Жеке жазылу шылар үшін индексі 65202


К ең  байтақ  қазақ  елінің  түкпір-түкпірінде  елге,  халыққа  кең    тараған



Pdf көрінісі
бет3/6
Дата16.02.2017
өлшемі3,86 Mb.
#4189
1   2   3   4   5   6

К

ең  байтақ  қазақ  елінің  түкпір-түкпірінде  елге,  халыққа  кең    тараған  

қасиетті  кесенелер,  бейіттер  баршылық.  Міне,  сол  кесенелерге, 

бейіттерге  қарап,  жөндеп,  тазалығын  бақылап,  бабалар    туралы 

білгендерінше  келген адамдарға жеткізіп отыратын шырақшылар. Сол адам-

дар кімдер, олар қалай шырақшы болды және оларды неге шырақшылар  дейді? 

Міне, осы сауалдарға бабамыздың ұрпағы, кезінде Бөрлітөбе ауданында жау-

апты  қызметтер  атқарған  Елемес  Дәулетбайұлы  Бесбаевтың  төмендегі 

танымдық мақаласы жауап береді.

көруге  болады.  Иманды  болғыр  анам  Дәлкеш 

әкем туралы айтып отыратын, ол кезде дәрігер 

деген  жоқтың  қасы,  біреу-міреу  ауырып  қалса 

әкемізді    шақырады  екен.  Ол    кезде  әкем 

аурудың тамырын ұстап,  аурудың не жазылаты-

нын, не жазылмайтынын, қандай ем қабылдау 

керек екенін анық айтып береді дейді. Әкем сы-

нап  өлтіріп,  одан  дәрі-дәрмек    жасайтын.  Сол 

дәрілермен  ауруларды  жазғанын өз көзіммен 

көрдім. Қан қысымы көтерілгенде қазақтар  қан 

алғызады. Асыл темірден жасалған, ұзындығы 

10  см.  өткір,  кішкене    балтаға  ұқсайтын 

әкемнің    қандауыры    болған.  Алдымен  қан 

тамыры    табылады.  Әкем  көбіне  маңдайдан 

жоғары,  төбенің  екі  ортасынан    табатын.  Қан 

тамырына  қандауырды  қойып,  бармақпен 

шертіп қалады, қан атылып  шығады. Мөлшері 

кішкене кесе толы ағызып, қанды таза күлмен 

тоқтатады.  Қанша  кісі  келіп  сол  емді  алғанын 

қайдам, ойымда қалғаны Өзбекстаннан келетін 

үлкендеу кісі. 4-5 жыл сайын келіп, қан алғызып 

отыратын.  Баламыз  ғой,  сол  кісінің  әкелетін 

өрік-жаңғақтарына  қарық боп қаламыз.

Әкеміздің  бір  өнері  -  Алладан  ба,  Тәуіп 

бабаның берген шапағаты ма, қобыз тартатын.

Бұл  өнер  қалай,  қашан  бітті,  мен  білмеймін. 

Есім  кіргеннен  сол  қобыздың  сарынын  естіп 

өстім.  Әкем  қобызды  өз  қолымен  жасаған. 

Қобыз  күнде  тартыла  бермейді.  Бабалардың 

рұқсатына,  әкеміздің  шабытына,  көңіл  –күйіне 

байланысты, келген ауруға бола тартылады. 

Қобыз тартылар күні үйдің еденіндегі  киіз, 

сырмақ  алынып,  ортаға  жағылған  отынның 

қып-қызыл  шоқтары  үйіледі.  Айтпақшы,  қобыз 

біртұтас қаражидеден,  шектері аттың қылынан 

жасалатын. Ысқыштары тобылғыдан дайында-

латын да қобызға сылдырмақтар орналастыры-

латын. Бабаның басына кісілер келгенде қобыз 

сылдырлап дыбыс беретін. 

Қобыз  тартылардан  бұрын    әкеміз  оның 

шектерін  тартып,  тексере  бастайды.  Біз  жапа-

тармағай үйге жиналамыз. Көршілер де келеді.

Қобыз ойнала бастағаннан-ақ тыңдаушыларды 

өзіне  үйіріп  әкетеді,  өйткені  қобыздан  шыққан 

әуендер,  бірде  шарықтап,  кең  дала  әуеніне, 

бірде  мұңлы  күйге  ауысады.  Сонымен  бірге 

ойнаушының  үлкен  денесімен    күйдің  ырғағы 

біртұтас  болып  отырғаны  тыңдаушының  жан- 

дүниесін шымырлатып, күймен бірге қуанышын, 

ренішін, мұңын  ортаға салғандай болады.Осы-

лай күй 1-1,5 сағат ойналады.

Бала  кезіміз,  үніміз  шықпай  тыңдап  оты-

рамыз.  Қобыздың  үні  тоқтағаннан  кейін  үйде 

біршама  тыныштық  орнайды.  Отырған  адам-

дар ақырын ғана үйден шыға бастайды. Қандай 

әсем  күй,  қандай  әуен,  қандай  қүдіретті  күш.

Бұл әуенді орындатып отырған не күш –ол да 

жұмбақ. Бала кезімде оған онша мән бермедік, 

ал  қазір  біршама  жасқа  келіп,  алды-артыңды 

байқауға  шамаң келгенде осы құбылысқа таң 

қаласың.  Әкеміз  нота  дегенді  білмейді,  ал 

жаңағы  шыққан  әуеннің  адам  санасына  күш 

бергендей,  сезіммен  орындалғаны-бір  тыл-

сым  күштің  әсері  деп  ойлайсың.  Сол  әуендер 

әкемізбен бірге кетті.

Осы  жерде  есте  қалған  бір  оқиғаны  айта 

кетпесе  болмайды.  Қобыз  тартылғанда  үйдің 

ортасына  жағылған  отынның  шоқтары  қып-

қызыл  боп  жалын  атып  жатады.  Бірде  осы-

лай  қобыз  тартылып  отырғанда    әкеміздің 

жеңгелерінің бірі дауыстап сөйлеп, күлсе керек.  

Сонда әкеміз қобызды қоя салып, екі қолымен 

жанып  тұрған  шоқтарды  жаңағы  жеңгесіне 

шашып  жіберіпті.  Қобыздың  әуенін  тыңдап 

отырған жұрт: ”ана әйел күйді-ау”-деп  шу ете 

түседі.  Қараса  ешқандай  күйген  жері  жоқ,  дақ 

та  түспепті.  Содан  жеңгелері  әкемізге    “жын-

ды” деген  ат қойған екен. Бұл болған оқиғаны 

анам айтып отыратын. Сол қобызбен қаншама 

кісіні  емдеді  десеңізші.  Міне,  қара  қобызға, 

оның ойнаушысына қасиетті бабамыздың киесі 

жұқты деген сөзіміздің айғағы сол. Қара қобыз 

әкеміздің  баласы  Орақтың  үйінде  қыстырулы 

тұр.  Қобызбен  ұшынған  балаларды,  көз  тиген 

кісілерді  емдейді.  Әкеміздің  өсиеті  бойынша 

қара қобыз сол үйден шықпауы керек. Сол жер-

де әкеміздің қамшысы мен таяғы бар.

Әкем  қайтыс  болғаннан  кейін  бабалардың 

басына  шырақшы  болып  Бижамал  деген 

кісі  келді.  Ол  кісі  Лепсі  ауылына  тоқтамай 

аталарының  басына  бірақ  тартады.  Ертеңіне 

Бижамал  шырақшы  әкейдің  үйіне  келіп,  аман-

дасып, өзін таныстырды.  "Мен бір қателік жа-

саппын, Дәлкеш әкем ендігәрі менің үйімді ат-

тап кетпе деді",-деп дастарханға құран оқыды.

Содан  кейін  аталардың  басына  келгенде 

үйге  келіп  кететін  болды.  Бір  келгенде  Бижа-

мал  қоярда  –қоймай;”Әкеңнің  таяғын  берсең 

қайтеді”- деп қолқалағаннан кейін Орақ таяқты 

беріпті.Бірақ  ертеңіне  Бижамал  қайтып  келіп: 

- Дәлкеш ата ашуланып,” таяқты орнына  апа-

рып  қой”-деп  ұрысты,содан  соң  таяқты  алып 

келдім,- депті.

Орақ  –Дәлкеш  әкемнің  қызы.  Тәуіп  баба-

мыз    аян  беріп,  әйелің  бір  ұл,  бір  қыз  туады 

деген екен. Нұриля шешеміз ұлға түсік болып, 

ал қыз бала дүниеге келген. Аян бойынша атын 

Орақ деп қойды. Қазір Лепсі ауылында тұрады, 

бала-шағалы,  бес-алты  немересі  бар,  аман-

есен. Бұл да бабамның әкеме берген қуанышы. 

Тәуіп бабаның басына келетін адамдар әкемнің 

баласының үйіне соғып  құран оқып кетеді.

Әулиенің  басына  келіп  тағзым  етушілер 

көп болатын,оны айтып бітіре алмайсың. Қазір 

де  солай,бала  сұраған  аналар,  жүйке  тамы-

ры  ауырғандар    бабаның  басына  келіп  түнеп, 

тілеу  тілеп  жатады.  Дәлкеш  әкеміз  бірге  сол 

кісілердің  қасында  болады,  шырақ  жағады. 

Ертеңіне  әулие  баба  не  деді,  соны  түнеп 

шыққан  ауруларға  жеткізеді.  Бұл  үрдіс  алпыс 

жылға тарта бірде-бір үзілген жоқ.

Әулиенің шапағаты тиген адамдар туралы 

айту  парыз.  Лепсіде  әкемнің  үйінің  қасында 

Қайния  деген  көрші  әйел  тұрады.  Сол  кісі 

әңгімесін  былай бастайды: "Менің балаларым 

өле берген еді. Түсімде дәу қара кісі келіп шам-

ды өшіріп кететін. Соның артынша балам ауы-

рып,  шетінейтін.  Содан  бір  мал  шалып,  Тәуіп 

атаға арнап көршілерге шикідей таратып, құран 

оқытып, бабаға жалбарындым. Көп ұзамай Тәуіп 

атаны түсімде көрдім. Баба ”омырауыңдағы тот 

басқан    түйреуішті  таста,  ал  мына  түйреуішті 

жоғалтпа”-деп домалақ ақ түйреуішті берді. Со-

дан кейін туған балаларым  аман-есен, үбірлі-

шүбірлі  болдым.  Бабаларға  ризашылығымды 

білдіріп жеті сайын сол кісілерге арнап  құран 

оқытамын. 

Бұл 

баба 


шарапатын 

сезінген 

миллиондардың бірі. Бірде біздің үйге Ақсудан 

ауыр  сырқатпен  бір  жігіт  келді.  Оны  әкемнің 

үйіне  ертіп  апардым.  Ата  қобыз  ойнап,  жігітті 

Тәуіп  атаның  басына  апарып  күткеннен  кейін 

жігіт құлан-таза жазылып кетті. 

Ұмытпасам  Дәлкеш  әкем  1945  жылы 

Лепсіге  көшіп  барып  ауылдың  шыға  берісінен 

үй  сатып  алды.Мен  сол  үйде  1948-1956  жыл-

дары  тұрып  оқу  оқыдым.  Лепсі  мен  атаның 

бейітінің арасы отыз шақырым жер. Қазіргідей 

емес, ол кезде жеңіл машиналар жоқтың қасы, 

жүк машиналардың өзі бірен –саран ғана.

«Баба  шақырып  жатыр  деп»  әкем  үйден 

шығып кетеді,артынан  бес  –он  минуттан  кейін 

әкемнің  кетіп  қалғанын  көреміз.  Сол  кездегі 

таңданысым  әлі  күнге  дейін  ойымда.  Қандай 

құдіретті  күш  әкемді  бабаның  басына  жеткізіп 

отырды.  Алпыс  жылға  тарта  шырақшы  болып 

жүріп  әкемнің  бірде-бір  рет  далада  қалдым 

дегенін естімеппін.  Тіпті қиын-қыстау заманда, 

одақ  кезінде,  мешіттерді  жауып,  молдаларды, 

бақсы-балгерлерді    жауапқа  тартып  жатқанда, 

әкем "баба қорықпа деді",- деп ешқашан да өз 

ісін,  шырақшылығын,емшілігін  тастаған  емес. 

Прокуратураға,  милицияға,  сотқа  шақырып  

«мына істі таста, бейіттің басына барушы бол-

ма» - деген ескертулеріне әкем көңіл бөлмей, 

өз ісін атқара берді. Одақ кезінде иманнан ай-

рыла  жаздағанымыз  белгілі.  Сол  қиын-қыстау 

аралықта  Көтен  тәуіп  бабаның    атын,  ілімін 

өшірмей бүгінгі күнге жеткізген Дәлкеш әкем!

Әкеме  аян  берген  Тәуіп  баба  Дәлкеш 

әкемнің  шырақшылығын  шын  ниетпен  және 

кіршіксіз  атқарғаны  үшін  көріпкелдік,  емшілік 

қасиеттерді де берген болар деп ойлаймын. Ол 

әкемнің баба сеніміне кіргені,атқарған еңбегінің 

бағасы.  Әйтпесе  баба  дер  кезінде  аян  берген 

біршама  адамдардың  сол  істі  атқара  алмай 

кеткендері  де  бар.  Шырақшы  болу  өте  ауыр 

жүк,  оны  берілген  адам  ғана  атқара  алатыны 

сөзсіз.

Енді  Дәлкеш  әкемнің  болмыс-бітіміне 



тоқталсам,  ол  кісі  өте  бауырмашыл,  тік 

мінезді  адам  еді.  Үлкен  ағаларына  «сен»  деп 

сөйлегенін  көрген  емеспін.  Ол  кісілермен 

«сіз»  деп  сөйлесіп,    сыйлап  отыратын.  Қиын-

қыстау  заманда  Бесбай  бабаның  інілерін,  сол 

кісілердің  балаларын    асырап,  өсіргенін  мен 

жақсы  білемін.  Өйткені,  мен  сол  үйде  тұрып 

оныншы сыныпты бітірдім.

Әкемнің 

жұбайы 


Нұриля 

шешеміз 


ауыртпашылыққа көніп-төзіп, сыр білдірмейтін. 

Қоржын  бас  екі  бөлмелі  үйде  жеті-сегіз  адам 

тұратынбыз.Тамақ  жасау,  үй  жинау,    кір  жуу, 

басқа  да  үй  шаруасын  өзі  атқаратын.  Жүзінен 

бірде бір рет реніш көрмеппін. Біреуіміз оқудан, 

ал біреуіміз жұмыстан келгенде тамағымыз, жа-

тын  орнымыз дайын тұратын. Осымен білген-

көрген  жайттарды  аяқтаймын.  Бабалардың 

жатқан жері торқа болсын!

Елемес БЕСБАЕВ.                                                                                             

Талдықорған қаласы.


1 қараша 2014 жыл

Igiman01@mail.ru

5

Утвержден постановлением Правительства Республики Казахстан     



от 23 мая 2014 года № 538

Стандарт государственной услуги «Постановка на очередь детей дошкольного 

возраста (до 7 лет) для направления в детские дошкольные организации»

1. Общие положения

1. Государственная услуга «Постановка на очередь детей дошкольного возраста (до 7 лет) 

для направления в детские дошкольные организации» (далее – государственная услуга).

2. Стандарт государственной услуги разработан Министерством образования и науки Респу-

блики Казахстан.

3. Государственная услуга оказывается местными исполнительными органами города респу-

бликанского значения и столицы, района (города областного значения), акимами района в городе, 

города областного, районного значения, поселка, села, сельского округа (далее – услугодатель).



Прием заявлений и выдача результата оказания государственной услуги осуществля-

ются через:

1) канцелярии услугодателя;

2) Республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения «Центр 

обслуживания населения» Комитета по контролю автоматизации государственных услуг и коор-

динации деятельности центров обслуживания населения Министерства транспорта и коммуника-

ций Республики Казахстан (далее – ЦОН); 

3) веб-портал «электронного правительства»: www.e.gov.kz (далее – портал). 

2. Порядок оказания государственной услуги

4. Сроки оказания государственной услуги:

1) с момента обращения услугополучателя услугодателю или в ЦОН – 30 минут;

2)  максимально  допустимое  время  ожидания  сдачи  пакета  документов  услугодателю  или 

ЦОН – не более 15 минут;

3) максимально допустимое время обслуживания у услугодателя или ЦОНа – не более 15 

минут.

При обращении через портал срок оказания государственной услуги с момента подачи запро-



са составляет 30 минут.

5. Форма оказания государственной услуги: электронная/бумажная.

6. Результатом оказания государственной услуги является постановка на очередь, о чем услу-

гополучателю выдается расписка с указанием номера очередности. 

На портале результат оказания государственной услуги направляется в «личный кабинет» в 

форме электронного документа, подписанного электронной цифровой подписью уполномоченно-

го лица (далее – ЭЦП).

7. Государственная услуга оказывается бесплатно физическим лицам.

8. График работы:

1) услугодателя: с понедельника по пятницу, за исключением выходных и праздничных дней, 

согласно  трудовому  законодательству  Республики  Казахстан  в  соответствии  с  установленным 

графиком работы услугодателя с 9.00 до 18.30 часов с перерывом на обед с 13.00 до 14.30 часов.

Государственная услуга оказывается в порядке очереди без предварительной записи и уско-

ренного обслуживания;

2) ЦОНа: с понедельника по субботу включительно, за исключением выходных и праздничных 

дней, согласно трудовому законодательству Республики Казахстан, в соответствии с установлен-

ным графиком работы услугодателя с 9.00 до 20.00 часов, без перерыва. 

При  желании  услугополучателя  возможно  «бронирование»  электронной  очереди  посред-

ством веб-портала «Электронного правительства»;

3) портала: круглосуточно (за исключением технических перерывов в связи с проведением 

ремонтных работ).

9. Перечень документов, необходимых для оказания государственной услуги при обращении 

услугополучателя (либо уполномоченного представителя услугополучателя по доверенности):  к 

услугодателю:

1) заявление;

2) свидетельство о рождении ребенка (оригинал и копия) для идентификации; 

3) документ, подтверждающий право на получение первоочередного места в дошкольную ор-

ганизацию (оригинал и копия);

4) документ, удостоверяющий личность услугополучателя (одного из родителей или законных 

представителей). 

При наличии технической возможности сведения о документах, удостоверяющих личность, 

свидетельстве о рождении ребенка, сведения, подтверждающие право на получение первооче-

редного места в дошкольную организацию, услугодатель получает из соответствующих государ-

ственных информационных систем в форме электронных документов, подписанных электронной 

цифровой подписью.

в ЦОН:


1) документ, удостоверяющий личность услугополучателя, одного из законных представите-

лей услугополучателя (для идентификации);

2) документ, подтверждающий право на получение первоочередного места в дошкольную ор-

ганизацию.

При обращении через ЦОН сведения о документах, удостоверяющих личность, свидетель-

стве о рождении ребенка, сведения подтверждающие право на получение первоочередного ме-

ста в дошкольную организацию, работник ЦОНа получает из соответствующих государственных 

информационных систем в форме электронного документа, удостоверенного электронной циф-

ровой подписью уполномоченного лица.

В  случае  оказания  государственной  услуги  через  ЦОН  услугополучатель  дает  письменное 

согласие на использование сведений, составляющих охраняемую законом тайну, содержащихся 

в информационных системах, по форме, представленной ЦОНом, если иное не предусмотрено 

законами Республики Казахстан.

На портал (в случае рождения ребенка после 13 августа 2007 года): запрос в форме элек-

тронного документа, удостоверенного ЭЦП услугополучателя. 

Сведения о документах, удостоверяющих личность, свидетельстве о рождении ребенка, све-

дения, подтверждающие право на получение первоочередного места в дошкольную организа-

цию, услугополучатель получает из соответствующих государственных информационных систем 

в форме электронных документов, удостоверенных электронной цифровой подписью уполномо-

ченных лиц государственных органов.

В случае обращения через портал услугополучателю в «личный кабинет» направляется уве-

домление о принятии запроса для оказания государственной услуги.

10. В случае предоставления услугополучателем неполного пакета документов согласно пун-

кту 9 настоящего стандарта государственной услуги, работник ЦОНа отказывает в приеме заяв-

ления и выдает расписку об отказе в приеме заявления.

3.  Порядок  обжалования  решений,  действий  (бездействия)  услугодателя  и  (или)  его 

должностных лиц, центров обслуживания населения и (или) их работников по вопросам 

оказания государственных услуг

11.  Обжалование  решений,  действий  (бездействий)  услугодателя  и  (или)  его  должностных 

лиц по вопросам оказания государственных услуг жалоба подается в письменном виде на имя 

руководителя услугодателя по адресам, размещенным на интернет-ресурсе Министерства: www.

edu.gov.kz.

Подтверждением  принятия  жалобы  является  ее  регистрация  (штамп,  входящий  номер  и 

дата) в канцелярии услугодателя с указанием фамилии и инициалов лица, принявшего жалобу, 

срока и места получения ответа на поданную жалобу. После регистрации жалоба направляется 

руководителю услугодателя для определения ответственного исполнителя и принятия соответ-

ствующих мер.

Жалоба на действия (бездействия) работника ЦОНа направляется к руководителю ЦОНа по 

адресам и телефонам, указанным на интернет-ресурсе ЦОНа: www.con.gov.kz.

Жалоба  услугополучателя  по  вопросам  оказания  государственных  услуг,  поступившая  в 

адрес услугодателя, ЦОНа подлежит рассмотрению в течение пяти рабочих дней со дня ее ре-

гистрации.

В случае несогласия с результатами оказанной государственной услуги услугополучатель мо-

жет обратиться с жалобой в уполномоченный орган по оценке и контролю за качеством оказания 

государственных услуг.

Жалоба услугополучателя, поступившая в адрес уполномоченного органа по оценке и контро-

лю за качеством оказания государственных услуг, подлежит рассмотрению в течение пятнадцати 

рабочих дней со дня ее регистрации.

Информацию  о  порядке  обжалования  через  портал  можно  получить  посредством  единого 

контакт-центра по вопросам оказания государственных услуг.

12.  В  случае  несогласия  с  результатами  оказанной  государственной  услуги,  услугополуча-

тель имеет право обратиться в суд в установленном законодательством Республики Казахстан 

порядке.


4. Иные требования с учетом особенностей оказания государственной услуги, в том 

числе оказываемой в электронной форме и через центры обслуживания населения

13. Услугополучателям, у которых по состоянию здоровья отсутствует возможность личной 

явки в ЦОН, прием документов, необходимых для оказания государственной услуги, производит-

ся работником ЦОНа с выездом по месту жительства услугополучателя.

14. Государственная услуга оказывается через портал при условии наличия у услугополуча-

теля ЭЦП.

15. Услугополучатель имеет возможность получения информации о порядке и статусе оказа-

ния государственной услуги в режиме удаленного доступа посредством «личного кабинета» пор-

тала, справочных служб по вопросам оказания государственной услуги, а также единого контакт-

центра по вопросам оказания государственных услуг.

16. Контактные телефоны справочных служб по вопросам оказания государственной услу-

ги указаны на интернет-ресурсе www.edu.gov.kz, в разделе «Государственные услуги». 



Единый 

контакт-центр по вопросам оказания государственных услуг: 8-800-080-7777, 1414.

Қазақстан Республикасы  Үкіметінің 2014 жылғы 23 мамырдағы 

№ 538 қаулысымен  бекітілген

«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі 

жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін 

қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

1.  «Мектепке  дейінгі  балалар  ұйымдарына  жіберу  үшін  мектепке  дейінгі  жастағы  (7  жасқа 

толмаған)  балаларды  кезекке  қою»  мемлекеттік  көрсетілетін  қызметі  (бұдан  әрі  –  мемлекеттік 

көрсетілетін қызмет).

2.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартын  Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым 

министрлігі әзірлеген.

3.  Мемлекеттік  көрсетілетін  қызметті  республикалық  маңызы  бар  қаланың  және  астананың, 

ауданның  (облыстық  маңызы  бар  қаланың)  жергілікті  атқарушы  органдары,  қаладағы  аудан, 

облыстық, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдері (бұдан әрі – көрсетілетін 

қызметті беруші) көрсетеді.



Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:

1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі; 

2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Мемлекеттік қызметтерді 

автоматтандыруды  бақылау  және  халыққа  қызмет  көрсету  орталықтарының  қызметін  үйлестіру 

комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық 

мемлекеттік кәсіпорыны (бұдан әрі – ХҚКО);

3) «электронды үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz (бұдан әрі – Портал) арқылы жүзеге асыры-

лады.


2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі

4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға жүгінген сәтінен 

бастап – 30 минут;

2) көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің 

рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 минуттан аспайды;

3) көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО-тың қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ 

уақыты – 15 минуттан аспайды.

Портал арқылы жүгіну кезінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі сұрату берілген кезден ба-

стап 30 минутты құрайды. 

5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электронды/қағаз түрінде.

6. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесі кезекке қою болып табылады, бұл туралы көрсетілетін 

қызметті алушыға кезектілік нөмірі көрсетілген е қолхат беріледі.

Порталда  мемлекеттік  қызмет  көрсетудің  нәтижесі  уәкілетті  тұлғаның  электронды  цифрлық 

қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) қойылған электронды құжат нысанында «жеке кабинетке» жолдана-

ды.


7. Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

8. Жұмыс кестесі:

1)  көрсетілетін  қызметті  беруші:  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасына  сәйкес, 

көрсетілетін қызметті берушінің белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін 

қоспағанда, дүйсенбі – жұма аралығында сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 09.00-

ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік  қызмет  алдын  ала  жазылусыз  және  жеделдетіп  қызмет  көрсетусіз  кезек  күту 

тәртібімен көрсетіледі;

2) ХҚКО Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушінің 

белгіленген жұмыс кестесі бойынша демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбі – сенбі 

аралығында сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін, үзіліссіз.

Көрсетілетін қызметті алушының қалауы бойынша «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы 

электронды кезекті «брондауға» болады. 

3)  портал:  тәулік  бойы  (жөндеу  жұмыстарын  жүргізуге  байланысты  техникалық  үзілістерді 

қоспағанда).

9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша көрсетілетін қызметті алушының уәкілетті 

өкілі)  жүгінген  кезде  мемлекеттік  қызмет  көрсету  үшін  қажетті  құжаттардың  тізбесі:  көрсетілетін 

қызметті берушіге:

1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес өтініш;

2) сәйкестендіру үшін баланың туу туралы куәлігі (түпнұсқа және көшірме);

3) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат (түпнұсқа және 

көшірме); 

4) мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжат (ата-анасының 

бірінің немесе заңды өкілдерінің).

Техникалық мүмкіндік болған жағдайда, жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу ту-

ралы  куәлігі,  мектепке  дейінгі  ұйымға  бірінші  кезекте  орын  алу  құқығын  растайтын  құжат  туралы 

мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден электронды 

цифрлық қолтаңба қойылған электронды құжаттар нысанында алады. 

ХҚКО-ға: 

1) көрсетілетін қызметті алушының, көрсетілетін қызметті алушының заңды өкілдерінің бірінің 

жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін); 

2) мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат.

ХҚКО-ға өтініш берген кезде жеке басын куәландыратын құжаттар, баланың туу туралы куәлігі, 

мектепке дейінгі ұйымға бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді 

ХҚКО қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден уәкілетті адамның электронды цифрлық 

қолтаңбасы қойылған электронды құжаттар нысанында алады.

ХҚКО  арқылы  мемлекеттік  қызмет  көрсетілген  жағдайда,  егер  Қазақстан  Республикасының 

заңдарында  өзгеше  көзделмесе,  көрсетілетін  қызметті  алушы  ақпараттық  жүйелердегі  заңмен 

қорғалатын құпиясы бар мәліметтерді пайдалануға ХҚКО ұсынған нысан бойынша жазбаша келісім 

береді. 


Порталға  (бала  2007  жылдың  13  тамызынан  кейін  туылған  жағдайда):  көрсетілетін  қызметті 

алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған электронды құжат нысанындағы сұрату. 

Жеке  басын  куәландыратын  құжаттар,  баланың  туу  туралы  куәлігі,  мектепке  дейінгі  ұйымға 

бірінші кезекте орын алу құқығын растайтын құжат туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші 

тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден мемлекеттік органдардың уәкілетті адамдарының элек-

тронды цифрлық қолтаңбасы қойылған электронды құжаттар нысанында алады.

Портал арқылы жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұратудың қабылданғаны 

туралы көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» хабарлама жолданады.

10. Көрсетілетін қызметті алушы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына 

сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас 

тартады және осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына  құжаттар қабылдаудан бас тарту 

туралы қолхат береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет