Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет49/102
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138387
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102
Байланысты:
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алм-www.emirsaba.org

5. АС ҚОРЫТУ ФИЗИОЛОГИЯСЫ


І. Тақырып: Ас қорыту. Ас қорытуды зерттеу әдістері. Ауыздағы, қарын дағы астың қорытылуы.


II. Тақырыптың маңыздылығы: Ас қорыту жұесінің дерттері өте жиі кездеседі. Ас қорытуды зерттеу әдістері арқылы дәрігер ішкен астың ішек-қарында қорытылуын, денеге сіңуін анықтай алады. Ауызға, қарынға келіп түскен тағам механикалық, химиялық өңдеуге ұшырап, күрделі ас қорыту үрдістері басталады. Ас қорыту сөлдерінің құрамын білу, олардың бөлінуінің реттелу механизмдерімен танысу болашақ дәрігерлерде клиникалық ой-өрісті дамытады, яғни көптеген ас қорту жүйесінің ағзаларында пайда болған дерттерге дұрыс диагноз қою, адекватты емдеу жолдарын ұсыну, осы аурулардың алдын алу жолдарын көрсету мүмкіншілігін туғызады.
Бала емдеу факультетінде балалардың ас қорыту бездерінің онтогенезде қалыптасуына ерекше көңіл аудару керек.
Болашақ тіс дәрігерлері ауыз қуысында өтетін үрдістер бүкіл тамақтану жүйесіне әсер етуімен қатар организмнің басқа да жүйелеріне (жүрек-тамыр, тыныс алу т.б.) әсерімен танысады. Ішек-қарын түтігінің қызметін қалыпты жағдайда білу арқылы болашақ фармацевттер осы жүйенің патологиялық жағдайларында тиімді дәрі-дәрмек препараттарын ұсынуға жол ашады.


ІII. Сабақтың мақсаты:


Студент білуі қажет:
  1. Ас қорыту жүйесінің қызметтерін зерттейтін клиникалық және физиологиялық әдістерін.


  2. Ас қорыту жолының тәжірибелік зерттеудегі қолданылатын негізгі фистулалық әдістерін.


  3. Ас қорыту жүйесінің құрылысы мен топографиясын (дәрі-дәрмек фак.).


  4. Ауыздағы, қарындағы өтетін астың қорытылуын. Сілекей мен қарын сөлінің құрамын, олардың бөлінуінің реттелуін.


  5. Балалардың ас қорыту бездерінің қызмет ерекшеліктерін (бала емдеу факультеті).




Студент орындауы қажет:
  1. Қарын сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу.


IV. Студенттердің өздігінен дайындалуына арналған сұрақтар:


  1. Ішек-қарын жолының қызметін зерттейтін физиологиялық және клиникалық әдістер.


  2. Сілекей, қарын және ішек сөлдерін алудағы қолданылатын фистулалық операциялар.


  3. Созылмалы тәжірибелер әдістерінің басқа физиологиялық әдістермен салыстырғандағы артықшылықтары.


  4. Шықшыт безінің өзегін сыртқа шығару операциясы.


  5. "Жалған тамақтандыру" тәжірибесі (қарынға фистула қою мен эзофаготомия).


  6. Р. Гейденгайн және И.П. Павлов бойынша жекеленген кіші қарынша жасау әдістері.


  7. Аш ішекке Тири-Велла әдісімен фистула қою операциясы.


  8. Қарын қызметін электрогастрография әдісімен зерттеу.


  9. Қарын сөлінің ферменттік қасиеттерін зерттеу.


  10. Сілекейдің құрамы. Сілекейдің бөлінуі және оның реттелуі.


  11. 1 жасқа дейінгі балалардағы сілекей бөлінуінің маңызы. Жасқа байланысты сілекей мөлшері мен қасиеттерінің өзгеруі (бала емдеу факультеті).


  12. Қарын сөлінің құрамы. Қарын сөлінің бөліну кезеңдері. Балалардағы ерекшеліктері (бала емдеу факультеті).


  13. Қарын сөліндегі тұз қышқылының маңызы.


  14. Ауыз сұйықтығы, оның сілекейден айырмашылығы және физиологиялық маңызы (стом.).






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет