III. Тақырыптың маңыздылығы : Есту талдағышы сыртқы ортаның организм үшін ең маңызды ақпараттарын қабылдайтын көру талдағышынан кейінгі екінші орынды алады. Есту талдағышының функциясы адамның екінші сигналдық жүйесімен тығыз байланысты. Есту талдағышы тепе-теңдікті сақтайтын вестибулярлық талдағышпен де бірге кеңістікке бейімделуге қатысады. Ал дәм сезу талдағышы ас қорыту жүйесінің функциялық жағдайына әсер етеді. Талдағыштар физиологиясын жетік білу клиникалық пәндерді меңгеруді жеңілдетеді .
IV. Сабақтың мақсаты:
Студент білуі қажет: 1. Есту, дәм сезу және тепе-тендікті сақтау талдағыштарының морфо-функционалдық сипаттамалары.
2. Дыбыс өткізуші және дыбысты қабылдаушы жүйелердің құрылымы мен функциялары.
3. Дененің кеңістіктегі жағдайының өзгерісі, дәмдік тітіркендіргіштер және дыбыстық толқындарды қабылдау теориялары.
Студент орындауы қажет: 1. Есту өткірлігін анықтау (дыбысты тыңдау әдісімен) және нәтижені тіркеу.
2. Дыбыстың ауа және сүйек арқылы өтімділігін тексеріп, қорытынды жасау.
3. Дәм рецепторларының тіл бетінде орналасу топографиясын анықтап, олардың орналасқан үлгісін (схемасын) салу.
4. Барани сынағын өткізу, алынған мәліметтерді дұрыс тіркеу.