Демография – ұлт тағдыры
«Қазақстан – Ұлы Дала елі»
«Ана тілі» газетінің биылғы 10-16 наурыздағы №10
санында газет тілшісі А.Исләмбектің «Отан – отба-
сынан басталады немесе демографиялық ахуалымыз
қалай?» деген тақырыпта мақала жарияланған бола-
тын.
Осы мақалаға байланысты ҚР Білім және ғылым
министрлігінің вице-министрі Э.Суханбердиевадан хат
келді. Хатта аталған мақала министрліктің назарына
алынатындығы айтылады.
Демография – ұлт тағдыры. Сондықтан бұл мәселеге
енжар қарауға болмайды. «Көп қорқытады – терең ба-
тырады» деген сөз бар. Бұл да жайдан-жай айтылмаған.
Жеріміздің кеңдігі әлемге әйгілі. Бабаларымыз аманат
еткен кең жерді сақтап қалу үшін де халық санының
көп болуы маңызды. Бұл бағытта Білім және ғылым
министрлігі де лайықты үлес қоса алар еді. Әсіресе, де-
мография ғылымының дамуына ерекше көңіл бөлінгені
жөн.
атағы беріледі. Ш.Жексенбаев осындай
жоғары атақты иеленген тұңғыш қазақ еді.
Айта кетейік, Қызыл Ту – КСРО-да
жоғары бағаланған алғашқы ордендердің
бірі. Отан қорғауда ерекше батырлығы
мен қайсарлық көрсеткені үшін берілетін
осынау орденмен Шәкір Жексенбаев бір
емес, төрт мәрте марапатталған. Соның
алғашқысын алған кезде Брянск майда-
нын генерал-лейтенант Мартиниш (Макс)
Рейтер басқарған. Ал штаб бастығы, ге-
н е р а л - л е й т е н а н т Л е о н и д С а н д а л о в
Ш.Жексенбаевқа: «...ерекше жігерлі және
ынталы. Әскери тапсырмаларды орындау-
да майданның бүкіл химиялық әскерлері
жақсы дайындықтан өткізілген. Жаудың
химиялық шабуылына қарсы дайындық
бойынша әскер арасында үлкен жұмыс
жүргізілген. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда.
Майданның әскери және арнайы химиялық
бөлімшелері жауынгерлерінің химиялық
білімдерін шыңдауға сауатты да батыл
басшылық жасайды. Өз мамандығына адал,
Соғыстан кейін химиялық қорғаныс
саласындағы қызметін жалғастырған Шәкір
Жексенбаев білімін жетілдіре түсіп, 1949
жылдан В.В.Куйбышев атындағы әскери
академияда дәріс береді. 1950 жылғы ма-
мырда төртінші Қызыл Ту орденімен
марапатталған генерал-майор әскери кадр-
ларды даярлауға да айрықша еңбек сіңірді.
Генералдың ұлы, марқұм Олег медицина
ғылымының докторы атанып, отбасымен
дәрігерлік салада қызмет етсе, немересі
Марина қазіргі таңда Мәскеу қаласында
тұрады. Ал інісі, Ұлы Отан соғысының
ардагері, ұзақ жыл Бөкей ордасы ауда-
нында ұстаздық еткен Сәтбай Айталиев-
тен тараған ұрпақтар, шүкір, баршылық.
Осы аудандағы Ұялы ауылындағы мектеп
Ш.Жексенбаевтың есімімен аталса, Орал
қаласындағы бір көшеге генералдың аты
берілген. Биыл қазақ тарихында ерекше
орны бар бірегей тұлғаның туғанына 115
жыл толып отыр. Халықтың қаһарман
ұлына қандай құрмет те артық емес.
Айболат ҚҰРЫМБАЕВ,
тарих магистрі
Ғайсағали САМИҒОЛЛАҰЛЫ
ОРАЛ
Біріккен Араб Әмірліктерінде Абу-Даби халықаралық
кітап көрмесінде қазақ баспагерлерінің мерейі үстем
болды. Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай
ұйымдастырылған «Қазақстан – Ұлы Дала елі» көрмесіне
еліміздің бірқатар баспаларынан кітап өнімдері қойылды.
Шараға Қазақстанның Біріккен Араб Әмірліктеріндегі
Төтенше және өкілетті елшісі Қ.Лама Шариф қатысты.
Дипломаттың айтуынша, баспагерлеріміздің осы көрмеге
қатысуы Қазақстан мен БАӘ арасындағы мәдени және
іскер байланыстарды нығайтудағы маңызды қадамның бірі
болып табылады. Қазақстанның Ұлттық мемлекеттік кітап
палатасы және БПКА президенті Ж.Сейдуманов жетекшілік
еткен Қазақстан делегациясы құрамында «Дәуір» РПБК
бас директоры С.Назарбаева, «Мектеп» баспасының ди-
ректоры Е.Сатыбалдиев, «Қазақ энциклопедиясының»
директоры Ж.Тойбаева, өзге де баспагерлер болды. Абу-Да-
би халықаралық кітап көрмесі барысында құрылтайшысы
Қазақстан Жазушылар одағы, кітап палатасы, БПКА бо-
лып табылатын «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін»
медалімен ақын, публицист Хабиб Саиг, «Аль-Иттихад»
газетінің бас редакторы Мухаммед әл-Хаммади, ақын
Абдулазиз әл-Бабтин, Абу-Даби мәдениет және туризм
басқармасы зерттеулер мен жарияланымдар бөлімінің
директоры Мохамед әл-Шеххи, көрме қатысушыларына
қызмет көрсету және сату бөлімінің менеджері Ибрахим әл-
Салам марапатталды. Сонымен бірге «Дәуір» республикалық
полиграфиялық баспа кешенінің бас директоры Светлана
Назарбаева Қазақстан азаматы, «GEMS Education» Білім
беру қорының стипендианты Сайора Шотпақоваға бағалы
сыйлықтар мен кітаптар табыс етті.
Аманбек ЖАНӘДІЛ
(Басы 1-бетте)
Бұл орайда Елбасы халықты ақпарат
қолже тімділігімен қамтамасыз етудің
шетелдік үлгісін тілге тиек етті. Мәселен,
Экономи калық ынтымақтастық және даму
ұйымының стандарттарына сәйкес, ше-
телдерде министрлер барлық туындаған
мәселелерге қатысты әрдайым жедел пікір
білдіріп отырады. Ақпараттық жұмыс тек
журналистер алдына брифингке шығып,
қағазда жазылғанды оқып беруден ғана
тұрмайды.
Осы ретте «Біздің министрлер тіпті
брифингтерде де журналистерден қаш-
қақтап, қарапайым сауалдарға жауап
бермейді. Қазіргі кезде біз министрліктерді
қандайда бір саладағы саясатты ай қын-
дайтын органдарға айналдырдық. Сая-
саткер жұртпен тілдесуге, өз ұстанымын
түсіндіруге, қоғамның сеніміне ие болуға
тиіс. Халықпен, ең алдымен жаңа заңдарды
қолданатын жұртпен кездесу керек» деген
Президент сөзі көпшіліктің көкейін мазалап
жүрген сауалдың үстінен дөп түсті.
Иә, шынымен де, заң заң үшін емес,
халық үшін жазылады ғой. Еліміздің әрбір
азаматы мемлекетімізде қандай заңдардың
қабылданып жатқанын білуге құқылы емес
пе? Ал олай болса, өзгерістерді бүркемелеудің
не қажеті бар? Қайта жоғары дәрежеде,
қарапайым жұртшылыққа ұғынықты тілде
жеткізіп отырса, қанеки!? Бұқаралық
ақпарат құралдары өкілдерін көрсе, олар-
дан ат-тонын ала қашу үрдісі біздің кейбір
лауазымды тұлғаларда жиі кездесетіні құпия
емес. Ондайлар журналистер халықтың өз
өкілі екенін қаперлерінде ұстай бермейтіні
өкінішті. Баспасөз қызметкері қашанда елді
алаңдатқан, толғандырған мәселеге жауап
іздейтіні белгілі. Ал жауап беруге тиісті рес-
ми орындардың өкілдері Елбасы айтқандай,
қашқақтап жүрсе не болғаны? Кететін
кемшілік, жіберілетін олқылықтың бәрі осы
арадан басталмай ма? Демек, бұл орайда
ойласатын, пікірлесетін тұстарымыз аз емес.
Қоғамда ақпарат таратудың маңыз-
ды лығын арттыруға ерекше көңіл бөлген
Елбасы Ақпарат және коммуникациялар
министрлігін құру жөнінде шешім қа был-
дады. Жаңа министрлікке бірқатар маңызды
міндеттер жүктелетіні туралы айтылды.
Жер мәселесінен бөлек, бүгінде
қоғам үштұғырлы тіл, мектептегі білім
беруге байланысты жасалып жатқан ре-
формалар, медициналық сақтандыру
мәселесіне қатысты сауалдар аз емес. Ел-
басы бұл мәселеге айрықша назар ауда-
рып, қоғамдық пікірге мұқият зер салу-
ды тапсырды. Өзгерістерді талқылауға
Қоғамдық кеңестерді белсенді қатыстыру,
«Электрондық Үкімет» порталының
жұмысын одан әрі жетілдіру, Үкімет жа-
нынан бірыңғай колл-орталық желісін
құруды тиісті мекеме бас шыларына жүктеді.
Мұндай кеңес беру ор та лықтары өңірлерде
болуы қажеттігін айтты.
Алқалы жиын барысында Нұрсұлтан
Әбішұлы Назарбаев қоғамдық тұрақты-
лықты сақтаудың маңыздылығын тағы бір
мәрте атап өтті.
– Барлық қазақстандықтарға қырағы
болу қажеттігін, тұрақтылығымыз бен
бір-бірімізге деген сый-құрметімізге сызат
түсуіне жол бермеу керектігін ескерткім
келеді. Өз тарапымнан ай тарым, біз
ешкімнің ортақ шаңырағымыздағы татулық
пен тұрақтылықты бұзу үшін дағдарысты
пайда лануына жол бермейміз. Құқықтық
тәртіпті бұзған әрбір адам заңның қатаң
талабына сай жауап береді. Қоғам дағы
тыныштықты нығайту – әрбір азаматтың,
барлық қоғамдық ұйымның, барша
қазақстандықтардың ісі, – деді.
Осылайша жұртшылықты толғандырған
мәселеге уақытша нүкте қойылды. Ен-
дігі шешімдер қандай болмақ? Тиісті
министрлік басшылары оңтайлы іс-қимыл
көрсетіп, депутаттарымыз ел наразылығын
тудырмайтын заңдарды қабылдай ма? Мұны
уақыт көрсетеді.
Дәуіржан ТөЛЕБАЕВ
Жер кодексіндегі түйткілдер түзетілетін болды
4
№19 (1329)
13 – 18 мамыр
2016 жыл
АНА ТІЛІ
АНА ТІЛІ
5
№19 (1329)
13 – 18 мамыр
2016 жыл
Сертификаттар
табыс етілді
Тіл оқытуға
баса мән берілді
Кітап – ғұмырлық байлық
тҰраҚты тірКесті
тҰрпайылауға Жол
Бермеу КереК
түркістандағы талант тағылымы
тілбұзарға – тосқауыл
Біз оқыған қазақ тілінің грамматикалық ережелерінде қалыптасқан тұрақты сөз
тіркестерін бұзып және өзгертіп айтуға да, жазуға да болмайды деп тұжырымдалған
еді. өкінішке қарай, қазір тұрақты сөз тіркестерін, фразеологизмдерді қалай болса
солай жаза салу, айта салу белең алып кеткендей. оған мысал іздесек алысқа барудың
қажеті жоқ. теледидарды қосып қарасаңыз да, кейбір жастар мен жасамыстардың
сөйлеп жүрген сөздеріне назар аударып, зер салсаңыз да жеткілікті. мақаламда сондай
мысалдың бірқатарына тоқталамын. Бірден ескерте кететін жайт, бұл мысалдар жыл-
дар бойы БаҚ беттерінен жинақталғандықтан оның жарияланған мерзімі, сілтемесі
өзімде сақтаулы. оның барлығын теріп жатпастан, бұзылған тұрақты сөз тіркестеріне
көбірек тоқталуды жөн көрдім. сонымен...
оңтүстік қазақстан облысы
ОРДАБАСЫ АУДАНЫ
Жусансай – ауыл. Жусансай ауылы-
ның іргетасы 1919 жылдары алғаш рет
Қосай артелі болып ұйымдасқан. 1921
жылы бірнеше ұсақ артельдер біріктіріліп,
«Жусансай» ұжымшары болып аталды.
Бұл атау жергілікті жерде өсетін дәрілік
шөп жусанның атымен байланыстыры-
лады. Ауылда киелі. Әулиелі жерлер көп.
Қарағаш әулие, Құм әулие, Тас әулие
деген және Байғара төбе. Ергеш тоғай,
Момыш тоғай, Естемес кешу, Ілес кешу,
Балта тоғайлар. Сәрсен саға, Айтқұл
арық, Бағлан арық сияқты атаулар бар.
Құм әулиеге кезінде Өтеп қожа, одан
соң Құман қожа, оның жұбайы Мәлікгүл
апа шырақшы болған екен. Құмға түскен
адамдар сары ауруынан, дене ағзасындағы
жел мен қан тамыры қысымдарын жүйеге
келтіріп сауықтырған.
Сарытоғай – ауыл. Арыс өзенінің
солтүстік жағасында қоныстанған. Бұл
ауылдың бұрынғы атауы «Октябрь»
болған. Ауылдың Сарытоғай аталу себебі,
ауыл ақсақалдарының пайымдауынша,
аңызда сол атырапта бір түнде сары
қойлар, малдар толып кеткен деседі.
Тағы бір аңызда айтылады: Өзен жағасы
тоғайда «Қақы» деп аталатын сары гүлдер
көптеп өскен екен. 2000 жылы ауыл
тұрғындарының өтініштерімен ауыл аты
Сарытоғай болып өзгертілді. Ауылдың
ең көрікті жері Арыс өзенінің бойындағы
тоғай. Сарытоғайды жағалай қоршаған
кыраттарда ата-баба жұрты жатыр.
Қоралардың қазығы, тамдардың орын-
дары, малдардың сүйектері кездеседі.
Ғылыми деректерде, жерлес ғалым
А.Белботаевтың жорамалы бойынша,
Арыс өзеніне Боралдай өзенінің құятын
жерінде ескі кент, шаһар болған. Ол Ұлы
Жібек жолының бір тармағында жатқан
көрінеді. Сарытоғай жері осы маңға
жақын.
Шұбар – ауыл. Шұбар ауылы тура-
лы бірнеше аңыздар бар. Сыр бойына
келген аңшы тайынша жеген шұбар
ала аң жайлы сөз қозғайды. Аңшы
Жуырда Қостанай облысы, Рудный қаласы
әкімдігіне қарасты «Қалалық тілдерді оқыту
орталығының» тыңдаушыларына сертифи-
каттар тапсыру рәсімі өткізілді.
Бір айта кетерлігі, тыңдаушылар оқу мерзімі
ішінде мемлекеттік тілді білу деңгейін арт-
тырды. Сөйлеу, жазу, сұхба құру, ісқағаздар
жүргізу және т.б. әдіс-тәсілдерді меңгерді десек
те болады. Әр деңгей бойынша сынақтар тап-
сырып, жақсы нәтижелерге қолжеткізе білді.
Мемлекеттік тілді білу Қазақстанда тұратын
әр азаматтың парызы екенін жақсы білетін
сертификат иегерлері әрі қарай да өз білімдерін
шыңдай түсуге ниетті екендіктерін айтты. Бұл,
әрине, құптарлық іс.
Жалпы айтқанда, үш жыл бойы тілді білу
деңгейін арттырып, ҚАЗТЕСТ бағдарлама-
сының 5 бөлігі бойынша мемлекеттік тілді оқып
үйренген «КЕGОК» Сарыбай АҚ филиалының
қызметкерлері В1 орта деңгейі бойынша оқуды
аяқтап, сертификаттар алды.
Сонымен қатар үштұғырлы тіл саясатының
аясында да бірқатар қызметкерлер өз білімдерін
жетілдірді. Орталықта ағылшын тілін оқитын
тыңдаушылардың жалпы саны 190 адам
болса, 2014 жылы 110 тыңдаушы жазылды.
Ағылшын тілі Орталықта 2009 жылдан бастап
оқытылып келеді. Қала тұрғындары, білім
саласының мамандары, мектеп мұғалімдері,
балабақша қызметкерлері, мемлекеттік мекеме
қызметкерлері қазақ тілі мен шет тілін жетік
меңгеруді қолға алып отыр.
Айнұр САРМАНТАЕВА,
«Қалалық тілдерді оқыту орталығы»
басшысының орынбасары
жігіт жыртқыш жолбарыс екенін ұзақ
әңгімелейді. Тайын шаны жеп жатқан
шұбар аңның айбатынан сескенген
жігіттің хикаясына байланысты, сол
кезде-ақ ауыл Шұбар атанып кетіпті.
Шұбар ауылы Арыс, Шұбар өзендерінің
бойына орналасқан. Ертеректе Бадам,
Қажымұқан ұжымшарының құрамына
кірген. 1979 жылы бөлініп. Шұбар
аумақ әкімшілігіне енетін Бүкілодақтық
Лениндік комсомол жастар одағынын
60 жылдығы атындағы ұжымшарының
орталығы болды.
Бейсен – ауыл. Қараспан ауыл
округіне қарасты Бейсен ауылы Темірлан
Арыс автотрасса бойының оң жақ бетіне
орналасқан. Ауыл Кеңес Одағының
Батыры, Одақтық дәрежесіндегі дербес
зейнеткер, 1942 жылдан СОПК мүшесі,
халық депутаттары Арыс қалалық
Кеңесінің депутаты болған Бейсен
Сейітұлы Оңтаевтың атымен аталады.
Ол кісі қазіргі Қажымұқан ауыл округінде
1922 жылы дүниеге келген. Әкесі қайтыс
болғаннан соң, 1931-1941 жылдары Арыс
қаласындағы балалар үйінде, мектеп-
интернатта тәрбиеленіп, Шымкенттегі
ауылшаруашылығы техникумында білім
алған. Еңбек жолын Шәуілдір, Ки-
ров аудандарында бастаған. 1942 жылы
әскер қатарына шақырылып, 1943 жылы
жараланғанға дейін соғыста барлаушы
болған. Соғыстан соң-ақ, ауыл Бейсен
ауылы болып аталған.
ұлы ДАлА АТАулАры
шАрА
хАТ жолДАрынАн
Білім
қарны тоймайды, ал тоймаған сиыр сүт
беріп жарытпайды. Тілшінің мұндайдан
хабары жоқ екендігі байқалып қалды.
Негізінде жазу-сызудың төңірегінде
ж ү р г е н д е р д і ң ө з қ ы з м е т т е р і н д е
сөздіктерге жиі жүгінгендері жөн
дер едік. Тіл деген қасиетті әлемге
«өзімбілермендік» жүрмеуі тиіс. Бір
журналист мақаласында «кеше келген
тоқалдар, өгіз болып қоқаңдар» деп
жосылтылды. Дұрысы – «Кеше кел-
ген тоқалдар, шөміш алып қоқаңдар»
емес пе? Тоқал мен өгіздің ешқандай
мағыналық та, заттық та байланы-
сы жоқтығын тілшінің білмегеніне
таңдандық та қойдық. «Біздің жігіттер
олардың палуандарының шылғауында
кетпей...» депті бір автор. Шылғауында
емес, «шылауында кетпей» болуы ке-
рек.
«Петерборда оқып жүр, талай қазақ
баласы» (жоғары оқу орындары туралы
хабар жүргізген тілшінің сөйлегенінен).
Абайдың «Интернатта оқып жүр, та-
лай қазақ баласы» деген өлең жолын
өзгертіп айтуға бола ма екен!? «Боза
үстіндегі әңгіме» деген шығарманың
авторы «Темірді ыстық кезінде соқ»
дейді. Бұл сөздің дұрыс қолданысы–
«Темірді қызған кезінде соқ». Мұндағы
мағыналық айырмашылық «ыстық»
пен «қызған» сөздерінде. Ұста темірді
отқа ұстап қыздырып, шоқтап болғанда
балғамен соғады. Ал жай ғана ысыған
темірді жүз жерден тоқпақтасаң да
дегеніне көнбейді.
«Құнан қойдың жасындай жа-
сым қалды» дегенді естідім. Дұрысы
– «Кәрі қойдың жасындай жасым
қалды». Бұл адам ғұмырының түгендер
шағын білдіретін астарлы сөз. Ал құнан
қойыңыз жас әрі семіз мықты қой.
Мағыналық қарама-қайшылық көзге
айқын көрініп тұр.
Аң патшасы – арыстанның аңқаулау,
алаңғасарлау кейпін ертегілерден жиі
кездестіреміз. Осыған байланысты
халық шамасын білмей, бір үлкен істі
бастағандарды «Арыстан айға шауып,
мерт болыпты» деп бағалайды. Ал енді
бүгілген бөлігі, буын сүйегі. Тіркестің
дұрыс қолданысы - «Ішегіне шынашақ
айналмайды». Шынашақ – кішкене
бөбек аталатын бесінші саусақ. Бұл
тіркес кейде «ішегіне қыл сыймай-
ды» деп те айтылады. Мағынасы –
қызғаншақтық, іштарлыққа салды.
Бұл келтіріп отырған мысалда-
рымыз әр жылдардағы баспасөзден
байқап, телехабарлардан естіп қалып
жүргендегі тізімделген сөз бұзарлық
кемшіліктер. Ал сарыжағал атала-
тын газет-журналдардың қаншама
тұрақты сөз тіркестерді аяусыз өзгертіп
жатқандығын кім таразылап көріпті
дейсіз!? Сөзде кие бар деуші еді. Осыны
ескеріп әр сөздің тарихи қолданысы
шығады. Қай сала болмасын тілдің
ішкі заңдылықтары ережелері және
сондағы талаптар орындалуы тиіс.
«Орфографиялық сөздік – Тіл Кон-
ституциясы» деп жазады ақын Ғұсман
Жандыбай («Ана тілі» газеті, №41, 15-
21 қазан, 2015 жыл). Өте дұрыс пікір.
Тілдің қолданылу заңдылықтарын
бұзып, көркемдік қасиеттеріне нұқсан
келтіріп алмау үшін «Орфографиялық
сөздікпен» бірге өзге де сөздіктердегі
талаптар, оларға енген сөздер сол
қалпында ғана пайдаланылуы керек.
Шын мәнінде нені жазсақ та екі
ұшты етпей, бірізділікті сақтағанымызға
н е ж е т с і н ? К ө п ш і л і к т і ң г а з е т -
журналдарға қарап сөзін түзейтінін,
теле дидар көріп, сөйлеу тілін қалып-
тастыратынын қаламгерлер, тілшілер,
өзге бұқара халықтың алдына шыға-
тын шешендер ұмытпаулары ке-
рек қой. Менің айтқаным, менің
жазғаным ғана дұрыс деген сыңаржақ
көзқарас сөз өнеріне жүрмейді. Түрлі
сөздіктердегі, әсіресе орфографиялық,
о р ф о э п и я л ы қ , ф р а з е о л о г и я л ы қ ,
түсіндірме сөздіктердегі, және тыныс
белгілері – пунктуациядағы ереже-
талаптарды басшылыққа алсақ, тура
жолдан жаңылмайтынымыз анық. Бұл
сөздіктердің дәрежесі заңдылық күші
болуын қалыптастырсақ та, біршама
албырттықтар мен кемшіліктерді өзгерте
алар едік. Әйтпесе, «ойлап келіптік»,
«көп нәрседен қағылыптық» деп жосыл-
та беретін дендеген дерттен арылуымыз
қиындап бара жатқан сыңайлы.
Тағы бір газеттің тілшісі «Дегенмен,
бір нәсте анық» деп жазыпты. Автордың
ауылында әдеби нормадағы нәрсе сөзін
нәсте деп айтатын шығар. Бірақ оны со-
лай қолдану көркем тілдің заңдылығына
сай келмейтіні анық.Әрі қарай «Қазір
менде сұхбат беруге уақытым жоқ»
деп жазады. Ол сөздің тәуелдену
заңдылығын бұзудың айтылмақ ойды
бұрмалап ұғындыратынын неге ескер-
меген? Дұрысы «Қазір менде сұхбат
беруге уақыт (уақытым емес) жоқ» не-
месе қазір менің (менде емес) сұхбат
беруге уақытым жоқ» болуы керек еді!
«Әдебиетке оралу» деген мақаланың
авторы сөйлемнің ортасында, соңында
«біз, сіз, ол» есімдіктерін, «ар, ай» деген
зат есімдерді ылғи бас әріптермен жа-
зыпты. Қазақ тілінің грамматикасының
жазылу ережелеріне мүлдем қайшы
келетін сілтеу, жіктеу есімдіктерін
бас әріппен жазатын осындай әдет
басқа да авторларда соңғы кездерде,
тіпті жиі ұшырасуда. Бүйте берсек,
біз оқырманымызды сауатсыздан-
дырамыз. Мақала, көркем дүние жа-
зарда соны оқитын жұртымыздың
алдындағы жауапкершілігімізді бір
сәт те ұмытуға болмайтындығын неге
қаперде ұстамаймыз?Қорыта айтқанда,
тіл білімінің өзіндік заңдылықтарын
эмоцияға беріліп, орынсыз бұза берудің
ешқандай жөні жоқ деп білеміз.
Бағдат ҚАЛАУБАЙ,
Қазақстан Жазушылар
одағының мүшесі
Оңтүстік Қазақстан облысы
Бәйдібек ауданы
осы сөзді бір тілші «Жолбарыс айға ша-
уып мерт болыпты» деп қолданыпты.
– Күлесің бе, жылайсың ба? «Иегін
қышымасын» дегенді бір жазушы «Езуін
қышымасын» деп өзгертіп алыпты.
«Бүкірді көр түзейді» дегенді
«Бүкірді табыт қана түзейді» деп
тақырып қойыпты. Шын мәнісінде
«Бүкірді көр түзейді» делінеді. Бұл
мінезі қисық адамның тіршілігінде
түзелмесін білдірген бейнелі сөз. «Арқа
еті арша, борбай еті борша» деген
тұрақты сөз тіркесін «арша етіміз бор-
ша» деп жазғанды оқыдық. Сонда осы
сөзді жазып отырған автордың арша
деген еттің адамда да, жануарда да
болмайтынын білмегені ме? «Ішегінен
шынтақ айналмайтын» деп қолданғанға
не дерсіз? Қалам иесі сонда шынтақ
пен шынашақты айыра алмағаны ма?
Шынтақ ішекке сыймайды. Өйткені ол
адамның қолының білегі мен қарының
мен айтылуын, жазылуын ұмытпай
жүрсек, қанеки.
Осы орайда профессор Ш.Құрман-
бай ұлы ның «Ана тілі» газетіндегі
(№5, 10 ақпан 2016 жыл) «Келе-ке-
ле тіліміз тілім-тілім болмасын» де-
ген мақаласында келтірілген мысал-
дарды біз де қолдаймыз. Автордың
бағалағанындай, Тұрсынбек Қабатов
көрермендердің көзайымына айналған
өнерпаз. Онысына таласпаймыз.
Бірақ сөйлеу тілінің көңілден шыға
бермейтіні рас. Сөзді «Біздің ауылда
осылай қолданады» дегендей, мағынада
қолданатыны мүлдем дұрыс емес.
Көпшіліктің алдына шығатын әрбір
өнер иесі әуелі ана тіліндегі сөздік
қолданыстардың заңдылықтарын
сақтауға міндетті. Ал оны сақтамай,
қ а л а й б о л с а с о л а й к ө с і л т е б е р у
– ана тіліне деген жауапсыздық,
немқұрайдылық, сауатсыздық болып
Достарыңызбен бөлісу: |