Жеңіл атлетика



Pdf көрінісі
бет95/109
Дата06.01.2022
өлшемі1,47 Mb.
#12945
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   109
Байланысты:
Abdrahmanov

3-міндет.  Жүгірудің  техникасы  мен  ырғағын  тосқауылдар 
арасында үйрету. 
Бұл  мәселені  шешу  үшін  жерге  биіктігі  50-60  см,  бір-
бірінен  7  м  қашықтықта  3-5  тосқауылдар  қойылады.  Старт 
сызығынан  бірінші  тосқауылға  дейінгі  қашықтық  7-7,5  м. 
Жаттығушылар  жоғары  старт  қалпынан  бірінші  тосқауылға 
дейін  4  қадам,  ал  кедергілер  арасынан  3  қадам  жасап, 
қашықтықты жеңулері қажет. 
Жүгіру  ырғағы  келесідей  болуы  керек:  бірінші  үш 
қадамның  уақыттары  бірдей,  ал  тӛртінші  жылдам.  Оқытушы 
дауыспен  немесе  шапалақпен  берілген  ырғақты  белгі  береді, 
мысалы: ―Бір, екі, үш – гоп! Бір, екі, үш – гоп!‖ 
Жүгіру  ырғағын  меңгеру  үшін  қадам  ұзындығы  бойынша 
жолды  белгілеп  шығу  керек.  Шамамен  арақатынасы  келесідей 
болуы керек: бірінші бӛлік 105 см, екінші – 130 см, үшінші – 150 
см, тӛртінші – 140  см, итерілу  орнынан тосқауылға дейін – 170 
см. 
4-міндет.Тосқауылдарды еңсеру арқылытӛменгі старт және 
старттық екпін техникасын үйрету. 
Тосқауылды  жеңу  және  жүгіру  ырғағының  техникасын 
меңгерген  соң,  старт  және  старттық  шапшаңдық  техникасына 
кіріседі.  Бұл  үшін  тӛменгі  старт  техникасын  меңгеру  керек,  тез 
жылдамдық  ала  білу  керек  және  бірінші  тосқауылға  дейін  бір 
Ре
по
зи
то
ри
й К
ар
ГУ


130 
 
ырғақпен  жүгіре  білу  керек,  тосқауыл  арқылы  аяқпен  итерілу 
орнына  дұрыс  түсе  білу  керек,  сонымен  қатар  кедергіні  жеңген 
соң жүгіру жылдамдығын арттыру қажет. 
Тӛменгі  старт  қысқа  қашықтыққа  жүгіргендегідей 
ӛткізіледі. Жаттығушылардың екпінді қол қозғалыстарына және 
кеуденің  жылдам  түзелуіне  кӛңіл  бӛлу  қажет.  Оқытудың  басты 
құралы  –  2-3  тосқауылды  жеңіп,  тӛменгі  старттан  жүгіру. 
Үйренудің  бастапқы  кезінде  тосқауылдар  арасы  азайтылуы 
мүмкін. 
5-міндет.Тосқауылды  жүгірудің  техникасын  тұтас  үйрету 
және оны жетілдіру 
Бұл  мәселенің  шешімі  арнайы  жаттығулардың  дүркінді 
қайталауынан, әр түрлі биіктіктегі тосқауыл арқылы жүгіруден, 
саны  кӛбейтілген  әр  түрлі  қашықтықта  қойылған  тосқауылдар 
арқылы  жүгіруден,  тӛменгі  және  жоғарғы  старттан  уақытты 
есептемей және уақытты қадағалап жүгіруден басталады. 
Тосқауылды  әр  түрлі  орналастыру  және  оның  биіктігін 
ӛзгерту  жаттығуды  қызықты  етеді,  олардың  тиімділігін 
арттырады және техниканы меңгеру барысын жеңілдетеді.  
 400  м  тосқауылды  жүгіру  техникасын  үйрету,  қысқа 
қашықтықтағы  тосқауылды  жүгіру  техникасын  меңгергеннен 
кейін болады. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет