Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


Балалардағы астың сіңірілу ерекшеліктері



бет58/102
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138387
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   102
Байланысты:
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алм-www.emirsaba.org

Балалардағы астың сіңірілу ерекшеліктері
Жас балалардың ішек қабырғасының өткізгіштігі жоғары келеді, әсіресе микроогранизмдер, токсиндер, толық ыдырамаған тағам өнімдері жеңіл сіңеді. Сол себептерден балалық кезде аллергия, диатез аурулары пайда болуы мүмкін. Жаңа туған нәрестенің ішек қабырғасынан гормондар, улы заттар, су ерітінділері тез өтеді. Ана сүтінен гормондар, иммундық денелер өтеді.

Мәселелік тапсырмалар
  1. Иттің ауыз қуысына құм түскен. Оған сілекей бөліне ме?


  2. Бір итті етпен, екіншісін нанмен тамақтандырады. Егер тағамдардың салмағы бірдей болса, олардың сілекейлерінің құрамы мен мөлшері бірдей бола ма?


  3. Екі иттің итаяғына ет, бірақ біреуіне түйір, екіншісіне ұнтақ түрінде салады. Егер тағамдардың салмақтары бірдей болса, сілекей құрамы мен мөлшерінде айырмашылық байқала ма?


  4. Өңеші зақымдалған итте қарын сөлі бөлінуінің таза 1 кезеңін бақылауға бола ма?


  5. Екі иттің венасына басқа иттердің қаны енгізілген. Біреуінде қарын сөлі бөліне бастаған, екіншісінде жоқ. Донор иттер қан аларда қандай жағдайда болған?


  6. Төменде көрсетілген заттардың қайсысы қарын секрециясының эндогенді ынталандырушысы болып табылады? Гистамин, гастрин, энтерогастрон, тұз қышқылы, аскорбин қышқылы, көкөніс шырындары, пептондар, энтерокиназа, секретин.


  7. Иттің қарын қуысына фистула арқылы 500 г ұсақ моншақтар салады. Мұндай жағдайда қарын бездерінен сөл бөліне ме?


  8. Қалыпты жағдайда ішек эпителиі бетінде микротүтіктерінің арасынан қанға микробтар өте ме? Неге?


  9. Қарынның пилорус бөлімінің рН-реакциясы қышқыл, ал он екі елі ішектің реакциясы сілтілі болғанда, пилорикалық сфинктер қандай жағдайға келеді?


  10. Жекеленген кіші қарынша операциясы жасалған итке тамақ беріледі, қарын сөлі 40 минуттан кейін бөлінеді. Жасалған кіші қарынша операциясының түрін анықтаңыз және қарынның сөл шығару механизмін түсіндіріңіз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет