Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы



бет91/102
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138387
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102
Байланысты:
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алм-www.emirsaba.org

9. Жоғары жүйке іс-әрекеті физиологиясы


І. Тақырып: Жоғары жүйке іс- әрекетін зерттеу әдістері. И.П. Павловтың шартты рефлекстер туралы ілімі. Шартты рефлекстерді қалыптастыру әдісі, түрлері. Уақытша байланыстардың пайда болу механизмдері.


ІІ. Сабақтың маңыздылығы : ЖЖІӘ туралы ілім сана сезімді, ойлауды, есте сақтауды, күрделі іс әрекетті және біртұтас тұлғаны түсінудің негізі болып табылады. Адамның шарты рефлекстері, олардың кешені іс-әрекеттің күрделі формаларының негізінде жатыр. ЖЖІӘ механизмдерінің бұзылулары – невропатолог, психиатор, терапевт, психотерапевт дәрігерлердің компетенциясы болып табылады . Болашақ клиницистер үшін шартты рефлекстердің қалыптасу механизмін, олардың түрлерін, оларды түзетe әдістерін білу қажет.


III. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет:
  1. ЖЖІӘ зерттеу әдістерін.


  2. Шартты және шартсыз рефлекстердің жіктелуін.


  3. Шартты және шартсыз рефлекстердің сипаттамасын.


  4. Шартты рефлекстердің түрлерін.


  5. Шартты рефлекстерді қалыптастыру кезінде ми қыртысында уақытша байланыстардың тұйықталу механизмдерін.




Студент орындауы қажет.
  1. Адамға көз қарашық шартты рефлексін қалыптастыруды.


  2. Адамға тыныс алу шартты рефлексін қалыптастыруды.


  3. Егеуқұйрыққа қозғалу шартты рефлексін қалыптастыруды.




IV. Студенттердің өзіндігінен дайындалуына арналған сұрақтар:

  1. ЖЖІӘ зерттеу әдістері.


  2. Шартты және шартсыз рефлекстердің сипаттамасы.


  3. Электроэнцефалография әдісі.


  4. Қалыпты жағдайда адамның электроэнцефалограммасындағы ырғақтар түрлері.


  5. Шартты және шартсыз рефлекстердің жіктелуі.


  6. Шартты рефлекстердің түрлері.


  7. Шартты рефлекстерді қалыптастыру кезінде ми қыртысында уақытша байланыстардың тұйықталу механизмдері.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет