Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж


-жұмыс. Аккомодация көлемін анықтау



бет81/102
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138387
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102
Байланысты:
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алм-www.emirsaba.org

4-жұмыс. Аккомодация көлемін анықтау
Әр түрлі қашықтықта орналасқан заттардың бейнесін анық көру қабілетін аккомодация дейді. Аккомодация көз бұршағының жарық сындыру қабілетінің өзгеру негізінде іске асады. Қалыпты жағдайда аккомодация мөлшері А=1/L=10 Д.
Жұмысты орындау. Аккомодация мөлшерін анықтау үшін зерттелуші адам бір көзімен кестедегі ең ұсақ шрифтерді оқи алатындай ең жақын қашықтықты анықтайды да, формула бойынша аккомодация көлемін шығарады.
А=1/L. Мұндағы А - аккомодация көлемі; L - метр өлшемімен көрсетілген шрифті оқи алу қашықтығы.


5-жұмыс. Сфералық аберрацияны көрсету
Көз бұршағының шетінен түсетін сәулелер оның ортасынан түсетін сәулеге қарағанда күштірек сынады. Мұны сфералық аберрация деп атайды.
Жұмысты орындау. Сфералық аберрацияны байқау үшін бір көзді жұмып, екінші көзге саусақты немесе қаламды ол бұлдырап кеткенше біртіндеп жақындатады. Содан кейін көз бен заттың (қаламның) арасына ортасында кішкентай тесігі бар (диаметрі 0,5-1 мм) қара қағазды қояды. Сонда тесік арқылы заттың бейнесі қайтадан анық көрінетін болады, себебі торлы қабыққа көз бұршағының ортасынан өткен сәулелер ғана түседі.


6-жұмыс. Бинокулярлық (қос көзбен) көруді көрсету
Екі көзбен қарағанда заттың бейнесі екеуінің де торлы қабатына түседі. Бірақ адам оларды бір ғана зат ретінде қабылдайды. Себебі екі көзбен қабылданған заттың бейнесі көру орталығындағы бірдей нейрондарда ғана бейнеленеді.
Жұмысты орындау. Ұзындығы 20-30 см түтік түрінде оралған тығыз қағазды сол қолмен сол көзге әкеледі. Одан түтіктің қуысы көрінеді. Түтікке 15 см қашықтықта оң қолдың алақанын жақындатады. Сол көзбен түтіктің ішін, оң көзбен алақанға қарайды. Аз уақыттан соң (1-1,5 минут) алақанда тесік бар сияқты болып көрінеді. Бұл құбылыс бейненің екі көзбен де қабылданып, көру орталығының бірдей нейрондарына түсетіндігін көрсетеді.


ТЕРІ ТАЛДАҒЫШЫ
Тері - организмдегі рецепторлардың көп орналасқан жері. Онда жанасуды (Мейснер денешігі), қысымды (Паччини денешігі), температуралық әсерлерді - суықты (Краузе құтысы), ыстықты (Руффини денешігі) сезетін рецепторлар бар. Тері ауырсынатын тітіркендіруді де сезеді. Ауырсынатын тітіркендіргіштерді терідегі жүйкенің жалаңаш ұштары қабылдайды. Терінің жанасу және ауырсыну сезімдік, рецепторлық қызметі ұрықтық кезеңнен - ақ басталады. Тері рецепторларынан қозу қыртыс асты орталықтарға жұлын – таламустық жолдар және лемниск сезімтал талшықтар арқылы келеді, қыртыс бөлімі-артқы ортаңғы (постцентралис) қатпарында орналасқан.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет