6-жұмыс. Бүйрек түтікшелерінде қайта сіңу деңгейін анықтау
Жұмыстың мақсаты: Түтікшелерінде қайта сіңу (реабсорбция) мөлшерін бағалау (анықтау).
Қан плазмасымен шумақтағы сүзіндісіндегі креатинин мөлшері бірдей деп алсақ, сүзілу дәрежесін ғана анықтап қоймай, қайта сіңу мөлшерін де анықтауға болады, мыс: судың қайта сіңуі R H2O былайша анықталады:
R H2 O= F- V x 100%
F
Сау адамда судың 98,5-99% қайта сіңеді. Роберг сынауын қосымша креатинин мен арнайы сұйықты пайдалану арқылы да жүргізуге болады. Көбінесе қосымша сұйық қоспастан жасалады. Аш қарында зерттелуші адамның көк тамырынан қан алып, оның құрамындағы креатинин анықтайды. Ол үшін сол адамның 2 сағат немесе бір тәулік бойы шығарған зәрі жиналады. Бөлінген несеп мөлшерін мұқият есептеп шығады да оның құрамындағы креатинин анықталады.
Алынған мәліметті пайдалана отырып, формула бойынша шумақтық түзілу мөлшері мен қайта сіңудің проценттік деңгейі табылады.
Бүйрек зақымданса, шумақтың сүзілу мөлшері біртіндеп азая береді, кейде (5-2-1 мл/мин. дейін). Түтікшелерде қайта сіңу деңгейі өзгермейді деуге болады, оның мөлшері тек қана бүйрек жетіспеушілігі болғанда 80-90 %-ке азаяды.
Жұмыс істеп тұрған нефрондар салмағын (массасын) глюкозаның түтікшелерде сіңу дәрежесіне (қалыпты жағдайда 300-500 мл/мин) қарап білуге болады. Мұндай жағдайда берілетін глюкозаның мөлшері 10 м/моль/л артық болуы керек.
Тg = / F x Pg/ - / V x Ug/. Мұнда Тg – қайта сіңген глюкозаның ең көп мөлшері, Ғ – түйіндік сүзілу жылдамдығы; Pg – қан плазмасындағы глюкоза мөлшері; Ug - несептегі глюкоза мөлшері.
7-жұмыс. Түтікшелердің зат бөліп шығару (секреция) қабілетін анықтау
Нефрон шумағында белгілі бір заттар сүзіліп қана қоймайды, бүйрек түтікшелерінде кейбір заттар (диодраст, фенолрот, пенициллин, парааминді гиппур қышқылы (ПАГ) бөлініп сыртқа шығады (секреция). Бұл заттар аралас клиренс тудырады. Мыс: сүзілу-қайта сіңу немесе сүзілу – зат бөліп шығу (секреция). Мұндай клиренстер арқылы бүйрек қызметіне жалпы баға беруге болады, бірақ оның жекелеген қызметін анықтау мүмкін емес.
Достарыңызбен бөлісу: |