Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


-жұмыс. Тері рецепторларының температураға бейімделуін бақылау. Контраст құбылысы



бет82/102
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138387
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102
Байланысты:
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алм-www.emirsaba.org

1-жұмыс. Тері рецепторларының температураға бейімделуін бақылау. Контраст құбылысы
Талдағыштардың негізгі қасиеттерінің бірі бейімделу, яғни тітіркендіру күшіне үйрену. Температуралық бейімделуді бақылау арқылы контраст құбылысын көруге болады.
Жұмысты орындау. Бейімделуді бақылау үшін қолды ыстық суға (40°С) салады. Алғашқыда жылуды жақсы сезеді де, бейімделуден кейін жылу сезімі нашарлайды. Контраст құбылысын бақылау үшін екі қолды бөлме температурасындай (25°С) суға салады, сезім екі қолға бірдей екендігіне көз жеткізген соң, бір қолын температурасы 40°С суға, ал екінші қолын ыстығы 10°С суға салады. Бірнеше минуттан соң қайтадан екі қолды бірден температурасы 25°С суға салады. Суық суда болған қол, 25°С суды ыстық ретінде, ал ыстық суда болған қол оны суық ретінде сезінеді. Бұл ыстық - суықты қабылдауда контраст құбылысы бар екендігін көрсетеді.


2-жұмыс. Эстезиометрия (жанасу сезімталдығын анықтау)
Дененің әр жеріндегі жанасуды қабылдайтын рецепторлардың орналасу жиілігі бірдей емес. Сондықтан жанасу сезімталдығы анықталады. Зерттеу Вебер циркулі немесе эстезиометрмен жүргізіледі. Эстезиометрдің екі ұшын теріге тигізгенде екі сезім туады, енді екеуінің арасын біртіндеп жақындатып отырып тактилдік сезімнің табалдырық мөлшерін табады. Табалдырық мөлшері (күші) деп екі сезім тудыратын эстезиометр ұштарының (терінің тітіркендірілетін екі нүктесінің) минималдық ара қашықтығын айтады. Жанасу сезімталдығы неғұрлым жоғары болса оның табалдырық күші соғұрлым төмен болғаны.

Жұмысты орындау. Вебер циркулін немесе эстезиометрді алып оның екі ұшын теріге бір мезгілде тигізіп, екі сезім тудыратын минималды ара қашықтықты табады. Бұл қашықтықты азайтқанда бір ғана сезім пайда болады. Саусақ ұшындағы, білезіктегі, білектегі, мойындағы, мұрындағы тактилді сезімнің табалдырық мөлшеріне кері шама оның сезімталдығын көрсетеді. Сезімталдықты тексергенде циркульдің екі ұшының температурасы және өткірлігі бірдей болуы керек және бір мезгілде теріге тигізілуі қажет. Тәжірибені екі рет орындап, оның орташа арифметикалық саны алынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет