Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


Тақырып: Ас қорыту ағзаларының қимыл әрекеті. Ішектегі астың қорытылуы. Астың сіңуі. Биологиялық мембраналардың бір бағытта өткізу қасиеті



бет54/102
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138387
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102
Байланысты:
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алм-www.emirsaba.org

Тақырып: Ас қорыту ағзаларының қимыл әрекеті. Ішектегі астың қорытылуы. Астың сіңуі. Биологиялық мембраналардың бір бағытта өткізу қасиеті.

IІ. Тақырыптың маңыздылығы: Ішек-қарынның қимыл әрекеті, олардың реттелуі, ішектің әр түрлі бөлімдерінде өтетін ас қорыту түрлері, астың сіңу үрдістерін түсінуге толық мәліметтер береді. Алынған мәліметтер болашақ дәрігерлердің білімін тереңдетіп, ішектің, бауырдың дерттерінің дамуын түсінуінде олардың алдын алу шараларын қолдануға мүмкіндік тудырады. Педиатрия факультетінде балалардың аш ішегіндегі ас қорыту ерекшеліктері мен астың сіңу ерекшеліктеріне көңіл аударылады.


ІII. Сабақтың мақсаты:




Студент білуі қажет:
  1. Қарынның, ішектің қимыл әрекетін, олардың түрлерін, реттелуін.


  2. Ішектегі өтетін ас қорыту түрлерін.


  3. Ішек-қарынның қимыл әрекетін зерттеу әдістерін.


  4. Ас қорыту үрдістеріндегі ұйқы безі мен бауырдың маңызын.


  5. Асты сіңіру және ас сіңіру механизмдерін.




Студент орындауы қажет:
  1. Тәжірибе жүзінде ішектің қимылын тіркеу, ішектің қозғалысына адреналин мен ацетилхолиннің әсерін бақылау.


  2. Вертгеймер тәжірибесінде биологиялық мембраналардың бір бағытта өткізу қасиетін бақылау.


  3. 10%-дық күкірт қышқылының ерітіндісіне малып алынған "тері қапшықтардың" бір бағытта өткізу қасиетінің жойылуын көру.


  4. Тәжірибелердің нәтижелерін суреттер, қорытындылар түрінде көрсету.


IV. Студенттердің өздігінен дайындалуға арналған сұрақтар:


  1. Ас қорыту ағзаларының қимыл әрекеттерін зерттейтін әдістер.


  2. Мастикациография әдісі, мастикациограмманы талдау (стом. ф-ті).


  3. Шайнау еттерінің түрлері (стом. ф-ті ).


  4. Қарынның қимыл әрекеті, астың қарыннан он екі елі ішекке өтуі.


  5. Аш ішектің жиырылуы, ішек қимылдарының түрлері.


  6. Ішек қимылдарының реттелуі.


  7. Ішектегі астың қорытылуы. Балалардағы ерекшелігі (бала емдеу ф-ті).


  8. Ұйқы безі мен бауырдың ас қорыту үрдістеріндегі маңызы.


  9. Қуыстық және мембраналық ас қорыту.


  10. Ас қорыту жолының әр түрлі бөлімдерінде өтетін астың сіңірілуі. Балалардағы ерекшеліктері (бала емдеу ф-ті).


  11. Астың сіңірілу механизмдері.


  12. Бақа ішегінің қимыл әрекетінің реттелуін зерттеу әдісі.


  13. Биологиялық мембраналардың бір бағытта өткізуін зерттейтін әдіс – Вертгеймер тәжірибесі.


  14. Ішек қозғалысын зерттейтін әдістер.


  15. Бақа тік ішегінің қимыл әрекетін, реттелуін зерттеу әдістері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет