2-жұмыс. Өкпенің лайықты тіршілік сыйымдылығын есептеп табу Өкпенің тіршілік сыйымдылығы адамның жынысына, салмағына жынысына, бойына байланысты. ӨТС анықтағанда, оны өкпенің лайықты тіршілік сыйымдылығымен (ӨЛТС) салыстыру қажет.
Өкпенің лайықты тіршілік сыйымдылығын мына формуламен анықтауға болады.
Әйелдерде ӨЛТС (мл) = (21,78-0,101 х жасы)х бойы (см),
Ерлерде ӨЛТС (мл) = (27,63-0,112 х жасы)х бойы (см).
Ересек адамда өкпенің лайықты тіршілік сыйымдылығы анықталған ӨТС мөлшерінен 80%-тен кем болмау керек.
3-жұмыс. Спирография Спирограф - өкпенің тіршілік сыйымдылығын, оның құрамындағы ауа көлемдерін жазып алуға арналған аспап. Аспап корпустан және оның бір жақ қабырғасына бекітілген екі резеңке сильфонынан (жиырылған резеңке қуысынан), ерін мен тіс аралығына қоятын мундштуктен, оны сильфондармен қосатын резеңке түтіктерден тұрады. Осылардың бәрі қосылып, зерттелушімен жабық ауа жүйесін құрайды. Тыныс алу көлемдерін өлшеген кезде зерттелуші бір сильфоннан дем алса, екіншісіне демді шығарады. Ауаның жүйеде бір бағытқа жылжуы қақпақшалармен реттеліп тұрады.
Тыныс алғанда сильфондардың қақпақтары қайталамалы жылжып, жазғышты қимылдатады, ол қағаз таспаға жазылады. Таспаның жылжу жылдамдығы минутына 50 мм және 600 мм. Жазу масштабы – ауаның әрбір литрі 25 мм-ге сәйкес, яғни қағаздың 5 мм- 200 мл-ге тең.
Жұмысты орындау. Аспаптың жазғышын шкаланың “5 л” белгісіне дейін жылжытып қояды.
Зерттелушінің мұрынын қысып, мундштукті ерін мен тіс аралығына орналастырады. Қағазды жүргізетін механизмді қосып, адамның жай дем алғанын жазады.
Резервтік дем алу ауасын жазу үшін зерттелушінің жай дем алғаннан кейін терең дем алуын өтінеді.
Резервтік дем шығару ауасын жай дем шығарғаннан кейін терең дем шығарғанда жазады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығын жазу үшін зерттелушінің терең дем алып, терең дем шығаруын өтінеді.
ӨТС-ын және оның құрамындағы көлемдерді анықтау үшін спирограммадағы соған сәйкес сызықтардың амплитудасын өлшеп, оны 40-қа көбейтеді (25 мл – 1 л-ге сәйкес).
Спирограмма арқылы минуттық тыныс алу көлемін анықтауға болады.Тыныстың минуттық жиілігін тыныс алу көлеміне көбейтеді. Тыныстың минуттық көлемі тыныштық жағдайда 6-9 л.
резервтік V→ дем алу
ауасы
2000-2500 мл
ӨТС
қалыпты
тыныс
алу
ауасы
500 мл
резервтік
дем шығару
ауасы
1000-1500 мл