Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


V. Ақпараттық - дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары



бет41/102
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138387
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102
Байланысты:
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алм-www.emirsaba.org

V. Ақпараттық - дидактикалық бірлестік. Зертханалық жұмыстарды өткізу әдістемелері және аннотациялары.


1-жұмыс. Спирометрия
Спирометрия - өкпенің тіршілік сыйымдылығын және оны құрайтын ауаның көлемін анықтау. Ол үшін спирометр аспабы қолданылады. Терең дем алғаннан кейінгі терең дем шығару кезінде шығатын ауаның көлемі өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) деп аталады. Орта есеппен оның мөлшері 3500-5500 мл-ге тең болады (11-12 жастағы балаларда ӨТС 2 л-ге тең ).Өкпенің тіршілік сыйымдылығы қалыпты тыныс ауасынан, резервтік дем алу (қосымша) ауасынан және резервтік дем шығару ауасынан құралады.
Жай дем алып, дем шығарғанда өкпеге кіріп щығатын ауаның көлемін қалыпты тыныс алу ауасы деп атайды. Оның мөлшері 500 мл-ге,11-12 жастағы балаларда 200 мл-ге тең.Егер қалыпты дем алудан соң кезекті демді шығармай, одан әрі дем алуға күш салса, өкпеге 2000-2500 мл ауа жұтылады. Мұны резервтік дем алу ауасы деп атайды.
Қалыпты дем шығарудан соң кезекті демді алмай тұрып, одан әрі тағы да дем шығаруға күш салса, 1000-1500 мл ауаны сыртқа шығаруға болады.Мұны резервтік дем шығару ауасы дейді. Ол 11-12 жастағы балаларда 800 мл-ге тең .
Терең дем шығарса да өкпеде қалдық ауа қалады (1000-1500 мл).
Өкпенің жалпы көлемі дегеніміз ӨТС мен қалдық ауаның қосындысы.Ол 4500- 6500 мл-ге тең.
Дем алу көлемі дегеніміз: терең дем алғандағы ауа көлемі. Ол жай тыныс алу көлемінен және резервті дем алу көлемінен тұрады. Жай дем шығарғанда өкпеде функционалдық қалдық ауа қалады. Ол қалдық ауа мен резервтік дем шығару ауасының қосындысы.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын құрғақ спирометрмен анықтау.
Құрғақ спирометр корпустан және жылжымалы қақпақтан тұрады. Корпус ішінде үрлейтін ауаның күшімен айналатын қалқаншалары болады. Аспаптың шкаласы жылжымалы қақпаққа бекітілген. Жұмыстың алдында қақпақты бұрап, тілді “0” белгісіне қояды. Аспаптың түтігіне мундштук кигізеді. Үрленген ауа қалқаншаларды айналдырып, редуктор арқылы тілді қозғалтады. Тіл шыққан ауаның, яғни өкпенің тіршілік сыйымдылығының мөлшерін көрсетеді. Өкпенің тіршілік сыйымдылығын және оның құрамындағы ауа көлемдерін құрғақ спирометрмен анықтауға болады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын анықтау үшін зерттелуші атмосфералық ауадан терең дем алып, бар демін спирометрдің мундштугіне шығарады.
Қалыпты дем алу ауасын анықтау үшін спирометрдің тілшесін нөлге қойып, жәй дем алған соң спирометрге демді жәй шығарады. Ауа көлемі шкалаға қарап анықталады.
Резервті дем шығару ауасын анықтау үшін жәй дем алған соң тілшесі нөлге келтірілген спирометрге барынша дем шығарады. Шкала көрсеткішіне қарап санға
Жұмыстың нәтижесін көрсету.
Құрғақ спирометрдің суретін салып, ӨТС мөлшерін жазу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет