Жеңімпазды анықтайық қанекей, Əділқазы сайысты əділ бағалар.
Сайыс соңында əділқазылар алқасы ұпай санын шығарып, қай команданың жеңгенін айтады. Жарыс соңында жеңіске жеткен командаға сыйлықтар тапсырылады. Балаларға арнайы дайындалған алқалар тапсырылады.
Спорт – көркі өмірдің, Спорт- досың, серігің.
Жаттықсаң шымыр боларсың,
Шынығып, өсіп, толарсың, - демекші салауатты өмір салтын ұстанып, спортты серік етейік!
Бүгінгі сайысымыз осымен аяқталды, аман сау болыңыздар!
Өткізген: Арыстанбаева Ш. Тексерген: Алдашева Г.Х 2022-2023 оқу жылы Тəрбие сағатының тақырыбы: Еңбек бәрін де жеңбек Мақсаты:Оқушылардың еңбек туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:Еңбектің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;еңбек жасай білу дағдыларын дамыту,еңбекке қызығушылықтарын арттыру; еңбектенуге, еңбексүйгіштікке тəрбиелеу.
Көрнекіліктер: Нақыл сөздер, мақал-мəтелдер,слайд.
І Ұйымдастыру Шаттық шеңбері: Гүл өсірсең терлеп,
Мұның аты – еңбек. Кесте тіксең зерлеп, Мұның аты – еңбек. Сабағыңды жөндеп, Əзірлесең еңбек. Қиындықтың бəрін, Еңбек қана жеңбек!
Əңгімелесу.
“Еңбек”, “Еңбексүйгіштік”деген ұғымдарды қалай түсінесіңдер?
Еңбек адамға не үшін қажет деп ойлайсыңдар?
Қандай адамды еңбекқор дейміз?
Сендердің қазіргі негізгі еңбектерің қандай?
Жалғасын тап: Еңбек ерлікке жеткізер, …( ерлік елдікке жеткізер )
Еңбек етпей елге өкпелеме, … ( егін екпей жерге өкпелеме )
Еңбек етсең емерсің, … ( ерінбесең жеңерсің )
Еңбегіне қарай — құрмет, … ( жасына қарай – ізет )
Еңбек адамның … ( екінші анасы )
Еңбек – ата, … ( жер – ана)
Еңбек ет те мақтан, … ( ойнап күл де шаттан )
Еңбекке жастан, … ( өнерге бастан )
Балалар, адамға өмір сүру үшін нелер қажет?
Ауа, су, тағам. Ауа, су – табиғаттың адамға берген сыйы. Ал тағам дегенде бірден еске түсетіні – нан. Нан еңбекпен келеді. Осы тағамнан басқасы да адамның өмір сүруіне қажетті киім, білім, үй, оның ішін заттармен толтыру, денсаулығын сақтау бəрі, бəрі, бəрі де еңбекпен келеді
Көрініс: « Қайдан келдің, бауырсақ?»
Дастарханда шашылып, Жатты аппақ бауырсақ.
Бауырсаққа қызығып,
Қарап тұрып көзін сап:
— Қайдан келдің, бауырсақ? – деп сұрады қуыршақ.
— Дүкеннен келдім нан сатқан, деді оған бауырсақ.
— Дүкенге келдің қай жақтан?
— Наубайдан келдім нан жапқан.
— Наубайға келдің қай жақтан?
— Диірменнен келдім ұн тартқан.
— Диірменге келдің қай жақтан?
— Даладан келдім кең жатқан.
Жер анам менің көсілген, Диқандар мені өсірген.
Сергіту сəті « Дұрыс па, бұрыс па?»
Дұрыс болса қол көтереді, бұрыс болса көтермейді.
Қойшы балаларды оқытып жүр.
Жүргізуші машина жүргізеді Аспазшы үй салып жүр.
Дəрігер адамдарды емдейді.
Суретші сахнада əн айтып тұр.
Балалар, қазір біз топтық жұмысқа көшеміз.