Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет56/102
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138387
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102
Байланысты:
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алм-www.emirsaba.org

Жұмысқа қажет заттар: үй қояны, хирургиялық аспап-құралдар, шыны ыдыс, бір ұшы бүгілген шыны түтік (Магнус ілгегі), қысқышты штатив, резеңке баллондар, Энгельман рычагі, кимограф, байлауыш жіп (лигатура), ацетилхолин, адреналин, Рингер-Локк ерітіндісі (жылуы 37-38оС).
Жұмысты орындау. Наркозбен ұйықтатылған үй қоянын шалқасынан жатқызып бекітеді де, оның ішін жарып аш ішегінен ұзындығы 3-5 см кесінді алады. Ішек кесіндісінің бір ұшын шыны ілгекке іліп, жіппен байлап тастайды да, екінші ұшын шыны ілгекке іліп, жіппен байлап тастайды да, шыныдағы Рингер-Локк ерітіндісіне (37-38оС) салады. Резеңке баллонды пайдалана отырып ерітіндіні оттегімен қанықтырады. Бөлініп алынған аш ішек кесіндісінің жиырылу қабілетін кимографқа жазып алады. Рингер-Локк ерітіндісіне ацетилхолин, кейін жаңа Рингер-Локк ерітіндісіне адреналин қосады да, осы заттардың ішек қызметіне (жиырылуына) әсерін байқайды.

Магнус тәжірибесінің схемасы

1 – ішекті бекітуге және ерітіндіні аэрациялауға арналған ілмекті шыны түтік; 2 – ішектің кесіндісі; 3 – термометр; 4 – грушасы бар резеңке түтік; 5 – Энгельман рычагі; 6 – кимограф.



Жұмыс нәтижесін көрсету:

  1. Тәжірибе схемасын суретке салыңыз.


  2. Ішек кесіндісіне ацетилхолин мен адреналин әсерін көрсететін қисық сызықтардың суретін салыңыз.




2-жұмыс. Вертгеймер тәжірибесі.
Жұмыстың мақсаты: биологиялық мембраналардың бір бағытта өткізу қасиетін бақылау.
Жұмысқа қажет заттар: түткіш (препарат жасайтын) аспаптар жинағы, бақа, екі дана дөңгелек тығынды шыны цилиндр, физиологиялық ерітінді, дәке, ұсақ шегелер, метилен көгінің 1%-дық еретіндісі, резеңке баллонмен жалғасқан пипетка, сүлгі-салфеткалар.
Жұмысты орындау. Бақаның артқы сирақтарының терісін сыдырып алып, одан "қапшық" жасайды. Ол үшін қимылы тоқтатылған бақаны белінен кесіп екіге боледі де, оның ішкі ағзаларын алып тастайды. Сол қолмен сегізкөзден ұстап тұрады да, оң қолымен сүлгі салфеткамен сирақ терісін абайлап тартқылап, асық жілік буынына дейін сыдырады. Тізе терісін сыдыру қиын, сондықтан "тері қапты" тұтас сақтау үшін, буын етін теріден ажыратады. Асық жілік буыннан кесіп жіберіп балтыр сүйектерін алып тастайды. Бақаның табаны "тығын" ретінде қалдырылады. Екі "тері қапшықтың" біреуі теріс айналдырылады, екіншісі сол күйінде қалдырылады. "Қапшықтар" дөңгелек тығындарға кигізіліп керіледі де, шеттерін инелермен бекітеді, содан соң физиологиялық ерітінді құйылған екі шыны цилиндрге салынады. Баллонмен жалғасқан пипеткамен әрбір қапшыққа метилен көгінің ерітіндісі құйылады. Физиологиялық ерітінді мен "тері қапшықтардың" сыртын метилен көгімен былғап алмау керек. Бірнеше минуттан соң теріс айналдырылмаған "тері қапшықтың" сырты, 20-30 минут өтісімен цилиндрдегі физиологиялық ерітінді боялады. Теріс айналдырған қапшықтың сырты мен физиологиялық ерітінді боялмайды: метилен көгі ерітіндісі қапшықтан өтпейді. (Сурет-1)

Сурет -1

Биологиялық мембраналардың бір бағытта өткізуінің бұзылуын көрсету. (Сурет -2)
Сурет -2

Көрсету: Алдын ала күкірт қышқылының 10%-дық еретіндісіне малып алса "тері қапшықтардың" екеуі де бір бағытта өткізу қасиетінен айырылады: метилен көгі терінің екі бетіне де өте береді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет