Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алматы, 2013 ж



бет93/102
Дата15.12.2023
өлшемі0,67 Mb.
#138387
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102
Байланысты:
Жеке физиология Студенттерге арналған әдістемелік оқу құралы Алм-www.emirsaba.org

2-жұмыс. Стереотаксис аспабы
Жануарларға арналған стереотаксис аспабы терең орналасқан ми құрылымдарына микроэлектродтар енгізу үшін қолданылады. Ол жануар бекітілетін болат тақтадан, қос бас тұтқадан, тік әрі көлденең жылжитын екі кареткадан тұрады. Жылжыма бөлік электродты ұстап тұратын супортпен жабдықталған. Супорт пен электродты кез- келген бағытта және тереңдікке де жылжытуға болады. Басы қозғалмайтындай етіп, жануар тұтқалар көмегімен құралға бекітіледі: соңғыларының бір жұбын сыртқы құлақ түтігіне кіргізеді де, екінші жұбын көз шараларының төменгі жағына орнатады. Сонда сыртқы құлақ түтігі мен көз шараларының астынғы жиегі арқылы өтетін сызықтық нольдық жазықтығымен ми жарыса орналасады. Супорт пен электрод тұтқыштардың жәрдемімен микроэлектродтар мидың зерттелетін жеріне енгізіледі. Аспап электродтың қай бағытта және қандай терендікке болса да жылжыун қамтамасыз етеді. Белгілі бір нүктеге электродтарды бірден-бір дәл енгізу үшін алдымен стереотаксис атласымен танысып, зерттелетін құрылымның қай жерде (координатта) жатқанын тауып алады. Табылған координаттарға сәйкес электрод супортқа бекітіледі.
Ауруды анықтау немесе емдеу мақсатымен электрод мидың белгілі бір құрылымына енгізіліп, ұзақ уақыт сонда қалдырылатын болса ғана стереотаксис аспабы клиникада қолданылады.
3-жұмыс. Адамда шартты рефлекстер тудыру
а) Шартты қарашық рефлексінің пайда болуы
Сөз - адамға ғана тән екінші сигналдық жүйе, қатты ықпал жасайтын қуатты тітіркендіргіш. Мысалы, шартсыз тітіркендіргіш ретінде бір көзді алақанмен жауып қараңғылап, одан сәл бұрын сөзбен әсер етсе (тітіркендірсе), екінші көздің қарашығы ұлғаяды, сөйтіп шартты рефлекс тудыруға болады.
Жұмысты орындау: Зерттелетін адамға «көзіңнің қарашығын ұлғайт» деген бұйрықты бергеннен соң, бір көзін алақанмен жаба қояды. Тап осы сәтте оның екінші ашық көзінің қарашығының ұлғайғанын көреміз (көз қарашығының реакциясы).
Біраздан кейін тәжірибе қайталанады. Бұйрық осылайша бірнеше рет (әдетте 5-6 рет) қайталанса, тұрақты шартты рефлекс пайда болады. Демек, көз қарашығы тек сөз әсерімен ғана ұлғаяды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   89   90   91   92   93   94   95   96   ...   102




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет