5-жұмыс. Бүйрек қызметін зерттеудің клиникалық әдістері. Шумақтық сүзілу мөлшерін анықтау әдістері Бүйрек қызметін реттеп, оның зәр шығару қабілетін анықтау үшін кейбір заттардың (Ван-Слайк бойынша – инулинді, Роберг бойынша – экзогенді немесе эндогенді креатинин) клиренсін анықтау әдісі кеңінен қолданылады.
Клиренс (тазарту коэффициенті) – белгілі бір заттан 1 минут ішінде толық тазарып шығатын плазма мөлшері. Бүйрек қызметінің күшті-әлсіздігін білу мақсатымен түтікшелерде қайта сіңбейтін, реабсорбцияға түспейтін және секрецияланбайтын белгілі бір затты зерттесе, оның тазарту коэффициенті шумақтың сүзілу дәрежесіне тең болады.
Жұмыстың мақсаты:Шумақтық сүзілу дәрежесін анықтау.
Судың шумақты сүзілуі (фильтрациясы) мен қайта сіңуін (реабсорбциясын) түтікшелерде қайта сіңбейтін және сөл-шырын шығармайтын зат-инулинді пайдалана отырып анықтауға болады. Мұндай заттар несепке тек қана шумақтық сүзілу кезінде өтіп араласады. Плазма құрамында қанша инулин болса, бір минут ішінде ол сол мөлшерде несепке ауысады, яғни плазма сол заттан толық тазарып шығады. Сондықтан сүзіп алынған мұндай заттың мөлшері несептегімен бірдей болады.
Сүзілген заттың (инулиннің) мөлшері шумақтық сүзілуден өткен соң, осы зат (Ғ) пен оның плазмадағы концентрациясының (Рин) көбейтіндісіне тең, яғни Ғ х Рин. Ал бұл заттың несептегі мөлшері 1 минутта түзілген несеп көлемі (V) мен оның несептегі концентрациясының (Uин) көбейтіндісіне тең, яғни, Uин х V; Ғ х Рин = Uин х V.
Сонымен Uин, V, Рин мөлшерін анықтауға, ал олар арқылы шумақтық сүзілу мөлшерін Ғин есептеп шығаруға болады.
Uин x V
Ғ= ---------- концентрациясы;
Рин мұнда Uин – инулиннің несептегі концентрациясы,
V – несеп көлемі; Ғ – шумақтық сүзілу мөлшері. Шумақта минутына шамамен 65-120 мл несеп сүзіледі. Әйелде одан аздау. Бойы және салмағы әр түрлі адам бүйрегіндегі шумақтың сүзілу мөлшерін бір-бірімен салыстыру үшін стандартты дене бетіне (ауданына) - 1,73 м 2 ауыстырады да, арнайы кестеге қарап мына формула бойынша анықтайды:
Uин x V х 1,73
Ғ= ------------------- ; мұнда 1,73 – стандартты дене беті (ауданы),
Рин хS
S - табылған дене беті,
Шумақтық сүзілу мөлшерінің азаюы бүйрек қызметінің нашарлағанын көрсетеді. 1,5-2 жыл бойы ол 1,73м2 денеде минутына 40-45 мл-ге дейін азайса, бүйректің созылмалы ауруға шалдыққаны.