I.Тақырып: Қан тамырлар саңылауының нервтік және гуморальдық реттелуі. Микроциркуляция. Артериялық пульс.
II. Тақырыптың маңыздылығы:Қан қысымының өзгеруі тамырлар тонусының реттелуінің бұзылуымен байланысты. Тамыр тонусы меншікті және іргелес рефлекстерге байланысты. Алғашқы кезде осы рефлекстердің әсерінен қан қысымы өзін-өзі реттеп қалыпты мөлшерде сақталынады. Бұл механизм зақымдалғанда қысым өзгеріп, организм патологиялық жағдайға ұшырайды. Сондықтан дәрігерлерге тамырлардың нервтік, рефлекстік және гуморальдық реттелу механизімін білу қажет.
Микроциркуляция арнасы – ағзалардағы зат алмасуын қамтамасыз етеді және биологиялық мембраналардың өткізгіштігінің көрсеткіші болып табылады. Аллергия, қабыну, ісіну процестерінің пайда болуы негізінде микроциркуляциялық арнаның маңызы зор.
Пульс - гемодинамиканың, жүрек жұмысының көрсеткіші болып табылады. Диагноз қоюда , пульстің жиілігіне, амплитудасына, ырғақтығына, ширақтылығына назар аудару керек.
III. Сабақтың мақсаты: Студент білуі қажет. 1. Тамырлар саңылауының нервтік, рефлекстік және
гуморальдық реттелуін.
2. Тамыр қозғалтқыш орталық, оның бөлімдерін.
3. Микроциркуляциялық арнаның көрсеткіштері мен
ерекшеліктерін.
4. Артериялық пульсті зерттеу әдістерін игеруін.
Студент орындауы қажет:
Бақаның жүзу жарғағындағы қан айналысын бақылау.
Адам артериялық пульсін пальпация және пульсатахометрия әдістерімен зерттеу.
IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар: 1. Тамырлар саңылауының нервтік, рефлекстік және гуморальдық реттелуі.
2. Тамыр-қозғалтқыш орталық қай жерде орналасқан және қандай бөлімдерден тұрады ?
3. Қандай жүйкелер вазоконстрикторлар және вазодилататорлар деп аталады?
4. Қандай химиялық заттар тамырларды тарылтады және кеңейтеді ?
5. Ренин-ангиотензивтік жүйесі.
6. Микроциркуляциялық арнаның құрылысы.
7. Микроциркуляциялық арнадағы қан ағысының және реттелуінің ерекшеліктері.
8. Артериялық пульс сипаттамасы.
9. Артериялық пульсті пальпация әдісімен анықтау. Пульстік толқын, оның таралу жылдамдығы.
10. Артериялық пульсті пульсотахометрмен тіркеу. Сфигмограмманы талдау.
11. Веналық пульс, флебограмма, оның тістері.
12. Капилляроскопия.