Жеңіл атлетика


Спорттық жҥріс техникасын ҥйрету әдістемесі



Pdf көрінісі
бет87/109
Дата06.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#12945
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   109
Байланысты:
Abdrahmanov

 
Спорттық жҥріс техникасын ҥйрету әдістемесі. 
 
Спорттық  жүріс  жеңіл  атлетиканың  бір  түрі  болып 
саналады  және  кәдімгі  жүрістен  техникасымен  ерекшеленеді. 
Бірақ,  алдымен  бұл  әдістемеге  кӛшпей  тұрып,  кәдімгі  жүрістің 
кемшіліктерін  (жүрісі,  келбеті)  түзеткеніміз  дұрыс.  Жеңіл 
атлетикадағы  бұл  түрінің  бағалау  критерийі  -  табиғилық  және 
үнемділік болады. 
Спорттық  жүріс  техникасын  үйрету  жайындағы  сұраққа 
шешім  табу  үшін,  міндеттері  мен  мақсаттары  бар  әдістер 
ұсынылады. 
1 - міндет.Спорттық жүріс техникасымен таныстыру. 
Спорттық  жүріс  техникасын  оқытушы  кӛрсетеді.Оқытушы 
қимылды  асықпай,  баяу  жылдамдықпен  кӛрсетіп  түсіндіреді. 
Үйренушілердіспорттық 
жүріс 
техникасын 
түсіндіретін 
оқытушыны  алдынан,  жанынан  және  артынан  кӛре  алатындай 
орналасулары керек. Үйренушілерге спорттық жүріс техникасын 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


116 
 
үйрету  барысында  оқытушы  кинопленкада  түсірілген  қимыл-
қозғалыстарды кӛрсеткені жӛн. 
Жүріс  техникасының  кӛрінісінен  кейін,  жаттығушылар 
ӛздері  2-3  рет  50-80м.  ӛтулері  керек.  Оқытушы  үйренішілердің 
жіберген  қателіктерін  кӛрсетіп,  кемшіліктерді  қалай  жоюдың 
нұсқаларын айтуы керек. 
2-міндет.  Спорттық  жүріс  кезіндегі  аяқ  және  жамбас 
қозғалыстарын үйрету. 
Бұл жердегі негізгі әдіс- баяу жүріс. Түзу қойылған аяқ дене 
бұрылысымен  және  қол  қозғалыстармен  бір  уақытта  жерге 
қойылады. Одан ары қозғалыс жылдамдығы, ең алдымен, қадам 
жиілігі арқылы біртіндеп артады. 
Аяқты  жылдам  сілтеп  басуды  үйреткр  алдында  ―ұсақ-ұсақ 
аттау‖  жүрісі  орындалады  (60-80  см  қадам),  шеңбер  бойымен 
жүру(диаметр  5-6  м)  және  ―иреңделген  жүріс‖(2-4  метр  оңға, 
содан  солға).  Бұл  жаттығулар  жүгіретін  жолдың  ақ  сызықтары 
бойынша  немесе  сызылғын  сызық  бойынша  кезектеседі  (50-
60м). 
Жамбаспен  бұрылуды  үйрету  үшін  иық  және  жамбастың 
қарама-қарсы  бұрылу  қимылдары  қолданылады  (иық  оңға, 
жамбас  солға  және  керісінше),  «бұралаңдаған»  жүрісте  оң 
аяқтың қозғалысы алға емес, солға және керісінше жасалады  
Барлық аталған  жаттығулар техникның жеке элементтерін 
меңгеруіне  байланысты  оқыту  барысында  бірнеше  рет 
қайталанады. 
3-міндет.Спорттық 
жүріс  кезіндегі  қол  және  иық 
қозғалыстарын үйрету. 
Спорттық  жүріс  уақытында  қол  тік  немесе  доғал 
бұрыштабүгіліп  тұрып,    тура  қозғалу  керек.  Иықтың  түсіп 
тұруын, ал қолдың емін-еркін қозғалысын қадағалаған жӛн. 
Бұл  мәселені  шешу  үшін  келесі  жаттығулар  ұсынылады: 
«қол  иықтың  немесе  бастың  артына»  қойып  жүру;  қоларын 
алдына 
қойып 
жүру; 
таяқпен 
жүріс, 
таяқ 
шынтақ 
буынында,иықта немесе арқаның артында орналасады. 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


117 
 
Егер қолдың жұмыс амплитудасын кӛбейту мақсаты тұрса, 
онда  қолды түсіріп жүру ұсынылады. Кӛрсетілген жаттығуларда 
жүрістің қашықтығы 100-150 м. Жаттығулардың қайталау саны, 
оның  дұрыс  орындалуынан  және  қозғалыс  жылдамдығын 
меңгеруіне байланысты. 
4 - міндет. Жалпы спорттық жүріс техникасын үйрету. 
Спорттық  жүрісті  меңгеру  барысында,  жалпы,  жеке 
алынған 
элементтерді 
игеруге 
бағытталған, 
әр 
түрлі 
жаттығуларды қайта-қайта мың мәрте қайталаған жӛн. 
Осы  мақсатта  ерекше  кӛңіл  аударатын  жағдайлар:  кеуде 
және  бастың  қалпы;  кеуде  және  аяқ-қол  қозғалыстарының 
жұмсақтығы;  жеткілікті  ұзындықтағы  қадам;  аяқты  еркін 
ауыстыру; ӛкшені дер кезінде жерден алу; барлық қимылдардың 
үйлесімділігі. 
Жалпы  спорттық  жүріс  техникасының  негізгі  оқыту  әдісі: 
әр  түрлі  жылдамдықта  және  әр  түрлі  қашықтықта(400-800  м) 
жасалатын  жүріс,  аяқ-қол,  жамбас,  кеуде  қозғалыстарындағы 
қателіктерді  кӛрсету;  қадамның  ұзындығы  мен  жиілігінің    ара 
қатынасын табатын жүріс. 
5 - міндет.Спорттық жүріс техникасын жетілдіру. 
Спорттық  жүріс  техникасын  жетілдіру  уақытында, 
үйренуші  ӛзіне  ыңғайлы  жүріс  қарқынын  табуы  қажет. 
Жасайтын  қадамның  жиілігі  және  тыныс  алу  мен  дем  шығару 
саны  мен  қадам  санының  арақатынасы,  аяқ-қолдың,  кеуде 
қозғалыстарының    жалпы  бүкіл  қозғалыстрадың  реттелгендігін 
байқаған жӛн. Бұл оқыту кезеңінде  әртүрлі тік құлама жерлерге 
кӛтеріліп  түсу  жүрісікезіндегі  жалпы  және  арнайы  физикалық 
дайындығының    бірте-бірте    арту  деңгейі  маңызды  болып 
табылады(400-2000 м). 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет