Эссе
Жеке бастық әлеуметтік,іскер сфералардығы қарым-қатынастардың бұзылу себептері
Ғалымдар қарым - қатынастың бұзылуына әкеліп соқтыратын бес түрлі себепті атап берді. Жиі
алғыс білдірмеу: Қарым-қатынас барысында адамдар бір бірінен төсекте, психологиялық немесе
материалдық тұрғыдан қолдау қалайды. Дегенмен,кей жағдайларда сүйіктіңізге алғыс білдіруді
ұмытпаған дұрыс. Екі жұптың арасында гармония орын алмасуының себебін ғалымдар осында
деп отыр. Сын айту, қорлау: Ұрыс-керіс барысында өзін ұстай алмау, жұбының намысына тиетін
ауыр сөздер айту көптеген жұптарда кездеседі. Келіспеушілік барысында тек қана бір жақты
кінәлап, қысым керсетуге болмайды. Себебі, сүйіктіңіздің көңілі қалуы немесе жүрегіне дақ болып
сақталуы мүмкін. Сезімді жасыру: Өз сезімдеріңізді іште жасырып, құпия сақтаған дұрыс емес,
«керісінше сырыңызды бүкпей, ашық айтуға тырысқан жөн», - дейді ғалымдар. Кез келген реніш
пен келіспеушілікті асықпай отырып, ақылдасып шешкен тиімді. Қарым-қатынасы ағы тоқырау:
Адам да өсімдік сияқты ылғи да өсіп, дамып отыруды керек қылады. Көптеген жұптардың ортақ
мақсаттары болады, дегенмен жеке тұлға ретінде ізденіс пен дамуды тоқтатпағаныны абзал.
Себебі, адамдардың бір бірін тани білгеннен кейін, сүйіктісіне деген қызығушылығының азая
бастайтыны жиі кездеседі. Шындықпен бетпе-бет келу. Мұндай жағдайлар негізінен қарым-
қатынастың алғашқы айларында жиі кездеседі. Адамдар алдымен сезімге ерік беріп, жұбының
шын мәнінде қандай адам екеніне көз жеткізбейді. Нәтижесінде, оның мүлде басқа адам екенін
керіп, тіпті бұрын кермеген кемшіліктерін байқап, өкініп жатады.
Жоғарыда айтқан мәліметтер жеке бастық қатынастарға қатысты айтылған.Бірақ әлеуметтік
қатынастарға да ұқсас. Себебі, адамдар отбасында өзін қалай ұстаса,қоғамда да сол мінез-
құлықты ұстанатыны айтпаса да белгілі. Және оның қырсық, жағымсыз мінезі барлық адамдарға
ұнай бермейді. Сосын қоғамдағы қатынастар бұзылады. Дегенмен де отбасында басқа, жұмыста
мүлдем басқа адамдарбар. Олардың екі жүзді адамдар деп айтсақта болады. Әрине,бұл менің
жеке ойым және барлық адамдарға бірдей топырақ шашпаймын. Себебі, Отбасында да, жұмыста
да,қоғамда да өздерін тек жақсы жағынан көрсететін адамдар да бар.Және олар көбінесе өз
орталарында сыйлы болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |