осылардың 
барлығы  спортшының  аяғының  ұзындығы  мен  бұлшық  етіне 
тығыз байланысты. 
Аяқ-қолдың  қозғалысы,иық  пен  жамбастың  кӛлденең  осі- 
айқасқан, яғни  оң аяқ алға жылжығанда ,сол қол алға жылжиды 
немесе  керісінше.Омыртқа  мен  жамбас  күрделі  бір-біріне 
қарама-қарсы  қозғалады.Итеру  фазасының  соңында  жамбастың 
иілуі артады , ал тік тұрған кезде аяқтардың ауысуы барысында 
азаяды.Жамбастың  ілгері  кейінді  бағытқа  ауытқуы  тіректен 
итерілетін  аяқтың  санын  артқа  апаруға  кӛмектеседі.Сондай-ақ, 
жамбастың кӛлденең осінің иілуі  ӛзгереді: ауыстыру кезінде ол 
сілтейтін  аяққа  қарай  түседі,ал  қос  тірек  кезінде  қайтадан 
түзеледі.Жамбастың  мұндай  сілтейтін  аяққа  қарай  түсуі 
маятниктің  қозғалысына  байланысты.  Бұл  бұлшық  еттерге, 
бағыттаушы санға(бедро), бойын еркін ұстауға кӛмектеседі. 
Омыртқа да ауыстыру кезінде  сілтейтін аяққа қарай иіледі, 
әрбір  қадамда  дененің  кеуде  тұсы    күрделі,  бір  мезгілде  қимыл 
жасайды,  болмашы  бүгіледі  және  жазылады,  екі  жақ  бүйірге 
иіледі және кеудесімен бұрылады. 
Қол  мен  аяқтың,  иық  пен  жамбастың  айқасып  қозғалуы, 
сонымен  қатарәрбір  қадамдағы    кеуде  қозғалысы  дененің  тепе-
теңдігін сақтауға кӛмектеседі. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


18 
 
Спорттық  жүру  кезіндегі  қолдың  қозғалысы  адым  жиілігін 
ұлғайтады,  сондықтан  иықтың  жоғарғы  жақ  бұлшық  еттеріне 
күш түседі. Әсіресе, арақашықтықтың соңғы жағында, шаршаған 
кезде  кӛңіл  аударуға  болады.Қолдың  қозғалысы  былай  жүзеге 
асады;қолдар  шынтақ  буынынан  90°-қа  бүгілген,қолдың 
саусақтары  жартылый  бүгілген,  иықтың  бұлшық  еттері 
босаңсыған. 
Спорттық  жүрудегі    барлық  қозғалудың  негізі  ол-  тепе-
теңдік  әрекет  күші,  бағыты,  қисық  сызықты  траекторияда 
байқалады және күш әсеріне тәуелді. 
Итеру-  бұл  бұлшық  еттің  таза  нәтижесі  емес,  бұлшық  ет 
пен тірекке түсетін инерция күшінің ӛзара әрекеті. 
Тірек неғұрлым қатты болса, итеру кӛлемі соғұрлым үлкен 
болады.  Мысалы,  екі  тірек  алайық:  жүгіретін  жол  және  тегіс 
жол.  Жүгіретін  жол  тегіс  жолға  қарағанда  қатты,  демек, 
жүгіретін жолдағы тірек реакциясының күші кӛбірек болады. 
Итеру күшінің кӛлемі: 
-  тіректің сапасына; 
-  бұлшық етке күш салу кӛлеміне; 
-  инерциялықкүші кӛлеміне; 
-  бұлшық ет пен  күштің қозғалу бағыты; 
-  дененің белсенді салмағының  пассив салмағына карым –
қатынасы  (дененің  белсенді  массасы-бұлшық  ет  массасы, 
дененің  пассив  массасы  -  бұл  спортшының  қалған  дене 
массасы). 
Спорттық  жүрісте  итерудің  күші  ӛте  маңызды.Спорттық  
жүруде  аяқты  тірекке  қою  бұрышы,сондай-ақ,  осының 
нәтижесінде  пайда  болатын  күш  маңызды  болып  саналады. 
Сілтейтін  аяқты  қою  бұрышы  аяқтың  тірекке  жанасуы  кезінде 
анықталады.Бұл  шамамен  айтылған  кӛлем,  бұрыш  тірек 
реакциясы  күшінің  жылдамдығының  векторымен  және  тіректің 
сызығымен  дәл  анықталады.  Аяқты  қою  кезінде  тірекке  қысым 
түсіру  күші  әрекет  ете  бастайды  және  оған  қарама-қарсы 
тіректің реакция күші пайда болады, олардың бағыттары мүлде 
қарама  қайшы.Бұл  күштер  жағымсыз  болып  саналады,  ӛйткені 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


19 
 
жүрушінің    қозғалысына  қарсы  әрекет  етеді  және  қозғалу 
жылдамдығын азайтады. Жүру нәтижелі болу үшін оларды жою 
керек немесе мүмкіндігінше олардың жағымсыз әрекетін кеміту 
керек.  Осыдан  пайда  болған  ауырлық  күші  жылдамдықтың 
ӛзгеруіне  әсер  етпейді.  Жағымсыз  күштердің  әрекетін  үш  түрлі 
жолмен  қалпына  келтіруге  болады:  1)  аяқ  қою  бұрышы  90°  -қа 
жақындау,  аяқ    ДООпроекциясына    мүмкіндігінше  жақын  болу 
керек,  бірақ  адым  ұзындығы азаяды;2) аяқ  қою  амортизациясы, 
алайда  жарыс  ережесі  бойынша  аяқты  тірекке  тізе  буынын 
бүкпей  тік  қою  керек,  яғни  амортизация  болмайды;  3)  итеру 
фазасынан  кейін  аяқты  тіректен  алғаннан  кейін  сандардың  тез 
түйілуі сілтейтін аяқтың инерция күшін арттырады. 
Спорттық  жүру  кезінде  ОЦМ  қозғалысы  түзу  сызықты 
траекторияда  емес,  керісінше  күрделі  қисық  сызықты 
траекторияны орындайды.  
Тік  тұрғанда  теңселудің  кӛлемі  неғұрлым  аз  болса, 
соғұрлым  спорттық  жүрудің  техникасы  тиімді  болады. 
Осылайша,  спорттық  жүрудегі  қозғалыс  жылдамдығына  әсер 
ететін факторлар анықтадыды. 
Жағымды факторларға төмендегілер жатады: 
-  тіректің сапасы 
-  итеру күшінің кӛлемі; 
-  итеру бұрышы; 
-  итеру уақыты; 
-  сермейтін аяқты ауыстыру уақыты. 
Жағымсыз факторларға: 
-  аяқты қою бұрышы; 
-  аяқты қою кезіндегі тіреу реакциясының тежегіш күші. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет