Жеке жазылушылар үшін 65367 6 айға 1541,52 1637,40 1713,84 Мекемелер мен ұйымдар үшін


«адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры алматыдағы



Pdf көрінісі
бет7/11
Дата06.03.2017
өлшемі2,86 Mb.
#8101
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

«адырна» ұлттық-этнографиялық бірлестігі» қоғамдық қоры алматыдағы 

ғ.Мүсірепов атындағы балалармен жасөспірімдер театрында белгілі әнші-

композитор Балуан-шолақ Баймырзаұлының жеке шығармашылығынан 

дәстүрлі ән кешін өткізді. аталған ән кеші түрлі ұлттық аспаптардан тұратын 

«арнау» фольклорлық ансамбльмен ашылды. 

алматы қаласындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік орталық музейінде 

Қазақ КСР-ның халық артисі, әнші, актер Кәукен Кенжетаевтың туғанына 100 

жыл толуына орай «Қазақтың Кәукені» атты көрме ашылды. 

Т

АРИХ ЖАЗҒАН



жырыменен...

алашқа


а

а

ды көрсетіп, осы жерде қазақтың ақыны 

Ығылман Шөрекұлының мүрдесі жатқанын, 

оның қашан да болса ізделінетінін ай-

тып, мұқияттап көрсетіп, белгі қағып, 

сұрағандарға тауып беруін аманаттаған 

еді. Кейін ақынның қайда жерленгенін 

айқындау қажеттігі туындағанда Жәлеке 

қарт бізге де, Қызылқоға ауданының 

басшылары Аташ Досалиев, Мыңбай 

Жарылғағанов, кеңшар директоры Мыр-

забай Айшуақов және басқаларға көзі 

тірісінде Ығылманның бейітін өзі аяқтай 

барып, өз қолымен көрсетіп беріп үлгерді. 

Ақыры, оның басына ескерткіш белгі 

қойылды.


Қорыта келгенде түйін мынау: Ығылман 

ақын 1932 жылғы тамыздың 3-інде қайтыс 

болды. Атырау облысының Қызылқоға 

ауданындағы Жасқайрат деп атап жүрген 

бұрынғы Халел Досмұхамедұлы атындағы 

асыл тұқымды қаракөл қой зауытының 

Сорқуыс ауылының іргесіндегі қауымда 

жерленген. Сол жерде Халелдің ата-

бабаларының да мүрделері жатыр.

Ығылман ақынның руы – Беріш. Оның 

екі баласының кенжесі Байсейіттен тарам-

далады. Одан Қитас туған, Қитастан Жайық 

жаралған. Міне, өздерін «Жайық Берішпіз» 

деп атайтын бір тайпа ел ежелден Тайсойған 

құмын, Ойыл өзенінің төменгі сағасын ме-

кен етеді. Сол Жайықтың үш ұлының бірі 

Дәулеттің Тумаш атты баласынан Ерназар, 

Жаубасар, Сейіт, Нияз деген төрт перзент 

болған. Алдыңғы үшеуінің ұрпақтары 

негізінен Атырау облысының Қызылқоға, 

Индер аудандарын қоныс етіп келеді. Батыс 

Қазақстан облысының осы аудандармен 

жинастыруға әуелден әуес, құлағы түрік 

жүретін зиялы азамат.

– Бұл толғау, – деді рахметжан 

Бақтияров,- 1950 жылғы мамырда Қамыскөл 

деген жерде Сарман Ғапуриннен жазып 

алынды. Оған себеп болған – сол жылы 

Ығылманның туған жылы, шығармалары 

жайлы дерек ізделуде деген хабардың естілуі 

еді. Содан кейін Ығылман Шөрекұлына 

«Исатай-Махамбет» дастанын жазғызуға 

бірден-бір дәнекер болушы ғалым, қоғам 

қайраткері Халел Досмұхамедұлының туған 

жиені, ақынмен жақын таныс, әрі қосшы 

баласы болған Сарман Ғапуринге бардым. 

Ол кісі менің жездем еді, Ығылманның 

өлеңдерін жатқа соғатынын білетінмін. 

Сарман жездемнен сол жолы осы үзіндіні 

жазып алдым да «Лениншіл жас» газетіне 

жібердім. Одан өзге де жырларын ести тұра 

қағазға түсіріп алмағаныма өкінемін.

Ақынның қайтыс болған уақыты, 

Қай ақынның болса да, әсіресе, ауыз 

әдебиеті өкілдерінің өткен өмір жолда-

ры, ғұмырнамалары өлең-жырларында 

өрнектеліп, іздері сайрап жатады. Түсініп 

болмайтын қилы кезеңнің перзенті, айтулы 

ақын Ығылман Шөрекұлы да өзінің ұзақ 

өмірбаяндық толғауын былай бастаған:

Пендеге зор, дәреже ғылым, білім, 

Бір Алла дана қылар сүйген құлын.

Болғанда мың сегіз жүз жетпіс алты,

Сол екен дүниеге келген жылым.

Дүниеге келген жылым тышқан екен,

Сол жылдың жазға салым тұстары екен.

Қамалдан үш күн бұрын жерге түсіп,

Доңыздан сол себепті тысқары екем…

МЕрЕй


8

№17 (1327) 

28 сәуір – 4 мамыр 

2016 жыл


АНА ТІЛІ

АНА ТІЛІ

9

№17 (1327) 



28 сәуір – 4 мамыр 

2016 жыл


Сұлтан шәріпұлы оразалы әлем өркениетіне абай, шәкәрім, Мұхтар сынды даналарды берген 

қасиетті өлкенің жусанды топырағында дүниеге келіп, қазақ тілінің мөлдір бұлағынан сусындап 

өскен, көкірегі ғашықтар қиссаларымен, батырлар жырларымен күмбірлеп, дүниетанымы 

сөз өнерінің құдіретімен толыққан, «Сөз жаттаған баладан, тілден сарай тұрғызған» ұлт 

руханиятының көрнекті тұлғасы.

Қазақ қауымының барлық буынына 

өлшеусіз рухани нәр берген абай 

атындағы Қазақ мемлекеттік 

академиялық опера және балет 

театры бірегей өнер ордасы, ұлттық 

мақтаныш. Кеңес өкіметі орнаған 

алғашқы жылдарда шаңырақ көтеріп, 

елдің даңқын асқақтатуға қосып 

келе жатқан үлесі орасан. онда арғы-

бергіде қызмет еткен  халқымыздың 

дарынды ұл-қыздары отанымыздың 

даңқын күллі әлемге жария етті, етіп 

те жүр. Бар болғаны 24 жасында 

КСРо халық артисі атанған Күләш 

Байсейітова, 33 жасында сол атаққа 

ие болған Ермек Серкебаев не 

тұратын еді. Иә, өткен жылы бақиға 

озған Ерекең, Ермек Серкебаевтың 

есімін де өткен шақпен айтып 

отырмыз. Жасы тоқсанға жақындап 

өмірден озған оның (бірыңғай 

ұстаздықпен айналысып) опералық 

басты партияларды орындаудан 

әлдеқашан қол үзгенін білсек те, 

осы жолы бұл фәниде жоқтығы 

алабөтен білініп, орны үңірейіп 

тұрғандай әсерде болдық. Яғни «Ер 

тарғын» операсының өткен жолғы 

бір кезекті қойылымы кезінде неге 

екені белгісіз, сахнадағы Ер тарғын 

мен ақжүніс көз алдымызға Ермек 

пен Күләш боп елестеді де отырды (өз 

басым Күләшті сахнадан көрмесем 

де). Қазақ өнерінің тарихы қоса ойға 

оралып... тағы да әлденелер...

өмір деген қызық қой. Бір 

азаматтармен әлдебір іссапарда 

таныссаң, кейбірімен қызмет 

бабында таныс-біліс боласың. 

Содан арада бір достық қарым-

қатынас, көңіл-ықыластық 

байланыс орнайды. Менің 

елімізге белгілі журналист, 

қарымды қаламгер оразалы 

Жақсановпен таныстығым да 

осылай басталды. 

Қай жылы екені нақты есімде 

жоқ. Бірде редакциямызға 

сұңғақ бойлы,  жылы жүзді 

бір азамат келіп, осындағы 

жігіттермен жылыұшырай 

амандасып шықты. Ешкімді 

бөтенсіген жоқ. Әрқайсысын 

бұрыннан танитындай сыңай 

танытты. Жүріс-тұрысы 

нық, салиқалы да салмақты 

қалпы өзіне жарасып-ақ тұр. 

Келбетінен бір зиялылық, 

оқыған-тоқығандық, 

парасаттылық байқалады. 

Ізгіліктің, жақсылықтың лебі 

еседі.

С.Бәйішев атындағы ақтөбе облыстық 

әмбебап ғылыми кітапханасында ақын  

әрі аудармашы Есләм зікібаевтың 80 

жылдығына орай «өзім кетсем, артымда 

сөзім қалсын» атты әдеби еске алу кеші өтті. 

Бүгінгі таңда балаларға арнап жазылған 

өлеңдер көп болғанымен, балалар 

дүние танымын арттыратын өлеңдер 

аз. Бала танымына лайықтап сөз 

саптау бала жүректі тәлімгер ақынның 

ғана қолынан келеді. Біз танығанда 

қазіргі қазақ балалар әдебиетінде 

ақын Ертай ашықбаевтың өлеңдері 

тауып айтқан тапқырлығымен де, бала 

болмысын танытуымен де құнды. Мұны 

ақынның титтей торғайдың қимыл-

қозғалысынан мән-мағына тауып, оны 

кішкентай оқырман дарына оймақтай 

ой етіп ұсынған «Суықта» атты өлеңінен 

оқи аламыз.

Қайраткер Сұлтан оразалының шығармашылық өмірбаянын зерделесек, 

интеллек туалдық деңгейін сөйлетсек, ол, шын мәнінде, әдебиет сыншысы, өнер 

зерттеушісі, аудармашы, тележурналист, теледраматург, іскер, білгір, ұтқыр 

ұйымдастырушы.

Бала жүрек ақын



замандас

ӨнЕр

Кувейтте Йемендегі ахуалға қатысты бітімгершілік 

келіссөздер өтті. Отырыс Біріккен Ұлттар Ұйымының 

бастамасымен жүзеге асқан. 

Басқосуда Йемендегі азаматтық соғысты тоқтату 

басты мәселе болды. Кувейттің сыртқы істер министрі 

Шейх Сабах әл-Халид әл-Сабах тараптарды бітімге ке-

луге шақырды. Алқалы жиында Біріккен Ұлттар Ұйымы 

қауіпсіздік кеңесінің 2216 қарарында айтылған жоспар 

негізінде әрекет етудің мәні жеткізілді. Аталған құжатқа 

сәйкес, аймақтағы хуситтер заңға қайшы әрекеттерімен 

өз бақылауына алған өңірлерден кету керек. Артынша 

мемлекеттің жаңа билігін жасақтауға қатысты жұмыстар 

қолға алынбақ. 

Айта кетейік, 2014 жылы басталған қақтығыстар 

салдарынан елде қос үкімет орнаған. Бірі хуситтер болса, 

екіншісі – Хадиді қолдағандар. Осы уақыт аралығында 6,5 

мыңдай бейбіт тұрғын көз жұмып, өңірде гуманитарлық 

дағдарыс белең алған. Мыңдаған адам босып кеткен.



аҚШ Энергетика министр-

лігінің қара алтынды өндіруді азайту 

жөніндегі, сондай-ақ Ирактың 

мұнай өндіруші елдермен алдағы 

уақытта кездесу өткізу жөніндегі 

мәлімдемесіне қарамастан мұнай 

бағасы көтерілді.

Brent мұнайының бағасы 

ICE Futures Лондон биржасын-

да 3,57 пайызға өсіп, барреліне 

45,51 долларға бағаланды. Бұл 

былтырғы жылдың аяғынан бері алғаш рет 45 долларға 

асты. 

Бундестаг депутаты александр Радван Германия 

аумағында тұратын мұсылмандар діни рәсімдерін орындау 

үшін мемлекетке салық төлеуі керек деп мәлімдеді.

Бұған дейін А.радванның әріптесі  Андреас  Шойер Гер-

мания мешіттерін шетелден қаржыландыруды тоқтатып, 

ислам орталықтары қызметін арнайы салықтан түскен 

қаражатпен қамту туралы ұсыныс жасаған болатын. 

Қазіргі уақытта Германияда 4 миллионнан аса мұсылман 

тұрады. Бұл елдегі жалпы халықтың 5 пайызын құрайды. 

Норвегияның «Statoil» мен «Kongsberg Maritime» ком-

паниялары су астында еркін жүзе алатын робот жыланды 

сынап жатыр.

робот теңіз түбіндегі құрылғылардың бүлінуін анықтап 

және оны жөндеуге көмектеседі делініп отыр. Оны жасауға 

Норвегия технологиялық университетінің ғалымдары 10 

жылын сарп еткен. робот теңіз түбінде бақылау жүргізуге 

әрі қарапайым жұмыстарды атқаруға арналған. Алдағы 

уақытта теңіздегі мұнай-газ стансаларына қымбат әрі 

күрделі машиналардың қажеті болмайды. Құлтемір жы-

лан Лох-Несс құбыжығына ұқсайды, болашақта теңізде 

туристердің зәресін ұшыруы да мүмкін.

заМандас

Әзірлеген Нұрлан ҚҰМаР

Ж

аһанның жүрек лүпілі



Ж

аһанның жүрек лүпілі



2016 жылғы XXXI Жазғы 

Олим пиада  ойындарының   алауын 

жағу рәсімі ежелгі Олим пияда өтті. 

Ж а з ғ ы   О л и м п и а д а л ы қ 

ойын дары биылғы жылдың жаз 

мезгілінде рио-де-Жанейрода 

өтеді. рәсімнен кейін Гера 

шіркеуінде олимпиадалық алау 

эстафетасы басталды. Ол бірінші 

күндері Грекия аумағында өтіп, 

«рио-2016» ұйымдастыру ко ми-

тетінің делегациясына табысталады. Дәстүр бойын ша 

эстафетаны грекиялық спортшы бастайды. Осы жолы 

алауды спорт гимнастикасы бойынша 2015 жылғы әлем 

чемпионы 25 жастағы Элефтериос Петруниас ұстап 

шығады. Эстафетаның өз кезеңінен соң ол ескерткіш 

алдында алауды бразилиялық волейбол бойынша екі 

дүркін әлем чемпионы Джоване Гавиоға табыстайды. 

Грекияда алауды елде тағдырының шешілуін күтіп отырған 

мыңдаған босқындардың бірі алып өтеді. 

араБ әлЕМі 

нарық 


Еуропа 

сКандИнавИя түБЕгі

оңтүстіК аМЕрИКа 

Бітімге үндеген басқосу 

Мұнай бағасы қымбаттады

Діни рәсімге салық салмақ

Су түбінде жүзетін жылан

Олимпиада алауы жағылды

Эквадордадағы Манаби про-

винциясында 5,9 балдық зіл зала 

тіркелген. Әзірге құрбан болғандар 

мен зардап шеккендер туралы 

ақпарат жоқ. 

Айта кетейік, таяуда елде 

магнитудасы 7,8 балдық жой-

қын жер сілкінісі болып, 500-ден 

астам адам қаза тапқан. Ара-

сында 11 шетелдік азамат бар. 

4 мыңнан астам адам жарақат 

алған. Із-түссіз кеткендердің де саны көп. Жергілікті 

биліктің мәлімдеуінше, табиғи апаттан келген шығын 

көлемі 3 миллиард долларға жетіп отыр. Айтуларынша, 

аса қажетті деп табылған заттарға 160 миллион АҚШ 

доллары бөлініпті. Қазірге дейін Эквадорға 13 мемлекет 

гуманитарлық көмек жөнелтіп үлгерген. Апат салдарымен 

күресіп, құтқару-іздестіру жұмыстарына атсалысу үшін 

өз мамандарын жіберген. 

оқыс оқИға 



Зілзала зардабы

М

ектепте оқып жүрген кезінен-



ақ тіл, әдебиет маманы болуды 

армандаған жасөспірім, балғын 

жігіт сол кездегі қазақ білімінің қарашаңырағы 

әл-Фараби атындағы Ұлттық университетке 

оқуға түсіп, оны бітірген соң күні бүгінге дейін 

бүкіл өмірін қазақ тілінің өркендеу жолына 

арнап келе жатқан Сұлтекең – шын мәнінде тіл 

сардары.


Сұлтекең қазақ жұртшылығына тіл, әдебиет, 

өнер мәселелері бойынша өте қызықты, 

танымдық қуаты мол, көрермендер ұйып 

тыңдап, ләззат алатын, өресі өрістеп, көңілі 

көтерілетін, санаға жарық түсіріп, рухын 

өсіретін тамаша рухани хабарлар ұсына алған 

шебер тележүргізуші ретінде танылды. Өткен 

ғасырдың 70-80 жылдары  Сұлтан Оразалы 

теледидарға көп жаңалық әкелді. Өзі сценарийін 

жазып, өзі режиссер, өзі жүргізуші болып 

көрермендерге ұсынған телефильмдері қазақ 

әдебиеті мен өнерінің, қазақ тілінің мәртебесін 

көтеретін шежірелі, қазыналы шығармалар бол-

ды. Көрген адамның жадында қалды. 

Ол түсірілімдер туралы  осы күнге дейін 

сүйсініп айтып жүретіндер, зиялылар да 

баршылық. Сұлтекеңнің ұлттық әдебиетіміз 

бен мәдениетіміздің дарынды қайталанбас 

тұлғалары, қазақ әдебиетінің классиктері – 

Ғабит Мүсірепов, Ғабиден Мұстафин, Ілияс 

Есенберлин, Сапарғали Бегалин, Тахауи Ахта-

нов, Шыңғыс Айтматов туралы жасаған тамаша 

туындылары еліміздің рухани мәдениетінің 

алтын қорын байыта түскен үздік шығармалар. 

Осыдан екі жыл бұрын замандасымыз, заңғар 

жазушы Әбіш Кекілбаев туралы да екі бөлімді 

жаңа телефильм жасап, тұлғатанудың соны 

үлгісін ұсынған да – осы біздің Сұлтекең! Бұл 

телефильмдер кезінде тек жанрдағы жаңалық 

болып қалмай, ұлылардың өмірі мен бейнесін 

шынайы суреттеу арқылы болашақ ұрпаққа 

сарқылмас асыл мұра қорын байытты. Сол үшін 

де Сұлтекеңнің еңбегі  алғыстың қандай түріне 

де лайық.

 Сұлтан Оразалы сондай-ақ, өзі жазушы, 

өнер зерттеушісі, аудармашы, теледраматург, 

көсемсөз шебері, түйіндей айтқанда тіл, өнер, 

мәдениеттің дамылсыз іздеушісі, өнімшіл,  

өндіріп еңбек ететін қажымас қайраткері. 

Жаңалыққа жаны жақын, ізденгіш еңбекқор. 

Алдына шығармашылық мақсат қойса болғаны

екпіні тау құлатардай түн жүріп, күн жүріп, 

түбіне жетпей тоқтамайды. 

Сұлтекең тұлға іздейді, іздегенін таппай тағы 

қоймайды. Қандай да  құбылысты, кейіпкерінің 

еңбегін  тереңнен тербеп, сендіріп, наным-

ды етіп, жүрегіңе, санаңа ұялатып сөйлейді. 

Ақыры, Сұлтекеңнің Әнуарбек Байжанбаевтың 

дауысын есіңе түсіретін қою, ауаны кең дауысын 

теледидардан естігенде көрермен ризашылығын 

жасыра алмай рақаттанып тыңдайды. 

О

л 1964-1984 жылдарда Қазақ 



телевизиясында істеген 

шағында үш жүздей сцена-

рий (телесұхбат, теленовелла, телеинс-

ценировка) жазған және бір мыңдай 

хабарларды шеберлікпен жүргізген. 

Комментатор болу дегеніміз – әрі 

шығармашылық иесі, әрі диктор, әрі 

редактор, әрі репортер, әрі интер-

вьюер, әрі режиссер, әрі импрови-

затор, әрі эфирде жұмыс жасайтын 

журналист деген сөз. Журналистің 

эфирдегі қызметі сан алуан, сан 

қилы. Телегей еңбек пен тегеурінді 

қабілет-қарымды қажет ететін өнердің 

күрделі саласы. Ұлттық теледидардың 

іргетасын қалаушылардың сапында 

Сұлтан Оразалының қайраткерлік, 

санаткерлік, қаламгерлік тұлғасы өз 

алдына өзгеше бір әлем. Өйткені Қазақ 

теледидар өнеріне, телеөнімдерге 

ұ л т т ы қ   р у х   п е н   м а з м ұ н ,   т е р е ң 

дүниетаным дарытты, халықтық дәстүр 

мен тіл мәдениетін дамытты. Бұл 

орайда Сұлтан Оразалы ел жүрегін 

толғандырған «Қымызхана», «Халық 

қазынасы», «Өнер көзі – халықта», 

«Шұғыла», «Сахна», «Творчестволық 

п о р т р е т т е р » ,   « П о э з и я л ы қ   к е ш » 

сияқты бағдарламалардың авторы. 

Бұлар танымдық мәнімен, көркемдік 

сәнімен, шеберлік қырларымен халық 

кемел парасат иесі

қалам қуаты

Ұлт руханиятының 

сардары

әріптЕс туралы сөз



Шара

ойтолғаМ


хат Жолдарынан

Ол екінші бір қырынан, білім 

беретін оқу орын дарының сапасына 

да байланысты. Бұл орайда әл-Фараби 

атындағы Қазақ ұлттық университетін 

ерекше айтуымызға болады. 

Өткен жылы ҚазҰУ ғалымдары 

БҰҰ-ның рИО-20 Дүниежүзілік 

саммитіне қатынасып, жеке секция 

бойынша өз бағдарламаларын ұсынған 

болатын. Қазақстанның әрбір оныншы 

«үздік оқытушысы» осы оқу орнында 

жұмыс жасайды. Қазақстанда орында-

латын ғылыми-зерттеу жобаларының 

25 пайы зы бүгінде аталған оқу ордасына 

тиесілі болып отыр. Аталмыш оқу ор-

нында патриоттық, ерікті, кәсіби және 

ғылыми бағыттағы 250 шығармашылық 

бірлестіктер мен көркемөнерпаздар 

үйірмесі, спорттық секциялар, көш-

басшы мектептер, әлеуметтік және 

ағарту клубтары жұмыс істейді, күніне 

студенттерге арналған бірнеше ша-

ралар өткізіледі. Талантты, білімді 

студенттерге қосымша атаулы стипен-

диялар беріледі. Оқу нысандарының 

аумағында 14 жатақхана, озық ғылыми 

кітапхана, жоғары деңгейде қамтылған 

әскери кафедра, Студенттер сарайы, 

300 орындық жастар интернет ор-

талығы, заманауи баспа-поли гра-

фиялық кешені, т.б. қызмет етеді.

 

Б.аТаШ,

 әл-Фараби атындағы ҚазҰу 

философия кафедрасының аға 

оқытушысы,  философия 

ғылымының докторы

Озық білім ордасы

Жұлдызды 

жырлар


Бүгінгі еліміз жүргізіп отырған 

«Интеллектуальді ұлт қалыптас-

тыру» саясатының нәтижелі 

болуының басты шарты – білімді 

жастар екендігі сөзсіз. 

Сұлтан Шәріпұлы Оразалы тәуелсіз 

мемлекетіміз шаңырақ көтеріп, қабыр ғасын 

құрап жатқан тұста Нұрсұлтан Әбішұлы 

Назарбаевтың Жар лығымен тұңғыш рет 

құрылған Мем  лекеттік тіл комитетінің 

тұңғыш төрағасы қызметін айрықша білік-

т і л і к п е н ,   қ ұ л ш ы н ы с п е н ,   ж а ң а ш ы л -

д ы қ п е н ,   ш ы ғ а р м а ш ы л ы қ п е н ,   ш ы н а й ы 

жанашырлығымен, қайраткер лігімен атқарды. 

Мемлекеттік тіліміздің тұрмыстағы өз орны-

на қайта оралып, өз мәртебесін алу жолында 

Сұлтекең қыруар еңбек сіңірді, әлі де сіңіріп 

келеді. Бұл салада да Сұлтекең көп теген тың 

жаңалықтарға бастамашы болды. реформаларға 

жол ашты. Сұлтекең атқарған ресми мемлекеттік 

қызметтердің тізімін айтып шығу көп уақыт алар 

еді. 


Қазақ тілінің тағдыры да, тарихы да қазақтың 

өзі сияқты, талай қуғын-сүргінді бастан 

кешірген.  Сұлтекең Мемлекеттік тіл комитетін 

басқарған жылдары барын салып, ешкімнің 

мансабына, бет-жүзіне қарамай қағажу, кенже 

қалған ана тіліміздің қоғамдық, мемлекеттік 

мәртебесін көтеру жолында ашық айтысып, 

аянбай еңбек етті. Қазақ тіліне  байланысты 

мұндай талап, екпінге үйрене қоймаған кейбір 

шенеуніктер оған жанама жала да жапқысы 

келді. Бірақ  Сұлтекең қорыққан жоқ, қасқайып 

қарсы тұрды. Еш жерде тізесі дірілдеп, табаны 

сырғанақтамады. Тіл үшін сырғанақтамады. 

Ұлттың жаны – тілі үшін, тілдің мәртебесі үшін 

ештеңеден тайсалған жоқ. 

Кейбір жағдайда тілдің қайта жандануы на 

Сұлтан Шәріпұлы, Оразгүл Асанғазы сияқты 

мінезді адамдар да керек-ақ. Біз үшін тілге, 

әсіресе, қазақ үшін тілге қамқорлықтың өзінің 

жолы неше түрлі. Оны ақылмен де, сабырмен 

де, кейбір жағдайда қайтпас қайсарлықпен 

де шешуге тура келгенде осының барлығы 

Сұлтекеңнің бойынан табылып жүрді. Өзі кей-

де жібектей сызылтып, әдемі сөйлейді. Кейде 

керісіп сөйлейді. Кейде ымыраға тарта, бауы-

рына тарта қазақ тілінің мүддесін қорғайды, 

қазақ тілінің жолын ашады. Ал ондайға келісе 

қоймаған жерде Сұлтекең мінез көрсетеді. Сол 

мінезі үшін де рақмет айтқымыз келеді.

 Сұлтекең қоғамның, мемлекеттің көрнекті, 

салмақты қайраткерлік еңбегімен танылып, 

құрметтеліп жүрген, өзіміз қадірлеп-сыйлайтын 

азаматтығы, адами мінезі мол, дарқандығы 

мен мұндалап тұратын біздің замандасымыз, 

әріптесіміз, досымыз, бауырымыз, тамаша 

отбасының отағасы. Еліміздің Сұлтан рухты 

мықты қазақтарының қатарын қуаттандырып, 

әлі талай дүниені келістіріп, талай жақсылықты 

жарқырататынына мейлінше сенгім келеді, 

сенемін. 



Қуаныш СҰлТаНОв,

Мемлекет және қоғам қайраткері

санасында берік ұялаған-ды. Елдің жан 

құмарын мейлінше қандырған «Өнер 

көзі – халықта» дейтін бағдарлама бола-

тын. Әсіресе, сол бір 1976 жылы Манап 

Көкенов пен Мұқаш Байбатыровтың 

айтысы көрсетілген-ді. Көрермендер 

т о с ы н   а қ ы н д ы қ   т а п қ ы р л ы қ қ а , 

импровизаторлық өнерге куә болған-

ды. Қазіргі айтыстың гүлденуіне осын-

дай көрсетілімдердің жойқын әсер 

еткені анық. Демек, терең тамырлы, 

тарихы ғасырлар тұңғиығына тірелетін 

ұлттық, халықтық айтыс өнерінің 

ХХ ғасырдың үшінші ширегінде 

өркендеуіне белгілі бір дәрежеде соны 

соқпақ салған Сұлтан Оразалы десек 

әділеттілік болар еді. Және де оның 

1982 жылы «Айтыс» атты бағдарламасы 

Қазақ телевизиясының тақырыптық 

жоспары бойынша кітапша түрінде 

жарияланды. руханият шырақшысы 

Мұхтар Әуезовтің даналық дәрісін 

тыңдау, Қайнекей Жармағамбетовтың 

бай кітапханасында білім теңізінен 

тиянақты, мұқият жеміс теру, Ғабдол 

Слановтың шаңырағында тұрып, тәлім 

алу – жас науша Сұлтан Оразалының 

маңдайына бұйырған бақыт. Жақсы-

лардың мәжілісі – Сұлтекеңнің ой-

өрісінің, таным-пайымының, көз-

қарасының, шығармашылық тұл-

ғасының қалыптасуы мен дамуына әсер 

«Бақыла торғайды,

Қанатын қомдайды.

Кім көп қозғалса,

Сол түк тоңбайды». 

Ұшқан құс пен жүгірген аңның әрекеті 

түйсіне білсең табиғат аясындағы өмірдің 

өз мектебі. расында, бала айналасындағы 

тіршілік иелерінің қимыл-қозғалысына 

назар аударып, оның мәнін түсінсе таным 

көкжиегі кеңейді деген сол болмақ. Шумақ 

құдіреті баланы бейжайлықтан арылтуын-

да, көрген-білгенін жадына тоқытуында, 

үлкенді де, кішіні де иә солай ғой деп қа-

пысыз иландыруында.

 «Сағым»:

«Толқын-толқын сағымды

Көл деп Мұрат жаңылды.

«Алыс па?»  деп сұрады,

«Шомылам»  деп жылады». 

Табиғаттың ерекше құбылысы сағымды 

қоршаған ортаны жаңа танып келе жатқан 

бала су деп білуі түсінікті жайт. Өлеңнің 

жетіс тігінің өзі осы ерекше табиғат сыйы-

ның  бала түсінігіне лайықталып, ере-

сек адамның өзі есі шығатындай тосын 

сұрақ қойылып («алыс па?»), қиғылықты 

салған ерке баланың («шомылам») қалауы 

наным ды суреттелуі сөз жоқ ақынның бала 

әлемін танитындығын, бала тілімен сөйлей 

білетіндігін көрсетеді.  



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет