Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет8/102
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138387
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102
Байланысты:
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алм-www.emirsaba.org

Жұмысты орындау: Концентрациясы ( қою-сұйықтығы) әр түрлі 0,3%, 0,4%, 0,5%, 0,6%, 0,7%, 0,9% NaCІ ерітіндісі құйылған әрбір пробиркаға зерттелетін қаннан 3 тамшыдан тамызады да, әрбір пробирканы сілкіп-сілкіп жіберіп, ішіндегі ерітіндіні қанға араластырады, оларды әдеттегі бөлме температурасында 30 минут бойы сақтайды.
Толық гемолизге ұшыраған қан мөп-мөлдір болады. Қанның мөлдірлік дәрежесіне қарап, эритроциттердің максимальдық және минимальдық осмостық резистенттілігін анықтайды.
Сірке қышқылының 1%-тік ерітіндісі құйылған пробиркаға бірнеше тамшы қан тамызып, химиялық гемолиздің қалай өтетінін бақылайды.
Дистилденген су құйылған пробиркаға бірнеше тамшы қан тамызып, осмостық гемолиздің қалай өтетінін байқайды.
Физиологиялық ерітінді (0,9% NaCІ) және дистилденген су құйылған пробиркалар бақылау ерітінділері деп аталады. Біріншісінде гемолиз болмайды, ал екіншісінде міндетті түрде толық гемолиз байқалады.

«Қан құрамы. Эритроциттер. Гемоглобин. ҚТК. ЭТЖ.» тақырыптары бойынша берілетін мәселелік тапсырмалар

  1. Неліктен физиологиялық ерітінді ас тұзынан әзірленеді? Оны басқа тұздардан жасауға болмай ма?


  2. Сау адамның эритроциттерінің көбеюі немесе азаюы қалай аталады? Мұның негізгі себептері.


  3. Салмағы 75 кг дені сау адамның гемоглобині 140 г/л, оған өттегінің қанша мөлшерін қосу керек?


  4. Ас тұзы ерітіндісіне салынған эритроциттердің формасы шар тәрізді дөңгелек болады. NaCІ ерітіндісінің концентрациясы шамамен қандай? Бұл процесс қалай аталады?


  5. 1 мкл зерттелетін қанда 5,5 млн. эритроцит бар, ал гемоглобин концентрациясы 140 г/л. Қанның түсті көрсеткішін (ҚТК) анықтаңыз. Бұл көрсеткіштің әдеттегіден айырмашылығы бар ма?


  6. Қанның түсті көрсеткіші 0,9; Нв концентрациясы 105 г/л. Осы қанның 1 мкл-інде қанша эритроцит болады?


  7. 1 мкл қанда 5 млн. эритроцит бар, қанның түсті көрсеткіші 1,0. 4,5 л қанда қанша гемоглобин болатынын есептеп шығарыңыз.


  8. Бөлмедегі иіс тиген адамға дәрігердің сол бөлменің ішінде жәрдем көрсетуіне бола ма?


  9. Алдыңызда 2 науқас адам қанының анализі жатыр. Осы екеуінің түсті көрсеткіштерін есептеп шығарып, қорытынды жасаңыз.


А. Эритроцит саны - 4,5 млн/мкл, Нв - 148 г/л


В. Эритроцит саны - 2,7 млн/мкл, Нв - 74 г/л
  1. Баладан анализге қан алынды. Есептегенде Горяев тораның 16 кіші шаршыларында 75 эритроцит болады. Енді осы қанда 200 есе сұйылтса, оның 1 мкл-інде қанша эритроцит болады?






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет