Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет27/102
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138387
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102
Байланысты:
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алм-www.emirsaba.org

2-жұмыс.
Станниус тәжірибесі
Жүректің автоматиясында жеке түйіндердің маңызын анықтау үшін Станниус әдісімен лигатураны байлау тәжірибесі жүргізіледі. Автоматия негізінен синоатриалдық түйінде басталады.
Жұмысты орындау: Қимылсыздандырылған бақаны шалқасынан бекітіп, кеуде қуысын ашып, жүрегін перикардтан босатады. Финдер инесін пайдаланып лигатураны (жіпті) қолқа буылтығының астынан өткізіп жүректі ұшынан көтеріп жоғары қарай аударып тастайды. Бір минуттағы жүректің жиырылуын санап алады да, лигатураны веноздық синус пен оң жақ жүрекше аралығынан байлайды. Бірінші (I) лигатура дұрыс байланса, жүрекше мен қарыншаның соғуы диастола кезеңінде тоқтап қалады да, синус сол бұрынғы қалпындағы жиілікпен жиырыла береді. Веноздық синустың жиырылуын санап алады. Біраз уақыт өткеннен кейін Биддер түйіні автоматиясына байланысты жүрекше мен қарынша өз беттерімен баяу жиырыла бастайды. Бірақ, осы жағдайды күтпей, бірінші лигатурадан кейін жүрекше мен қарыншаның арасынан екінші лигатураны өткізіп байлайды. Екінші (II) лигатура Биддер түйінін механикалық түрде тітіркендіреді. Лигатура орналасуына байланысты жүректің қызметі үш түрлі болу мүмкін:
    1. Лигатура Биддер түйінінен жоғары байланса, тек қана қарынша жиырылады;


    2. Лигатура Биддер түйінінен төмен байланса, тек қана жүрекше жиырылады;


    3. Лигатура Биддер түйінінің ортасынан байланса, жүрекше де, қарынша да бірдей жиырылады. Екінші (II) лигатураны байланғаннан кейін жүректің соғу жиілігі азайады.





3-жұмыc.
Экстрасистола
Қарыншаны систола кезінде тітіркендірсе ешқандай жауап болмайды. Ал қарыншаның диастоласы кезіндегі тітіркендіру кезексіз жиырылуды тудырады, оны экстрасистола деп атайды. Кардиограмманы қарасақ, экстрасистоладан соң қалыптағыдан ұзақ үзіліс байқалады. Бұл үзілісті компенсаторлық үзіліс деп атайды. Компенсаторлық үзілістің пайда болуы жүректің кезекті бір циклы түсіп қалуына байланысты Синус түйінінен шыққан импульс экстрасистолаға келеді. Бұл уақытта қарынша абсолюттік рефрактерлік мезгілде болады да, кезекті импульс қабылданбайды. Сондықтан бір цикл орындалмайды (іске асырылмайды).


Жұмысты орындау: Бақаны қимылсыздандырып операциялық тақтайшаға бекітіп, кеуде қуысын ашып, жүрегін перикардтан босатады. Тақтайшаны штативке бекітеді. Энгельман рычагіне байланған ілгекпен жүректі ұшынан іліп алып, кардиограмманы жазып алады. Диастола (рычаг төмен түскен кезде) кезінде қарыншаны электр тогымен тітіркендіреді. Экстрасистола мен компенсаторлық үзіліс жазылып алынады. Содан кейін қарыншаны систола (рычаг жоғары көтерілгенде) кезінде тітіркендірсе, экстрасистола пайда болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет