Баға – бағалау процесінің қорытындысы, бағалау бойынша іс әрекет немесе қызмет, кері байланыстың сапалы ақпараты.
Белгі – оқушының білім алудағы жетістіктерінің бағасын цифрмен, әріппен немесе басқа да түрде жинақтап өрнектейтін шартты – формальды символ.
Оқушылар білім алуда сапалы нәтижеге қол жеткізу үшін қазіргі бағалау мынандай болуы керек:
- оқу процесіне қатысушылардың барлығына түсінікті;
- икемді;
- көп жабдықты;
- психологиялық жағынан жағымды;
- көп құрылымды.
Оқушының білім алудағы жетістіктерін тиімді бағалау мақсатында мұғалім бағалаудың мынандай түрлерін сәтті қолдануы тиіс:диагностикалық, формативтік (қалыптастырушылық), суммативті (жинақтаушы).
Достарыңызбен бөлісу: |